Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Семинар сабағының тақырыбы: Сезім және эмоция.

Жоспар:

1.Сезім және эмоция туралы жалпы түсінік. 2.Сезім және эмоцияның физиологиялық негіздері. 3. Эмоция туралы психологиялық теориялар.

4. Эмоциялық жағдайдың түрлері.

5. Жоғары сезімдер.

6. Сезім мен эмоцияны дамыту және тәрбиелеу.

Сабақ мақсаты: Студенттерге сезім және эмоция туралы түсінік беру. Сезім және эмоция туралы жалпы теориялық білімін практикамен ұштастыру.

Қысқаша теориялық мәлімет. Сезім - с ыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процесс. Сезімдер өте күрделі психикалық процестердің бірі. Эмоцияның қазіргі заман тарихы У.Джемстің 1884 жылы жарияланған «Эмоция деген не?» атты мақаласынан басталды. Мысалы, қазақ келісу сезіміне орай басын изейді, ал болгар – басын шайқайды. Эмоция дегеніміз – сезімнің тікелей қатынасындағы уақытша көрінісі.Сезімнің пайда болуы мен қалыптасуында үлкен ми жартышарлар қабығы маңызды қызмет атқарады. Сезімнің негізі болған физиологиялық процесс бастауыш ми қабығын ала отырып, төмендегі қабық асты орталықтарына тарайды. Адамның эмоционалдық өміріне қуат беруші жүйке ретикулярлы формация деп аталады. Адамның сезімін болмысында екінші сигналдық жүйенің маңызы үлкен.

Сезімнің түрлері:

Стеникалық сезім деп адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды айтамыз.

Астеникалық сезім деп бұлардың баяу солғын түрлерін айтамыз.

Ақыл-ой сезімі – адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл-күй.

Эстетикалық сезім – объективті шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, сенімділігін қабылдап, оған әсерлендіруші көңіл-күй. Адамгершілік –моралдық сезімдер қоғам талабына орай адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйін білдіреді.

Эмоциялық күйлер:

Қуаныш – бұл орындаушы күмәнді болып тұрған қанағаттандырылуына байланысты туындайтын ұнамды эмоционалды күй.

Таңдану - күтілмеген оқиғаға байланысты пайда болатын күй.

Қасірет – алғашында аз да болса сенім күттірген маңызды өмір қажеттігінің орындалмауы себепті болатын жағымсыз эмоциялық күй.

Қаһар – субъекті өте маңызды қажеттіліктің күшті кедергіге ұшырап орындалу мүмкіндігінің, кенеттен жойылуына байланысты пайда болып, дүлей көрініс беретін ұнамсыз эмоциялық қалып.

Жиіркену – тікелей қатынаста болған объектілердің жеке адам идеологиясына, адамгершілік және эстетикалық талғамына ымырасыз қарама - қарсылықты болуынан туындайтын сезім түрі.

Қорқыныш - субъектіде өз тіршілігінде болуы мүмкін қатер жөнінде ақпарат алумен бірге пайда болатын сезімдік құбылыс.

Фрустрация – адам көңіл-күйінің кейпін білдіретін жәйттің бірін айтамыз.

Құмарлық – адамның белсенді іс-әрекетін оятатын күшті сезім.

Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

- Тақырыпқа байланысты теориялық материалдарды анализдеу.

- «Адам өміріндегі сезімнің және эмоцияның рөлі» тақырыптарында рефераттар талдау;

-Тақырыптың теориялық негізін практика жүзінде дәлелдеу.

1-тапсырма. Мына төмендегі үзіндіде А.С. Пушкин адамның қандай эмоция-сы туралы айтып отыр:

Күз жетті-ақ, қайта жасап гүлденемін,

Салқындап денем ширап, тербелемін,

Жүректе қалқып жүрген қаным толқып,

Талап өршіп, жастыққа бөленемін.

1-тапсырма. Көркем әдебиеттен мазмұнды суреттерден адам аффектте-рін бейнелейтін иллюстрациялық материалды талдау.

- - Дәріс-тақырыптық тексеру тесттері;

- Қорытынды жасау.

Бақылау сұрақтары:

1.Сезім дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

2. Эмоция дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

3.Сезім мен эмоцияның айырмашылығын түсіндіріңіз.

4.Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздеріне не жатады?

Нақты мысалдармен түсіндіріңіз.

5.Стеникалық сезім дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

6.Астеникалық сезім дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

7.Эмоция туралы қандай психологиялық теорияларды білесіз? Атап беріңіз.

8.Эмоциялық жағдай дегеніміз не? Эмоциялық жағдайдың түрлерін атаңыз.

9.Көңіл-күй дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

10.Аффект дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

11.Құмарлық қандай эмоциялық жағдай? Мысал келтіріңіз.

12.Жоғары сезімдерге қандай сезімдер жатады?

13.Адамгершілік, эстетикалық және интеллектуалдық сезімдер дегеніміз не? Әрқайсысына сипаттама беріңіз.

Дәріс-тақырыптық тексеру тесттері:

1. Адамның қоршаған ортаға қатынасынан болатын психологиялық толғаныс құбылысы:

а) зейін;

б) ой;

в) сезім;

г) сөз;

д) қиял.

2. Адам тіршілігінің эстетикалық мәні:

а) ұшқыр ойдан;

б) жоғары сезімиен;

в) қанатты қиялдан;

г) өткір зейіннен;

д) әмбебап қабілеттен.

3. «Адамның ішкі өзгерістері сезімнен, ал органикалық процесс — эмоция салдары» деп, эклектикті теория ұсынған психолог:

а) Вундт;

б) Гербарт;

в) Фромм;

г) Фрейд;

д) Торндайк.

4. Адамның әдейі істеген жасанды әрекеттері қажетті көңіл-күйді бере алмайтынын алға тартып, Джемс-Ланге теориясына қарсы шыққан ғалым:

а) Джемс;

б) Кеннон;

в) Гербарт;

г) Фромм;

д) Фрейд.

5. Фестиигер ұсынған сана үйлесімсіздігі теориясының мәні:

а) сезім — әрекеттен;

б) сезім — қиялдан;

в) сезім — ақылдан;

г) сезім — қабілет;

д) сезім — сырт ықпалдан.

6. Ақыл-ой үйлесімсіздігінен құтылудың бір жолы:

а) алған беттен таймау;

б) жаңа жолдарды іздестіру;

в) субективизмді бетке үстау;

г) тәуекелге берілу;

д) бәрі де дұрыс.

7. Жеке тұлғаның мәнді гуманистік сипаты негізінен:

а) әрекеттен;

б) қабілеттен;

в) ақылдан;

г) сезімнен;

д) қиялдан.

8. Қажеттілікпен үйлесе келе, іс-әрекеттің бастауын беретін көңіл-күй серпілісі:

а) қызығу;

б) ұмтылыс;

в) жетекші ниет;

г) құмарлық;

д) тілек.

9.Адамның қоршаған ортаға саналы баға беруі мен эмоционалды көзқарасының себептері:

а) объективті қажеттілік;

б) субъективті бейне;

в) қажеттікті бейне;

г) бәрі де;

д) білмеймін.

10. Сезімдердің денедегі тіршілік әрекеттерімен тікелей байланыстылығын зерттеген ғалым:

а) Вундт;

б) Асвацатуров;

в) Клаперад;

г) Галль;

д) Вилюнас.

11. Адамның сырттай байсалды, сабырлы күйінен танылуы мүмкін сезім:

а) мұң;

б) ашу;

в) қанағаттану;

г) өкініш;

д) ыза.

12. Жақындап қалған көлікті көріп, жолаушының қадамын жеделдете түсуіие себепші сезім қызметі:

а) қолдау;

б) қуаттау;

в) икемдесу;

г) ауысу;

д) ииеттеу.

13. Қоршағаи орта жөніндегі адамның өз қатынас-талғамын басқаларға жеткізуші сезім қызметі:

а) бейнелеу;

б) перцептивтік;

в) интерактивтік;

г) коммуникативтік;

д) адаптивтік.

14. Мидың сол жақ жартышарында туындайтын эмоция түрі:

а) жағымсыз;

б) жағымды;

в) бейтарап;

г) тіпті де эмоция жоқ;

д) бәрі бірдей.

15. Сезім білдірудің формалары мен олардың танылуы тәуелді:

а) субъект қалауына;

б) қоғамдық қатынастарға;

в) ұжым талаптарына;

г) идеализмге;

д) саясатқа.

16. Жақсы ән, тәтті тағамның қапелімде ұнамай қалу себебі:

а) эмоциялық шарпудан;

б) күшті стресстен;

в) шексіз құмарлықтан;

г) бір сәттік көңілден;

д) жалпы кейіптен.

17. Айтыскер ақындардың бір ауыз тапқыр сөзіне бола қошеметтеп, айқай салу:

а) көңіл;

б) кейіп;

в) эмоция;

г) қуаныш;

д) таңдану.

18. Жек көру себебі:

а) талғам сәйкессіздігі;

б) қылық сөйкессіздігі;

в) мүмкіндіктің жойылуы;

г) қатерлі ақпараттан;

д) принцип сәйкессіздігін түсінуден.

19. Қанағаттанбаушылық сезімінен болатын көңіл күйзелісі:

а) фрустрация;

б) стресс;

в) аффект;

г) эмпатия;

д) эффект.

20. Болжамдарды анықтау барысында адамды ақиқатқа жетелеуші сезім түрі:

а) наным;

б) сенім;

в) күмән;

г) болжам;

д) күдік.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, Білім, 1996.

2. Тәжібаев Т.Т. Жалпы психология. Алматы: «Қазақ университеті», 1993.

3. Аймауытов Ж. Психология, 1995.

4. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, Білім, 2005.

5. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы: «Эверо», 2005.

6. Джакупов С.М. Психология позновательной деятельности. А., 1992.

7. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2002.

8. Жақыпов С., Бердібаева С. Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдері. – Алматы, 1998.

9. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы, 1992.

10. Сейтәлиев Қ. Жалпы психология. Алматы, Білім, 2007.

11. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 2001.

Қосымша:

1. Васильев Н.А., Тихомиров О.К. Эмоции и мышление. - МГУ, 1980.

2.Выготский Л.С. Эмоции их развитие в детском возрасте. Собр.соч.в 6 томах. М., 1982.

3.Додонов В. Эмоции как ценность. — М., 1978.

4.Изард К. Эмоции человека. - МГУ, 1980.

5.Фрейд 3. Психология бессознательного. - М., 1989.

6.Қойбағаров К. Балаларды адамгершілік сезімге тәрбиелеу. Алматы, Мектеп. 1966.

7.Люблинская А.А. Мұғалімге бастауыш мектеп окушысының психологиясы жөнінде. Алматы, Мектеп, 1981.

8.Нұрмұратов С. Ұлттық болмыс пен ұлттық сана. - Алматы, 1996.

Үй тапсырмасының тақырыбы: Ерік.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Следы зубов человека | Общие тенденции развития живописи в первой половине XVII века


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных