Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Эмоциялық жағдайдың түрлері.




Сезімдердің жылдамдылығының, күшінің және тұрақтылығының үйлесіп келуіне байланысты эмоциялық жағдайлар да түрлерге бөлінеді. Олардың негізгілеріне көңіл – күй, аффект, құмарлық, жігерлену, стресс(титықтау) жатады.

Көңіл — күй — бұл эмоциялық жағдай, ол негізінен өзінің әлсіз немесе орташа күшімен және көп жағдайда тұрақтылығымен ерекшеленеді. Кей жағдайда адамның көңіл-күйі күні бойына, аптасына, айына және одан көпке созылуы мүмкін. Адамның көңіл-күйі әртүрлі болатындығы белгілі. Мысалы, шалт, қайғылы, жабырқау жене т.б., көңіл-күй жақсы және жаман болып келеді.

Адамдардың көңіл-күйі әртүрлі себептерге байланысты болады. Ондай себептерге адамның жеке және қоғамдық өмірінде болатын елеулі оқиғаға байланысты болуы мүмкін. Белгілі бір жұмысты ойдағыдай сәтті орындау бірнеше күнге, ұзақ мерзімге көтеріңкі, жағымды көңіл-күйді шақырады. Көңіл-күйдің сондай болу себебі адам жүйке жүйесінің жағдайына және жалпы оның денсаулығының жағдайына байланысты.

Адамдарда көңіл-күйі әртүрлі болғанмен, әрбір адамға көңіл-күйдің басым келетін түрі тән. Осы көңіл-күйдің басымдылығына қарай адамдардың кейбіреулерін көңілді, шалт, сергек адамдар деп атаса, басқаларын жабырқау, көңілсіз деп атайды. Осындай жетекшілік ететін көңіл-күй мінез бітісі болып табылады.

Көңіл-күй барлық психикалық үрдістерде және адам іс-әрекетінде ерекше мәнге ие. Көңіл-күй елестетулер мен ойлаудың жылдамдығына, сонымен қатар оның мазмұны мен бағыттылығына әсер етеді. Көңіл-күй адамның басқа эмоциялық жағдайларына, олардың белсенділігіне, ұмтылыстарына және іс-әрекеттеріне ықпал етеді.

Мысалы, адам шалт көңіл-күйде ерекше белсенді болады, көңілсіз жағдайда, қайғылы жағдайда — белсенділік танытпайды. Көңіл-күй адамның қоршаған ортаға қатысына әсер етеді. Жағымды көңіл-күй үстемдік еткенде адам уақытша сәтсіздікті және қиындыкты жеңіл бастан кешіре біледі.

Адам саналы құбылыс жағымсыз көңіл-күймен күресе алады және күресуге тиісті: салғырттық, көңілінің қошы болмау, орынсыз қызбалы. Адам әр уақытта өз басында және басқаларда сергектік, көңіл көтеріңкілік жағдайды қалыптастыруы үшін өмір сүретін, жеке еңбек ететін ортада көзқарастардың, сенімдердің, қызығулардың мәні орасан зор.

Белгілі "Дала" атты дастанын Ілияс Жансүгіров қандай көтеріңкі көңіл-күймен, мынадай жыр арнаумен бастауы лирик ақынның кең даласына, байтақ Отанына деген сүйспеншілік сезімін білдіреді

Жүрегім, жырым сенікі,

Кеңесті далам, кең далам.

Тудым, өстім, есейдім,

Ен далам — анам, мен балаң

Бұрынғы еткен күнінді

Берейін жырлап елге анам...

Көргенінді бүгінгі,

Жаз, жаз қалам, тер, қалам

Жүрегім, жырым сенікі,

Кеңесті далам, кең далам

Ен далам — анам, мен балаң,

Ендеше қалам бер маған, — деді.

Ал Ілияс кілең шығарма толғағын бастан кешірген, шабыт ләззатына құныққан бейнеде, жыршылдық сезімдері тұтанған күйде көрінетін. Біз алдымен мінберге домбырасымен көтерілген, "кеңесті, кең даласына" барлық ыстық махаббатын, ақындық сезімін, адамдық санасын түгел ұсынған ақынның өзін көреміз.

Мәселен, табиғат райы мен жыл мезгілдері шығармашылықпен шұғылданатын жазушылардың, ақындардың кеңіл-күйіне ерекше әсер етеді. Александр Дюманы (әкесі) замаңдастары ешуақытта да сенбейтін көңілді, жүзінен ешуақытта да күлкі кетпейтін адам ретінде еске алады, оның оптимизімін, іскерлігін, сергектігін ерекше бағалайды.

Ал орыстың ақыны А.С. Пушкин көңіл-күйі көтеріңкі, шабытпен жұмыс істейтін, жыл мезгілдерінің ішінен күзде ерекше көңіл-күймен, ерекше шабытпен жігерлене еңбектенетін. Ол өзінің кептеген тамаша туындыларын осы мезгілде Болдин күзі кезінде жазған болатын.

Аффект

Аффект - латын сөзі, қазақшалағанда жан толқынысы деген мағынада қолданылады. Аффектілер деп ерекше күшті, тез пайда болатын және адамды билеп кететін, қысқа мерзімде жүріп ететін эмоциялық жағдайды айтамыз. Мысалы, қуаныш, қорқыныш, қайғы және т.б. аффектілерін атауға болады. Аффектітер негізінен күшті тітіркендіргіштердің әсерінен (сөздермен, басқа адамдардың қылығымен, кейбір жағдайлармен) болады. Аффектілер көп жағдайда кенеттен болады, бірнеше минут жүріп өтеді, адамды тез арада билеп кетеді.

Аффект жағдайында адам елестету және ойлау қабілетін басқара алмай қалуы мүмкін. Сонымен қатар күшті эмоциялық қозу тез қозғалыстарда, ретсіз сөйлеуде, жиі қатты дауыс шығару түрінде байқалады.

Адамның іс-әрекеті аффект жағдайында кенеттен сезімнің булығып сыртқа шығуы түрінде іске асады. Кей жағдайда аффектілер тежелу жағдайы түрінде және адам ағзасының әлсіреуі ретінде сипатталады. Мәселен, адам кездейсоқ қуанған жағдайда "не айтарын білмей, аузына сөз түспей, абдырып, сасқалақтап қалады". Әсіресе, осындай жағдай адамның кездейсоқ қуанышында, ашуы үстінде жақсы аңғарылады. Кейбіреулер "ашуланғанда көзім түк көрмеді, не істегенімді білмедім" дейді, бұл дұрыс емес, адам әруақытта да өз қылығын, іс-әрекетін басқарып отыруға тиісті.

Аффектілер еріктің әлсіреген жағдайында пайда болады, өзін-өзі ұстай алмаудың және өзін - өзі басқара алмаудың көрсеткіші болып табылады. Әрбір адам саналы құбылыс ретінде өзінің жеке басында кездесетін аффектіні алдын ала болдырмауға, оны алғаш кезінде басып отыруға әрекеттенуі керек.

Тіпті аффектінің ең күшті сәттерінде адам өзін-өзі басқара білуі қажет. Ол үшін ерікті күшейтіп, төмендегідей ерік-жігер сапалары өзін-өзі меңгере білуді, табандылықты қажет етеді. Бұл сапалар тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу арқылы іске асады. Мысалы, Л.Н. Толстойдың "Соғыс және бейбітшілік" романының басты кейіпкерлерінің бірі Наташа Ростоваға ұрыс даласында Андрей Балконскийді қайтыс болды деп кенеттен хабарлағанда, Наташа Ростова ес-түсін білмей, құлап қалады. Аффекті адамды тез арада билеп кететін көңіл-күй жағдайы. Мысалы, сондай сезімдерге ашу сезімі жатады. Халқымыз: "Ашу - дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа — ақыл қос", "Ашу — дұшпан жағына шығып кетпе, ақыл-досыңды қолда", "қит етсе қызарақтап, қызыл кеңірдектікке салынған көпке жеккөрінішті көрінеді". Соңдықтан "Бүгінгі ашуынды ертеңге қалдыр" дейді халық нақылы.

Аффектілердің жүйке жүйесі ауру адамдарда байқалатын патологиялық түрі болады. Бұл жерде аффектілік жағдайдың алдын алу үшін оған сәйкес емдету қажет.

Құмарлық та ұзақ мерзімді және тұрақты эмоциялық жағдай болып табылады. Бірақ, көңіл-күйден айырмашылығы, құмарлық күшті эмоциялық жағдай. Мысалы, адамдарда байқалатын білімге, жаңалық ашуға, музыкаға, еңбекке құмарлықты айтуға болады. Бұл жағымды құмарлықтың үлгілері. Жағымды құмарлықтар адамды үлкен, жасампаздық іс-әрекетке итермелейтін күш болып табылады.

Жастарға арналған өзінің белгілі хатында И.П. Павлов ғылыми-зерттеу жұмысында құмарлықтың ерекше рөл атқаратындығын атап көрсетті: "ғылым адамнан үлкен қиындықты және ұлы құмарлықты талап етеді. Өз жұмысыңыз бен ізденістеріңізге құмар болыңыздар".

Ұлы Абай қазақ арасындағы берекесіздіктің және баска кемшіліктердің түп тамыры надандығыңда, оқымағандығында деп түсінеді де, халқының, көңіл-күйін, яғни, сана сезімін жетілдіру үшін қазақ жастарын оқуға, білім алуға шақырады. Ол:

Мен жазбаймын өленді ермек үшін,

Жоқ-барды ертегіні термек үшін,

Көкірегі сезімді, ойы орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

деп бар үмітін оқуға талапты жастарға жүктейді. Абай жастарды оқығанда әкім болу үшін емес, ғалым болып, дүние тану үшін оқу керек екенін еске салады қазақ жастарына "ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз" деп білім жолына құмартуға акыл-кеңес берді:

Болмасаңда ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз

Дүние де өзі, мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз, - дей келіп.

Военный қызмет іздеме,

Оқалы киім киюге...

Қызмет қылма оязға,

Жанбай жатып сөнуге, -

деп, шын құмарлық үшін, қара бастың пайдасы үшін емес халыққа қызмет ету оқу ғылым керек екендігін, жастарды соған құмартуға үндеді. Құмарлық сезімі тек ғана адамдарда кездеседі.

Құмарлық адамның қандай да болмасын қызығуымен, іс-әрекетімен байланысты. Құмарлық жағымды және жағымсыз болып бөлінеді. Жағымды құмарлыққа білім алуға, өнерге, ғылымға, спортқа т.б. әуестену жатады. Жағымды құмарлықпен қатар жағымсыз құмарлық та кездеседі. Мысалы, нашақорлық, ішімдікке салыну, азарттық ойындарға, жеке бастың баюына құмарлық және т.б.

Стресстік жағдайлар. "Стресс" - ағылшын сөзі, қазақшалағанда - күйзеліс мағынасында қолданылады. Стресс - кез-келген күшті әсерден адамда пайда болатын психологиялық күй. Стресс ұғымын канадалық физиолог Г. Селье 1936 жылы енгізді. Эмоциялық стресстік жағдайлар қиын ахуалдарда пайда болады және орасан зор ішкі күйзелістің нәтижесінде аңғарылады. Бұл көңіл-күйлер қауіп төнген жағдайда, үлкен шамадан тыс дене және ақыл-ой жүктемелері, тез және жауапты шешім қабылдау қажет болған жағдайда т.б. пайда болады.

Осындай ахуалдар адамзат қызметінің әртүрлі түрлерінде: еңбек, оқу, ойын, спорт, адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынас тәжірибесінде, әртүрлі дау-дамай ахуалдарда кездеседі. Стресстік жағдайлар өте жиі және ұзақ мерзімді болғанда, адамның тек ғана психологиялық жағдайына жағымсыз әсер етіп қоймайды, сонымен қатар денсаулығына да әсер етеді. Стресстік жағдайлар қан тамырлары және ішек-қарын ауруларының пайда болуы мен асқынуының негізгі факторлары болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных