Главная | Случайная

КАТЕГОРИИ:






Экономикалық теорияның функциялары.

Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.

Экономикалық ойлау адамзат қоғамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.

Ең алғаш рет б.д.д. III ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады.

Экономика деген гректің сөзі, сөзбе-сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізу өнері» деген мағынаны білдіреді.

Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай-ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.

Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.

Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді:

Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVI­XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер, көпес, сауда, пайда). Бұл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материалдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.

Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.

 

Кесте 1

 

Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес, өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.

«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп, халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.

Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талдады. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.

б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіруде жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштерді қолдану әдістері қарастырылды. Маржинализмде экономикалық математика тәсілдері мен үлгілері кең қолданылған. Л.Вальрос математикалық мектептің негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңдік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.

Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.

Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.

Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлауды және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларын жатқызу деп санаған.

Экономикалық ғылым ең алдымен экономикалық қажеттіліктер мен оларды қанаттандыру жолдары мен әдістерін зерттейді. Қажеттілік – бұл адам баласының өмір сүруіне бір нәрсенің жетіспеуін сезінуі. Ол сезім оларды қызметке, күш – жігер жұмсауға, ойлауға итермелейді.

Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады.

Қажеттіліктердің түрлері:

- Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

- Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интеллектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктер деп атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге, мәдениетке қажеттіліктер.

Кесте 2

 

 

 

Қазіргі кездегі Қазақстанның экономикалық әдебиеттерінде төрт негізгі бағытты көруге болады. Біріншісі, маркстік концепцияның беріктігінен құрастырылады. Екіншісінің өкілдері марксизмді қазіргі кездегі кейнсиандықпен байланыстырады (неокейнсиондық). Үшінші тенденциясы батыс теориясын елдің ғылымына механикалық түрде көшіреді. Төртіншінің өкілдері принципті жаңа концепцияны іздеуде. Бұл ғылым басқалар сияқты қазіргі кезде өзінің әрі қарай дамуында және жетілдірілу кезеңінде.

Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.

Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер - Көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Жеке бір адам өз қажеттілігін қанағаттандыруы мүмкін емес, көп шығын қажет ететін қажеттіліктер. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Дегенмен, кез келген қажеттілікті түрге бөлумен жіктеу шарты: бір адам үшін алғашқы деп табылатын қажеттілік басқа адам үшін сәндік бұйым болуы мүмкін, немесе бұрын сәндік деп табылатын нәрсе, енді алғашқы қажеттілік қатарында болуы мүмкін. Мысалы: жоғарғы қажеттілік деп аталатын кітап.

Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы керек заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген, оларды экономикалық игіліктер деп атайды.

Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:

1. Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады;

2. Оларды мұраға қалдыруға болмайды;

3. Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.

Мұндай қажеттіліктер тікелей адамдар арасындағы әрекетке байланысты қанағаттандырады. Пайдалану мақсатына қарай заттай игіліктер мен тауарлар мынадай екі түрге бөлінеді:

- Тұтыну заттары (киім – кешек, тамақ, баспана).

- Өндірістік құрал – жабдықтар немесе инвестициялық (машина, станоктар, зауыт құралдары).

Тауарды тұтынуға ма, әлде өндіріске ме, қайсысына жататынын екі жағдайға байланысты анықтауға болады.

Ø Тауарды кім сатып алады – жеке адам немесе фирма.

Ø Тауар не үшін қажет: тұтыну тауарлары қажеттіліктерді қанағаттандырады, ал өндірістік тауарлар басқа тауарларды өндіру үшін пайдаланылады, сондықтан олар қажеттіліктерді аралық түрде қанағаттандырады. Тауардың екі түрі де ұзақ мерзім және қысқа мерзім аралығында пайдаланылады. Кейде көп мерзім қолданылатын игіліктерді ұзақ уақыттық және қысқа уақыттық экономикалық игіліктерге бөлуге болады.

Игіліктерді өзара орын ауыстырушы және өзара толықтырушы тауарлар деп бөлуге болады. Орын ауыстырушы тауарларға тек тұтыну тауарлары мен өндірістік ресурстарды (Мысалы: май мен маргарин балмұздақ пен сусындар, плащпен пальто) ғана емес, сондай-ақ жол қызметін жатқызуға болады және мәдени қызмет саласы т.б жатқызуға болады. Экономикалық игіліктерді қазіргі және болашақтағы деп бөлуге болады.

Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері келесі кестеде көрсетілген.

Қазіргі экономикалық теория позитивтік және нормативтік болып екі түрге бөлінеді.

Кесте 3

Зерттелінетін құбылыстардың маңыздылығы экономикалық заңдылықтар мен категорияларға бағынышты.

Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:

1. айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.

2. ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.

3. жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.

 

 

Кесте 4

Экономикалық заңдар ұзақ мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде пайда болып, өзгеріп немесе жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдар қоғамдағы объективтік экономикалық процестердің өзгерісімен байланысты болады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды зерттейді.

Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық негізіндегі көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).

Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады:

- Микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.

- Макроэкономика – мемлекеттің жалпы ұлттық экономикалық жүйесінің қызмет-әрекеттерін зерттейді. Талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.

Қазіргі экономикалық теория позитивтік және нормативтік болып екі түрге бөлінеді.

- Позитивтікэкономика нақты деректер мен құбылыстарға сүйенеді.

- Нормативтік экономика ұсыныстар мен ұйғарымдар жасайды, яғни экономика қандай болуы керек (болжау) және мақсатқа жету үшін қандай шаралар жүргізу керек.

 

Кесте 5

Экономикалық теория қоғамдық ғылым ретінде үш сұраққа жауап беруі тиіс:

- Не өндіру керек? – қандай тауарлар және қызметтер өндірілуі қажет?

- Қалай өндіру керек? – қандай ресустар, қандай технологияны пайдалану арқылы өндіру қажет?

- Кім үшін өндіру керек? - өндірілген тауар қалай бөлінеді, кімге арналады, кім сатып алады? Қоғамның қажеттілігін барынша толық қанағаттандыру мәселелерін шешу барысында экономикалық теория таңдау проблемасымен тығыз байланыста болады.

Экономикалық заңдар адамдардың экономикалық іс- әрекеттері мен қатынастарын білдіреді.

Сонымен, экономикалық заңдар бұл адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу формасы. Олар адамдардың қоғамдық іс-әрекеттерінің тәуелді байланыстарын, жүйелі ұғым-атау формасындағы заңдарды қарастырады.

Экономикалық заңдарға әлеуметтік, қоғамдық қатынастар заңдары жатады. Осылайша, олар табиғат заңдарынан ажыратылады. Оның екінші бір айырмашылығы -тарихи шектеулі сипатта болуы, ал табиғи заңдар мәңгілік қатынас ретінде зерттеу әдісіне ғана тәуелді. Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар ерекше және жанама болып екіге бөлінеді.

Ерекше экономикалық заңдар жеке дәуірлерге, формацияларға тән. Мысалы, құлдық және феодализм дәуіріндегі материалдық игіліктерді бөлу заңы.

Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық формацияларда әрекет етеді, мысалы, еңбек өнімділігін арттыру заңы, уақытты үнемдеу заңы және басқа да тарихи-әлеуметтік қажеттіліктер.

Абстрактылы ойлау кезінде мән сыртқы қабықтан босайды. Абстрактылы ойлау кезінде логикалық түсінік қалыптасады, аз не көп зерттелген нақты шындық талданып, қорытындыланады. Өмірдің бұл фактісінде таусылмайтын ғылыми зерттеулер жатыр.

Логикалық түсінік қоғамның экономикалық өмір жағдайын талдап бейнелейтін экономикалық категория болып саналады. К.Маркс: «Категория өмір сүру жағдайының күн-көріс формаларының қоғамда белгілі кейбір жақтарын ғана білдіреді деп жазды».

Қоғамның экономикалық даму заңын анықтау – экономикалық ғылымның негізгі міндеті. Ф. Энгельстің «Заңдар туралы ғылым, өндірісті басқару және адам қоғамындағы материалдық өмір игілігін айырбастау» экономикалық теориясы бұған тура бағынады.

 

                             
   
Экономикалық теория
 
   
 
 
Салалық экономикалық ғылым.
 
Функционалдық экономикалық ғылым.
 
Түйіндес экономикалық ғылымдар.
 
       
 
 
Өнеркәсіп, құры­лыс, ауыл­ шаруа­шылығы, көлік, бай­ланыс өнді­ріс­тік емес сфералар және басқалар экономикасы
 
Еңбек эконо­ми­ка­сы, қаржы, ақ­ша айналымы, статистика, бух­гал­терлік есеп, биржалық іс, менеджмент, аудит.
 
Экономикалық тарих, эконо­ми- ­калық тарихи ой, экономикалық география, таби- ­ға­тты пайдалану экономикасы, информатика.

 


Суретте экономикалық теорияның басқа экономикалық ғылыммен байланысы, әрқайсысының өзіне тән пәні, қойған мақсаты көрсетілген.

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ | Ндіріс және ұдайы өндіріс.
vikidalka.ru - 2015-2017 год. Все права принадлежат их авторам!