Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Капитал салымының есебі.




ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Дипломдық жобаның бұл бөлімінде бөлімшенің экономикалық көрсеткіштерін есептеліп, шығындар сметасы құрастырылады.

Капитал салымының есебі.

Капитал салымдары есебінің құрамына құрал- жабдықтарды сатып алу, жеткізу, монтаждау және орналастыру және құрылыс жұмыстарының шығындары кіреді.

Капитал салымының сомасы:

К = Сқұр.жаб. + Сдм + Стас + Сқұр – Кжар. + Кжою

Мұндағы:

Сқұр.жаб - алынған құрал- жабдықтар, инвентрлар мен приборлардың, айлабұйымдардың құны, теңге

Сдм - монтаждау, демонтаждау шығындары, теңге

Стас - тасымалдау жұмыстарының шығындары, теңге

Сқұр - құрылыс-монтаж жұмыстарының құны, теңге

Кисп- одан әрі пайдалануға жарамды құрал-жабдықтардың амортизацияланбаған баланстық құнының бөлігі, теңге

Кжою - одан әрі пайдалануға жарамсыз құрал-жабдықтардың амортизацияланбаған баланстық құнының бөлігі, (жою), теңге

Бөлімше ғимаратының құрылысына қайта құру жүргізілсе, бұл жұмыстардың тиісті көлемін есептеу қажет (қабырғалар, қалқалар тұрғызу, терезе ойықтарын жасау немесе жаңа коммуникациялар жүргізу т.б).

Монтаждау және демонтаждау шығындары егер нақты шығын көлемі белгісіз болса, құрал- жабдықтар құнының 5-15 % есебімен алынады.

Тасымалдау жұмыстарының шығыны құрал- жабдықтар құнының 5 % мөлшерінде алынады.

Алынған құрал- жабдықтардың, инвентрлар мен приборлардың, айлабұйымдардың құны кезеңдегі нарықтық баға құнымен есептеледі.

Құрылыс- монтаждау жұмыстарының құны (ҚМЖ)

СҚМЖ = Vғим* Сқмж үлесі *К1

Мұндағы:

Vғим - қайта құрылуға тиісті ғимараттың немесе құрылыстың көлемі, м³;

Сқмж.үлесі – 1 м³ құрылыс-монтаж жұмыстарына капитал салымының үлестік нормативі;

К1- С қмж.үлесі үшін қайта есептеу индексі.

Құрал-жабдықтар шығыны:

С құр.жаб = Sғим * Сқж үл.норм*К2

Мұндағы:

Sғим – ғимараттың ауданы, м²;

Сқж үл.норм - 1 м³ құрылыс-монтаж жұмыстары үшін капитал салымының үлестік нормативі;

К2 - С қж үл.норм үшін қайта есептеу индексі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных