Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЛТТАР ЛИГАСЫНЫҢ ДАҒДАРЫСЫ ЖӘНЕ ӨМІР СҮРУІН ТОҚТАТУЫ




Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1919 жылы жеңімпаз-мемлекеттермен (Антантамен) – Англиямен, Франциямен, Италиямен, АҚШ және Жапониямен құрылған Ұлттар Лигасы бастапқыда жанжалдардың алдын-алу, халықаралық құқықтың сақталуын қадағалау және бейбіт өмірді қолдау сияқты өз міндеттерін белгілі-бір дәрежеде орындай алды. Ұйымның дағдарысы 1930-жылдарға сәйкес келді, ал бұл үдерістің шырқау шегі – соғыс қарсаңындағы онжылдықтың ортасында орын алды. Бұл кезеңде Ұлттар Лигасының қызметі сәтсіз болып, сол дәуірдің талабына жауап бере алмайтындығы айқын көрінді.

Халықаралық ахуалдың ұйым бақылауынан шығып қалуы Лиганың құрылтайшы-мемлекеті Жапонияның Қытайға қарсы агрессиясы оқиғасынан басталды. Жапония 1931 жылы Маньчжурияны жаулап алып, 1932 жылы мұнда Маньчжоу-Го қуыршақ мемлекеті құрылды. Жапонияның бұл әркетіне Ұлттар Лигасы өзінің арнайы комиссиясы арқылы тек «қағаз жүзіндегі қорытындысымен» қарсы тұра алды, оның өзі жапондықтарға әсер ете қойған жоқ. Оның үстіне, 1933 жылы наурызда Жапонияның Лигадан шығуы «маньчжурлық оқиғаның» қосымша нәтижесі болды. Сол жылдың қазан айында 1926 жылдан Лига Кеңесінің тұрақты мүшесі болып келген Германия ұйымнан шықты.

Одан әрі, 1935-1936 жылдары Италия (Ұлттар Лигасының құрылтайшысы болған мемлекет) Лиганың мүше-мемлекеті Эфиопияны (Абисссина) жаулап алды. Италияға да ұйым экономикалық санкциялар енгізгенмен, оның жаулаушылық әрекетіне төтеп бере алмады. 1937 жылы желтоқсанда Жапония және Германиядан кейін Италия Ұлттар Лигасынан шықты.

Бұдан әрі жоғарыдағы және басқа агрессорлық елдердің жаулаушылық әрекеттері бірінен соң бірі орын алды: 1936 жылы Германия Версаль және Локарно келісім-шартын бұзды (Рейн демилитаризацияланған зонаға әскерін енгізді), сол 1936 жылғы Германия және Италияның республикалық Испанияға қарсы агрессиясы, Жапонияның Қытайға қарсы жаңа агрессиясы (жаңа кезеңі), 1938 жылғы Австрияның аншлюсі, және 1938 бен 1939 жылдардағы Чехословакияның бөлшектенуі мен жаулап алынуы. Осы Чехословакиядан кейін Ұлттар Лигасы үшін «сандық көрсеткіш» «сапалық көрсеткішке» айналды және ұйымның өз өмір сүруін тоқтатындығы айқын көрінді [28].

Лиганың тағдырында ұйымды «ішінен жеп», күйретуші рөл атқарған мәселе «екіжақты стандарттар» болды. Бұл тәсіл Версаль жүйесін құрушылардың өзімен оның өмір сүрген кезеңдері бойы тұрақты қолданылып тұрды (осы орайда, 1921-1922 жылдардағы «Вилен» және «Силезия» мәселелерінің «шешілу» тарихын, Шығыс галиция тарихын, не болмаса сол Чехословакияны еске алсақ та жетіп жатыр).

Алайда бұл үдерістің өзегі сөзсіз, 1939 жылы желтоқсанда, яғни, екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Лигадан Кеңес Одағының шығарылуы (КСРО Лигаға 1934 жылы мүше болған еді) болды. Себебі, КСРО сол уақытта тіпті сол батыстық тарихшылардың пікірі бойынша да соғыс отының тұтануына қарсы күрес жүргізіп отырған бірден-бір мемлекет болатын. КСРО ұйымнан Финляндияға «шабуыл жасады» деген сылтаумен шығарылды. Ал сол кезеңде 1938 жылы Чехословакияны бөлшектеуге қауіптің туып отырғандығы (Судет облысының тартып алынуы) жөніндегі мәселе КСРО-ның талап етуіне қарамастан тіпті күн тәртібіне де қойылмады.

Бұл үдерістердің қорытындысы белгілі болды: 1939 жылы 1-қыркүйекте ұйымның Жарғысы ешкімге қажет емес бір бет қағазға айналды. Бұған дейін ұйым өз қызметін орындаудан қалған болатын. Оқиғалар желісінің бұлайша шорт бұрылуына шындығын айтқанда, осы ұйымды құрушылардың және Лиганың басты қатысушыларының іс-әрекеттерінің нәтижесі ықпал етті. Дегенмен, өзінің жарғылық міндеттерін орындауға қауқарсыз болған ұйымның өзінен жауапкершіліктерді алып тастау дұрыс емес. Осы уақытқа дейін Ұлттар Лигасының іс-жүзінде өмір сүруін тоқтатқандығын мына бір факт ерексіз дәлелдейді: яғни, 1939 жылдың 1-қыркүйегінде Германияның Польшаға шабуылы басталып, Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі кезеңдері орын алған тұста ешкім Женеваны еске алып, Лигаға шағым түсіруді ойламады. Осыдан-ақ, ұйымның беделінің қаншалықты деңгейде болғандығын көруге болады [29].

Сонымен, Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы Ұлттар Лигасының өзінің басты міндетін орындай алмағандығын түпкілікті дәлелдеді. Оның үстіне ұлы державалар әлемдік қауымдастықтың мүддесіне емес, өздерінің жеке мүдделеріне сай әрекет етуді ойлады.

Ұлттар Лигасының орнына жаңа халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылғандығы белгілі. Жалпы, «біріккен ұлттар» термині 1942 жылы өткен Вашингтон конференциясының ресми құжаттарында алғаш рет қолданылды. Оның авторы АҚШ президенті Франклин Рузвельт (Franklin Roosevelt) болды. Ол бұл терминді нацистік Германия, фашистік Италия және Жапониямен күресіп жатқан мемлекеттер альянсын айқындау үшін қолданған. Осы кезеңде антигитлерлік және антижапондық коалиция бойынша одақтас-мемлекеттер (барлығы әлемнің 26 мемлекеті) Ұлттар Лигасының орнына жаңа халықаралық құрылым құру туралы шешім қабылдады. Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ) құру туралы түпкілікті шешім 1944 жылы қабылданды. Осы уақытта АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Ультра аталған ерекше құпия бағдарлама жасақтап, оның қызметкерлері алдында АҚШ максималді түрде ықпалға ие болатын жаңа халықаралық ұйымның осындай құрылымын құру міндеті қойылды. Рузвельт және оның жақтастары Ұлттар Лигасының ізбасар-ұйымы өзі «төрт сақшы» (АҚШ, КСРО, Ұлыбритания және Қытай) деп атаған ұлы державалардың пікірлерімен санасуы тиіс деген уәжді алға тартты [30].

1944 жылы Вашингтон маңындағы Думбартон-Оксе аталған жерде одақтас-елдердің өкілдері келіссөз барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) жаңа Жарғысын жасақтауды бастады. БҰҰ-ның басты екі органнан тұратындығы шешілді: біріншісі, пікір-таластар алаңы қызметін атқаратын Бас Ассамблея, екіншісі, ұйымның шешімдерінің орындалуын жүзеге асыруы тиіс Кауіпсіздік Кеңесі (бұл «төрт сақшы» туралы идеяның жүзеге асырылуы болатын). БҰҰ Ассамблея және Кеңестен тұрған Ұлттар Лигасы сияқты көрінді. Бірақ екеуінің арасында маңызды бір ерекшелік болатын. Бұл ерекшелік тек жетекші одақтас державалардың – АҚШ, Ұлыбритания, Кеңес Одағы және Қытайдың – Қауіпсіздік Кеңесіне қарауға шығарылған мәселе бойынша «вето» абсолюттік құқықты иеленуінде болатын. Ал Ұлттар Лигасында құқық қолдану шешіміне «вето» құқығын барлық елдер иеленді. Американдық тарихшы Стивен Шлезингердің мәліметі бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты бес мүшесінің қазіргі таңдағы ие болып отырған «вето» құқығы Рузвельтпен скептикалық көңіл-күйдегі Конгресске АҚШ-тың қандай жағдайда болмасын Біріккен Ұлттар Ұйымына бақылауды сақтап қалатындығына кепілдеме беру үшін ұсынылған. Бір қызығы, сол кезеңде КСРО бұл құқықтың енгізілуіне қарсы болды. Бүгінгі күні Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде ие болып отырған «вето» құқығы әлемдік саясатқа ықпал ету құралдары сақталған бірден-бір саяси күш болып отыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше болу құқығы фашистік державаларға және олармен ауызжаласқан Аргентина сияқты мемлекеттерден басқа елдердің барлығына берілді. Талқылау барысында БҰҰ-ның қарулы күштері мен сақшысын құру туралы ұсыныс өтпей қалды, керісінше, БҰҰ-ның өз мүшелерінің әскери күштеріне сүйенетіндігі жөнінде шешім қабылданды. КСРО БҰҰ-на мүше-елдерді қабылдау барысында 15 одақтас мемлекеттердің барлығын қабылдауды талап етті, болмаған жағдайда КСРО ұйымда Британ Достастығы, АҚШ және оны қолдайтын мемлекеттердің қауімдастықтары тұрғанда дауыстардың теңдегі қамтамасыз етілмейді деп есептеді. Тараптар осы мәселеге қатысты БҰҰ-на 3 кеңестік республикаларды (Ресей Федерациясы, Украина және Белоруссия) қабылдап, келісімге келе алды. Осы орайда Рузвельт БҰҰ-на КСРО-ның барлық республикалары кіретін болса, АҚШ Сенатының ұйым Жарғысын ешқашанда бекітпейтіндігі жақсы түсінді. Сонымен бір мезгілде ол Кеңес Одағының Жапонияға қарсы соғысқа қатысқандығын қалады [31].

Сонымен қатар, ол отаршыл еуропалық державаларды сабырға шақыру үшін шегіністер жасады. Рувельт бастапқыда БҰҰ-ның Ұлттар Лигасы отарларды басқару үшін беріп тұрған мандат жүйесімен байланысты болуын қаламады. Алайда БҰҰ-ның басты органы ретінде қамқорлық бойынша БҰҰ-ның Кеңесін құруға келісті. Кеңес Лиганың бұрынғы мандаттарының көпшілігін жүзеге асыруға өзіне міндеттеме алды (Ұлыбританияның премьер-министрі Уинстон Черчилль бұл жоспарды британдық отарлар қамқорлық бойынша Кеңестен шығарылғанға дейін қолдап келді). Тағы бір келісім Франциямен байланысты болды. Рузвельт «Азат Францияның» басшысы генерал Шарль де Голльге үлкен сенімсіздікпен қарады, соған қарамастан, кеңестік және британдық қысым бойынша нацистермен талқандалған Францияны БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің қатарына қосуға келісім беруге мәжбүр болды.

1945 жылы сәуір-маусымда Сан-Францискода 50 елден делегаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Жарғысының жобасын жасақтауды аяқтауға жиналғанда әлемде көптеген өзгерістер орын алған болатын. Рузвельт өмірден озды, Германия және Жапония соғыста жеңілудің алдында тұрды. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) тарихы бойынша ірі мамандардың бірі Колумбия университетінің жанындағы Халықаралық ұйым орталығының директоры Эдвард Лак Сан-Францискода жиналған делегаттар мен 25 жыл бұрын Ұлттар Лигасын құру туралы Келісім-шартты жасақтау үшін жиналғандардың арасында маңызды бір ерекшелік бар деп есептейді. 1919 жылы көпшілік адамдар халықтардың өзіндік еркі арқылы соғыссыз бейбітшілікті орнатуға мүмкін екендігіне сенді, ал, Сан-Францискода басқа көзқарастар үстемдік алды: бейбітшіліктің кепілі ретінде БҰҰ-мен бақылаудағы экономикалық және әскери күш-қуат саналды. Сол уақытта халықаралық қарулы күштерді басқару үшін БҰҰ-ның Әскери-штабтық комитеті құрылды. Бұл құрылым ешқандай міндеттерді шешпестен қазірдің өзінде өмір сүруін жалғастыруда. Одан басқа, БҰҰ-ның Жарғысындағы тиісті ережелердің болуына қарамастан мүше-мемлекеттер Қауіпсіздік Кеңесімен резервтік күштер туралы келісімдерді бірде-бір рет жасамаған, сондай-ақ, халықаралық басқару құрылымы жасақталмады [32].

1946 жылы Ұлттар Лигасы өзін-өзі тарату рәсімін жасап, оның мүлкі Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) берілді. Алайда, тарих көрсетіп отырғандай Ұлттар Лигасы бетпе-бет келген көптеген проблемалар оның ізбасарына (БҰҰ-на) мұралыққа өткен.

 

 

ОРЫТЫНДЫ

Алғашқы халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасының тарихына арналған диплом жұмысымызды қорытындылай келе бірқатар тұжырымдар жасауға болады. ХХ ғасырдың бірінші ширегінде осындай халықаралық ұйымның пайда болуы ең алдымен бірінші дүниежүзілік соғыстың орын алуына байланысты болды. Соғыстан үлкен зардап көрген адамзат дүниесі енді соғыс өртінің қайта тұтануына жол бермеу үшін күрес жүргізді. Дегенмен, жекелеген халықтардың осындай агрессия жолына түсуіне тиым салып, оның одан арғы іс-әрекетін қадағалау үшін күшті халықаралық ұйымның қажеттігін барлығы түсінді. Осындай механизм немесе ұйым – Ұлттар Лигасы болды.

Ұлттар Лигасы американдық саясаткерлердің күш салуына байланысты пайда болғандығын жоғарыда айтқанбыз. АҚШ Ұлттар Лигасының ізбасары болған Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылуында да маңызды рөл атқарды. Тарихи тағдырға қарай дәл сол АҚШ Ұлттар Лигасының күйреуіне себепкер болды, ал қазіргі күні БҰҰ-ның үлкен сыншысы болып отыр.

АҚШ президенті Вудро Вильсон Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыр зардаптарын көре отырып, соғысты жанталаса қарулану, басқарудың демократиялық емес формалары, және ең бастысы «күштер тепе-теңдігінің» жүйесі (Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін тепе-теңдік ретінде бақталас елдердің әскери күш-қуатының тепе-теңдігін сақтауды түсінді. Ол теңдік тараптардың соғыс бастау әрекетін жоққа шығарады деп есептелгенмен, іс-жүзіндегі жағдай олай болмады) тудырады деген пікірде болды. Сөйтіп, 1919 жылы Париж бітім конференциясында Вильсон «ұжымдық қауіпсіздіктің» жаңа жүйесін жасақтауды белсенді түрде қолдады. Жаңа жүйенің орталығы Ұлттар Лигасы болды.

Ұлттар Лигасын құру туралы келісім-шарт агрессияны заңсыз деп тапты, осы келісім-шартты бұзған кез-келген мемлекетке Лиганың қалған басқа мүшелерінің біріккен күштері қарсы әскери қимылдар жүргізуі мүмкін еді. Сондықтан да, бірде-бір мемлекет осы келісім-шартты бұза алмайды деп есептелді. Одан басқа Ұлттар Лигасы қарусыздануға ықпал етуге міндеттеме алды. Лигада алдымен «ұлы державалардың» ықпалы жүріп тұрды. Олар Лига Кеңесінің тұрақты мүшелері – Ұлыбритания, Франция, Италия және Жапония, кейіннен оларға Германия мен КСРО қосылды. АҚШ Вильсонның қолдауына қарасамастан Ұлттар Лигасына мүше болудан бас тартты. Оның себебі АҚШ-тың бұл құрылымның жұмысына қатысу Құрама Штаттардың егемендігін шектеп, тәуелсіз сыртқы саясат жүргізуге жол бермейді деп қауіптенуінде болды.

Ұлттар Лигасының жұмысын ұйымдастырудағы бір ізділіктерге қарамастан ұйым халықаралық қарым-қатынастарда үлкен рөл атқарды, 30-жылдардың екінші жартысына дейін бейбітшілікті сақтауға зор үлес қосты. Оның қызметінің бағыттары сан-алуан болды. Солардың бірі көпсанды босқындарға көмектесу. Бұл бағытта ұйым сәтті жұмыстар атқарды. Құл және наша саудасымен күресті, көмек қажет елдерге экономикалық көмек беруге асықты. Мысалы, Ұлттар Лигасының күш салуымен Австрияның экономикасы түпкілікті күйреуден аман қалды.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Мәшімбаев С.М. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы

(1918-1945 жж.). Екінші басылымы: Оқу құралы. А., 2004.-197 б.

2. Новейшая история зарубежных стран: Европа и Америка, 1917-1945: Учеб.

/ Под ред. В.К.Фураева. М., 1989.-447 с.

3. История новейшего времени стран Европы и Америки: 1918-1945 гг. Учеб.

/ Под ред. Е.Ф.Язькова. М., 1989.-463 с.

4. История международных отношений в новейшее время. 1918-2005 гг. Ч. ІІ:

Учебник / Под общ. ред. К.И.Байзаковой. А., 2006.-340 с.

5. Илюхин Р.М. Лига наций. 1919-1934. М., 1982.

6. Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы

и Америки: Практическое пособие: Учеб. пособие... В 3 ч. М., 2004.-Ч. 2:

Европейская индустриальная цивилизация В ХІХ в. «Закат Европы».-288 с.

7. История международных отношений в новое время. 1640-1918 гг. Ч. 1:

Учебник / Под общ. ред. К.И.Байзаковой. А., 2006.-316 с. С. 303.

8. История новейшего времени стран Европы и Америки: 1918-1945 гг.:

Учебник / Под ред. Е.Ф.Язькова. М., 1989.-463 с. С. 28.

9. История международных отношений в новейшее время. 1918-2005 гг. Ч. ІІ:

Учебник / Под общ. ред. К.И.Байзаковой. А., 2006.-340 с. С. 12.

10. История новейшего времени стран Европы и Америки: 1918-1945 гг.:

Учебник / Под ред. Е.Ф.Язькова. М., 1989.-463 с. С. 28.

11. История международных отношений в новейшее время. 1918-2005 гг...
С.12.

12. httpwww. eleven. co. ilarticle

13. httpwww. eleven. co. ilarticle

14. httpwww. eleven. co. ilarticle

15. httpwww. eleven. co. ilarticle

16. Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран

Европы и Америки: Практическое пособие... С. 254.

17. Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран

Европы и Америки: Практическое пособие... С. 254-255.

18. Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран

Европы и Америки: Практическое пособие... С. 255-256.

19. Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран

Европы и Америки: Практическое пособие... С. 256-257.

20. httpetelien. ruCollection3030

21. httpetelien. ruCollection3030

22. httpwww. eleven. co. ilarticle

23. httpwww. eleven. co. ilarticle

24. Илюхин Р.М. Лига наций. 1919-1934... С. 68.

25. Илюхин Р.М. Лига наций. 1919-1934... С. 68-69.

26. Илюхин Р.М. Лига наций. 1919-1934... С. 69.

27. Илюхин Р.М. Лига наций. 1919-1934... С. 69-70.

28. Илюхин Р.М. Лига наций. 1919-1934... С. 70.

29. httpwww. eleven. co. ilarticle

30. httpwww. un. orgrussiansc

31. httpwww. un. orgrussiansc

32. httpwww. eleven. co. ilarticle

33. httpwww. eleven. co. ilarticle

34. httpwww. eleven. co. ilarticle

 

 

№2 қосымша

ҰЛТТАР ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

 

№ р/р Ұйымға мүше болған елдер Ұйымға қабылданған уақыты Ұйымнан шыққан уақыты
1. Австралия*    
2. Австрия   1938 ж. Германиямен аннексияланған
3. Албания   1939 ж. Италиямен аннексияланған
4. Аргентина*    
5. Ауғанстан    
6. Бельгия*    
7. Больгария    
8. Боливия*    
9. Бразилия    
10. Венгрия    
11. Венесуэла*    
12. Гаити*    
13. Гватемала*    
14. Германия    
15. Гондурас*    
16. Грекия*    
17. Дания*    
18. Доминикандық Республика    
19. Египет    
20. Үндістан*    
21. Ирак    
22. Ирландия    
23. Испания*    
24. Италия*    
25. Канада*    
26. Қытай*    
27. Колумбия*    
28. Коста-Рика    
29. Куба*    
30. Латвия    
31. Либерия*    
32. Литва    
33. Люксембург    

 

 

№1 қосымшада берілген кестенің жалғасы

 

34. Мексика    
35. Нидерланды*    
36. Никарагуа*    
37. Жаңа Зеландия*    
38. Норвегия*    
39. Панама*    
40. Парагвай*    
41. Персия (Иран)*    
42. Перу*    
43. Польша*    
44. Португалия*    
45. Румыния*    
46. Сальвадор    
47. Сиам (Таиланд)*    
48. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның біріккен Королдігі*    
49. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы   1939 ж. шығарылды
50. Түркия    
51. Уругвай*    
52. Финляндия    
53. Франция*    
54. Чехославакия*    
55. Чили*    
56. Швейцария*    
57. Швеция*    
58. Эквадор    
59. Эстония    
60. Эфиопия    
61. Югославия*    
62. Оңтүстік-Африкандық Одақ*    
63. Жапония*    

 

 

Дерек көзі: httpwww. eleven. co. ilarticle

 

 

№3 қосымша

ВЕРСАЛЬ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ-ШАРТТАРЫ

 

 

 

 

Дерек көзі: Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая

история стран Европы и Америки: Практическое пособие: Учеб. пособие...

В 3 ч. М., 2004.-Ч. 2.-288 с. С. 232.

 

№4 қосымша

ҰЛТТАР ЛИГАСЫНЫҢ МАНДАТ ЖҮЙЕСІ

 

 

Германдық Шығыс Африка - Танганьика (Ұлыбритания)  

 

 

Дерек көзі: Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки: Практическое пособие: Учеб. пособие...

В 3 ч. М., 2004.-Ч. 2.-288 с. С. 234.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных