Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Визаны ұзарту тәртібі




ҚР СІМ келесі санаттардағы визаларды:

1) Дипломаттық (ДВ) және қызметтік (ҚВ) санаттардағы визаларды ҚР аумағына Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ҚР-да тіркелген шетелдік дипломаттық өкілдктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдардың шақыруымен келген шетелдіктерге аталған ұйымдардың хаттары-өтініштерінің немесе вербальдық ноталары негізінде;

2) инвесторлық (ИНВ) санаттағы визаларды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитеттінің хаты негізінде;

3) іскерлік (ІСВ) санаттағы визаларды - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге хаттары-өтініштерінің немесе вербальдық ноталарының негізінде ұзартып береді.

ҚР ІІМ келесі санаттағы визаларды ұзартады:

1) оқуға арналған (ОУВ) санаттағы визаны- Қазақстан Республикасында тіркелген оқу орнының немесе Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жазбаша өтініші негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы 1 жылға дейінгі мерзімге немесе оқу тәжірибесі немесе тағылымдама өту үшін қажетті мерзімге, бірақ та бір жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады;

2) емделуге арналған (ЕАВ) санаттағы визаны- Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық мекеменің жазбаша өтініштері негізінде ұзартады. Визаның мерзімін ұзартылуы емделуге қажетті, бірақ 1 жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады;

3) жұмысқа арналған (ЖЕВ) санаттағы визаны- бастапқы визаны ресімдеу үшін құжат тапсырған заңды тұлғаның жазбаша өтініші және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсатында көрсетілген мерзімге жүзеге асырылады.

4) тұрақты тұруға арналған (ТТВ) визаны – шетелдіктің жеке жазбаша өтініші негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы 60 тәулікке дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.

Іскерлік (ІСВ) (Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, консулдық мекемелердіқ, халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге шетелдіктен басқа), жеке (ЖСВ), туристік (ТСВ), миссионерлік (МИВ), транзиттік (ТВ) санаттардағы визалардың мерзімі ұзартылмайды.

Емделуге арналған (ЕАВ), тұрақты тұруға арналған санаттардағы визалардың мерзімі бір мәрте ғана ұзартылады.

Оқуға арналған (ОУВ), емделуге арналған (ЕАВ), жұмысқа арналған (ЖЕВ) санаттардағы визалардың мерзімін ұзарту ҚР ҰҚК-мен келісіледі.

Визаның мерзімін ұзарту үшін бұрын бастапқы визаны алу үшін шақыруды ресімдеген заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар ғана өтініш бере алады. Өзге заңды және жеке тұлғалардың өтініштері қаралмайды.

Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда өзге тәртіп белгіленбеген болса, виза ресімдегені, соның ішінде оның қолданыс мерзімін ұзарту және қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консулдық алым және мемлекеттік баж алынады.

ҚР СІМ, ҚР-дың шетелдердегі мекемелері немесе ҚР ІІМ берген визадан қате табылса, сол санаты мен мәртелігі сақталып, қайталама виза консулдық алым немесе мемлекеттік баж салығы алынбай беріледі.

Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда осы Ережелердегі тәртіптен өзгеше ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың ережесі қолданылады.

Азақстан Республикасына шет ел азаматтарын шақыру үшін ҚР-дың шет елдердегі мекемелеріне ҚР СІМ визалық қолдауын жолдау тәртібі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға ҚР СІМ визалық қолдауын ресімдеу үшін (виза беру туралы нұсқау) шақыратын ұйым ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне төмендегі құжаттарды тапсырады:

1. Белгіленген үлгідегі шақырту қағазы (№1 нысаны бойынша).

Ұйымдардың шақыру бланкілерінде СТН және БСН нұсқауы мiндеттi түрде болуы тиіс.

2.Төлем құжаты немесе консулдық алымдар (Мемлекеттік мекемелерден талап етілмейді) мен нақты шығыстарды төлегені туралы түбіртек.

3. ҚР СІМ КҚД-не өтініш білдірген мекемелер жылында бір рет өтпелі жылмен нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттардың (нотариалды куәландырылған жарғы, нотариалды куәландырылған ҚР Әділет министрлігінде тіркеу туралы куәлік, нотариалды куәландырылған статистикалық карта, нотариалды куәландырылған ҚР салық төлеушісінің куәлігі), сондай-ақ, соңғы үш ай ішінде салықтарды төлеу туралы анықтаманың түпнұсқасын тапсыруы қажет.

4. Құжат тапсырушыға мекеме атынан еркін түрде жазылған сенімхат (ҚР СІМ КҚД-ға құжаттарды тапсыру және визалық қолдау нөмірін алуға)

Шақырту қағазы фирмалық бланкта, мөр мен мекеме басшысының қолымен үш данада ҚР СІМ КҚД-ға тапсырылады, олардың екеуі ҚР СІМ КҚД-да қарастыруға қалдырылып, үшіншісі шақыртқан тарапқа ҚР СІМ КҚД-нің мөрімен қайтарылады. Шақырту қағаздарының факспен жіберілген нұсқалары қабылданбайды.

КҚД келіп түскен өтініштерді 5 жұмыс күні ішінде қарайды және ҚР СІМ шетелдегі мекемелеріне виза беру туралы нұсқауды жолдағаннан кейін визалық қолдаудың нөмірін хабарлайды. Шақыратын ұйым аталған нөмір қойылған шақырту қағазын консулдық мекемеден виза алу үшін шет ел азаматына жіберуі тиіс.

ҚР СІМ КҚД-ның визалық мәселелер бойынша қабылдау күндері мен сағаттары: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 09.30-12.30 дейін. Сәрсенбі – құжаттар қабылданбайтын күн.

Орнатылған тәртіп бойынша шет ел азаматтарын шақырған жағдайда, шақырту қағазы белгіленген кестеге (А қосымшасын қараңыз) сәйкес толтырылып, кестенің электрондық нұсқасы (WORD пішінде) қоса тапсырылуы қажет. Басқа қалалардағы мекемелер электрондық нұсқасын ҚР СІМ КҚД-нің visa-kz@mail.ru электрондық поштасына жіберуіңізге болады.

Жұмысқа шақырған жағдайда, ҚР тұрғылықты жердің Әкімдігінен алынған шет ел жұмыс күшін тарту жөніндегі рұқсаттың нөмірі мен берілген мерзімі қоса көрсетілуі тиіс (В қосымшасын қараңыз).

ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті құжаттар толық және орнатылған тәртіпке сәйкес тапсырылмаған жағдайда, оларды қабылдаудан бас тартатынын ескертеді.

Басқа қалаларда орналасқан ұйымдарға визалық қолдау нөмірлері сенбі және жексенбі күндерін қоспағанда күн сайын сағат 15-00-ден 16-00-ге дейін беріледі. Сонымен қатар, мына төмендегі телефон нөмірлері арқылы визалық қолдауды рәсімдеуге қатысты сұрақтар бойынша кеңестер алуға болады: +7(7172) 72-04-70, 72-04-71

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных