Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: Коррекциялық педагогиканың білімінің басқа ғылым салалармен өзара байланысы.




Жоспар:

  1. Коррекциялық педагогиканың басқа ғылым салалармен байланысы.
  2. Коррекциялық педагогиканың әр түрлі салаларына әсер етудің әдістері мен тәсілдері.

Коррекциялық педагогика педагогикалық ғылымның бір саласы ретінде арнайы пәндермен және психологиялық-педагогикалық блоктармен тығыз байланысты.Коррекциялық педагогикалық процестің бірыңғай бірлігі бола отырып, баланың тұлғасын жан-жақты дамытуды, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың әдістерін және формаларын, мазмұнын, міндетін, мақсатын анықтайтын жалпы педагогикамен де тығыз байланыста болады. Сонымен қатар ол жалпы педагогиканың ғылыми арсеналын, оның категориялық жүйесін, принципін, оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың формасы мен әдісін, алдыңғы педагогикалық тәжірибені пайдалана отырып, түзету педагогикасы педагогикалық білімді қолданудың технологиясы мен әдістемесіне, балалар мен жас өспірімдерді олардың кемістіктерінің түріне және табиғатына сәйкес тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнына маңызды өзгерістер енгізеді. Арнайы педагогиканың (тифло-, сурдо-, олигофренопедагогика, логопедия т.б.) әр түрлі салаларына түзетулі әсер етудің әдістері мен тәсілдерін әзірлейді. Баланың кемістігінің табиғатын білмей, оның жетілуі мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың себептерін анықтамай түзетімдік педагогикалық жұмысты құру, жеке тәрбиелеу мен дифференцианалды оқытуды ұйымдастыру мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, адамның жалпы психологиясының негіздерін білмей, тиімді түзету жұмыстарын ұйымдастыру қиын. Және де жетілуде кемшіліктері бар балалар үшін қалыпты адамдарда көп кездесе бермейтін психиканың ерекшеліктері байқалады. Олар: жалпы физикалық жетілудің артта қалуы, асықпаушылық, осалдық, жүйке процестерінің аз жылжымалдығы, сенсорлық анализаторлардың дамымауы, қоршаған ортаны аз қабылдауы және т.б. Сонымен қатар әлеуметтік педагогикамен де тығыз байланысты. Ол қоғамның тәрбиелік күштерін және оның көкейкестілігінің әдістерін, қоғамдық, мемлекеттік және жеке ұйымдардың жинақтау жолдарын зерттейді.Әлеуметтік психологиямен байланыстылығы, онда адамдардың тәртібі және қызметі (әрекеті) психологиялық мінездеме ретінде қарастырылады. Социология әлеуметтік қарым – қатынаста және әлеуметтік ортақтықта, қоғамның дамуына, оқуына көмектеседі. Сонымен, біз коррекциялық педагогиканың философиялық және әлеуметтік – педагогиканың ғылымдарымен әр түрлі байланысын көрсетеді, олар коррекциялық педагогиканың шешетін мәселелерін анықтайды. Әлеуметтану қоғамның қалыптасу, құрылу заңдылықтарын, әлеуметтік қатынастарды зерделеуге көмектеседі. Медициналық көзқарас бойынша коррекциялық педагогикасының базасы баланың денсаулығын және оның дамуын, физиологиясын, патологиясын, алдын алудың әдісін және ауруды емдеуді зерделейтін педиатрия болып табылады. Сонымен қоса профилактикасын және аурулардның емделуін, оның дамуына әсер ететін немесе бала организміне кедергі келтіретін жолдарды қарастырады. Баланың дамуында кемістіктердің біразы, жүйке жүйесінің қалпына байланысты, сондықтан ұстаз неврологияның берілгендерімен қамтамасыз ету керек. Баланың жетілуіндегі ауытқушылықтардың көбінің қайнар көзі оның жүйке жүйесі болып табылады. Сондықтан педагог адамның жүйке жүйесінің функциялары мен құрылымы туралы ғылым - неврологияны да игеруі қажет. Жүйке жүйесінің күйінің патологиясы мен нормасына сәйкес келу үшін жүйке жүйесінің ауруын зерттейтін клиникалық медицина облысымен невропотологиямен өзара байланыс қажет. Психиатрия жүйке жүйесінің ауруларының этнология, потогенез, потоморфология, диагностика, терапия сұрақтарын қарастырады, коррекциялық педагогика дұрыс жолдама табуға көмектеседі. Жүйке жүйесінде кемістіктері бар балалар мен жас өспірімдермен жұмыс істегенде дұрыс шешімін табуға көмектеседі. Біз тек қана ғылыми білімдердің аймақтарын атап және белгілеп өттік, олар коррекциялық педагогикамен тығыз байланыста. Коррекциялық педагогиканың негізгі мақсаты, жалпы түсінік беру, жалпы контур белгілеу, керекті (қажетті) жолдамалар мен тенденциаларын таныстыру болып келеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных