Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: Коррекциялық педагогика ғылым ретінде дамуы мен қалыптасуы.




Жоспар:

  1. Коррекциялық педагогика ғылым ретінде дамуы.
  2. Коррекциялық педагогика ғылымының қалыптасуына педагог ғалымдардың көзқарастары.

Коррекциялық педагогика – жылдам темппен дамып кел жатқан қазіргі таңдағы педагогика ғылымның саласы. Оның жылдам дамуының бір себебі балардың аномальды мінез-құлықтарының көбеюі. Коррекциялық педагогика өзінің бастауын дефекті (латын сөзі defectus - кемшілік) балалардың өмірін сақтап қалу гуманистикалық талпыныстардан алады. Оларға саңырау, нашар еститін, соқыр, нашар көретін, соқыр-мылқау-саңырау, зердесінде кемшілігі бар балалар жатады. Антикалық уақытта физикалық немесе ақыл-ойда ауытқушылықтармен туған балаларды жарға тастаған. Бұл дәстүр Еуропаның кей жерлерінде орта ғасырға дейін сақталған. 17-18 ғасырларда адамның өмірі біршама құндылық болып есептеліне бастады. Кеміс туылған балаларға адамгершілікпен қарап, көмек көрсетудің жолдарын іздей бастады. Оларды емдеу, тәрбиелеу, салт-дәстүрге үйрету туралы ой келді. Емдік түзетімдік педагогиканың бастауында францияның дәрігері және ағартушысы Ж. Итар (1775-1838) және оның отандасы Э. Сеген (1812-1880) басқа елдердің дәрігерлері мен приктикадан өтуші мұғалімдер тұрды. Олардың бәрі емдеуді оқытумен дұрыс сәйкестендірген кезде жетілуде ауытқушылығы бар балаларды оқып шығаруға болады деп ойлады. Ақыл-ойдан артта қалған балалар үшін жаттығу ойлап тапқан дефектологтың бірі К. Ванней (1860-1931) болды. Ол ақыл-ойдан артта қалған балалардың жетіспейтін психикалық функцияларын жаттықтыру үшін арнайы жаттығулар бағдарламасын ұсынды. Бельгиялық педагог О. Декроли (1871-1932) түзету-тәрбие беру мақсатында ойын түрлерінің сериясын құрды. Олар әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Педагог-дефектологтың аномальды балаларға тән кемшіліктерді жеңу және оларды жеңілдетуге бағытталған түзету-тәрбие беру жұмысы осындай балалрдың дұрыс жетілуіне әсер етті. Көмекші мектептердің дамып келе жатқан жүйесі өмірлік мәселелерді адамгершілікпен шешуге көмектесті. Ресейдегі бірінші емдеу-ағарту мекемелері 18 ғасыда пайда болды. Алдымен олар шетелдік емдеу мектептерінің үлгілері бойынша құрылды. Олардың әдістемелерін көшірді. Отандық түзетімдік педагогиканың бастауына көрнекті ғалымдар А.И. Граборов (1885-1948) (Капиталды еңбек «Көмекші мектеп» (1932 ж.) құрастырды), Л.Г. Шлегер (1863-1942) тұрды. Коррекциялық педагогика кеңес өкіметінің бірінші жылдары жақсы дамыды. Оны қазіргі таңдағы себептер мен жағдайларға ұқсас прогресс итермеледі: қоғамдық құрамның ауысуы, қатып қалған принциптер мен идеалдардың құлауы, азаматтық соғыс, балалардың қараусыз қалуы.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных