Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мектепалды баланың кризитік дамуы.




Мектепке келуде кардиналды өзгеріс системасында әлеуметтік қатынаста және іс-әрекеті баланың, екінші физиологиялық кризисі саналады. Бұл баланың жеті жасындағы тұлғасында көрсетіледі. Баланың организмінде тез аралық эндокриндік жылжу байқалады (өсу, дене, ішкі органның өсуі). Басқада жас өспірімдік кризисті байқауға болады. Бұл он үш жас аралығында байқауға болады. Бірінші стадия – бір жыл. Бұл кезеңде негізгі дамуы жақын адамдар, ата –анасы, яғни баланың сезімі, сенімі қоршаған ортаға көз-қарасы немесе сенімсіздігі. Екінші стадия – бір жылдан үш жылға - қоршаған ортаға қарап қабылдауы, бұл баланың өзіндік қалыптасуына байланысты. Сезіммен, ұят, балаға жиі көңіл бөлуде іске асырылады. Баланың тірбиеленуіне ата – ана әрдайым ықпал жасап отырса, баланың іс-әрекеті қалыптасуы тұрақты болып жүзеге асады. Оған ата – ананың жауапкершілігі мол боуы тиіс. Үшінші стадия – үш жастан алты жас. Бала шапшаң түрде қоршаған ортаны білетін болады. Ойын арқылы баланың басқа тұлға аралық қарым – қатынас жасауы туындайды. Балада үлкендерге қарап, соларға бейімдеу қалыптасады. Яғни анасына немесе мұғаліміне, әкесіне ұқсағысы келіп еліктейді. Дәрігер, шаштаразшы, дүкенші, мұғалім болып ойын арқылы көрсетіп бейімделеді. Ал, үлкендер баланың қылығын теріс түсініп, оны ұялтып жазалауы мүмкін. Бұл баланың нақты нормалық дамуы. Төртінші стадия – алты жастан он төрт жас. Бұл уақытта баланың еңбек қор сезімі оянады. Бала мектепке барады, білімге құштарлығы басталады. Мектеп, мұғалім, бірге оқитын құрбылары. Баланың мұғаліммен, құрбыларымен қарым – қатынасы оның мінез – құлқына байланысты. Бесінші стадия – он төрт жас жирма жас. Ең өмірдің негізгі кризисі. Осы жасқа келгенде бала ержетіп, өсіп өз алдына мақсат қойып, өткен шақтағы тәрбиелік білімін ашып, ары қарай «мені не күтіп тұр, басқа біреуге қалай көрінемін» деген ой толғандырып, өмірде өз жолын табу, білім ашу мақсаты көзделеді.

Құбылыс өлшемі “ норма – аномалия”

Заңды түрде педагогтың алдында сауал толғандырады, яғни мектепшілік ауырлық бұзылушылық дәрежесін, байқау. Толық мағаналас өлшемін табу оңай түспейді. Бірақ мұдай өлшемдербар болады. Хабардар, «өлшем психопаттық Ганнушкина – Кербикова» патологиялық мінезді қабылдайды. Бірінші белгі – тұрақтылық, шартты қатысты уақтылы мінездемесі, өмір талабына өзгеруі тиіс. Егерде бала кезде болған бұзақылық, үлкейгенде есейгенде өзгеруі қиынға соғады. В.П. Кащенконың пікірінше солай делінеді. Жөні түзу немесе жөнсіз адам, ажыратуы жөнінде айтқан. Бет әлпетінен баланың белгілері байқалады, яғни басқалардан тез ажыратуға болады. Екінші белгі – мінездің пайда болуы: бір жерде немесе барлық жерде ерекшелігі байқалады. Үйде, демалыста, жұмыс орында, бөгде адамдар арасында, қандай да болмасын жерлерден көруге болады. Егерде адам үйде жалғыз, ал «адамдар арасында» - басқа, бұл бірақ патологияға жатпайды. Үшінші белгі - әлеуметтік дезадаптация, қорыта келе, адамда күнделікті өмір қиындығы пайда болады, әсіресе өзіне байланысты немесе қоршаған ортаға байланысты.Дефектологиялық ғылым құрамына әлеуметтік педагогика және психология бөлімдері кіреді. Жалпы және әдейі педаголгикамен бірге, сол сияқты қазіргі педагогикалық практикада мұндай аз емес жағдайлар болады, қашан да болсын ақыл-ойында және тәрбиесінде кемістігі бар балаларға диагноз қою қиынға түседі. Бұл дефект оның көрсетілмеген жағдайда болады. Мұндай жағдай, егерде бала оқу барысында қиналса, ал басқа жұмыстарда (қосымша) алға шыққан кезде болады. Осы түсініктермен бірге «әдейі психология», «емдеуші және реаблитациялық педагогика», бәрінен жиі коррекциялық педагогика түсінігі қабылданады. Осы педагогикалық анықтама бір жағынан ертерек қалыптасқан «дефектология» ұғымын ауыстырады немесе оның бірдей атауы болып қолданады. Кей жағдайларда коррекциялық педагогика әдейі.ғылыми мекемелерді ғана қамтамасыз етпейді және мінез- құлықтарында, ақыл-ойларында кемістігі бар балалар мен жас өспірімдердің даму психикасын қамтамасыз етеді. Коррекциялық педагогиканың негігі мақсаты болып баланың дамуындағы жетіспеушілікті білу және жеңу болып табылады. Коррекциялық педагогика пәні болып деференциялық процеске қызмет етеді, ой-өрісінде және тәрбиесінде кемшілігі бар балалрды тәрбиелеу және дамыту. Әлеуметтік педагогикалық мәселелердің қиындығы психофизиологиялық дамуы мен тәртібінде кемістігі бар балаларды үйрету, дамыту және тәрбиелеу. Дамуы мен девиациалық тәртібінде кемістігі бар балаларда әлеуметтік педагогикалық жағдайы қалыптасқан. Келесі шешімдер бойынша коррекциялық педагогика көмектесу жағын қарастырады:

1. Балалар мен жас өспірімдердің дамуындағы және тәртібіндегі кемістіктерді анықтау, олардың пайда болу жағдайы мен жолын қарастырады.

2. Девианттық мінез-құлықты және психофизиологиялық дамуында кемістігі бар балалардың коррекциялық педагогиканың қызтетінде пайда болу тарихын үйрету.

3. Баланың тіршілік әрекетінің әлеуметтік –педагогикалық шарты және психофизиологиялық дамуының этнологиясы, жас өспірімдер мен балалардың тәртібі мен дамуындағы кемістікті жеңу.

4. Балалардың тәртібінде кемістігі бар және дамуындағы жетіспеушілігіне коррекциялық педагогиканың әдіс-тәсілдерімен ықпал ету, технологиясын өңдеу.

5. Көпшілік мектептердің жағдайында тәртібі мен дамуында кемістігі бар балаларға жалпы және арнайы білімдеріне талдау жүргізу.

6. Арнайы коррекциялық даму мекемелерінің және әлеуметтік қорғау орталықтарының балалармен жас өспірімдердің реаблитациясының мақсаттарын анықтау.

7. Девиантты мінез-құлықты және психофизиологиялық дамуында ауытқуы бар балалармен жас өспірімдер коррекциялық педагогика маманына (жұмыс істеу үшін) керекті методикалық базасын даярлап шығару.

Коррекциялық педагогика жалпы педагогика сияқты, негізгі педагогикалық бағыттары үйрету, тәрбиелеу, дамыту болып табылады. Тәрбиелеу – негізгі алынатын және мағыналы тәрбие беру педагогикалық категориясы. Үйрету – педагогикалық ғылым жағынан ерекше білім алу (беру) амалы.Үйрету және дамыту бір –біріне ұқсас құбылыстар. Коррекция – (латын тіл – түзету) арнайы жүйе және жалпы педагогикалық өлшем ретінде анықталады. Кампенсация – (латын тіл – орын толтыру, қайтару, өзін-өзі ұстау, салмақты) – бұл қиын, бұзылғанды (қирағанды) қайта жөндеу немесе организмдегі психофизиологиялық функциолары қалыптаспаған көп аспектілі процесс. Мектеп адаптациясы – (латын тіл – икемдеу) бұл баланың мектеп өміріндегі жағдайларының икемделу процесі, оның талаптары мен ережелеріне керекті білім алу т.б. Әлеуметтік реабилитация – (лат тіл – қапына келтіру) бұл тәртібінде және ақыл-ойында кемістігі бар баланың әлеуметтік ортаға еңгізу және өз теңдес балалармен қарым-қатынас жасау процесі.

Психологияда көп жағдайларда сол-оң қолдылық ретінде қарастырылатын яғни оң қолды, солақайлықты қалау немесе әр түрлі актілерде тең болу деген сол-оң жарты шары ұғымы қолданылады. Қиын педагогикалық мәселе солақайлық мәселесі болып табылады. Бірақ мамандардың ойынша солақайлық патологияға жатпайды. Солақайлықты төмен ойлау қабілетімен салыстыруға болмайды. Бұл жағдайда солақайлық патологияның нәтижесі бола алады. Дені сау солақайдың таң ақаларлық қабілеттері болуы мүмкін. Сол және оң қолмен тең дәрежеде ұстай алатын балалар да бар. Ондай адамдарды амбидекстрам деп атайды. Солақай баланың нормадан ауытқушылық болып табылмайды. 1 сыныптың бірінші тоқсанын кейін «екі рет» қайта оқыту кері әсерін береді. Себебі оң қолмен жазып үйренген солақай балаға қолды ауыстыру мәжбүрлеуге болмайды. Осындай тактика ауыр жүйке ауруы – жазу спазмын тудыру мүмкін.

Жазу спазмы – бұл невроз. Ол көбіне 4-5 сыныптардан бастап кездеседі. Бастауыш сыныптарда кеңістік синтезіне қабілеттіктің бұзылуы байқалатын дисграфия атты ерекше бұзушылық байқалады. Бала жазуға қиындықпен үйренеді, бірақ қалғандарында ол ереже бойынша сап-сау болады.

 

6 .Тақырыбы: Мінез – құлқында және дамуында ауытқушылықтары бар балалардың жас және дара ерекшеліктері. Баланың тұлғалық дамуындағы деформация себептері мен шарттары.

Жоспар:

1. Психологиялық «портрет» балалардың даму проблемасы.

2. Балалық шақтағы эмоционалдық дамудың проблемасы (ахуалы).

3. Бала агрессиясының (қиянқылығының) табиғаты.

4. Баланың жеке тұлғасының дамуына ортаның әсер ету факторлары.

Балалардың және жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық деп оның өзіне назар аудартатын және тәрбиешілердің сақтығын тудыратын ерекшеліктері мен оның көріністерін айтамыз (ата – аналардың, мұғалімдердің, қоғамның). Бұл мінез ерекшеліктері жалпы қабылданған қалыптардан, талаптардан ауытқуды ғана білдірмейді, сондай-ақ, болашақта жасалатын қателіктердің, адамгершілік, әлеуметтік, құқықтық нормалардың, заң талаптарының бұзылыуының бастауының негізін қалайды, осы мінез- құлық субъектісіне, оның тұлғасының дамуына, оны қоршаған адамдарға, жалпы қоғамға әлеуметтік қауып төндіреді. Жекеленген әрекеттер өз бетінше соншалықты маңызды емес, тек оның артында тұлғаның қандай ерекшеліктері, даму тенденциялары жатқанымен ғана маңызды. Демек баланың, жеткіншектің мінез – құлқына қандай да бір бағыт, мазмұн, мән берсек, біз онымен баланың адами және басқа да қасиеттері мен сапаларының негізінде жатқан үрдістер мен тетіктердің дамуына еркін әрі мақсатқа бағытталуына ықпал етеміз. Керісінше осы сияқты және басқа да әрекеттер мен мінез – құлықтарға кедергі жасау арқылы біз баланың, жеткіншек тұлғасының тиісті қасиеттері мен сапаларының дамуына бөгет жасап кідіртеміз.

(И. Невский). Осылайша балалар мен жеткіншектердің ауытқыған мінез-құлқы, бір жағынан, тұлғаның тиісті ерекшеліктерінің туындауы мен дамуынан (тенденция) сигнал беретін белгі ретінде қарастырылса, екінші жағынан, тұлғаның дамуына тәрбиелік ықпал ететін жетекші ретінде, оны қалыптастырудың немесе оның қалыптасуына әсер ететін құрал ретінде көрініс табады. Балалар мен жеткіншектердің мінез – құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдайяттар мен өмір жағдайларына және іс- әрекеттеріне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Оларды мынадай түрге бөлуге болады: итермелеуші жағдайлармен туындаған жағдайяттық, уақыттық көріністерге немесе реакцияларға және тип түрінде дамитын мінез-құлықтағы ауытқушылықтың тұрақты нысандары.

  1. Психологиялық «портрет» балалардың даму проблемасы.

Процесс баланың жеке өмірінің қарама – қайшылығы. Баланың жеке өмірі «берілді емес, бірақ оған міндетті» деп, педагог және психолог В.В. Зеньковский өзіне белгілеген. Бала алдына жандүниелік даму жолы ашық деп есептейді. Бала қайталанбас жеке тұлға. Адамды негізінде тәрбиелеу керек. Әр адамның өз жолы бар, өзіндік идеальдық формасы болады. Бала әрдайым өзгеріп отырады және ай сайын немесе бірнеше жыл өткенде басқаша болуы сөзсіз. В.В. Зеньковский «біз ешқашан балаға шек қоймаймыз, әсіресе байқауынша бұзылды деуге болмайды, бала жаны, кенеттен өзгеруі ықтимал. Психологиялық қиындықтар, тәртіп бұзушылық уақытша эмоционалды, әсіресе балаларда кездеседі. Мұндай балаларға ата – ана тарапынан, педагогтар, психологтар, дәрігерлер көмегі мен көңіл бөлінеді. Осы кезде бала тәртібінде (нормадан ажырату емес, симптоматикалық, ауыру тудыру себебі байқалады). Жас аралақ балаларға мінез – құлық, бала дамуының ауытқуын қарасақ, негізгі көпаралық экспериментальды дәрежесін пайдалану, шетел зерттеушілері, практикалық психологтар, балалар психиататры және педагог, коррекция сыныптары ішінде жұмыс істеуші және тағы басқа қазіргі таңда коррекциялық сыныптарда шындыққа айналуда. Мұндай балалар тобы, яғни психологиялық және тұлғалық дамуы төмен балаларды оқытып үйретеді. Осыған байланысты көптеген мысалдар кетіруге болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных