Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бала агрессиясының ( қиянқылығының ) табиғаты.




Асоциалдық мінез-құлық түрі алуан түрлі және ол агрессияда, деструктивті түрде, жағымсыз жұмыстан бас тарту немесе ұрлықтың әр түрінде көрініс алады. Бұл бұзылушылық себебі мен механизмі әртүрлі және түрлі жаста балада әртүрлі айқындалады. Кез – келген баланың қылығының бұзылуы ерекше және агрессия көрінген кезде деструктивті немесе ұрлық түрінде байқалады. Клиникалық және педагогикалық тәжірибе көрсететіндей, мұның бірнеше варианттары бар. М. Раттер белгілегендей, ұрлық адамның жеке құқығын бұзатыны туралы ойланбай, бірте-бірте қалыптасқан әрекет түрі болып табылады. Бірақ ол басқа да тәсіл бола алады: достықты жаулау әдісі немесе қарсылық көрсету тәсілі. Балалық ұрлықтың кейбір кезі психолог Н.И. Гуткинаның профессионалдық анализінің пәні болып табылады. Ол ұрлықтың мынадай психологиялық механизмдерінде көрінеді: мысалы, кейбір бала «мен оны ұрлаған жоқпын, жай ғана алдым...» несесе кішілер өздерінің достарынан бір нәрсені көрсетпей алуында байқалады. Мұндай жағдайлар нақты, бірақ психологтар оны «қалыптаспайды» деп санаған. Бірақ бала мұндай күйге түскенде, яғни бір ұнаған заттың басшылығында болып, оны алғысы келіп тұратындығына көніп осындай әрекетті жасайды. Бұл «басқа адамдардың қаты» деген сезімінің жоқтығы және бұл мәнез-құлықтың ауытқушылығы.

Баланың тұлғалық дамуындағы деформация себептері мен шарттары. Академиялық ғылымда тұлғаның детерминациялық дамуында мынадай негізгі үш фактор белгіленген: адамның индивиттік қасиеттері, тұлғаның дамуының алғышарттары болады, тарихи- әлеуметтік өмір салты тұлғаның дамуының қайнар көзі, бірлескен қызметтер тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өмір сүруінің негізі. (А.Г. Асмолов). Қазіргі кезде теорияда дамудың доминанттары жүктеленген олар: мәдениет, сана, іс - әрекет, тәжірибе, жетекші әрекет, қажеттілік т.б. Дамудың әр түрлі аспектілері белгіленген, бірақ та адамның дамуы күрделі, көпжоспарлы үрдіс. Баланың дамуындағы қиындықтар, деформация, көптеген қарама- қайшы факторлар, себептер мен шарттар, олар әртүрлі ғылыми бағыттарда қарастырылады: психодинамикалық, социодинамикалық, интеракцинистикалық. Әр түрлі бала әртүрлі дамиды және ол әртүрлісін олардың дамуына әсер етеді. Сол сияқты ұл балалар мен қыз балалардың дамуы бірдей емес. Ең алдымен мамандар даму жылдамдығын көрсетеді. Қыздар ұлдарға қарағанда тез дамиды. Көптеген мәліметтерге қарағанда ұлдар мен қыздар интеллектуалдық, тұлғалық мінездемелерімен және қарым – қатынас жасаудағы өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Қыздар мен ұлдар екі жасқа дейін бір- бірінен ерекшеленбейді. Бірақ екі жастан кейін қыздар басқа балалармен еркін сөйлеседі және олардың сөйлесуі дұрыс және күрделі. Балалардың қыздарға қарағанда абстракт ойлауы жақсы болады. Бұл айырмашылықтар жасөспірімдік кезеңде байқалады және жылдар өте келе артта түседі. Бұл өзгешеліктер 12-13 жастарда байқала бастайды. Балалар қыздарға қарағанда қызба болады. Бұл екі жастан кейін байқала бастайды. Психикалық ауытқулар көбінесе ер балаларда кездеседі. Ұл балаларда табиғатынан психологиялық стрестарға өте сезімтал келеді деген болжам бар. Мәселен ондай психологиялық стрестарға ата- аналар арасындағы ұрыс – керіс пен келіспеушіліктер жатады. Психикалық ауытқуларды көбнесе темпераменттің және де мінез- құлықтың әртүрлі болуымен байланыстырады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных