Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Деменция – психикалық дамуының бұзылуы.




Интеллектілік дамуы едәуір кейін қалған, ақыл – ойы кем идиотия (нақұрыс) балалар. Бұл туа біткен психикалық бұзылудың нәтижесінен болатын ақыл – ой кемістігінің ең ауыр түрі. Имбецил идиодқа қарағанда ақыл –ой кемістігінің жеңілдеу түріне жатады. Бірақ олардың да қимыл – қозғалыстарының толық жетілмегендігі айтарлықтай айқын білініп тұрады. Мұндай балалардың да қимыл – қозғалысытары жеткілікті дамымай қалған. Соның салдарынан дене бітімдерінің құрылыстары да қисайып- майысып бұзылған. Дебилдік балалар (жарыместік) түрлі жағдайда үш жастан кейін пайда болады. Идиод пен имбецилге қарағанда өте жеңіл түрі.

Төртінші топқа – тіл мүкісі бар балалар, ондай балалардың тілінің мүкісін түзетумен логопед педагогтар шұғылданады. Барлық сөйлеу тілінің бұзылуын екі үлкен топқа бөлінеді: ауызекі және жазбаша. Ауызекі сөйлеу тілі мүкістіктеріне жататындар: дисфония, дислалия, ринолалия, брадилалия, тұтықпа, дизартрия.

Сөздің немесе сөйлемнің құрылымдық жағынан мағыналарының бұзылып айтылуы екіге бөлінеді: 1. Алалия. 2. Афазия.

Жазбаша сөйлеу тілі жазуының және оқуының бұзылуы болып екі топқа бөлінеді: 1. Дислексия. 2. Дисграфия.

Бесінші топқа – аномальды балалардың орталық жүйке жүйесінің бұзылуы жатады. Ең негізгі категориясы – бала, мидың зақымдануынан жоғары жүйке жүйесінің қызметі қатты бұзылады. Бұзылу түрліше себептерден болады (әйелдің жүкті кезде және туғаннан кейінгі жарақаттар, балалардың инфекциялық аурулары, ананың теріс резус- факторы, зат алмасудың бұзылуы т.б.) демек осыдан барып бүкіл психологиялық процестердің дамуы бұзылады. Бесінші топқа – дефектісі жан-жақты балалар, сонымен қатар күрделі дефекті аралас балалар: мысалы: ақыл –ойы кем естімейтін немесе нашар еститін; ақыл –ойы кем көрмейтін немесе нашар көретін; кереңсоқырлар және т.б.

. Алтыншы топқа – Пихопатия дегеніміздің өзі жеке бір психикалар мен жүйелер қызметінің бірінғай дамымауы. Өйткені психопат балаларда нағыз ақыл – ойдың дамуымен қатар, эмоциялық – ерік өрісінде дамудың шектелуі мен өзіндік өзгерістері байқалады. Қазіргі кездегі клиницистер мен психолог мамандар дамудың физикалық және психикалық кемшіліктерінің екі себебеін көрсетеді: Эндогенді (генетикалық) Экзогенді (қоршаған ортаның факторы)

Эндогенді себептерге жататындар: әр түрлі тұқым қуалаушылық аурулар (мысалы, аплазия – саңыраулыққа әкеп соқтыратын ішкі құлақтын дамымауы; микрофтальм – көз құрылымының өрескел өзгерістері; бір көздің немесе екі көздіңде көлемі кішірейуіне сипаттама; миопатия – бұлшық еттің әлсіреуі және т.б. Хромосомдар құрылымының немесе санының өзгеруімен байланысты аурулар (мысалы, полиплодия – хромосомдық жинақтың бірнеше рет көбеюі; трисомия – хромосомдардың бір жұпта көбеюі; моносомия – хромосомдардың бір жұпта азаюы; нулесамия – хромосома жұбының жоқ болуы; дупликация –хромосомалардың жекелей жерлерінің екі еселенуі; делеция – хромосома материалдарының кей бөлігін жоғалтуы; инверсия –хромосома орналасқан бөліктердің азаюы; транслокация – бөліктің ауыстырылуы немесе барлық хромосоманың басқаға ауыстырылуы). Трисомия 21-ші хромосомына жататын аберрация хромосомы. Мұнда Дауна синдромы ақыл –ойындың хромосомды кемістіктеріне жатады және басқа түрлеріне ұқсамайтын бірқатар ерекшеліктері бар. Дауна мінездемесі көздің қиығы қысылған тар, қабағы салбыраңғы, кеңсірігі шұңғылданып барып жалпайған, мұрнының ұшы шошайып біткен, әрі кішкентай, беттің сүйегі дөңестеніп шығыңқы келеді. Дененің басқа мүшелерінде кемістіктері бар: құлақтың жарғағы кішкентай, еріндері дүрдиген қалың және шытынап жарылған, аузы өнебойы ашық тұрады, тілі үлкен, өлі ет секілді ауыз қуысыңда сұлап жатады, тістері қиқы-жиқы болып орналасқан және олардың пішіндері де әр түрлі, терісі мен шашы құрғақ болады.

Экзогенді себептер онтогенездің әр түрлі кезеңдеріне әсер ететін дамуындағы ауытқушылықтарды тудырады:

- Пренатальды кезең (ата – аналардың созылмалы аурулары, көбіне ананың ауруы, жұқпалы аурулар, ананың интоксикациясы (улануы), жүкті болғанда анаға тамақтын жетіспеуі, жарық энергиясының әсері және т.б.)

- Натальды кезең (туу жарақаттары;асфикция – шарананың тұншығуы);

- Постнатальды кезең (туғаннан кейін) әр түрлі жұқпалы және басқа да аурулардан кейінгі қалған себептер бола алады. Әр түрлі жарақаттар (бас-сүйек-ми, анализаторлардың жарақаты және т.б.), интоксикация (алкогольдік, нашақорлық, никотиндік және т.б.), санитарлық – гигиеналық нормаларды сақтамау (мысалы, көздің гигиенасын сақтамау көрудің бұзушылығына әкеп соқтырады) және т.б.

Баланың психикалық дамуына, оның мінез – құлқының ерекшелігіне

жарақатты әсер ететін әлеуметтік ортаның жағымсыз жағдайлары дамуындағы ауытқушылықтардың себептері бола алады.

Білім беру қажеттіліктері арнайы білім беру мекемелерінде (білім беру мекемелері, коррекциялық кабинеттері (пункт), реабилитация орталығы, жалпы типтегі білім беру мекемелерінің құрамындағы сынып (топ) жүзеге асырылады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных