Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Баланы оқытуда және дамуындағы ақыл-ойының темпінің байланысы.




Оқыту жүйесінде біз жеке тұлғаның интеллектуалдық қасиетін түсінеміз, ақыл-ойдың сана жағынан қалыптасуы, барлық оқу қызметдегі тиімділігінің бағынышты болуы. (З.И. Калмыкова). Неғұрлым оқу жоғары, соғұрлым тез және адам жаңа білімді оңай иемденеді, соғұрлым оның ақыл-ойының темпіні жоғары дамиды. Мазмұнның түсінігі «оқыту» спецификалық ойлауымен шектеледі, оның көріністері оқушылардың өзіндік бейнесінде болады. Оқытудың деңгейімен специфика ақыл-ойдың сапалы қалыптасуымен анықталады. Негізгі сапалары: ақыл-ойдың тереңдігі сыртында, ақыл-ойдың иілмелігі – инертті, орнықты және орнықсыз, дербестік және еліктеу. Бұл сапаның ерекшелігімен байланыстырады және оқушылардың әр түрлі деңгей дамуы оқуда жеке вариантты құрылады. Оқушыларда оқудың төмендігі психикалық дамудың тенеуілдеген темпі ақыл-ойдың сыртымен ерекшеленеді. Сыртқы ақыл-ойы оның инерттілген байланысы. Нашар оқитын балалар жаңа операция түсінігін қабылдайды. Меңгеру процесінде олар бейімді үлгіні түсінікті пайдаланады және іс-әрекет әдісі, іс-әрекетіне дағдыланғаннан кейін қиыншылықпен бас тартады, тіпті егер құқығы болмаса да сенеді. Бір жүйедегі іс-әрекеттен басқасына қосылу қиыншылықа түседі.Олар өзіне тән ақыл-ойды еліктейді, пассивті ақыл-ой. Олар ереже сияқты, интеллектуалды ширығудан қашады, оларға дағды әдісімен тапсырманы шешу, тіпті егер оның ырбиғаны жеткілікті болса, нашар оқитын оқушыларсипатталады және өзінің ойлау процесіндегі әлсіздігін мойындайды. Нашар оқитын оқушылар орайлы психологиялық дамуының негізгі шартын толық сәйкестік деп мамандар айтады, оқушыға ұсынады, өзекті дамуы аймақта емес, оның потенциалды мүмкіндігі. Реализация – бұл жалпы келісім наұты педагогикалық әлемді талап етеді. Оқушылар программаны материалды меігеру үшін, жаттығудың артық мөлшерін баяу орындау керек, ақырындап қиыншылықа көтеріледі, меңгермейді қысқартып қайталау. Балалардың ақыл-ой қызметінің қалыптасуына зейін қойып қабылдау жұмысына арнайы уақыт бөлу керек, оқи алу қабілеті,өзін дұрыс бағалау. (З.И. Калмыкова). Арнайы зерттеулер, тәжірибелі дәлел оқушының қалыптасуының қажеттілігін өтемін дағды аспабындағы тәжірибелігі дәлелі расталды және оқудағы іс-әрекетінің бақылауы және бағасы. Аспапты дағды – бұл математиканы істей алу, оқуға, хаттануға және т.б.жататын негізгі дағды. Жоспарлай алудың қалыптасуы, орындау, бақылау және тағы оқу қызметіндегі бала өзінің қызметін толық бағалайтын болады. Баланы операциялы бақылауды үйретудегі маңызы, дұрыстығын тексеру және операцияны толығымен орындау, іс-әрекетінің құрамына кіру. (Д.Б. Эльконин) Бақылау нәтиже бойынша, Д.Б. Эльконин белгіледі, мағынасы мынада болады, егер ол бақылаудыпроцеске қайтарады. Оқушы қате жіберген кезде шағылысады.Оқушы іс-әрекетіндегі бағалау дәрежесін меңгерту қажет, оқу тапсырмасының өлшемін орындау. Ол өз бетімен оқудағы өзінің қалай дамып келе жатқанын бағалауды үйрету керек. Бағалау қызметі – қызметіндегі оқу-танымының бүтіндей бір маңызды бөлігі. Дегенмен мазмұнды мағынаны иемденеді, егер оқушы оған талап пен үлгіні ұсынса. (Д.Б. Эльконин, Ш.А. Амонашвили). Үлгілі (эталон) – бұл соңғы шешімдер оның қызметінің оқу-танымындағы өзінің операция істеуінің бөлек нұсқасы.

Тақырып: Жас өспірімдердің мінез –құлқындағы ауытқушылықтарды педагогикалық коррекциялау және алдын алу жұмыстары.

Жоспар:

1. Жас өспірімдердің мінез-құлықтарның ауытқушылықтарына қойылатын жаңа талаптар.

2.Мінез – құлықтарының ауытқушылығындағы басты міндеттері.

3.Балалар мен жас өспірімдердің тұлғасындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу бағыттары.

 

Қоғамдық жаңару кезеңінде, Қазақстанға әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттардың да өз бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қоғам өмірінің түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі өмірге, ортаға толық көзқарас қалыптаса қоймаған жасөспірімдер үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқуы жиі кездесетін құбылыс.Мұндай әрекеттердің белең алуынан бастап-ақ оларды алдың алмаса, қоғам үшін өте қауіп тудыруы ықтимал. «Қиын бала» атанып, отбасында да, мектепте де қиындық тудырып жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді.

Ст. Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды. Балалар мен жасөспірімдердің тұлғасындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік-құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез-құлықтың психогигиеналық дағдыларына дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеутеттік-педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын жүйелеу қажет. Оған мынадай бағыттарды енгізуге болады:

- балалар мен жасөспірімдердің ауытқыған мінез-құлықтарының типтері мен нысандарының таралуын, оларға әсер етуші факторларды анықтау, сонымен қоса оқушылардың және олардың ата-аналарының білімге және тәрбиеге деген қажеттіліктерін зерттеу;

- оқушылардың, ата-аналардың пікірлерін зерттеудің нәтижелерін талдау және соның негізінде анықталған ерекшелікті ескере отырып оқушылардың тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету бағдарламаларын құрастыру;

- оқушылар тұлғасының және мінез-құлқының дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу мен түзету әдістерін, балаларда тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілетін қалыптастыруға, жауапты шешім қабылдауға, қақтығыстарды шеше алуға, қиындықты жеңе білу және жағымды, адекватты «Мен – тұжырымын» дамытуға, салауатты өмір сүруге бағытталған психотехникалық тәсілдерді игерген педагогикалық кадрларды даярлауға қол жеткізу;

- мектепте сыртқы тәуекел факторларынан азат психологиялық-педагогикалық ахуалды қалыптастырып, бірқатар құзырлы шешімдермен шешілетін оқушылардың ата-анасымен тиімді өзара қарым-қатынасты дамыту, қосымша білім беруді және т.б. шараларды үйымдастыру.

Жасөспірімдердің тұлғалық және әлеуметтік құзырлылығын қалыптастыруды, жағымсыз мінез-құлық көріністерін түзетуді олардың жағымды «Мен» бейнесін дамытудан, өзін-өзі құрметтеу сезімін, сындарлы ойлау қабілетін, әлеуметтік маңызды мақсаттарды қоя білу білігін және жауапты шешімдер қабылдай алуды дамытудан бастаған жөн. Жасөспірім салауатты таңдау жасай алуы үшін оған эмоциясын игере алуға, үрейленуді, қақтығысты жеңе алуға үйрету қажет, сынды, өзін-өзі қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға қарсылықты агрессиясыз салауатты таңдау жасауға және пайда болған мәселелерді әлеуметтік – жағымды құралдармен шешуге мүмкіндік беретін құндылықтармен қатар қалыптастыру қажет. Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдын алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса ғана тиімді болады:

- оқу іс-әрекеті жемісті болғанда;

- оқушылардың қанағаттандыратын эмоционалдық жағымды өзара қарым-қатынас жүйелері (құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналарымен) және психологиялық қорғалуы болғанда.

Соңғы жағдай тікелей түрде әлеуметтік қорғалумен байланысты. Оған мыналар кіреді:

- оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;

- оларды мұғалімдер мен оқу және тәрбие үрдісіндегі басқа субъектілердің бұлжытпай орындауы;

- оқушылардың қандай да бір белгісіне қарай дискриминацияға ұшырауына жол бермейтін психологиялық және әлеуметтік теңдік;

- оқушылардың жеке дара ерекшелігі мен өзін-өзі анықтау құқығын сақтау.

Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу – тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциялық жолымен жүргізуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындаған жағдайда жасөспірімдерге көрсетілетін көмектің жиынтығы тұлғаның бірқалыпты үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных