Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Лекция Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау және коррекциялық қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі.




Жоспар:

1. Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау

2. Балаларға коррекциялық қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі.

Балалардың ең абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы бала құқықтарын қорғау мақсатын көздейтін неғұрлым маңызды конвенцияларға қосылды: Бала құқықтары туралы конвенция.
1994 жылы бекітілді, 1999 жылы Шетелдегі алименттерді өндіріп алу туралы конвенция бекітілді, 2000 жылы - Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас мөлшері туралы конвенция, 2001 жылы – балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама және әскери қақтығыстарға балалардың қатысуына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама, 2002 жылы - Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы МОТ Конвенциясы (Конвенция 182), 2004 жылғы қарашада Қазақстан Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікке пайдалануына қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясына және оған Қорытынды хаттамаға қол қойды. Балаларды қорғау мемлекетаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы Гаага Конвенциясы шетелдіктердің баланың абзал мүдделеріне орай оның құқықтарын сақтай отырып, бала асырап алуды жүзеге асыруына кепілдіктерді көздейді, сондай-ақ мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының арасындағы ынтымақтастық тетігін көздейді. 2004 жылғы
2 желтоқсанда өткен, Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының Гаага конвенциясына қосылуының орындылығы және осы Конвенцияға қосылу жөніндегі жұмысты бастау қажеттігі туралы шешім қабылданды. Нормалары Қазақстан аумағында қолданылатын, балалар құқықтарын қорғау саласындағы неғұрлым маңызды халықаралық құжат Бала құқықтары туралы конвенция болып табылады. Бала құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының қандай да бір ескертулерсіз бекітуі шеңберінде мемлекеттің балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету кепілдіктерін қоғамға беруге тиіс шекараларын белгіледі. Конвенция нормалары баяндаманы шартқа қосылғаннан кейінгі екі жылдан соң ұсынуды көздейтін уақытта, Қазақстан Республикасы Конвенцияның орындалуы туралы бастапқы баяндаманы 2001 жылғы наурызда дайындады. Баяндама екі бөлімнен тұрды, Қазақстан Республикасының 1994 және 2000 жыл аралығындағы кезеңде Конвенцияны жүзеге асыру жөнінде қабылдаған шаралары туралы ақпаратты қамтыды. Баяндамамен танысқаннан кейін Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары дереу шара қабылдады, олар 2002 жылы Қазақстанның Конвенцияны орындауы туралы, үкіметтік баяндамаға түсініктемені қамтыған балама баяндама дайындады. Бірінші үкіметтік есеп 2003 жылғы маусымда Женева қаласында
БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің 33-сессиясында тыңдалды, оның нәтижелері бойынша Комитет баяндамаға ескертулер мен ұсынымдардың топтамасын дайындады. Осы сессияда БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің сарапшылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің балалар құқықтарын қорғау саласында қабылдаған шараларына оң баға берген. Оң жетістіктердің бірі ретінде жаңа заңнама базасының дамуы мен жетілдірілуін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың балалық мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдармен және БҰҰ-ның әр түрлі органдарымен ынтымақтастығын мойындады. Қазақстанға бірқатар ұсынымдар берілді, олардың ішінде негізгілері ретінде еліміздегі балалардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын әзірлеу қажеттігін және балалықты қорғау мәселелерін шешуде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін арнайы уәкілетті орган құру қажеттігін атауға болады. Балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары, Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары сияқты Қазақстан Республикасында әлі әзірленген жоқ. «Баланың құқықтары туралы» Заңда балалардың мүдделеріне орай мемлекеттік саясат мақсаттары айқындалған, бірақ оны іске асыру тетіктері жоқ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан – балалықты қорғау тұрғысында» атты 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама жобасын әзірледі, алайда қазіргі сәтте бағдарлама бекітілмеген. Осы бағдарлама балаларды қорғау және олардың құқықтарын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық бағыттарын және бала жасындағы халықтың барлық санаттарының әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етудің жүйелі жүйесін жасауды көздейді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында осы уақытқа дейін бала құқықтарының сақталуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган құрылған жоқ. Осындай органды құруға 2004 жылғы наурызда талпыныс жасалған болатын: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы
11 наурыздағы қаулысымен Балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылған болатын. Комиссия балаларды және олардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған болатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын. Комиссияның жұмысшы органының функциялары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелді. Комиссия құрамына білім және ғылым, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ішкі істер министрлері мен вице-министрлері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия өкілі, саяси және қоғам қайраткерлері кірді. 2005 жылғы наурызда Комиссия таратылды. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заң да бала құқықтарының сақталуын бақылау жөніндегі мемлекеттік органды құру қажеттігі туралы сұраққа біржақты жауап бермей отыр. Заңның «Мемлекеттік органдар және бала құқықтарын қорғау» деген 44-бабы уәкілетті мемлекеттік органға сілтеме жасамағанымен, 46-бап балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндаманы дайындап, ұсынуын көздейді. БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті Ұсынымдарының бірі Конвенция нормаларын іске асыруға бөлінетін қаражатты ұлғайту ұсынымы болып табылады. Балалардың абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет балалардың құқықтарына қатысты жекелеген бағдарламаларды іске асыруға жеткілікті ақша қаражатын бөліп отыр. Алайда, тұтастай алғанда, Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруға қаражат бөлуді көздейтін жекелеген бап республикалық бюджетте көзделмеген. Жұртшылық пен балалар арасындағы Конвенция туралы хабардарлық деңгейі бұрынғысынша төмен күйінде қалып отыр. Білім беру саласында балаларды олардың құқықтарымен таныстыру факультатив сабақтар деңгейінде жүргізіледі, алайда мұндай сабақтарды міндетті түрде оқу бағдарламаларында нормативтік деңгейде бекіту тиімді болар еді. Сонымен бірге Бала құқықтары туралы конвенцияда көзделген міндеттемелердің орындалуы туралы елдік есептерді дайындау және мақұлдау рәсімінің жоқтығы проблема болып отыр, атап айтқанда мәліметтерді жинау және Конвенция нормаларының орындалуын мониторингілеу тетігі әзірленбеген.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных