Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шы дәріс. Фитогормондар және олардың өсімдіктердің өсуі мен дамуындағы маңызы.




Дәрістің жоспары:

1. Абсциз қышқылы

2. Гиббереллин және ауксин.

3. Цитокининдер және этилен.

4. Жасмон қышқылы және салицил қышқылы

5. Брассиностероид және системин

Абсциз қышқылы

Абсциз қышқылы (АБҚ) өсімдіктің клеткалары мен ұлпаларында жан-жақты қызмет атқарады. АБҚ микромолярлы концентрациясында лептесікті жаба алады. Бұл фитогормон өсімдіктердің басым көпшілік түрлерінің дәндерінің өне бастауына түрткі болады. Дегенмен, бұл қышқыл адаптация немесае бейімделу деген атпен кеңінен белгілі. Яғни, өсімдік қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына тап болған кезде ең алдымен осы фитогормонның синтезі күрт күшейеді.

 

2 Геранилгеранилпирофосфат

Виолоксантин

Абсциз қышқылы

 

Өсімдіктерде азот тотығы (NO) гормондық және қорғаныш жауаптарға қатысатын маңызды мессенжер болып табылады. Ол бағдарланған клетка өлімінің басталуына және фитоалексиндердің жасалуына қатысады. Сонымен қатар салицил қышқылының синтезін бастайды.

 

Гиббереллин және ауксин. Гиббереллин және ауксин фитогормондары сигнал тізбектері арқылы транскрипция репрессорларының ыдырауының басталуына түрткі бола отырып, генннің экспрессиясын күшейтеді.

Индол-3’-сірке қышқылы Гиббереллин

немесе ауксин

 

 

Ауксиндер өсу зонасының ұшынан бірнеше миллиметр қашықтықтағы аймақта синтезделеді, сөйтіп өсу аймағындағы клеткалардың жылдам бөлінуін іске асырады. Индолсірке қышқылынан басқа да қосылыстар ауксиннің қасиетін көрсете алады. Жасанды 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д) гербицид ретінде қолданылады.

2,4-Дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д)

 

Ол өте күшті ауксин ретінде морфогенездің шырқын бұзады, этиленнің синтезін күшейтеді, сөйтіп жапырақтардың кезеңсіз үзілуіне алып келеді. Американдық әскерлер Вьетнамда орманды жапырақсыздандыру үшін осы қосылысты қолданды. Сонымен қатар ол қос жарнақты өсімдіктерді жояды.

Гиббереллиннің ашылуы өсімдіктің ауруына байланысты болды. Gibberella fujikuroi деген саңырауқұлақ жұққан кезде күріш өте ұзын болып өседі және дән бермейді. Осындай өсімдіктің әдеттен тыс өсуін іске асыратын саңырауқұлақтың затын гиббереллин деп атайды. Гиббереллин құрылысы ұқсас әртүрлі қосылыстардың қоспасы және олар өсімдіктің өздерінде синтезделетін фитогормондар болып шықты. Индол сірке қышқылы секілді гиббереллиндер буындары арқылы сабақтың ұзаруын тездетеді. Дегенмен олардың басты қызметі – гүлденуді бастау және оны реттеу. Сонымен қатар, олар жемістердің қалыптасуын алдын алады, олардың жетілуін реттейді. Гиббереллиндер дәндердің тыныштық қалпын бұзып, дәндердің өну процестеріне түрткі болады.

Цитокининдер аденинннің туындылары болып табылады. Кең тараған цитокинин – зеатинде адениннің амин тобы гидроксилденген изопрен қалдығымен trans -жағдайында жалғасқан. Клеткалардың бөлінуін тездету арқылы цитокининдер өсімдіктердің өсуін жылдамдатады, шеткі бүршіктің жарылып, өнуін іске асырады. Олар индолсірке қышқылының антагонисті болып табылады. Цитокининдер қартаюды баяулатып, этиленге қарама қарсы әсер етеді.

Цитокинин (зеатин) Этилен

 

Этилен. Өсімдіктердегі этиленнің бастапқы шикізаты S-аденозилметионин болып табылады. Ол аминоциклопропанкарбоксилатоксидаза ферменті арқылы этиленге айналады. Бұл фитогормон қартаю процесінің басталуына қатысады. Қартаю кезінде жапырақ материалдарының ыдырауы басталады. Өсімдіктерге саңырауқұлақ жұққанда немесе жануарлар жеген кезде жарақаттанса этилен қорғаныс рекцияларына да қатысады. Мысалы, антилопалар акация жегенде этилен танниндердің синтезін бастайды.

 

Брассиностероид (брассинолид)

 

Брассиностероидтар өсімдіктің дамуын реттейді. Олар сабақтың өсуін, жапырақтардың оралуын және ксилеманың дифференциясын бақылайды. Олар тамырдың өсуін және антоцианның түзілуін баяулатады. Кейбір фитогормондардың табиғаты полипептидтер болып келеді. Бірақ, олардың түрлері әзірше бірнеше ғана болып отыр. Көптеген өсімдіктер жәндіктердің шабуылына жауап ретінде протеиназалардың ингибиторларын синтездеп, жинақтай бастайды. Жәндіктер үшін олар у, себебі жәндіктердің ас қорыту жүйесі белоктарды қорыта алмай қалады. Мысалы, помидорда 18 амин қышқылынан тұратын системин деген полипептид синтезделеді. Суспензиядағы клеткалардың пролиферациясын күшейтетін екі кіші полипептид бар, оларды фитосульфокиндер деп атайды. Олардың әрқайсысында гидроксил топтары сульфатпен күрделі эфир құрайтын екі тирозин қалдықтары болады:

 

Tyr(SO3H)-Ile-Tyr(SO3H)-Thr-Gln және Tyr(SO3H)-Ile-Tyr(SO3H)-Thr

 

Бақылау сүрақтар:

  1. Өсімдіктердің гормондарының ерекшелігі неде?
  2. Қандай фитогормон пуринға жатады?
  3. Қандай гормон адаптация және стресс фитогормоны болып табылады?
  4. Қандай фитогормондар антагонистер болып табылады?
  5. Өсімдіктерде пептидті гормондар бола ма?

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных