Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ші дәріс. Сапониндер мен фосфатидтер.




Дәрістің жоспары:

1. Сапониндердің құрылымы.

2. Сапониндердің қолданылуы.

3. Дәрілік өсімдіктер.

4. Фосфатидтер.

5. Лецитин, оның қолданылуы.

Сапониндер өсiмдiктерде кең тараған суда сабын секiлдi көпiршектенетiн болғанды‹тан олардың аты латынша sapoдеген сөзден шыққан. Сапониндер гликозидтерге жататын жоғарғы молекулалы күрделi органикалық қосылыстар (олардың көп мөлшерi жень-шень мен солодкада табылған).

Сапонин

Сапониндер молекуласы гликозидтер секiлдi көмiрсу (глюкоза, галактоза, рамноза, арабиноза, ксилоза, фруктоза моносахаридтерiнiң бiрi, немесе глюкоурон және галактоурон қышқылдары) мен агликон бөлiмдерiнен тұрады. Агликон стероидты және тритерпендi болып келедi. Сапонин қанға түсе қалса эритроциттердiгемолизға ұшыратады (ыдыратады). Сапониндердің мөлшерiн кейде олардың осы қасиетiн пайдалану арқылы анықтайды. Олар бронха бездерiнiң секрециясын күшейтедi, жөтел орталығына әсер етiп, қақыртады. Атеросклерозға - артерия iшiндегiжиналатын май заттарының жасалуын тежеуге қолданылады. Эризимин (жүрек гликозидiнемесе сапонин) жүректiң бұлшық етiне күштiәсер етедi, сондықтан медицинада кеңiнен пайдаланылады. Стероидтық сапониндерден адамға кажет кортизон гормонын алады. Тритерпендiсапониндер сыра және көбiктенетiн сусындардың өндiрiсiнде де қолданылады.

Фосфатидтер. Барлық тірі организмдердің клеткаларының сыртын қапшық секілді плазматикалық мембрана қоршап-қаптап тұрады. Мембрана клетка ішіндегі қосылыстардың сыртқа, ал сыртқы ортаның қосылыстарының клетка ішіне оңай өтіп кетпеуін және олардың белгілі мөлшерде алмасып отыруын реттеп отырады. Клетка мембранасы қос фософолипид қабатынан құралған. Ондай қабаттың құрамына көптеген белоктар орналасады және дәл осындай белоктар сыртқы орта мен клетка ішіндегі қосылыстардың алмасуын реттейді. Сонымен қатар, ол белоктар ферменттік қызмет атқарады, мембрананың құрылымын күшейтеді. Тек қана клетка ғана емес, сонымен қатар клетка ішіндегі митохондрия, Гольджи аппараты, пероксисома секілді маңызды органоидтар да осындай мембранамен қапталған.

Лецитин деген белгілі заттың негiзi фосфолипидтер болып табылатын табиғи қосылыстардың қоспасы болып табылады. Оның құрамына фосфор кiредi. Саудада сатылатын лецитин соя майын айдағанда қосалқы өнiм ретiнде алынады. Фосфолипидтер - фосфатидилхолин, фосфатидилэтаноламин және фосфатидилинозитол соя майындағы лецитиннiң құрамды бөлiктерi болып табылады. Сонымен қатар, өндiру әдiстерiне байланысты лецитин өнiмдерiнiң құрамына басқа да фосфолипидтер, май қышқылдары, триглицеридтер, стериндер, көмiрсулар және гликолипидтер де кiруi мүмкiн. Лецитинннiң денсаулыққа пайдалы тағамдық қоспа ретiнде көп жылдардан берi белгiлi. Лецитин оңай қол жететiн холин фосфолипидiнiң биологиялық көзi. Холин тағамдық қасиетi бар, адам денесiндегi зат алмасуда маңызды роль атқаратын зат, оның ағзаға көрсететiн әсерi жан-жақты. Оның көп мөлшерi аса маңызды адам органдары – мидың, жүректiң, бауырдың және бүйректiң ойдағыдай қызмет жасауы үшiн өте қажет. Лецитин бауыр каппиллярларындағы май түйiншiктерiнiң ыдырауына және осы органның залалданудан қорғануға мүмкiндiк бередi. Лецитин артерия қабырғаларында холестерин мен басқа да майлардың жинақталуына кедергi жасайды, ал, жиналып үлгерген майлардың ыдырауына көмектеседi. Гомоцистеиннiң алмасуына қатыса отырып, лецитин жүрек және қан тамырлары ауруларын алдын алады. Аяғы ауыр кезiнде әйел ағзасы лецитиндi өте көп қажет етедi. Плацента арқылы холин шешеден ұрыққа 1 : 14 қатынаста тасымалданып отырады, ұрықтың жетiлуiн жақсартады. Сондықтан да ана сүтiндегi холиннiң мөлшерi оның қан жүйесiндегiмен салыстырғанда 100 есе көп болады. Фосфатидилхолин мидың ұлпаларында әртүрлi мәлiметтердi бiр нервтен екiншiсiне тасымалдауға тiкелей қатысатын ацетилхолинге айналады. Ғылыми зерттеулер лецитиндi жиi тағамға қоспа ретiнде пайдалану адамды ұзақ ұмытшақтықтан сақтайтынын көрсетiп отыр. Лецитин эмульгатор (ерiткiш) ретiнде iшек арқылы суда еритiн А- және В-витаминдерiнiң, майда еритiн Е- және К-витаминдерiнiң сiңуiн жақсартады. Сонымен, лецитиннiң адам ағзасы үшiн пайдасы жан-жақты. Лецитиннiң мөлшерi жартылай тазаланған немесе рафинделмеген өсiмдiк майында (нерафинированное масло) өте көп. Сондықтан өсiмдiк майының осындай түрiн тағамға қоспа ретiнде жиi пайдалану керек.

Қорытынды орнына. Өсiмдiктердiң биологиялық белсендi қосылыстарын зерттеу тарихы олардың синтезiне қатысатын ферменттердi бөлiп алудан және оларға сәйкес гендердi анықтаудан басталады. Мысалы, аса күштi антиоксиданттар - токоферолдардың пайдалы қасиетi 70 жылдан аса белгiлi болғанымен, олардың өсiмдiк клеткаларындағы синтездерi мен жинақталуының молекуларлық механизмдерi тек қазiр ғана зерттеле бастады. Оларды зерттеудiң ең қиындығы олардың синтезiне қатысатын ферменттердiң мөлшерiнiң және тұрақтылығының өте төмен болуында. Сонымен қатар ондай ферменттердiң субстраттары немесе биосинтетикалық реакциялар барысында пайда болатын қосылыстар қазіргі химиялық зауыттарда жасалмайды.

Дәрiлiк өсiмдiктердiң биохимиялық зерттеулерiне генетикалық және молекуларлық әдiстердi кеңiнен қолдануы керек. Өсiмдiктер биохимиясы саласында соңғы бiрнеше жылдарда молекулярлық, генетикалық және биохимиялық әдiстердi ұштастыруды оңайлататын жаңа геномдық технологияларды пайдалану өсiмдiктердiң кейбiр ББЗ класының биосинтетикалық жолын анықтауға үлкен көмек көрсетiп келедi.

Бұл тұрғыдан, жақын арадағы үлкен жетiстiктер токоферолдың, каротеноидтың, фолаттың, тиаминнiң және биотиннiң синтездерiнiң кезеңдерiн iске асыратын ферменттердi клондау (яғни, олардың гендерiн бактерияға енгiзу арқылы зерттеу) болып табылады. Болашақта ауыл шаруашылық дақылдардың осындай гендерi ары қарай зерттелiп, олардың өсiмдiк клеткасындағы қызметiн күшейту арқылы ББЗ-дың синтезiн молекулярлық жәіне биохимиялық деңгейде басқаруға мүмкiндiк туатыны сөзсiз. Сондықтан, адам физиологиясы мен тағам химиясын ары қарай терең зерттелiп, өсiмдiк тағамының құрамы мен сапасын, физиологиясы мен биохимиясын, ББЗ-дың әсерiн зерттейтiн ғалымдардың арасында тығыз пәнаралық ғылыми бiрлестiк болуы керек.

Тағы бiр мәселе мынада. Әдетте көптеген дәрiлiк өсiмдiктер далада жабайы өседi, яғни олардың өнiп-өсу жағдайына адамның ешқандай әсерi жоқ деген сөз. Екiншi жағынан, жабайы дәрiлiк өсiмдiктердi көп мөлшерде жинау биологиялық әртүрлiлiк (биоразнообразие) тұрғысынан табиғатқа зиан. Оның үстiне ондай жағдайда өсiмдiктер дәрiлiк қасиеттерiн бiртiндеп жоғалтуы да мүмкiн. Сондықтан, жабайы өсетiн дәрiлiк өсiмдiктердi қолдан өсiретiн мәдени түрлерiне айналдыру керек. Ондай өсiмдiктердiң экологиясы мен физиологиясын бiлу арқылы олардың дәрiлiк қасиеттерiн сақтай отырып жоғары өнiм алуға болады. Олардың өнiмдi және сыртқы ортаның факторларына төзiмдi түрлерiн (сорттарын) бүгiнгi қарқынды дамып келе жатқан клетка культурасы (каллус) және трансгеноз (жаңа гендер енгiзу) әдiстерiн пайдалану арқылы алуға болады.

Соңғы 50 жылда ауыл шаруашылығы мен сұрыптау бағдарламасының алғашқы мақсаты дақылдардың өнiп-өсуiн жақсарту арқылы жоғары өнiм алу болып келдi. Ол мақсат ауруға төзiмдi, тез гүлдейтiн, жемiсiбiтiк және iрiөсiмдiктер мен дақылдарды сұрыптап алу арқылы iске асырылып отырды. Жоғары өнiм алу әлiде бiрiншiмақсат болып отыр. Бiрақ, өсiмдiктер мен дақылдар өнiмдерiнiң тағамдық және құрамдық сапасына жеткiлiктiмән берiлмей келдi. Соңғы зерттеулер өсiмдiктерде пайдалы қосылыстар тұрғысынан әлде‹айда жоғары генотипикалық өзгергiштiктердiң бар екенiн көрсетiп отыр. Мысалы, бета-каротеннiң мөлшерiброкколи сорттарының арасында, ал фолаттың мөлшерiқызылша сорттарының арасында 4-есеге дейiн өзгергiштiк (варияцияны) көрсетедiекен. Осы екiмысалдың өзiнен-ақ айтылған өсiмдiктердiң гермоплазмасында үлкен айырмашылықтар бар екенiанық. Сондықтан, тағамдық сапалары жағынан өзара айырмашылықтары бар генотиптердiзерттеу сол өзгешiлiктердiң генетикалық немесе физиологиялық негiздерiн табуға көмектесетiнiсөзсiз. Қазiргiзерттеулерде қолда бар гермоплазма қорларына көп көңiл бөлу бұл бағыттағы бiлiмiмiздiтереңдете түспек.

Бақылау сұрақтар:

1. Сапониндер қандай компоненттерден тұрады?

2. Қандай өсімдіктерде сапониннің мөлшері көп болады?

3. Лецитин қандай қосылыс?

4. Тірі организмдердегі фосфатидтердің ең басты қызметі неде?

5. Қандай фосфатидтің құрамында амин қышқылы болады?

 

 

vikidalka.ru - 2015-2017 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных