Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Студенттердің дұрыс тамақтануын ұйымдастыру




Оқушы жастар белгілі бір жас категориясына жататын, арнайы еңбек ерекшеліктерімен және өмір жағдайларымен біріктірілген халықтың кәсіптік-өндірістік тобы ретінде қарастырылуы керек. Осы факторларды ескере отырып, студенттерді ерекше топқа бөлу мақсатқа лайық.

Студенттер тамағының сапалы құрамын бағалау кезінде бірқатар негізгі құрамды бөліктер бойынша тамақтанудың теңгерілмегендігі – жануарлар белоктарының, өсімдік майларының, кальцийдің, аскорбин қышқылының және тиаминнің аз болуы жиі байқалады. Студенттерде тамақтану режимінің келесі бұзылуы анықталды: 25-47 % таңғы асын ішпейді, 17-30 % күніне екі рет қана тамақтанады, 10 % жуығы түскі асын ішпейді немесе уақытында ішпейді, 22 % кешкі асын ішпейді. Ыстық тағамдарды, соның ішінде бірінші асты ішу сирек белгіленген.

Физиологиялық ұсынымдарға сәйкес, энергетикалық құндылық студент ер балаларда 10.8 МДж (2585 ккал), студент қыз балаларда 10.2 МДж (2434,5 ккал) шеңберінде бағаланған. Белоктарға рационның 12 % жуық тәуліктік энергетикалық құндылығы келеді, сонымен қатар, жануарлар майының үлесі олардың рационындағы жалпы көлемнің 60 % құрауы керек. Осы талаптың орындалуы ауыстырылмайтын амин қышқылдарының жеткілікті болуымен ғана емес, сонымен қатар рационда олардың қолайлы теңгерілуін кепілдендіреді. Майлар студенттердің жалпы рационының жалпы энергетикалық құндылығының 30 % құруы керек. Сонымен қатар, өсімдік майларының үлесіне жалпы көлемінен 30 % келеді. Студенттердің негізгі минералды заттарды тәуліктік талап ету организмге кальцийдің 800 мг, фосфордың – 1600 мг, магнийдің – 500 мг, калийдің – 2500-5000 мг, темірдің – 10 мг көлемінде түсуімен қамтамасыз етуі керек. Студенттердің теңгерілген тамақтану принциптерін тәжірибелік іске асыру мақсатында тамақтану рационының энергетикалық құндылығы мен сапалы құрамының және энергия мен азық-түлік заттарын қажет ету рациондарының арасында едәуір толық сәйкестікке ұмтылу керек.

Іс жүзінде қарапайым оқу процесі кезінде энергия шығындарынан ерекшеленбей, емтихан тапсыру кезеңінде энергия шығындары 5,9 кДж (1,4 ккал/мин) құрайды.

Дұрыс тамақтану бойынша ұсынымдарды сақтау организмнің әр түрлі қоршаған орта агенттеріне төзімділігін жоғарылатудың және халықтың ішінде бірқатар жұқпалы емес созылмалы ауруларды азайтудың негізгі көзі болып табылады.

Дұрыс тамақтану – бұл, ең алдымен, дұрыс ұйымдастырылған және организмді дер кезінде жақсы әзірленген және тәтті тағаммен жабдықтау. Халық даналығында айтылғандай: «Жануарлар қанығады, адам жейді, ал ақылды адам тамақтана біледі».

Дебиеттер тізімі

1. Смоляр В.И. Рациональное питание. Киев, 1991.

2. Василаки А., Килиенко З. Краткий справочник по диетическому питанию.

Кишинев, 1980.

3. Даскалов П., Асланян Р. Плодовые и овощные соки. М., 1969.

4. Конышев В.А. Ваше питание: полезно или опасно? М.: Экономика, 1996.

5. Маркова А.В. Полная энциклопедия народной медицины. СПб., 2007.

 

 

Салауатты өмір салты

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

ӨЭ және Х кафедрасының

доценті, б.ғ.к.

С.Н. Дербуш

 

 

Қазіргі таңда Қазақстанның жеткен белсенді экономикалық өсуі мен саяси тұрақтылығы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қажетті терең әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізуге арналған өте қолайлы сәт болып табылады.

Елдің тұрақты дамуы саласындағы маңызды міндеттердің бірі халық өмірінің орташа ұзақтылығын көбейту болып отыр. Оған ұлт денсаулығын қамтамасыз ететін механизмдерді енгізу арқылы жету жоспарланады. Н.Ә. Назарбаев атап өткендей: «Бізге ең шешуші түрде жаңа ғасырда тұрмысымызға, санамызға, қоғамымызға, жалпы әрбір отбасына салауатты өмір салтының ғибадатын енгізу қажет. Бұл басымдылық, еліміздің болашағы, ұлтымыздың болашағы үшін ерекше маңызды болуы мүмкін».

Бұл мәселенің шешілуі, ең алдымен, қазіргі жағдайларда клиникалық медицина жүйенің профилактикалық бағыттылығын өзгертусіз негізгі денсаулық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ете алмайтындықтан, профилактика сияқты медицина саласы есебінен ғана шешілуі мүмкін.

БДҰ (Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының) деректері бойынша адам денсаулығы 10 % ғана денсаулық сақтау жүйесіне тәуелді және 50 % өмір салтына, ол адамның ортасына, өмір сүру сапасына, денсаулықты нығайту мүмкіндіктерінің қол жетерлігіне қарай қалыптасады.

Осыған байланысты, салауатты өмір салтының пайдасына қарай өзекті бола бастады. Жоспарлы қалыптастырудың негізгі құралы адам денсаулығы потенциалының сақталуын және дамуын анықтайтын факторларды күшейтумен социумның барлық секторларының кешенді өзара әрекет етуі болуы керек. Факторларға адам өмірінің физикалық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени жақтары жатады және олар жаңа әлемдік технологиялармен және салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістерімен өзара алмасуы керек.

Кейінгі жылдарда Қазақстанда профилактикалық жағдайды жақсарту белгіленеді. Алайда халық денсаулығының индексі және орташа өмір ұзақтығы (2006 жылы – 66,1 жыл) дамыған елдердің көрсеткіштерінен қалыс қалады. Жапонияда, мысалы, бұл қазақстандық көрсеткіштен 14 жылға артық. Қазақстандағы өлімнің көбеюі 1964 жылдан бері қарастырылып келеді, ол кезде 5,7 % санмен белгіленді, ал 2006 жылы 10,27 % дейін өсті. Өлімнің ең үлкен үлесі (86 %) жүрек-қан тамыры аурулары, қатерлі ісіктер, созылмалы тыныс алу аурулары, қант диабеті сияқты әлеуметтік маңызды аурулармен себептелген. Олардың негізіне медицина қызметкерлері қауіптің мінез-құлық факторларын қояды, олар темекі шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану және т.б.

Зерттеулер шылым шегудің зиянын дәлелдеді. Темекінің түтінінде 30-ға жуық улы заттар бар: никотин, көмірқышқыл газы, көміртек окисі, көгеретін қышқыл, аммиак, шайырлы заттар, органикалық қышқылдар және т.б.

Темекі жапырақтарында болатын және түрлі органдар мен жүйелерге әсері бойынша никотин бірінші орын алады. Ол организмге темекі түтінімен өтеді, оның құрамына никотиннен басқа тітіркендіргіш әсер ететін заттар, соның ішінде канцерогенді заттар бар (бензпирен және дибензпирен), яғни олар қатерлі ісіктердің пайда болуына әсер етеді, көп көмірқышқыл газы – 9,5 % (атмосфералық ауада – 0,046 %) және көміртек тотықтары – 5 % (атмосфералық ауада ол жоқ).

Никотин жүйкеге әсер ететін уларға жатады. Жануарларға жүргізген сынауларда және адамдарды бақылауда никотин аз мөлшерлерде жүйке клеткаларын қоздыратыны белгіленген, демалу мен жүрек қағысының жиілеуіне, жүрек айнуға және құсуға әсер етеді. Үлкен мөлшерлерде тоқталады, ал одан кейін ОЖЖ (орталық жүйке жүйесінің) клеткаларының қызметін сал қылады. Жүйке жүйесінің бұзылуы еңбек қабілеттілігінің, қолдың дірілдеуінің, зейіннің нашарлауымен байқалады.

1-2 темекі қорабында никотиннің өлімге әкелетін мөлшері бар. Темекі тартушыны, бұл мөлшер организмге бірден емес, ал бөлшектеліп баратыны құтқарады. Статистикалық деректерде былай делінген: темекі тартпайтындармен салыстырғанда ұзақ тартушылар 13 рет стенокардия, 12 рет миокард инфарктімен, 10 рет асқазан жарасымен ауырады. Темекі тартушылар өкпе дертімен ауратындардың 96-100 % құрайды. Соның салдарынан ауыз қуысы, тамақ пен көмей, асқазан, өт, бауыр, несеп қуығы қауіп-қатерге ұшырайды. Бұлардың барлығына темекі түтінінде бар заттар әсерін тигізеді.

Әсіресе әйел организміне қатты жағымсыз әсер етеді. Кез келген әйел сау бала туғысы келуді армандайды. Бірақ, жүкті болу барысында темекі тартуды жалғастыра беретін болса, бұл арманның орындалуы мүмкін емес. Сонымен қатар, баланың денсаулығы мен ұзақ өмір сүруі, оның жыныстық клеткалары мен құрсақта дамуына байланысты. Сперматозоидтер әрбір 3 ай сайын өздігінен жаңаруға қабілетті, ал аналық клеткалар бала туғаннан бастап қалыптасатыны және көптеген улы заттардың «банкі» болуы мүмкін екені белгілі. Токсиндермен уланған аналық клеткалар жиі ұрықтануға қабілетті.

Никотинмен улану үшін темекі тарту міндетті емес, темекі тартқан бөлмеде тұру жеткілікті. Темекі тартпайтын адамдардың бір сағаттың барысында жабық темекі иісіне толы бөлмеде болуы төрт темекіні тартуға сәйкес келеді.

Ішімдік ішу мәселесі қазіргі таңда өте өзекті. Қазір ішімдіктерді қолдану үлкен сандармен сипатталады. Ішімдіктің салдарынан барлық қоғам зардап шегуде, бірақ, бірінші орында өскелең ұрпақ қауіп-қатерге қойылады: балалар, жасөспірімдер, жастар, сондай-ақ, болашақ аналардың денсаулығы. Себебі ішімдік әлі қалыптасып үлгермеген организмге, оны біртіндеп бұза отырып, белсенді әсер етеді. Ішімдіктің зияны анық. Ішімдіктің организмнің ішіне түсуі барысында, ол қанмен барлық органдарға таралатыны және оларға бұзуға дейін жағымсыз әсер ететіні дәлелденген.

Этанолдың әсерімен барлығы бұзылады, бірақ, ең алдымен – жүйке және жүрек-қан тамыр жүйесі. Нашар буындар, тамырлардағы қан ұйықтары, диабет, кеуіп қалған бас миы, іскен бауыр, әлсізденген бүйректер, импотенция, депрессия, асқазан жарасы – бұл тек ішімдіктерге құмарлық үшін өтелетін қатерлердің шамалы ғана тізімі. Алкоголизм мәселесін зерттеуші ғалымдардың спирт өнімдерін организмге зиянды әсер ету дәрежелері бойынша бөлуді заңға қайшы деп санайтыны әбден негізді, өйткені олардың арасында зиянсыздары жоқ. Сыра алкоголизмінің бар екені бұрыннан белгілі. Тоғышардың көзінде ол шарап пен араққа қарағанда аз қауіпті болса да, оның салдары тым ауыр. XIX ғасырда ағылшындар, алкоголизммен күресе келе, күшті ішімдік бұйымдарын сырамен ығыстырып шығаруды шешті. Бірақ, оны енгізу маскүнемдікті күшейткендіктен, «сыра заңын» алып тастауға тура келді. Сыраның зиянды салдары туралы естуі бойынша Германияның бірінші рейхсканцлері Бисмарк сыра алкоголизміне мынадай анықтама берді: «Сырадан жалқау, ақылсыз және әлсіз бола бастайды» («әлсіз» терминімен импотенция туралы айтылады).

Сыраны мөлшерсіз ішудің ең талқандаушы және зиянды салдары – ауру жүрек немесе неміс дәрігері, профессор Болингер атағандай бавар «сыра жүрегі» болады. Ол жүрек қуыстарының кеңеюінен, оның қабырғаларының қалыңдауынан, жүрек буынының жуандауынан, митохондриялардың азаюынан көрінеді. Бұл көк тамырлардың кеңеюіне және жүрек шеттерінің созылуына әкеледі. Солай «сыра жүрегі» немесе «капрон шұлығы» синдромы туындайды, онда жүрек қанды нашар шайқайды, босаңси бастайды.

Бұл өзгерістер сырада көбік тұрақтандырғышы ретінде қолданылатын кобальттың болуымен байланысты. Осы улы элементтің сыра ішетін адамдардың жүрек бұлшық еттерінде болуы ықтимал норманы 10 есе арттырды. Сонымен қатар, сыра ішетін адамдарда кобальт асқазанда ісіп қызару процесін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, сыра эндокринді жүйеде өзгерістерге әкелетін ауыр металдар тұздарынан тұрады. Еркектердің организмінде сыраны жүйелі ішу кезінде ерлердің жыныстық гормоны тестостеронның шығуын басым ететін зат бөлініп шығады. Бір уақытта еркектердің сыртқы бет-пішінін өзгертетін әйелдің жыныс гормондары шыға бастайды. Сыра ішетін еркектерде кеуде безі өседі, жамбастары кеңейе бастайды. Сыра ішетін әйелдер рак ауруына шалдығуы ықтимал, ал егер бала емізетін болса, онда балада қояншық ауруы ұстауы мүмкін.

Адам организмі үшін сыраның зияны өте көп. Бастың ми клеткаларының (өле келе қанға түседі, бүйрекпен сүзіліп зәрмен шығады) өлуі, жұлынның бұзылуы, миокардиодистрофия, бауыр циррозы, гепатит, панкреатит, гастрит, невропатия, көру және есту анализаторларының бұзылуы. Сондай-ақ, сыраны тәулік сайын ішу мен күре тамыр қысымының жоғарылауы арасындағы тәуелділік дәлелденген.

Сыра алкоголизмімен ауратын адамдар ауруханаға өте ауыр халде жеткізіледі, көп жағдайда талмамен және ақыл-есінің адасуымен. Сыра алкоголизмінің негізгі салдары осындай.

Қазіргі зерттеулерге сәйкес, сыра – бұл, едәуір жасырын есірткі заттарына жол ашатын бірінші құпия есірткі. Сыраны ішу миллиондаған отандастырымыздың тағдырларының зақымдануының бірінші себебі. Наркологтар, ішімдік ең жемірлі есірткінің түрі болып табылады, ал сыра алкоголизмі ерекше қаталдықпен сипатталады. Осымен сыра вакханалиясының төбелеспен, кісі өлтірумен, зорлаумен және тонаумен түсіндіріледі.

Нашақорлық – бұл, есірткі пайдалануға құмарлық, қатты елігу, ол организмнің қатты бұзылуына, соның ішінде, психикалық және физикалық қызметтерінің бұзылуына әкеледі.

Есірткі – ол адамның миын, психикасын, (ішкі органдарды – мидың бұзылуы, жүйке жүйесі қызметтерінің бұзылуы арқылы) біртіндеп бұзатын у. «Момент» желімі немесе бензин адамдарды 3-4 айдың ішінде, ал қарасора 3-4 жылдың ішінде ақыл-есі толық жетілмеген етеді. Морфин қолданатындар 2-3 айдан кейін қызмет ету қабілетін жоғалтады, өз-өзіне қарауды қояды. Кокаин қолданатын адамдар 4 жылдан артық өмір сүрмейді. Олар жүрек жарылуынан, не болмаса, олардың мұрын қалқаны жұқарып, қансырап өледі. ЛСД қолдану кезінде адам кеңістікте бейімделу қабілетін жоғалтады, онда ол өз мүмкіндіктеріне сене отырып, ұша алатындай сезім пайда болады да, соңғы қабаттан секіреді.

Барлық нашақорлар, қолданатын есірткінің түріне тәуелділіктен тыс ұзақ өмір сүрмейді. Олар өзін-өзі сақтау түйсігін жоғалтады, 60 % жуық нашақорлар есірткіге бағынғаннан кейін бірінші екі жылдың ішінде өзіне-өзі қол жұмсап өлтіруге ұмтылады. Олардың басым бөлігінің қолынан келеді.

Ойынға тәуелділік – ойын құмарлығы (лудомания) жеке тұрғыдан болсын, әлеуметтік тұрғыдан болсын, қоғамның үлкен мәселесіне айналды. Ойын құмарлығы (соның ішінде компьютерлік ойындарға деген) әр түрлі салдарларға– толық ойсыраудан бастап әр түрлі деңгейде психиканың бұзылуына, гиподинамияға және өзін-өзі өлтіруге дейін әкелуі мүмкін.

Бұл айтарлықтай үлкен ауру екенін есте сақтаған жөн. Егер сіз туысқаныңыздың, танысыңыздың немесе жақын адамыңыздың бойында ойын құмарлығы белгілерін байқаған болсаңыз, онда оны емдеу бойынша шараларды тез қолданғаныңыз дұрыс. Әйтпесе, ойын құмарлығы түзелмейтін салдарларға әкелуі мүмкін.

Ойын құмарлығын емдеу тәуелді болуы себептерін анықтауды және олардың уақытында жойылуын алдын ала болжайды. Лудоманиядан емделуге болады, ең бастысы уақытында көмек сұрап, жоғары білікті мамандарда емделу керек.

Әдемі болғысы келмейтін адам жоқ шығар. Денсаулық пен әдемілік – осы екі ұғым бір-бірімен үздіксіз байланысты. Денсаулықты елемей әдеміліктің қамын ойлаған дұрыс емес. Себебі әдемілік жиі жақсы денсаулықтың нәтижесі болып табылады. Сондықтан, егер сіз әдемілігіңіздің қамын ойлайтын болсаңыз, онда салауатты өмір салтын жүргізу керек.

Адамдар өз денсаулығы туралы жанына батқан кезде ғана ойлай бастайды, оны өмірлік тәжірибе көрсетеді және бұған әр адамның өзіндік дәлелі бар. Қалыптасқан жағдайлар жиі адамды өз бетімен емделу жолдарын іздеуге немесе өз жақындарына үйде көмек көрсетуге мәжбүр етеді. Ал бұл аурулардың алдын біршама ерте алуға болады және ол үшін қандай да бір керемет күш қажет емес. Бар болғаны салауатты өмір салтын жүргізу керек.

Уақыттың өзі халықты сауықтандыру қажеттілігін ұсынды, бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» «Қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы» атты Халыққа Жолдауында көрініс тапқан. Онда ұзақ мерзімді басымдылықтардың бірі болып Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімділігі және амандығы анықталды.

Тіпті ең экономикалық дамыған ел өз азаматтарының амандығына, егер ол мемлекеттік саясат, жалпы қоғамның және жеке адамның тілегі болмаса кепіл бере алмайды. Мемлекеттің едәуір маңызды мақсаттарының бірі халыққа жоғары өмір сапасын қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктерді ұсыну болуы керек. Адамдардың амандығы тікелей олардың денсаулығының жағдайына тәуелді.

Неміс философы Артур Шопенгауэр былай деп пайымдаған: «Біздің бақытымыздың тоғыз бүтін оннан бір бөлігі денсаулыққа негізделген. Онда барлығы рахаттылықтың көзіне айналады, онда онсыз ешқандай сыртқы дүниелер сүйсіну сезіміне бөлей алмайды, тіпті ой, жүрек, темперамент сапасы сияқты субъективті құбылыстар аурушаң күйде әлсізденеді және басылып қалады. Сондай-ақ, біз, ең алдымен, бір-бірімізден денсаулығымыз туралы сұраймыз және бір-бірімізге оны тілейміз: ол шын мәнінде адам бақытының ең басты шарты».

Ауру және бишара болғанша, сау және бақытты болған дұрыс – бүгінгі күннің тіркелген шындығы. Әлемді жігерлі және ынталы тұлғалар басқарады. Үлкен жетістіктерге жету үшін кейін қиналмайтындай үнемі көп күш жұмсау керек. Адам салауатты өмір салтын жүргізудің өзіндік стилін өзі қалыптастыруы керек.

 

 

Дебиеттер тізімі

1. О здравоохранении в РК. Основные законодательные акты. Алматы, 2004.

2. Дубровский В.Н. Валеология. Здоровый образ жизни. - М.: RETORIKA-А, 2001.

3. Марков В.В. Основы здорового образа жизни и профилактика болезней: Учеб.пособие. - М.: Академия, 2001.

 

 

Нашақорлық пен шылым шегудің алдын алу

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

ӨЭ және Х кафедрасының

аға оқытушысы

Н.К. Цой

Бірыңғай алдын алу кеңістігі ұғымы бірнеше құраушыдан: кеңістік пен алдын алудан құралады.

Кеңістік – жаңа ұрпақтың өсуі, дамуы мен әлеуметтенуі жүретін өмір сүру ортасы.

Алдын алу – төмендегілерді қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені:

- балалардың, жасөспірімдердің және жастардың дамуы мен денсаулығы үшін қауіпсіз жағдайлар ұсынатын тәуелсіз ортаны;

- мықты өмірлік позицияға ие, заңды кеңістікте орын алған, денсаулық пен қауіпсіздік пайдасына саналы таңдау жасауға қабілетті, салауатты өмір салтының құндылықтарына бағытталған сау адам тұлғасын.

Нашақорлық – организм қызметінің бұзылуына әкелетін есірткілерге еңсерілмейтін құмарлықпен сипатталатын ауру.

Жастарды есірткіге үйрету ХХІ ғасырдың өзекті және ауыр шешілетін мәселесі болып табылады. 2000 жылы әлемде шығарылған апиынның жалпы көлемі 6600 тоннаны құрады. «Алтын жарты ай» елдері - Ауғанстан, Пәкістан, Иран – жер бетінде апиынды көкнәрдың ең ірі ошақтары. Егер 1988 жылы Ауғанстанда 2100 тонна шығарылса, онда 1998 жылы 2000-4600 тонна болды. Интерпол деректері бойынша, осы есірткілердің 65 % астамы Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан транзитпен тасымалданады. Есірткі заттарының белгілі бір бөлігі осы елдердің ішінде қолдану үшін қалады.

Трафик жолында Қазақстан да тұр. Біздің елімізде нашақор балаларды есепке алу жиі жүргізіледі. Мамандар нашақорлардың саны туралы кез келген ақпаратты нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін 10-ға көбейту керек деп белгілейді. Бұл - XXI ғасырдың нағыз жұқпалы дерті.

БДҰ деректері бойынша, әлемде 500 миллионнан астам адам есірткі қолданады. Қазақстанда ҚР ӘМ нашақорлыққа және нашақорлық бизнесіне қарсы күресу бойынша Комитетінің бастамасымен ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің Республикалық нашақорлықтың медицина-әлеуметтік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу орталығының сарапшыларымен жүргізілген көп деңгейлі зерттеулерінің деректері бойынша 254 мыңға жуық адам есірткіге тәуелді. Әрбір оныншы қылмыс есірткіні пайдаланумен байланысты.

Қарағанды облысы бойынша нашақорлық дертімен есепке алынғандардың саны 25 мыңға жуық, соның ішінде 5 мыңға жуығы – нашақорлықпен, 200 жуығы уланумен және 18 мыңға жуығы маскүнемдік дертіне шалдыққандар.

Нашақорлардың құрамында еркектер көп (85 %). Нашақорлық дертіне шалдыққан әйелдердің саны 4 мыңға жуық, соның ішінде 700 адам есірткі пайдаланады. Сонымен қатар, әйелдер арасында кейінгі жылдарда нашақорлық қарқынды дамып келе жатыр.

Толық көлемде седативті ұйқы дәрісін және басқа ынталандырғыштарды, кофеинді, галлюциногендерді және ұшқын ерітінділерді пайдаланатын аурулар анықталмайды.

Есірткі заттарын қолдануға еліктеушілік жасөспірімдердің және тіпті балалардың арасында жиі болады. Сонымен, жасөспірімдерден әлеуметтік сұрақ-жауап алу, жоғары мектеп оқушыларының 12 % есірткі қолданатынын, ал әрбір бесінші мектеп оқушысы ең болмағанда бір рет қолданып көргенін көрсетті.

Аймағымыздың негізгі мәселесі есірткіні іштей енгізумен байланысты ВИЧ-инфекцияларының өсуі.

Кейінгі жылдарда мемлекеттік емдеу-алдын алу мекемелеріне баратын тұлғалардың саны көбейді (жылына 800 адам жуық).

Облыстың Мемлекеттік нашақорлық қызметі келесі ірі нашақорлық диспансерлерімен ұсынылған: облыстық нашақорлық орталығы, облыстық балалар психоневрологиялық бірлестігі және қалалық наркодиспансерлер, олар Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында орналасқан. Сонымен қатар, күштеп емдеу үшін облыстың наркологиялық кабинеттермен және мекемелермен көмек көрсетіледі.

Нашақорлық – бұл қорқынышты зат. Ол өлтірілген жандармен және өлгендердің қанымен өтелген алтын, анасының құрсағында жарымжан болған және дүниеге келгеннен кейін шарасыз азап шегуге душар болған балалар. Миллиондаған әкелер мен аналардың, отбасылық жұптардың қайғы-қасыреті, құлдыраған отбасылар, талап етілмеген таланттар, берілген сезімдер, сынған тағдырлар. Шприц немесе таблетканы көргенде ғана жанатын мағынасыз көздер. Бұл жансызданған, сезімсіз және азғындық жандар, олардың тіршілі етуінің маңызы улы дәріні іздеуде. Бұл жанталаса қалшылдаған күйдегі «сүйек сарқырауы» - есірткілік аштықтың қиналған күйі, ми, жүрек, бауыр, барлық ішкі органдардың күрделі бұзылуы, инфекциялық және жұқпалы соз аурулары. Бұл СПИД, аурулардың ішіндегі ең қауіптісі, себебі ол басқа аурулардың алдында организмді қарусыздандырады. Бұл дене және жан қиналысын бір минуттік жеңілдету үшін жасалған ауыр қылмыстар, өзін-өзі өлтірудің жиі себебі.

Жақында ғана нашақорлық туралы хабар бізге басқа елдерден жеткен болатын. Енді ол бізге келді және эпидемия заңы бойынша таралуда, күннен күнге өзінің өлім қанатының астына қаншама жастардың жанын әкетуде.

Нашақорлық ежелгі грек сөзінен аударғанда «тоқтау», «әрекетсіздік», «керең болып қалу» дегенді білдіреді. Есірткілер жанға батарлық жаман аурумен (рак және т.б) ауыратындарға дәрі ретінде ауырғанын басу үшін арналған. Бірақ, есірткілердің әсері зұлым: организм оларға тез үйренеді және жаңа мөлшерін талап етеді. Сонымен қатар, адам оларға тәуелді бола бастайды, бұл құмардан құтыла алмайды. Есірткіге үйренген организм қабылдауды қайталауды қатты қажет етеді, адам неше түрлі әрекетке барады - өтірік айтуға, ұрлыққа және тіпті адам өлтіруге дейін, бар болғаны есірткіге қол жеткізу. Есірткі, мейрімсіз жендет, жанға қонған шайтан сияқты, «Тона, өлтір, кезекті мөлшерін тап, оны қабылда, әйтпесе мен сені қорқынышты азапқа саламын» деп талап етеді. Нашақор укол жасаған немесе таблетка қабылдаған кезде, ол жеңілденген күйге бөленеді, бірақ осы қысқа уақыт жеңілдену ішінде «сүйек сарқырауы» пайда болады. Міне, нашақорды былай сипаттайды: «Кеуіп қалған адам аурухананың торланған терезелері бар бөлмесінің бірінде төсекте сенделіп жатыр. Оның денесі конвульсияда соқты және құрыса бастады, ірі тер тамшыларымен жабылды. Кейде азапты, қалшылдаған құсық құсу белгілері берілді. Науқас жылап, балағаттап, жалынды, жабайы дауыспен айқайлады: «Құтқарыңдар! Өліп барамын! Дәрігер укол! Қарғыс атсын! Құрт, ақ құрттар мені жеп барады! Құрттарды алып кетіңдер»!

Бұл нашақор. Сіз оның орнында болғыңыз келеді ме?

Есірткілерге және оны қолдануға қатысты бірнеше мифтер бар.

Бірінші миф: байқап көр — бәрі байқап көреді.Бұл олай емес,жасөспірімдердің80 % ешқашан есірткінің дәмін татып көрген емес.

Екінші миф: байқап көрсейші, зиянды салдары болмайды. Бұл өтірік. Кейбір есірткілерге тәуелділік 1-2 рет қалыптасады. Сонымен қатар, жеке ерекшеліктермен байланысты алғашқы дәрі жіберу кезінде өлімнің пайда болуы мүмкін.

Үшінші миф: байқап көр, егер ұнамаса – қабылдауды тоқтатасың. Жоқ, есірткілерді қолдану кезінде адам бойындағы еріктілік зардап шегеді және тіпті дәрігерлердің көмегімен нашақорлық тәуелділіктен емделу өте қиын.

Төртінші миф: «зиянсыз» есірткілер бар. Ондай мүлдем жоқ. Есірткілердің барлық түрлері организм үшін улы.

Есірткілерді пайдалануға ғана емес, өзіңмен бірге ұстап жүруге де болмайды, өйткені біздің республикада есірткінің шамалы мөлшерін сақтау заңмен жазаланады.

Ақ бұлттан, есірткілерден сақтаныңыздар! Еш қандай сөзге ілеспей, әуестенбей, батылдық үшін де, жолдастық үшін, жалғыз, топта оларды қабылдамаңыздар, иіскемеңіздер, оған тақалмаңыздар! 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күресу күні.

Кейбір ақымақ ер балалар өздерін тұрмыстық химия уларымен уландыруға әуестеніп алған. Айналадағылар оларды ойнап «иіскегіштер» деп атайды, өйткені олар жиһаз ысып жылтырататын, жәндіктерді улайтын заттарды қабылдайды және иіскейді. Бұл кішкентай токсикомандар – уға құмар адамдар. Улағыш заттар – улы деген сөз. Егер көріп қалсаңыздар, балалардың қолынан жұлып алып, олардың өзін ата-аналарына апарыңыздар. Сонымен сіздер олардың өмірін құтқарасыздар, себебі улардың улағыш әсерімен адам құлдырай бастайды және қысқа өмірінің аяғына дейін қатты емделмейтін ауруларға шалдыға береді.

Наркологиялық орталықтардың дәрігерлеріне үлкен ағыммен маскүнемдікпен және нашақорлықпен ауыратын адамдар барады. Олар бұл «дерттен» құтылу үшін көмек сұрайды, бірақ, өкінішке орай, медицина үнемі нашақорлық пен маскүнемдіктен науқастарды емдеуге қабілетті емес.

«Темекі тарт – сені сонда ит қаппайды, өйткені сенен жаман иіс шығып тұр. Темекі тарт – сонда сені тонамайды, өйткені сен ұрыларды жөтелмен шошытасың. Темекі тарт – сонда саған қарттық қорқынышты емес, өйткені сен жас өлесің» (араб мақалы).

Шылым шегу – ең кең таралған зиянды әдеттердің бірі. Дамыған елдерде шылым 20 % астам мезгілсіз өлімдердің болу себебі.

Қазіргі таңда дамыған елдерде шылым шегудің салдарынан өлген еркектердің саны бірқалыпты деңгейде тұрады немесе төмендейді, ал шылым шегу тәуелсіздіктің және қазіргі заманға сай болудың символы болған әйелдер арасында өлім осының салдарынан өсуде. Болжам бойынша алдағы онжылдықта АҚШ пен Англияда шылым шегуден әйелдер арасында өлім еркектерге қарағанда көп болады. Мұндай тенденция Канадада байқалады. Зерттеулер, едәуір қамтамасыз етілген әлеуметтік топтар арасында шылым шегуден өлгендердің саны көп екенін көрсетті. Шылым шегумен қауіп-қатердің бірде-бір факторы салыстыруға келмейді. Статистикалық деректердің негізінде құрастырылған болжам 18 жастағы 100 мың жас балалардың ішінде 35 мыңы 70 жасқа дейін өмір сүрмейтінін, 300 өлтірелітінін, 600 өздеріне өзі қол жұмсап өлтіретінін, 750 СПИД-тың құрбаны болатынын, 770 автокөлік астына түсіп өлетінін, 2200 маскүнемдік әкетеді, 12 мыңның өлімінде шылым кінәлы болады.

Қазақстан Ұлттық Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Орталығының деректері бойынша Қазақстанда 20-59 жастағы шылым шегетін еркектердің саны 60 %, ал 12-15 жас жасөспірімдер арасында - 30 % астам, оның үстіне басым бөлігі - қыздар.

Зерттеулер, сондай-ақ, шылым шегетіндердің 60-70 проценті жаман әдеттен құтылуды тілейтінін көрсетеді, бірақ көп жылдық сынау көрсететіндей, бұны жасау оңай емес. Сондықтан, әрбір жас адам, шылымды ақымақтықтан ішкі тартқан адам, екінші рет тартады, содан кейін үшінші рет және қалған өмірінде құмарпаз «темекі тартқышқа» айналатынын ұғынғаны дұрыс.

Қазіргі таңда шылым түтінінде бестен астам улы заттар анықталған. Әсіресе жүйке жүйесін құртатын никотин және дегтео тәрізді заттар (фильтрлерде көрінетін) қауіпті болып табылады. Оның құрамында қорғасын, висмут, калий, полоний, радон изотоптары элементтерінің болуымен қатерлі ісікке әкеледі. Айтпақшы, шылым тартатындарда несеп қуығының қатерлі ісігі пайда болады, себебі олардың несебінде жоғарыда аталғандардың басым бөлігі бар. Бір күннің ішінде құмарпаз шылым шегуші радиоактивті сәулелену мөлшерін алады, ал ол 7 есе ықтимал шекті мөлшерге артады.

Медициналық статистика деректері бойынша, әлемде шылымнан жыл сайын екі жарым миллион адам өледі. Темекі тартатын адамның жасы орташа 10-12 жылға қысқарады. Шылым шегуден жиі өкпе, жүрек, асқазан, бүйрек зақымданады. Егер адам 15 жасында шылым шеге бастаса, онда қатерлі ісікпен ауыру қаупі 15 есе, 25 жаста 3 есе артады, ал шылым шегу өтілін үш есе көбейту қатерлі ісікпен ауыру қаупін 100 есе көбейтеді. Жүрек тамырлары ауруларынан өліп қалу қаупі темекі тартатындарда тартпайтындарға қарағанда екі есе. Темекі тарту әйел организміне және болашақ ұрпаққа өте зиян, бала анасының құрсағында бола тұра зақымданады. Шылым шегетін әйелдер тез қартаяды, олар бет реңін жоғалтады, тері күңгірттеніп, саршыл-сұр колоритке ие болады, дауыстары жуандай бастайды, оларда кеуде қысымы жиі болады, үнемі азарты жөтел, қақырық пайда болады және нәтижесінде созылмалы бронхит және өкпе эмфемизмі дамуы мүмкін. Айтпақшы, бұл сырқаттар әрбір шылым шегушіге тән. Сонымен қатар, шылым шегетіндердің шашынан үнемі темекінің иісі шығып тұрады, олардың «тістері сарғайып кеткен», саусақтарында сары дақтар бар, аузынан шылымның иісі шығып тұрады, терілері ақшыл немесе қоңыр түсті дақтарымен құрғақ болады. Мұндай іздер адамның ішкі органдарында (өкпе, кеңірдек тамыры, жүрек және т.б.) да байқалады.

Шылым шегетіндерде мерзімнен бұрын әжімдер пайда бола бастайды. Көбісінде никотиннің әсерінен көру қабілеті төмендейді (темекі соқырлығы). Айтпақшы, тіпті темекі тартатын ер адамға шылым шегетін әйелдің иісі жағымсыз екені белгілі. Темекі тартпайтындар туралы не айтуға болады, ал олардың саны, қуанышқа орай, артуда.

Шылым шегетіндерде жиі созылмалы бронхит, туберкулез және басқа да өкпе аурулары пайда болады. Шылым шегу атеросклероздың, инфаркттың және инсульттің дамуы мен онкологиялық аурулардың (ең бастысы өкпенің) қаупінің негізгі факторларының бірі болып табылады: темекі тартатындардың тамырлары 10-15 жылға ерте тозады, терінің қартаюы 20 жылға ерте басталады, ал өмірлері 10-15 жылға қысқарады.

Ата-аналардың шылым шегуі баланың денсаулығына әсер етеді, туа біткен дене кемістігіне, генетикалық ауруларға және балалардың қатерлі ісіктеріне, соның ішінде лейкемияға – қан ауруына әкеледі.

Өзіңе немесе жақын адамыңа никотин тәуелділігі кезінде қалай көмектесуге болады:

- көз алдынан шылымды еске түсіретін заттардың барлығын алып тастау керек. Үйде және жұмыс орнында шылымға, оттыққа, күл сауытқа орын болмауы керек;

- шылымнан бас тартатын нақты күнді белгілеу керек;

- өзіне бір күнге ғана мақсат қою керек. Шылымды бір жолға тастаймын деп серт етпеу;

- назарды басқаға аудара білуге үйрену. Қатты шылым шеккісі келгенде тез тұрып басқа бір істерді жасай бастау керек;

- досыңды немесе отбасының бір мүшесін сізбен бірге шылым шегуді тастауға үгіттеу керек.

Шылым шегуге ұмтылысты азайту үшін бірінші жарты жылда құрамында никотин бар препараттарды, мысалы, «Никоретто», «Коррида +R», «Табакул» сағыздарын немесе осыларға ұқсас заттарды қолдану керек.

Сонымен қатар, құрамында никотимед бар азық-түліктерді, мысалы, баклажан, қартоп, гүлді капустаны пайдалану ұсынылады. 1 мкг никотимед 240 г қызыл қызанақта, 140 г қартопта, 10 г баклажанда бар. 1 кг гүлді капустаның құрамында 4 бастап 16 мкг дейін никотимед бар.

Егер сіз шылым шегуді жалғастыра берсеңіз, онда тамақтану рационына С витамині бар азық-түліктерді: орамжапырақты, көк шөпті, томатты, тәтті бұрышты, қара қарақатты, ақжелекті, бүлдіргенді, лимонды және т.б. қосу қажет, себебі бір тартылған темекі витаминнің тәуліктік нормасының жартысына дейінгі мөлшерін «тартып алады».

Қазақстанда 2009 ж. 9 қазанынан бастап қоғамдық жерлерде шылым шегуге, ішімдікті 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға және қолдануға тыйым салу туралы Заң енгізілді. Заңға сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, мұражайларда, қоғамдық тамақтану орындарында, кинотеатрларда, көрме және спорт залдарында, бұқаралық демалу орындары бар басқа да жабық ғимраттарда, соның ішінде түнгі клубтар мен дискотекаларда шылым шегуге тыйым салынған. Сонымен қатар, үйдің кіре берісінде және жұмыс орны болып табылатын бөлмелерде шылым шегуге болмайды. Әуежайлар мен вокзалдар ғимараттарында арнайы белгіленген орындарда ғана шегуге болады. Сондай-ақ, Заң 18 жасқа толмаған жастарға шылым бұйымдарын сатуға тыйым салуды да алдын ала қарастырған. Шылым бұйымының сипаттамасы туралы жалған ақпарат үшін жауапқа тарту енгізілген.

 

 

Дебиеттер тізімі

1. Гигиена. Медицинская газета для всех. 2007. № 2 /9.

2. Индустриальная Караганда. 2008, 26 июня.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных