Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Криминалистикальщ идентификацияньщ түсінігі




«Идентификация» термині - латын тілінен шыққан сөз, оны тікелей аударатын болсақ «теңдестіру», яғни «тепе-тендікті анықтау» немесе «тепе-тең ету, сәйкестендіру» деген мағынаны білдіреді.

«Идентификация» термині төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын жасауда қолданылады:

• идентификация - адамның ойлау қабілетінің зандылығын ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде;

• идентификация - танымның әдіс-тәсілі мен құралы ретінде;

• идентификация- теңдестіру арқылы тану процесінің белгісі ретінде қарастырылады.

«Идентификация» термині - көзделген мақсаты мен шешетін мәселелеріне байланысты пайдаланылады және белгілі бір ойларды жинақтайды.

Идентификация ұғымы логика, таным теориясы (философияға), психология және басқа да негізгі ғылымдарға сүйенеді.

Таным теориясының (философия) көмегі арқылы адамның танымдық қызметіне ғылыми негізде талдаулар жасалады. Әлемдегі барлық материалды объектілер өзіне-өзі ғана тең. Әрбір объект өзіндік қасиетіне байланысты, өзі тектес басқа объектілерден ерекшеленеді. Объектілердің көптеген сәйкес келу белгі санына қарамастан материалды дүниедегі әрбір объект жекеленген болып табылады. Бұл жекеліктер адамдарға объектіні тануға, оны өзінің арасындағы басқа өзі тектес заттардан ажыратып тану немесе сәйкестендіру процесін жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді.

Танылатын объектінің өзіндік қасиеті мен мақсат, міндеттеріне байланысты материалдық дүние объектілерін тану процесіндегі теңестіру әртүрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Теңдестіру актілері қарапайым, яғни күнделікті тұрмыс-тіршілікте, сондай-ақ ғылыми зерттеулер шеңберінде шешілетіндей күрделі болуы мүмкін. Мысалы: тендестірудің тұрмыстық актілерінде кішкентай бала өзінің ата-анасын, киімдерін, ойыншықтарын

таниды; суретші өзінің салған суретін оңай ажыратады; ұста өзі жасаған детальдарды тез табады және т.б. Ал күрделі актілерде: химик-аналитик - химиялық заттарды, оның табиғатын, сондай-ақ геолог - минералдың, физик -физикалық процестердің табиғатын анықтайды.

Адамның ойлау қызметі заңдылықтарын зерттейтін логика ғылымы, идентификация көмегімен теңдестіру зандылығы және адамды тану қызметіндегі теңестірудің логикалық қағидалары негізінде қалыптасқан.

Тендестіру заңдылығына сәйкес - адамның ойлау процесіндегі қандай да бір ойы өзіне-өзі сәйкес, тепе-тең болуы тиіс.Адамның санасында көрініс тапқан объект бейнесі нақты бір жекеленген болуы қажет. Талқылау кезінде міндетті түрде нақты бір объектіні ғана ойлау керек, оны басқа объектілермен алмастыруға болмайды. Әртүрлі объектілерді тендестіру мүмкін емес, логикаға жатпайды. Бір объектіні адамның қайта еске түсіру кезіндегі ойлау мазмұны алғашқы ойлаудың мазмұнына сәйкес (бір) болуы қажет. Бір объект жайлы талқылау кезінде пікірталастықтар пайда болған жағдайларда, әрбір адамның ойы әртүрлі болып олар өзара келісімге (бір шешімге) келе алмайды, бұл өз адлына тендестіру заңдылығының бұзылуына әкеп соқтырады.

Идентификацияның психофизиологиялық механизмі келесідей болып келеді: субъектінің санасында көрсетіліп отырған объектінің белгілері туралы көрініс, сол көріністі ойлау арқылы, ол ұсынылып отырған объектіні өзінің ойындағы объект белгілері бойынша салыстырады, содан кейін ғана ол объектілердің сәйкестігі жайында немесе ерекшеліктері бойынша қорытынды жасайды.

Адамның барлық танымдық (тұрмыстық, я ғылыми) қызметі аясындағы кез-келген логикалық теңдестіру механизмі біреу-ақ болып келеді. Операция бірнеше рет орындалатындықтан тұрмыстық теңдестіру процедурасы қарапайым болып табылады. Сондықтан да ол стеоретиптік сипатқа ие, динамикалық стеоретип арқылы біз өз затымызды, ата-анамызды, туыстарымызды және т.б. ажыратамыз.

Қарапайым тендестірулер негізінен көріністі, бейнені - көру, есту мүшелері арқылы қабылдауға байланысты жасалады.

Идентификация таным әдісі ретінде барлық ғылыми, атап айтқанда: ботаника, зоология, геология, химия, өнертану және т.б. ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Мысалы, археологиялық зерттеулер жургізу барысында табылған (қазып алынған) объектілер міндетті түрде белгілі бір кезең мәдениетімен сәйкестендіріледі.

Палеонтология бойынша табылған объектілер бұрын тіршілікте өмір сүрген жануарлардың өлігі, қазіргі кезде жойылып кеткен жануарлардың түрлерімен идентификацияланады. Табылған жануарлар, өсімдіктер ботаникада, зоологияда, олардың белгілі бір класы, түрі, тобы бойынша идентификацияланады.

Аналитикалық, органикалық және басқа да химияның салалары арқылы алынатын барлық заттар міндетті түрде бұрын анықталған заттар класы бойынша идентификацияландырылады (сәйкестендіріледі).

Геология, минералогияға байланысты табылған заттар белгілі бір минералдар және т.б. түрлері бойынша идентификацияланады.

Барлық идентификациялық жағдай мәселелеріне байланысты әртүрлі ойлар (пікірлер, көзқарастар, тұжырымдар) кейбір ғылым - археология, тарих, өнертану салаларында жекелеген идентификациялық мәселелердің сәйкестігін шешу үшін криминалистика ғылымын, яғни криминалистика тәсілдерін пайдалануға тура келеді.

Л.Н. Мороз идентификация ұғымына келесідей түсінік берген: Идентифи­кация дегеніміз - бір объектіні басқа бір объектіден ажырату немесе тануға мүмкіндік беретін объектінің өзіндік қасиетіндегі материалдық белгілерін салыстырмалы түрде зерттеу мен бағалау болып табылады.

Криминалистикалық идентификацияның ерекшелігі неде, олардың басқа да қызмет саласындағы идентификациядан айырмашылығы қандай деген мәселелерге тоқталатын болсақ, бұл мәселелерді көптеген: С.М. Потапов, В.Я. Колдин, B.C. Митричев, Л.Н. Мороз, М.Я. Сегай, Н.В. Терзиев және т.б. ғалымдар талқылаған.

Барлық криминалист ғалымдар тергеу тәжірибесінде идентификация жүргізу қажеттілігін бір ауыздан құптайды, бірақ криминалистикалық идентификацияның түрі мен объектілеріне қатысты әртүрлі көзқарастаға өз ойпікірлерін ұсынады. Осыған байланысты бірқатар криминалист ғалымдардың пікірлерін, ұғымдарын қарастырып өтейік.

Біздің қазақстандық криминалист Л.Н. Мороз идентификацияны соттық және криминалистикалық деп екіге бөліп көрсетеді. Ол соттық идентификация түсінігі криминалистикалық идентификация ұғымына қарағанда кеңірек деп таныған. Соттық идентификация тергеу тәжірибесінде идентификация жүргізудің барлық түрін қамтиды, ол: химия, биология, ботаника, геология және т.б. ғылымдарының материалдық мәліметтерін пайдаланады деп нақтылайды. Мысалы, оқиға болған жерден және сөзіктінің аяқ киімінен алынған өсімдіктер бөлігіне салыстырмалы зерттеулер жүргізу кезінде сарапшы криминалистикалық емес, биологиялық тәсілдерді қолданады. Сондықтан да Л.Н. Мороз: соттық идентификация мен криминалистикалық идентификацияны өзара салыстырып қарастыруға болмайды деп санайды.

Л.Н. Мороздың пікірінше: криминалистикалық идентификация мынандай жағдайларда орын алады:

а) идентификация тәсілдері арнайы криминалистермен өңделіп жетілдірілген жағдайларда;

э) бұл тәсілдердің көмегімен объектінің жекелеген сәйкестігі анықталған жағдайларда (Бұл жерде ол объектілердің топтық қатыстылығын анықтауды қарастырған);

б) криминалистикалық идентификацияның объектісі тек криминалистикалық идентификация объектілерінің шеңберіндегі нақты бір жекелеген объектілер ғана бола алады;

в) криминалистикалық және соттық идентификация арасында айырмашылықтар бар және идентификацияның тергеу тәжірибесі мен оның процесуалдық тәртібінде ерекшеліктер болған жағдайда» - деп көрсеткен.

Ал B.C. Митричевтің көзқарасы бойынша: «дәлелдеу аясында жүзеге асырылатын идентификация» соттық деп аталуы қажет. Соттық идентифика-цияның логикалық идентификациядан ажырататын ерекшелігі - субъектілер мен объектілерге байланысты. Криминалистикалық идентификацияны соттық идентификация шеңберінде қарастыру керек. Соттық идентификацияға - сот-медицина, психиатрия, биология, токсикология саласындағы салыстырмалы зерттеулер жатады. Криминалистикалық идентификацияға тек криминалистік-сараптама шеңберінде жүргізілетін зерттеулерді жатқызу қажет. Идентификацияның ерекшелігін - қылмыстың механизмі

мен жағдайы және оның жасалу мэн-жайлары жөніндегі мәліметтерді, объектілерді, үлгілерді жинау ерекшелігімен түсіндіруге болады» - деп тұжырымдайды.

Г.И. Кучеревпен берілген тергеу тәжірибесіндегі идентификацияның дәлел-демелік мәнін қарастыратын болсақ, ол «идентификацияны криминалисти-калық» деп атай отырып, оның ерекшелігін төмендегідей бөліп көрсетеді.

Бірінші ерекшелігі, объектілермен байланысты. Объектілер - бұл материалдық дүниедегі кез-келген үйлескен заттар, әртүрлі процестер. Оларга қойылатын шарт: барлық объектілер олардың субстанциясына қарамастан соттық іспен байланысты болуы керек, сондай-ақ заттай дәлелдемелік сапасы болуы қажет. Бірақ олар - тұтынушылық, этикалық, техникалық және көптеген басқа да қасиеттерін жоғалтуы мүмкін, мұндай кезде жоспарға объектінің қылмыс жағдайы жөніндегі ақпарат жеткізуші жақтары бірінші кезекке қою керек.

Сонымен, криминалистикалық идентификацияның бірінші ерекшелігі - заттай дәлелдемелік фактілер жөніндегі ақпараттарды қамтитын объектілердің арасындағы тепе-тендік қатынасын анықтаудан тұрады.

Екінші ерекшелігі, сараптаманың қорытындыларындағы жеке тепе-теңдікті көрсететін нәтижелер іс үшін мәнді болып табылатындығы мен дәлелдеме ретінде жеке тепе-теңдікті көрсететін нәтижелердің маңыздылығында.

Басқа ғылым салаларында объектіні - түрі, тегі бойынша идентификациялау жеткілікті, ал дәлелдеу барысында объектіні: түрі, тегі бойынша ғана анықтау жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан да криминалистикада, сот-сараптамаларында жекелеген тепе-теңцікті (сәйкестікті) аныктау үшін теориялық және сараптамалық зерттеулер үздіксіз жүргізіліп отырады.

Г.И. Кучеровтың пікірі бойынша криминалистикалық идентификацияның екінші ерекшелігі «қылмысқа қатысты жекелеген сәйкестікті немесе объектілер шеңберін барынша қысқартуды анықтау тенденциясынан тұрады» - деп санайды.

Криминалистикалық идентификацияның үшінші ерекшелігі, - процесуалды тәртіппен, процесуалдық түрде бекітілетіндігінде. Сонымен қатар, барлық идентификациялық танымдық қызметтің белгілі бір тәртібі мен шегі бар. Олар: сараптаманың шегі мен құраддарына, сондай-ақ заттай дәлелдемелер және олармен жұмыс жасау тәсілдеріне, оларды сақтауға және зерттеуге байланысты кркаттарды тіркеу мерзіміне қатысты әдістер мен басқа да тәсілдерді таңдауға қатысты болып отыр. Сонымен, криминалистикалық идентификацияның үшінші ерекшелігі оның процесуалдық формасында.

Дегенмен де, криминалистикалық идентификация - ғылымның барлық басқа салаларындағы логикалық тендестіруді сипаттайтын мазмұндар мен қағидалардай объективтік шындықтың белгілі бір бөлігінің танымдық процесі болып табылады.

М.Я. Сегай, Н.В. Терзиевтер тергеу тәжірибесіндегі идентификацияны "соттық идентификация" деп атаған дұрыс деп санай келе, келесідей мэн-жайларды көрсетеді:

идентификация қорытындылары қылмыстық және азаматтық істерде соттық дәлелдеме қызметін атқарады, осыған байланысты оларды бекіту мен зертгеу әдістемесіне арнайы талаптар қойылады;

басқа ғылымдарға қарағанда криминадистикада сәйкестікті ғана емес, сонымен қатар айырмашылықтарды да анықтаудың маңызы зор;

криминалистикада жекелеген тепе-тендікті анықтау - идентифика-цияның басты мәселесі болып табылады;

химия, биология және т.б. ғылым салаларында топтық қатыстықты анықтау жеткілікті.

Аталған ерекшеліктер ұсынылатын зерттеу әдістемесіндегідей, теңдестіру нәтижелерін рэсімдеудің арнайы талаптарын анықтайды. Бұл ерекшеліктер сот-медицина шеңберінен де орын алады, жоғарыда аталған авторлар идентифи-кацияны не үшін соттық деп атау негізді деп санайды.

В.Я. Колдин өз еңбектерінде: «криминалистикалық идентификацияның» ерекшелігі:

- нақты жекеленген объектінің тепе-тендігін анықтау;

- қылмыстық және азаматтық істердің фактілік жағдайын анықтаудың құралы болып табылады» - деп көрсетеді. Ол соттық идентификацияның басқа да ғылым салаларындағы идетификациядан айырмашылығы жоқ, оны әдеттегі классификациялық зерттеулер ретінде қарастырып, соттық идентификацияны бөліп көрсетпеген.

Ал, М.В. Салтевский криминалистикалық идентификацияның ерекшелігін: «объектілерді жинау тәсілдерінің процесуалдық формасы ретінде ғана емес, сонымен қатар, дәлелдеу процесінде тендестірудің нәтижесін қолдану мен нақты-бір жеке объектілердің сәйкестігін анықтауда» деп қарастырады. Пікірлерді қорыта келе мынандай тркырымдар жасауға болады:

криминалистикалық идентификациянын мақсаты - сот өндірісі аясындағы материалды объектілердің тепе-теңдігін, сәйкестігінің бар немесе жоқтығын анықтап дәлелдемелер алу болып табылады және оларға байланысты арнайы әдістемелік талаптар қойылған;

криминалистикалық идентификациянын мацызы - барынша қысқартылып жинақталган объектілер шеңберінен жекеленген сәйкестікті (тепе -теңдікті) анықтауда;

криминалистикалық идентификация процесінің негізінде -идентификациялық белгілер жиынтығын салыстыру және бұл белгілердіц сәйкестігі мен айырмашылықтарын бағалау жатыр;

қорытындылар процесуалдық актілер (сарапшының қорытынды актілері, хаттама) түрінде беріледі;

химия, биологиялардан айырмашылығы идентификация қандай да бір мәселелерді шешу процесіне ие болады, яғни дәлелдеу тәсілінің біріне жатады;

криминалистикалық идентификация тек заңда көрсетілген субъектілермен ғана жүзеге асырылады.

Сонымен, жоғарыда көрсетілген анықтамаларды жалпылама қорыта келе, біз Л.Н Мороздың берген анықтамасына жүгенеміз: «криминалистикалық идентификация - соттық дәлелдемелерді алу мақсатында занда бекітілген әдіс тәсілдерді қолдана отырып, объектінің сәйкестігі мен айырмашылық қасиетін көрсететін белгілерге салыстырмалы зеттеулер жүргізу процесі түрінде жүзеге асырылады».

Криминалистикалық идентификацияның маңызын бағалау өте күрделі процесс болып табылады. Идентификация - дәлелдеу тәсілінің өте кең тараган түрі. Идентификацияның көмегімен: қылмысқа дайындалу әрекетінің орнын, қылмыс жасалған, қылмыстың ізін жасырган жерлерді; қылмыскердің қылмысты жасауға

колданылған қару құралдарын; қылмыскерді, жәбірленушіні, қылмьгстық қол сұғылған заттарды идентификациялауға және т.б. анықтауға болады.

Көріп отырғанымыздай, дәлелдеу кезінде көптеген жағдайлар идентифика-циялауға жатады. Бірақ-та олардың әркайсысы әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мысалы: қылмыскердің жеке басын оның қолжазбасы, дауысы, бейне келбеті, аяқ, қол іздері, шашы және т.б. бойынша идентификациялауға болады.

Бүгінгі таңда криминалистикалық идентификация теориясы криминалисти-кадағы жеке ілімдердің ең жетілдірілген түрлеріне жататындыгы осы жағдайлармен түсіндіріледі.

Барлық танымал кеңестік криминалистер криминалистикалық идентифи­кация мәселелерімен тікелей немесе жанама түрде айналысты.

Криминалистикалық идентификация теориясы - тарихи жағынан жеке криминалистикалық теориялар арасынан ең алғаш пайда болып, білімді жүйелендіру құралы ретінде қалыптасқан ілім болып табылады.

Криминалмстикалық идентификация теориясының калыптасуы мен даму тарихын төмендегідей 3 - кезеңге бөліп көрсетуге болады:

1-кезең - теориялық негізі мен оның негізгі жағдайлары және қағидаларының пайда бола бастауынан ХХ-ғасырдың 50-ші жылдарына дейінгі кезендерді хронологиялық түрде қамтиды;

2-кезең - бұл 80-жылдарға дейінгі әртүрлі идентификациялық зерттеу әдістемелерінің қалыптасу кезеңі;

3-кезең - криминалистикалық идентификация жағдайлары және т.б. кайтадан қарастырылып нақтыланатын кезеңдер жатады, ол бүгінгі таңца орын алуда.

Криминалистикалық идентификация теориясы - қылмыстық оқига туралы дәлелдемелік ақпараттарды, сондай-ақ объектінің тепе-теңдігін анықтауға байланысты әдістемелік усыныстар мен тәртіп-ережелерінен тұратын ғылыми ілімдердің жиынтығы.

Криминалистикалық идентификация процесуалдық және процесуалдық емес формасыңда карастырылады.

Идентификацияның процесуалдық емес формасы қолданбалы және жедел болып екі түрге бөлінеді. Идентификацияның қолданбалы түрі -мұражай, ғылыми-зерттеу институттарының, азаматтардың талаптары бойынша жүзеге асырылады. Ал идентификацияның жедел түрі қылмыстық іс қозғалғанға дейін орындалады. Идентификацияның нәтижелері жедел-іздестіру қызметінде қолданылады.

Идентификацияның процесуалды формасы:

1) сот сараптамасы;

2) тану ушін көрсету;

3) объектілерді қарау шеңберінде жүзеге асырылады.

Тану үшін көрсету және қарау тергеу әрекеттері шенберіндегі идентификация тергеушімен жүргізіледі. Сот сараптамасы шеңберінде қолданылатын идентификация процесуалдық түрде өте кең таралған.

Идентификациялық зерттеулер бірнеше түрлерге бөлінеді. Криминалис-тикалық идентификацияның классификациясы идентификация объектілерімен ғана емес, сонымен қатар олардың табиғи қасиеттері мен басқа да параметр-лерімен байланысты. Идентификация деңгейіне байланысты мынадай идентификация түрлері ажыратылады:

• объектінің бір текке жататындығы;

• топтық қатынастылығы;

• жекеленген-сәйкестігі-анықталады.
Идентификацияланатын объектінің табиғатына байланысты:

• нақты бір жекс объект бойынша;

• бүтінді бөлшек арқылы анықтау бойынша;

• шығу (пайда болу) қайнар көздері бойынша.

Идентификацияланатын объектіге байланысты идентификацияның келесідей тұрлері бар:

• ойдағы бейне бойынша идентификациялау;

• жеке объектілерді материалды бекітілген бейнесі бойынша идентификациялау;

• шығу кайнар көздері бойынша идентификациялау;

• бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау.

Мысалы, табылған қолдың ізі арқылы сөзіктіні идентификациялау жеке объектіні бейненің материалдық бекітілуі бойынша идентификациялауға жатады; оқиға болған жерде табылған сым-темір бөлшектерін сөзіктінің автоқөлігінің багажынан табылған сым-темір бөлшектерімен идентификациялау - бүтінді бөлшек арқылы идентификациялауға жатады; бір сөзіктіден табылған пакеттегі есірткіні екінші сөзіктіден табылған пакеттегі есірткімен идентификациялау -шығу қайнар көзі бойынша идентификациялау түріне жатады.

Сонымен қатар, идентификацияны жүргізу субъектісіне байланысты тергеу және сараптамалық идентификация деп бөлеміз.

Объектісі бойынша: адам, жануар, атыс қаруы, көлік құралдары және т.б. идентификация түрлерін бөліп қарастыруға болады.

Криминалистикалық техниканың салалары бойынша - портретті (ауызша суреттеу), трасологиялык, баллистикалық, қолжазбатану және т.б. түрлері бар

 

.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных