Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бұзу кұралдарының іздері




Механоскопия - бұлу құралдарының, өндірістік механизмдердің, қрыптардағы, пломбылардағы іздерді зерттеуге арналған трасологияның бір бөлімі.

Бұзу құрал-жабдықтарының ізі туралы сөз қозғалмас бұрын, алдымен олардың қандай бөгеттерді.(кедергілерді) бұзу үшін қолданылатыны туралы айтып өткеніміз жөн. Бұзу деп - кіруге тыйым салынған немесе жабық тұрған объектіге кіру мақсатымен белгілі бір объектілерді атап айтқанда: қабырғаны, объектінің төбесін, есік-терезені, еденді (ғимараттарды, сейф, шкаф, бекітілген құрылыстарды) және сол сияқты басқа да бөгеттерді толығымен немесе жартылай қиратуды айтамыз.

Бұзу құралының іздері - есіктің беткі қабатынан және оның тұтқаларынан, кұлыптан, терезе рамаларынан, объектінің төбесі мен едендерден, сейфтердің қабырғаларынан және т.б. жерлерден табылуы мүмкін. ердің бұзу кезіндегі қолданылатын құралдарды келесідей үш түрге бөліп топтастыруға болады:

• арнайы бұзуға (жабық жерлерге кіруге, кедергі жасайтын бөгеттердің көзін жоюға) арнап қолдан жасалған құрал-саймандар: «фомка-фомич»,«балерина», «гусиная лапа», жезбезекті кілт (отмычка);

• жалпы техникалық мақсаттарға арналған құрал - саймандар

• қылмыскерлер бөгетті бұзу үшін қолданған (жерде жатқан темірлер, су құбырының кесінділері және т.б.) кездейсоқ құрал-саймандары.Барлық құралдарды олардың санаттарына қарамастан, әсер ету тәсілдеріне байланысты механикалық және термикалық деп бөлеміз.

• Бірінші, механикалық топқа:

• кесетін - пышақ, қайшы, әйнек кескіш (әйнек кесетін құрал), тістеуіш және т.о.; жабатын және қашайтын - балта, кескіш (металлы кесетін қашау), қашау, лом; егеп кесетін - егеу, ара;

• бұрғылайтын -тескіш темір, бұрғы құралдары мен механизмдерін жатқызамыз.

Екінші, термикалық топқа:

қатты металдарды кесуге және оларды сваркілеуге арналған газ және элекгрлі аппараттар жатады. Механикалық топқа жататын құралдар әсер ету сипаты мен түріне байланысты: қысым арқылы түскен іздер; сырғанау, жылжу (үйкелу) іздері; кесу іздері - деп бөлінеді.

Қысым іздері - кедергінің (бөгеттің) бетінде бұзу құралдарының соққысы нәтижесінде басылып түсуі арқылы пайда болады. Егер кедергі жеткілікті дәрежеде қатты болған жағдайда беткі қабатты із қалады, ал жеткілікті дэрежеде қатты болмаса, онда ішіне қарай басылып батқан із қалады. Батқан іздің тереңдігі соққының (басудың) күшіне байланысты болады. Ал батқан іздің формасы бүзу құралының жанасу бөлігінің кескін бейнесін (конфигурациясын) қайталайды және оның өлшемін көрсетеді. Оқиға болған жерді қарау кезінде тергеуші мұлдай іздерді зерттеу арқылы бұзу құралының формасы мен өлшемі жөнінде мағлұматгар алады. Соның негізінде ол бұзу құралдарын іздестіру жұмыстарын жүргізу тапсырмаларын тұжырымдайды.

Сырганау (үйкеліс') іздері - бұзу кұралдарының (лом, темір бөлігі) бөгеттің, кедергінің астыңғы бұрышынан беткі қабатына әсер етуі арқылы пайда болады. Бұл кезде кедергі материалдарында шұңқырлы сызықтар (валиктер) пайда болуы және кедергі материалдары тығыздануы мүмкін. Құралдар кедергіге қарағанда қаттырақ болса, үйкелу іздері анық түседі. Оларға қарап қолданылған құралдың түрі мен бұзу механизмі жөнінде мәлімет алуға болады.

Кесу іздері көбінесе ағаш және металдан жасалған кедергілерде кездеседі. Бұлар - балтаның, пышақтың, қашаудың және басқа да құралдардың іздері. Кесудің бір түріне арамен аралау іздері жатады, ол өзінің механизмі бойынша бұрғылау және сүргілеу іздеріне ұқсас. Кесу іздерінде құралдың кесетін (шабатын) қыры бейнеленіп түседі. Бұл іздер әдетте динамикалық (сызықты) болып табылады, әрбір қыр кедергіге сызық қалдырады. Қыртыстар мен шұңқырлы сызықтардың (валиктердің, трассалардың) кезектесіп түскен жиынтығы беткі қабаттың микробедерін бейнелейді. Шабу, кесу іздері бойынша- бұл іздерді қалдырған құралдарды тендестіруге болады.

Арамен кесу іздері бойынша - араның түрін, ал кейбір жағдайларда оның бір бөлігіне сәйкес келетін тістерінің санын анықтауға болады. Бұрғылау іздері бойынша - пайдаланған бұрғының түрі және диаметрі анықталады.

Термикалық әсер ету іздері - металдан жасалған кедергілерді (сейфтерді, есіктерді, терезе торларын) бұзу кезінде пайда болады. Газды - электрокескішті - бұлу құралы ретінде қолданғанын кедергі учаскілерінде қалған ерітінділерден, балқыған металдардың тамшыларынан байқауға болады.

Оқиға болған жердегі іздерді талдау (соның ішінде сараптамалық зерттеулер) келесідей жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді: бұзудың түрін (араның кесу, ойып кесу т.о.); қатысқан тұлғалардың санын; шамамен қылмыскерлердің бойы мен оның физикалық күшін; құралды қолдану тәжірибесінің болуын; кедергіні бұзуға қанша уақыт кеткендігін, қылмыскердің денесінде және киімінде (шалбарының қайырылған балағында, аяқ киімінде, тырнағының астында, құлақтарында, шаштарында) қандай іздер қалуы мүмкін екендігі. Осы алынған мәліметтер қылмыскерді іздестіру және әшкерелеу үшін маңызды.

Бұзу құралының іздерін зерттеу кезінде келесідей негізгі сұрақтар шешіледі:

бұзу үшін пайдаланған зат қандай құралдар тобына (түріне, тегіне) жатады;

бұзу жерінде қалған іздер бір кұралмен қалдырылған ба, әлде бірнеше құралдармен қалдырылган ба; әртүрлі кедергілердегі бұзу құралдарынан қалған (әртүрлі жерлердегі, сонымен қатар, әртүрлі қылмыстарды жасау кезінде калдырылған) іздер бір құралмен қалдырылған ба;

із нақты бір кұралмен қалдырылған ба?

Бұзу іздерін фотосуретке түсіру масштабты фототүсірілім әдісі бойынша жүзеге асырылады. Алдымен барлық іздер мен олар орналасқан учаскілер, содан соң жеке іздер, яғни бүзу құралыньщ белгілері барынша анық қалған жерлер детальды әдіспен суретке түсіріледі. ¥сақ іздер мен олардың бөлшектері фотоаппаратқа үлкейткіш сақиналар кигізу арқылы фотосуретке түсіріледі. Жарықтандыруды әртүрлі бағытта түсіру арқылы әр ізден екі, үш фотосурет жасаған жөн. Фотосуретке түсірумен катар іздердің схемалық суретін жасаған дұрыс.Сызбаны кейіннен - құралдың және іздердің өлшемдерін, пішіндерін, т.б. белгілерін салыстыру, зерттелетін объектілерді іріктеп сараптамаға жіберу үшін қолдануға болады.

Қарау хаттамасында: бұзу объектілерінде қалдырылған іздердің орналасуы, олардың жалпы саны және өзара орналасу жағдайы, еденнің (жердің) беткі қабатынан биіктігі, іздердің түрі (сығудың көлемді ізі, шабудың сызықты ізі, т.б.); олардың (жалпы барлық іздердің және жеке учаскілерінің) формасы; өлшемі (ұзындығы, ені, терендігі, диаметрі); іздерде бұзу құралынан қалуы мүмкін бегде заттардың болу жағдайлары толық көрсетіліп жазылады.

Іздер - хаттамаға бекітіліп және суретке түсірілгеннен кейін алынуы мүмкін. Толығымен алынуға қажетті іздер, егер ол қүнды объектілердің бұзылуына, бұлінуіне әкеп соқпаса іздерді олар орналасқан затпен коса алган жөн. Бұзу іздері бар кедергінің бір бөлігі (кесіп, бөлшектеп т.б.) алынса, оған (үсті, асты, ішкі және сыртқы жағы туралы) түсіріндірме жазылады. Кедергінің бөлігімен бірге бұрынырақ одан бөлінген бөлшектері де (тамызық, жаңқа, үгінді) алынады. Себебі оларда бұзу құралының микробедерін бейнейлейтін іздер қалуы мүмкін.

Трасологиялық сараптамаға іздің өзін немесе оның көшірмесін (калпын), фотосуреттерін, схемалық суреттерін, іздің хаттамалық сипаттамасын және тексерілетін объектіні (болжамдағы қылмыс құралын) жібереді.

Мұнда ескеріп кететін жәйт, бүзу құралдарының іздерін сараптамалык зерттеу ерекшеліктеріне байланысты сарапшыға тексерілетін объектілер (үлгі ретінде алынған іздер емес) табиғи түрде жіберілуі тиіс. Сонымен қатар, идентификациялық кезенде құралдың өзгеру мүмкіндігі, (құрадды сақтау. оны ұстау, пайдалану және т.б.) жағдайлары жөнінде сарапшыға хабарлануы қажет.

Бұзу құрал-жабдықтарының іздерімен қатар өндірістік механизмдердін іздері де трасологияның объектісіне жатады. Бұлар әртүрлі заттар, атап айтқанда: көлік құралдарының фарының шыны бөлшектері, шегелер, түймелер, темекілер, жіптер, электр жүйелерінің сымдары және т.б. болуы мүмкін.

Аталган өндірістік бұйымдар - адам өлтіру, қарақшылық, зорлау, жол-көлік оқиғасы т.б. қылмыстарын тергеу кезінде заттай дәлелдемелер ретінде қолдануы мүмкін.

Мысалы, зорлау болған жерден түйме табылған жағдайларда оның сезіктінің киіміндегі түймелермен сәйкес келетінін немесе келмейтінін анықтау қажет. Өлтірілген адамның қолдары байланған электр сымы айыпкерді тінту кезінде табылған сымдармен салыстырылады және т.б.

Көрсетілген мысалдардан трасологиялық зерттеудің негізгі мақсаты -жаппай өндіріс бұйымдарының бір жерден шығарылу қайнар көзін анықтау болып табылатындығын көреміз.

Бул мәселені төмендегідей екі түрлі сүрақтарды қойып айқындауға, нақтылауға болады:

• осы бұйым накты бір агрегатта (өндірістік механизде) жасалды ма;

• әртүрлі жерлерде табылған бұйымдар бір жерден шығарылған партияға(топқа) жата ма?

• Бірінші жағдайда идинтификациялау объектісі ретінде белгілі өндірістік-механизм алынады. Екінші жағдайда - бірнеше бүйымдардың белгісіз бір механизмде дайындалу фактісі анықталады.

• Бір,жерден шығарылу қайнар көзін анықтау үшін олардың табиғатына байланысты әртүрлі, яғни мынадай белгілер:

• шикізаттың өзіне тән белгілері;

• өндірістік-механизмдердің белгілері;

• пайдалану (сақтау) белгілері пайдаланылады.

Өндірістік механизм белгілері бұйым өндірісінің технологиялык процесін көрсетеді. Бұйымдарда мынандай механизм бөліктерінің іздері қалады - штамп, прессформа, пуансон, шапқыш -пышақ, кескіш-пышак және т.б. Мұндай құрылғылар өзінен жұмсағырақ заттар бетінде сыртқы бедерінің белгілерін қалдырады.

Нәтижесінде бұйымдарда көлемді және беткі қабатты әртүрлі іздер (қысымның, кесудің, үйкелудің іздері) пайда болады.Беткі қабатты іздер бұйымдарды таңбалайтын трафареттерден (темекідегі жазулар, электршамдарының шыны сауытындағы белгілер т.б.) калады. Пайдалану кезінде өндірістік-механизмдердің жұмыс бөліктері кейбір

өзгерістерге үшырайды: бөлшектері ауысады, ескіріп-тозады, ұшталынады. Бұған сәйкес бүйымдарда бейнеленетін кейбір белгілер де өзгереді, бұл жағдайлар зерттеу кезінде ескеріледі және ізделініп отырған топтың таралуына мүмкіндік береді.

Әрі қарай топтастыру кезінде бірге сақтау және пайдалану белгілері қолданылады: ластану, ортақ бүлінулердің болуы және т.б.Егер зерттеу кезінде бұйымның нақты бір өндірістік механизмде (агрегат, станок) жасалу фактісін анықтау қажет болса, онда маманға осы агрегаттың бұйым үлгілері берілуі тиіс. Оларды идентификацияланатын объектінің шығу уақытымен сәйкес келетін топтан алу керек.

 

§ 4. Құлыптар мен бекітетін кұрылғатарды зерттеу

 

Бұл тарау трасологиялық зерттеу бөліміндегі тараулардың ішінде жоғарыда қарастырылып өткен бұзу құралдарының іздерін зерттеу тарауына мазмұны жағынан жақын болып келеді. Беріліп отырған категорияға - құлыптар және бекітетін қүрылғылар, сондай-ақ жаппай өндірістік бұйымдар, заттар жатады.

Құлыптар әртүрлі конструкциялардан тұрады, соған байланысты олар төмендегідей негізде топтастырылады:

• жабылатын объектіге орналасу тәсіліне байланысты - тұрақты (ойып орнатылған) және алынатын (асіталы, ілінетін);

• тағайындау мақсатына байланысты - жалпы типтегі құлыптар (есікке, жиьазға салынатын) және арнайы құлыптар (сейфке, автокөлікке арналған);

• бекітілетін құрылғының құрастырылуы бойынша - серіппелі, сувалды, цилиндрлі, бұрандалы, шифрленген жүйемен жабылатын.

Құлыптың негізгі деталі - ригель болып табылады, ол құлыпқа ысырма сияқты әсер етеді. Тұрақты құлыпта ригель қорабы арқылы жылжиды және жапқан кезде есіктің жармалары немесе есікпен оның қорабының туйісу арқылы жабылады. Ілмелі құлыптарды жапқан кезде ригель имектің (доғаның) бір немесе екі жағынан ілініп қорабының ішінде оны ұстап тұрады.

Сараптамаға құлыппен қатар бөгетті кедергіні бұзуға (немесе ашуға) қолданылуы мүмкін деген заттар мен құлыптардың кілттері жіберіледі.Құлыптың ашылуы ригельдің жылжуы арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс жасау кезінде құлыпты екі жолмен ашады: қілтпен ашады немесе бұзады. Кейде құлыпты ашудың екі тәсілі де қолданылуы мүмкін.Құлыпты ашу үшін - кілттер, желбезектер, басқа да заттар іріктелініп алынады.

Ашу кезінде төмендегідей үш негізгі тәсіл қолданылады:

• құлыптың саңылауы арқылы құлыптың механизміне тікелей әсер ету; мұндай әрекеттер іріктелініп алынған кілттер, желбезектер, басқа да заттармен жүзеге асырылуы мүмкін;

• ригелые сыртынан әсер ету жолымен ашу; бұл тәсілді колдану кезінде қатты тегіс заттар арқылы ригельдің шығып тұрған бөлігіне қысым жасалынады;

• есіктің ішкі жағындагы құлыпында қалған кілтті бұрап жылжыту жолымен ашу; кілттің ұлын сыртқы жақтан арнайы қысқышты қолдану арқылы тартып іліп алу жолымен ашылады.

Құлыпты ашу мен құлыптың ішкі және сыртқы беттеріндегі іздердің қалдырылу тәсілдерін зерттеу арқылы қылмыскерлер жөнінде бірқатар қылмыскер құлыптың құрылысын жақсы білетіндігі, құлыпты ашуға байланысты тэжірибелік дағдылығының бар екендігі, құлыпты ашуға қолданған (кілт, жезбезекті кілт, басқа да) заттар жөніндегі мән-жайларды анықтауға болады.

Құлыпты бұзу, оны бекітілген жерінен ажыратып алу немесе құлыпты растай сындыру жолымен жүзеге асырылады. Егер құлып орнатылған жерінен ажыратылып алынса, онда негізгі көңілді - бұзу құралының ізіне аудару қажет. Мұндай іздер аралап кесу, қысу, бұрғылау іздері болуы мүмкін.

Аспалы құлып бүтіндігінің бұзылуы, оның қорабының бұзылуы (қорабтың біріктіріп қосатын - шегесін кесіп тастау, қақпақтарын ажырату); құлыптың имегін аралап кесу; шегеден имекті жүлып алу нәтижесінде болады. Барлық жағдайларда құлыптың бөлшегінде және кұлып орнатылған есікте - бөлшектеу, кесу, қысу, жаншу іздері қалады. Бұзылған құлыпты қарау негізінде оны ашу механизмі анықталады. Соның негізінде іздер табылады және кейінгі табылатын бұзуға қолданылған басқа да құрал түрлерін анықтау үшін табылған іздер бекітіледі.

Бруға қолданылған құрал-саймандарды тауып алу және зерттеу үшін қрыпты қараумен қатар, ол орналасқан есіктің, ғимараттың және жергілікті жер учаскілеріне толығымен қарау жұмыстары жүргізіледі. Содан соң құлыппен табылған іздер детальды фотосуретке тұсіріледі.

Қарау хаттамасында құлыпты сипаттау кезінде - оның формасын, өлшемін, жасалған материалын (металдың түсін), маркіленген белгілерін (зауыттың белгісін), құлыптан қандай іздер табылғандығын, олардың формасын, өлшемін, орналасқан жерлерін бейнелейтін мән-жайлар жазылуы тиіс.

Құлыппен бірге оның бөлшектері, үгінділері және т.б. алынады.

Құлыптың механизміне ешқандай артық әрекеттер жасауға болмайды, себебі ол кейіннен сараптық зерттеу жүргізуге кедергі келтіретіндей құлыптың күй-жайының өзгеруіне және басқа да жаңа (бөгде) іздердің пайда болуына әкеп соқтырады.

Трасологияда келесідей мәселелер шешіледі:

• құлып қандай тәсілдерді қолданып ашылған (немесе бұзылған), ұсынылып отырған құлып бір ғана тәсілді қолдану арқылы бұзылды ма?

• құлып қандай құрал тобымен бұзылған?

• құлыптағы (жабылатын қүрылғыдағы) іздер қолдан жасалған кілт немесе жезбезекті кілтті пайдалану нәтижесінде қалған жоқ па?

• құлып бұзған кезде қандай күйде (ашық, жабық) болды?

• ұхынылып отырған құлыпта жөндеу жұмыстары жасалған ба, жасалмаса оның жұмыс істемеу себебі неде, ол жауып кетуге жарамды ма?

• құлып пайдаланылған ба?

• құлыпты басқа бір құралдармен немесе заттармен (шеге, сым-темір және т.б.) ашуга бола ма?

• келтірілген зақымға қарамастан құлып жұмыс істей ме? Сақтандырылатын құрылғы пломбылары да

трасологиялық объект болып

табылады. Пломбыларды қоймалардың, вагон, контейнерлердің есіктеріне. қымбат ішіктерге, кілемдерге және т.б. іледі. Пломбалар қорғасыннан. қаңылтырдан, пластмастан, алюминийден және басқа да материаддан жасалады.

Пломбыны қарау кезінде хаттамаға оның: формасы, өлшемі, қандай материалдан жасалғандығы; ондағы барлық белгілер мен таңбалары бекітіліп жазылады. Пломбыны ашу мен оны қайтадан екінші рет ашу кезінде түскен жаңа (қыспа) іздеріне ерекше көңіл бөлінеді, бұлар сымдар (бечевкалар) өтетін тесіктердің кеңеюі және өзге де батқан, жаншылған, сызылған және т.б. зақымдар болуы мүмкін. Сонымен қатар, қылмыскерлер Ііломбаны қайтадан орнына ілген кезде қолданылған пломбаны қысатын заттардың іздері табылуы мүмкін. Қылмыскерлер төсем қолданғанда іздер көрінбеуі немесе нашар көрінуі мүмкін. Сымдарды қарау кезінде оның материалы, жуандығы, оралымының саны анықталады, оны қайтадан қосқан, жабыстырылған, айналдырылған жерлеріне көңіл бөлінуі қажет. Сымда сырғанау іздері болуы мүмкін.

Іздерді қарау және алу кезінде пломбы іздері ұзартқыш сақиналары қолданылып фотосуретке түсіріледі.

Хаттамаға бекітіліп және фототүсірілім біткеннен кейін пломба алынады. Пломбыдағы іздерге зақым келтіріп алмас үшін сымын бөлшектеп, кесіп алады. Алынған пломбылар, ұқсас материалдардан жасалған (зерттеу жүргізу үшін алынған үлгілер) пломбылар, сымдар, пломбирлар және қолданылған басқа да құралдар сараптамаға жіберіледі. Трасологияның шешіміне келесідей сұрақтар қойылады:

• пломбыдағы іздер пломбирге бірінші рет әсер етуге қатысты емес механикалық ықпалдардың нәтижесінде пайда болды ма, әлде бұл іздер пломбирдің екінші рет әсер етуінің нәтижесінде пайда болды ма?

• пломбыдағы іздер оны ашу кезіндегі әрекеттердің нәтижесінде қалған жоқ па?

• пломбының ішіндегі сым зақымдалған ба, әлде зақымдалмаған ба?

• пломбының бүтіндігін бұлбай сымды бөліп алуға бола ма?

• пломба құралдың қавдай тобын қолдану арқылы ашылған; пломба ұсынылып отырған құ-ралмен ашылды ма, (ашылған жоқ па)?

• ұсынылып отырган екі (немесе бірнеше) пломбыдағы таңбалар бір пломбир таңбасымен жасалған ба?

• зерттелетін пломбының беткі байланыс қабатындағы әріптік және сандық таңбалардың мазмұны қандай?

• пломбының беткі қабатындағы із ұсынылып отырган пломба формасынан қалған жоқ па?

Сараптама процесінде пломбыны ашу және ондағы іздерді зерттеудегі мән-жайларды анықтау үшін ол кесіліп алынады. Сарапшы қажетті оптикалык құралдарды пайдалана отырып, оның ішкі каналының беткі қабатына жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных