Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көлік кұралдарының іздері




Көлік құралдарының іздері көліктік трасологиямен зерттеледі, оларға төмендегілер жатады:

• қозғалатын бөлшектердің іздері;

• көлік құралдарының сыртқа шығып тұратын бөлшектерінің іздері;

• көлік кұралдарынан бөлінген бөлшектер мен детальдардың іздері.

Көлік құралдарының іздері жол-көлік оқиғасын тергеу, сондай-ақ көлік құралдарын қылмыстың құралы ретінде қолданған кездерінде де зерттелінеді.

Көлік кұралдары іздерін зерттеу арқылы көліктік трасологиядағы идентификациялық және диагностикалық мәселелерді шешуге болады. Қозғалатын бөлшек іздері және шығып тұрған бөлшектері бойынша, одан бөлінген детальдары мен бөлшектері бойынша көлік құралдары идентификациялануы немесе бір топқа жататындығы анықталуы мүмкін. Сонымен қатар, диагностикалық мәселелер де шешіледі. Мәселен, болған оқиғаның механизмімен байланысты: қозғалу жүйесі мен бағыты, соғысқан (басып кеткен) жері, түйіскен жердің бұрышы мен сызығы және басқа да жағдайлар анықталады.

Қозғалатын бөлшектердің іздеріне рельссіз көлік құралдарының (автокөлік, мотоцикл, трактор, арба мен шаналардың) іздері жатқызылады. Дөңгелек іздері айналу және сырғу арқылы түседі. Бірінші іздерге дөңгелектін айналуы мен дөңгелекті тежеу арқылы және құмға, сондай-ақ басқа да батып қалу кезінде пайда болатын іздер, ал екінші жағдайда іздер тежеу процесінде дөңгелектердің толық тоқтап қалғаннан кейінгі олардың сырғанап барып түсетін іздері жатады. Қатынасқа түсетін объектілердің өзіндік қасиетіне байланысты іздер -козғалатын бөлшектердің іздері беткі қабатты және көлемді іздер болып бөлінеді. Беткі қабатты іздер - қабатталу (автокөлік дөңгелегі судан, шалшықтан өтіп құрғак асфальт беттерінде қалдырған) іздері және қатпарлану (балшықта қалған) іздері болып белінеді. Қабатталу іздері позитивті (боялған сыртқа шығып тұрған бөлшектерінен қалған) іздер және негативті (дөңгелек протекторларының арасында қалған батпақ) іздері деп екі түрге бөлінеді. Дөңгелекпен қатынасқа түсу нәтижесінде өзгеріске үшыраған (құм, лай, топырақты жерлер) іздер көлемді болып табылады.

Қозғалатын бөлшектерден қалған іздер арқылы көліктің қозғалыс бағытын, жағдайын (тежеу, токтату); көлік құралының түрін, моделін аныктауға, ал кейбір жағдайларда оларды идентификациялауға болады.

Артқы қосарланған дөңгелектердің болуы, болмауы арқылы, сондай-ақ автокөлік базасының көлемімен, сорап іздердің ені арқылы жүк таситын және жеңіл көлік құралдарын ажыратуға болады.

Сорап ізінің ені - дөңгелектің артқы оң және сол жақтарындағы іздерінің ортасындағы сызықтарынын арақашықтығы. Түзу бағытта қозғалған автокөлік іздерін зерттеген кезде алдыңғы дөңгелек іздерін артқы дөңгелек іздері толық немесе жартылай басатынын ескеру қажет. Алдыңғы дөңгелек іздері көлік бұрылған жағдайларда зерттелінеді. Автокөлік базасы - алдыңғы және артқы дөңгелек остерінің арасындағы арақашықгығы. Базаны көлік құралдары дөңгелектерінің бұрылыс кезіндегі іздері және статикалық іздері бойынша анықтауға болады.

База, сорап іздері арқылы - автокөліктің түрі анықталады, ал моделі протектордың жүргізу бөлігінің ені, протектор өрнегінің суреті, дөңгелектің сыртқы диаметрі арқылы анықталады. 29-суретте қозғалыс багытының


белгілері көрсетілген: 1-жылдам қарқынмен жүріп өткен дөңгелек іздеріндегі протектор бейнесінің бұрылу бағыты; 2-іздердің жанындағы шаң-тозандардың орналасуы; 3-басып өту кезінде сынған таяқтың (ағаштың) орналасуы; 4-топырақты басып өту кезіндегі тастың айналасындағы саңылаулардың орналасуы; 5-бұрылыс кезінде айырылысу бұрыштары (а) мен қосылу бұрыштарының (б) қатынасы (а>б); 6-із түбінің бедері; 7-көлік құралынан тамған сұйық заттардың тамшылары. Жылжу бағыты стрелкамен көрсетілген (барлық жағдайларда). Протектордың жүргізу бөлігінің ені - суреті айқын бейнеленіп түскен учаскілердің бір шетінен екінші шетіне дейінгі арақашықтықты өлшеу арқылы анықталады. Ізде қалған протек­тор өрнегінің бейнесі суретке түсіріліп, оның барлық элементтері өлшеніп, хаттамаға бекітіледі. Содан кейін мамандардың көмегімен көлік қу-ралы қандай моделые жататындығы анықталады. Барлық белгілерді бағалау арқылы алын-ған мәліметтер көлік құралдарын іздестіру кезінде қолданылады. Протектордың ақау белгілері арқылы да көлік құралдарын идентификациялауға болады.

Оқиға болған жерден көлік құралдарының табан шынжырының (гусениц) қозғалыс іздері табылған жағдайларда, сорап іздердің (табан шынжыры мен сорап іздерінің арақашыктық) ені өлшенеді және бекітіледі.

Көлік құралының қозғалатын бөлігінің іздері адам аяғының іздерін алу сияқты әдіспен бекітіледі. Іздер сызықты панорамалық тәсілді колдана отырып фотосуретке түсіріледі. Протектор суреттерінің барынша анық көрінетін учаскелерін жеке-жеке фотосуретке түсіру қажет. Барлық фототүсірілімдер масштабты сызғышты қолдану арқылы жүзеге асырылады. Протектордың жекеленген белгілерін анығырақ бейнелейтін учаскелерден гипсты қалып жасалынады.

Егер көлік құралының қозғалатын бөлігінің іздері жәбірленушінің киімінен табылған жағдайда, онда ол бірнеше рет фотосуретке түсіріледі. Іздердің орналасқан жерін айқын көрсету үшін фотосуретке алдымен киімді толығымен түсіру керек. Содан соң киімді қыртыстануынан жазып, іздің жанына қатарластырып масштабты сызғыш қойып іздің өзін фотоға түсіреді.

Оқиға болған жерден алынған көлік құралының қозғалатын бөлшегі іздерінің қалыптары мен фототүсірілімдері сараптамалық зерттеулерге жіберіледі.

Трасология арқылы келесідей сұрақтар шешіледі:

• із қандай модельді дөңгелектен қалған?

• оқиға болған жерде қалған көлік құралы іздерінің типі (маркасы, моделі)қандай?

• көлік құралынан қалған іздер қай бағытқа қарай қозғалған?

• бұл іздер ұсынылып отырған дөңгелектің ізі ма, жоқ па?

• жәбірленушінің киімінде қалдырылған іздер қандай дөңгелекпен (алдыңғы, артқы, оң жақ, сол жақ) қалдырылған?

Егер көлік сараптамасының мәселесі нақты бір (белгілі) көлік құралының қозғалатын бөлшегінің іздері бойынша тендестіру жасалған жағдайларда, олардың деңгелектеріне немесе қалыптарына (іздердің үлгілеріне) салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін қажетті материалдарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Зерттеуге дөңгелекті барлық жабдықтарымен жинап толық ұсынған жөн. Бірақ кейбір дөңгелектің көлемінің улкендігі мен салмағынын ауырлығына байланысты, оны зерттеуге толық құрамда жіберуге барлық уақытта мумкіндіктер бола бермейді. Көлік құралдарын жүргізген кезде олардың дөңгелектеріндегі идеитификациялық жеке белгілер жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан да сараптамаға көлік құралдарының өзі емес, оның дөңгелектері немесе олардың үлгілері жіберіледі.Зерттеуге жататын үлгілер: көлемді және беткі кабатты іздердін сипатына байланысты алынады. Көлемді іздер алу үшін көлік күралдарының дөңгелегінің жалпы және жеке белгілерін бейнелену мүмкіндігінше (мысалы: ылгал қүмда) оның дөңгелегін құмда шапшандық жылдамдығын азайта отырып айналдырып жургізеді. Сөйтіп дөңгелектің 2-3 бұрылым ұзындықтағы іздері алынады. Бұдан кейін алынған іздер мұқият қаралып окиға болған жерді қарау кезінде алынган қалыптагы белгілерге ұқсас белгілері бар екі учаскісі іріктеліп алынады. Экспериментальды іздердің осы учаскелерінің гипстік калыптары жасалынады.

Егер зерттелінетін іздер беткі қабатты болса, экспериментальды үлгілер де беткі қабатты болуы тиіс. Ол үшін оқиға болган жерде бекітілген белгілерге ұқсас белгілері бар дөңгелек учаскесіне бояғыш заттарды жағып көшірмесін алады. Арнайы бояуды резеңкелі білік арқылы дөңгелек учаскесіне жағады.

Қарау кезінде сәйкес учаскелері анықталмаған жағдайларда барлық дөңгелектердің іздері алынады. Дөңгелектің екі-үш айналған кездегі іздерін алган жөн (дұрыс).

Оқиға болған жерден табылған детальдар мен бөлшектер көлік құралын іздестіру және оны идентификациялау, сондай-ақ нақты оқиға болған (соғысқан, басып кеткен) учаскені анықтау үшін пайдалы.

Оқиға болған жерде қалган объектілер келесідей бейнеде сипатталып топтастырылуы мүмкін:

• көлік құралы әйнегінің, фар әйнегінің сынықтарының және басқа да әйнектерінің құрама бөліктері;

• лак, бояу қабаттарының бөлшектері;

 

• көлік құралы бөлшектерінің бөлігі;

• жеке тораптарының құрама бөліктері немесе тіреуіш детальдары.

Фар және басқа да сынықтарды зерттеу арқылы көлік құралының моделін, типін, маркісін анықтауға болады. Көлік кұралдарынан бөлініп қалған лак және бояу қабаттарының бөлшектері оның түсін анықтауға және бұл мәліметтерді іздестіру жұмыстарына пайдалануға, сонымен қатар, көлік құралы табылғаннан кейін трасологиялық және материалтанушылық сараптама жүргізуге мүмкіндік береді.

Көлік құралы бөлшегінің сыныктары ретінде көбінде оқиға болған жерден табылған автокөліктің сыртына орнатылған (сыртқы жағындағы айналарының, антеннасы, қырывдағы қосымша фарының, тұтқаларының, бампері және т.б.) детальдары бейнеленеді. Бөлініп қалған детальдар арқылы көлік құралдарының моделін анықтауға болады. Көлік құралының түрі аныкталғаннан кейін одан бөлініп қалған бөлшектер бойынша тендестірулер жүргізіледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных