Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде




Қандай да бір әдіспен мазмұнды мәліметтер жөнінде жазылған объектілер қрсат болып табылады. Олар жазба құжаттары, кино, фото және электрондық болып бөлінеді.

Құжаттар - мелшері, пішіні, материалдардың түрлері, корғау әдістері, мәтіні, қолтаңбасы, мөртаңбалары бойынша және бұрыштамалардың болуымен сипатталады. Кәсіпорындар мен мекемелер атынан берілетін көптеген ресми қрсаттардың міндетті элементтері белгілі бір мемлекеттік стандарттарға және нұсқауларға сәйкес болуы керек. Ресми емес құжаттардың элементтері олардың қолдануына байланысты анықталады. Кейбір жағдайда қылмыстық процеске тусетін құжаттар, бір элемент - «мәтіннен» ғана тұрады.

Тәжірибеде кездесетін құжаттарды келесідей түрлерге бөлуге болады: тағайындалуы бойынша (қандай да бір фактілер мен құқықты куәландыратын және белгілі бір мәліметтерден тұратын құжаттар, мысалы: анықтамалық сипаттағы); шығу тегі бойынша (мемлекеттік мекемелерден шығатын, ресми және жеке тұлғалардан шығатын - ресми емес); дайындау тәсілі бойынша (қолмен, машинкамен, компьютермен жазылған, баспаханалық, құрама, жеңіл баспаханалық құралдармен дайындалған және фотосурет көмегімен жасалған); шығу кезектілігі бойынша (түп нұсқа және көшірме).

Кейбір жағдайда сараптамаға құжаттық емес сипаттағы объектілер де түседі (жазулары бар бөшкелердің ағаш қақпақтары, тақтай бөліктері, жәшіктердің бөлшектері, маталар, металдан жасалған пластиналар). Аталған объектілерді құжаттардың нақты түсінігі бойынша құжаттарға да, олардың жасалу әдісіне де жатқызуға болмайды. Бұл объектілер құжаттардың криминалистикалық сарап-тамасында зерттеледі, өйткені құжаттарды жеке зерттеуге арналған әдістер құжаттық емес сипаттағы объектілерді зерттеген кезде жақсы нәтиже береді. Қрсаттар қылмыстың құралы болған немесе қылмыстың іздерін сақтап қалган немесе қылмыстық әрекеттің объектілері болған жағдайда Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарына сәйкес заттай дәлелдеме бола алады.

Заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттар Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес қарау хаттамасында толық сипатталып жазылып, мүмкіндігінше суретке түсіріліп және іске тіркелуі керек. Қандай да себептерге байланысты қрсаттар қылмыстық істе сақталына алмаса, олар міндетті түрде суретке түсіріледі, буып-түйіледі, мөрленеді және анықтаушы, тергеуші, сот көрсеткен жерлерде сақталады.Егер оқиға болған жерді қарау, тінту және т.б. да тергеу әрекеттерін жүргізу барысында құжат табылып, оған қарау әрекеті жүргізілмеген немесе құжатты тергеушіге - сезікті, айыпкер, жәбірленуші немесе куә ұ-сынған жағдайда қүжаттарға жеке тергеу қарауы жүргізіледі.

Тергеушіден алынатын құжаттар, яғни заттай дәлелдемелердің бұзылып, зақымдануынан немесе қандай да бір өзгеріске ұшырауынан сақтауға барлық шараларды қолдануын талап етеді. Мұндай қүжаттарды іске тігуге болмайды, олар бүктеме сызығы бойынша бүктеліп, жеке конвертте сақталады. Ескірген және жыртылған қүлсаттарды кағаз беттерінің астыңғы жағына жабыстыруға, кыстырғышпен қысып қоюға, қарындаш, каламсап немесе үшкір затпен оларға белгі салуға болмайды. Көне (ескірген) және жанған (өртенген) құжаттарды мүмкіндігінше екі әйнектің арасына салып сақтау қажет.

Қүлсаттарды сараптамаға жібергенде оларды таза қағаздың арасына қойып тығыз конвертке салу ұсынылады.

Құжаттарды қарауды екі кезеңге бөлуге болады: біріншісінде - қайшы-лықтардың болу мүмкіндігін анықтау мақсатында қүжаттардың мазмұны зерттелінеді, ал екінші кезеңде - оның қандай да бір өзгерістерге үшыра-ғандығы анықталады.

Қүжаттың мазмүлындагы қайшылықтар, оның жекелеген реквизиттерін салыстыру жолымен анықталады. Атап айтқанда: бланктерін, мөр және мөртаңбаларын, құжатты беру және бланкті дайындау мезгілдерін. Құжаттағы қайшылықтар, дұрыс дайындалған құжат үлгісімен салыстыру арқылы ғана анықталады. Егер құлшт бірнеше данадан жасалған болса, олардың барлығын салыстыру қажет.

Бухгалтерлік құжаттарды қарау кезінде оған байланысты құжаттармен салыстырып, ондағы сандық мәліметтерге арифметикалық тексеріс жүргізу қажет.

Құжаттардың мазмұнын зерттеу кезінде - берілген мезгіліне көңіл бөліп, оларды күнтізбемен ал, кейбір жағдайда құжатгарды беру орныменен салыстыру қажет.

Құжаттың мазмұнын мұқият талдау арқылы қү-жатта берілген және көпші-лікке танымал фактілер арасында, сондай-ақ істің нақты жағдайларындағы қайшылықтар анықталуы мүмкін.

Құжаттың мазмұнын зерттеу барысында интеллектуалдық және материал-дық жалғандық анықталады. Қүжаттағы материаддық жалғандықты, құжаттың мазмұнындағы өзгерістерді куәландыратын белгілерді анықтау үшін тергеуші қолда бар барлық техникалық қү.ралдарды (лупаларды, инфрақызыл және ультракүлгін сэулелердің көздерін өлшеу құралдарын, жарықфильтрлерді, электрооптикалық құралдарды) пайдаланғаны жөн.

Құжаттар шашыраңқы жарық, сондай-ақ тік және қиғаш түсетін бағыттағы жарық арқылы зерттелінеді.

Баспа мәтіндерін, мөр және мөртаңбаларын қарау кезінде сызғыш, циркуль өлшеуіштерін пайдалану тиімді. Олар әріптердің өлшемдері мен (биіктігін, енін) олардың арасындағы арақашықтығының айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік мөр-бедерлік шеберханада дайындалған мөр мәтініндегі әрбір сөздегі әріптердің арақашықтығы бірдей, ал дөңгелек мөрді бойлаған осьтер шеңбер радиусы бойынша орналасады. Құжаттарды қарау жағдайлары мен нәтижелері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарына сәйкес хаттамада; қрсатгың атауы, оның нөмері, берілген күні, кімнің атына берілгендігі, қрсатгың өлшемдері, оның жиектерінің (шетгерінің) сипаты, жыртылған жерлерінің, дақтарының, бүктеулердің болуы, қүжатты дайындауға қолданған материалдардың тұрлері (қағаздың түсі мен тығыздығы, бояғыш заттардың түсі), транскрипцияның, қолтаңбалардың және мер мен мөртаңбалардың орналасуы, қарау кезінде анықталған жалғандық белгілер сипатталып жазылады.

Хаттамада карау кезінде қолданылған техникалық құрал-жабдықтар, оларды қолдану шарттары мен тэртібі, техникалық құралдар колданылған объектілер көрсетіледі. Қарау барысында табылған құжат және құжаттың белгілері фотосурет әдістерімен де бекітілуі мүмкін.

Тергеушіге құжаттарды қарау, бекіту және алу кезінде, әсіресе, электрогра-фиялық көшірмелерді, құжаттық емес

сипаттағы компьютермен теріліп принтерде басылған құжаттарды, ерекше жағдайларда мөртаңбалары басылған құжаттарды т.б. қарау кезінде мамандар үлкен көмек көрсетеді.

Құжаттарды криминалисткалық зерттеудің үш түрі қарастырылады:

1. қолжазуды криминалистикалық зерттеу (қолжазбатану);

2. мәтін авторын криминалистикалық зерттеу (автортану);

3. құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу.

Қолжазуды криминалистикалық зерттеудің міндеті қолжазбаны орындау-шыны немесе оның қасиеті мен қолжазуды орындау кезіндегі хал-күй жағдайын (жынысын, жасын, жеке және кәсіптік ерекшеліктерін, мае болу жағдайын т.о.) аныктау болып табылады.

Криминалистикалық автортанудың міндеті қолжазба не баспа мәтінінің авторын анықтау.

Техника-криминалистикалық зерттеудің мақсаты тергеуге маңызды қрсатгың алғашқы мазмұнын өзгертудің және қүжатты дайындаудың әдісі мен жагдайларын анықтау. Осы аталған міндеттерді шешу үшін арнайы гылыми білімдерді және криминалистикалық әдістеме негізінде әртүрлі ғылым саласындағы әдістерді қолдануды талап етеді. Құжаттарды криминалистикалық сараптаудың пэніне құжаттың түп ңұсқасын немесе жалғандығын анықтау жатпайды. Бұл құқықтық мәселе болып табылатындықтан, оны тек қана тергеуші мен сот шешеді. Қүжаттардың Іфиминалистикалық сараптамасы - анықтама өндірісінде, алдын ала тергеуде және қылмыстық істер бойынша сот талқылауында және істерді азаматтық процесте қарау кезінде тағайындалады. Егер де ұсынылған құжаттың түп нусқасына күмән келтірілетін жағдайлар туындаса, мұндай сараптаманы тағайындау құқығы мемлекеттік нотариусқа және нотариалдық әрекетті жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға (мемлекеттік нотариат туралы заң) беріледі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных