Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






В. Функционалдық (динамикалық) белгілер.




Дене бітімі. Ол әртүрлі болуы мүмкін (дененің, бастың және қолдың қалыпты жағдайы). Дененің орналасуы бойынша дене бітімі еркін, ширақ және бос болады. Дене бітімін қолдың қалыпты жағдайы да сипаттайды: біреулер қолын қалтасында ұстауды әдет қылады, кейбіреулер бүйірін таянып жүреді, қолын бос ұстайды, қолын артына және алдына ұстап жүреді, сондай-ақ, киімнің төменгі жақ үшын ұстап жүретіндер де кездеседі және т.б.

Жүріс-тұрысы. Жүріс-тұрыс адамның жүру кезіндегі әдеттегі қимылының ерекшелігін білдіреді, және жай, тез, жеңіл, ауыр, нық, қисалаңдап және теңселіп жүретін, секіріп жүретін, адымның ені мен ұзындығы бойынша үлкен және кіші, өкше бұрылысының үлкен және кіші болуы, қолды сілтіп немесе сілтімей жүруі мүмкін.

Ақсау кезінде қай аяғына қарай және қаншалықты қатты ақсандайтындығы көрсетіледі. Оның таяқты, балдақты, имек таяқты пайдалану немесе пайдаланбауы көрсетіледі.

Жұлқынып сейлеу. Сөйлеумен бірге жүретін іс-қималдар жиынтығын білдіреді. Ол негізінен сөзді мәнерлеуді күшейту мақсатында жасайтын колдың қимылдары мен, сөйлесу кезінде адамның басының немесе барлық денесінің әдеттегі қалыптасқан іс-қимылымен сипатталады.

Ым. Бет бұлшық-етінің әдеттегі қимылы. Өте дамыған және керісінше дамымаған болуы мүмкін. «Ауызша суреттеудегі» ымдау ерекшелігі нақты керсетіледі: мысалы, қабағын түю, маңдайын тыжырайту, ернін тістеуі, ауызын қисайту, көзін жұму, қабағының астымен қарау және т.б.

Дауыс. Ырғағы бойынша, күші, ашықтығы, жоғарғылығы бойынша ерекшеленеді.

Сейлеу мәнері. Сипаттау кезінде оның келесідей ерекшелігі көрсетіледі: жәй, жылдам, қалыпты, қозып, бөліп-бөліп сөйлеу, нақты, анық немесе анық емес, сөйлеу ақаулығы (кекештеніп, сақауланып және т.б.) белгілі бір акцентпен, белгілі бір жергілікті диалектімен, (мысалы, күрсіну), интонация, фразеологиялық және лексикалық ерекшеліктері.

Белгілі бір әрекеттерді орындау әдісі. Функционалдық белгілердің тобына белгілі бір әрекеттерді орындаудың көптеген стереотиптік ерекшеліктері де жатқызылады. Мысалы, темекі тарту әдеті, оны ұстап -өшірудің әдеті, амандасудың, шаш түзеудің, күлудің, бас киімді киюінің және т.б. әдеттер.

Адамның сыртқы бейнесінің функционалдық белгілері де идентификациялық мәнге ие және қылмысты ашу кезінде оларды ескеру керек. Белгілі бір адамдар қалыптасқан әдеттегі іс-қимылдың стереотиптері адамдарды тендестіру міндетін қатесіз шешуге мүмкіндік беретін тұрақты идентификациялық жиынтық болып табылады. Бірақ анатомиялық белгілерге қарағанда сыртқы бейненің функционалдық белгілері оларды қабылдау кезінде (мысалы, оқиға болған жерден кетіп бара жатқанда қылмыскер ақсақ адамның жүрісін келтіреді, дауысын өзгертуі мүмкін және т.б.)- Сондай-ақ, тұлғаны тану үшін ұсыну кезінде де оңай өзгеруі мүмкін.

Г. «Ерекше белгілер» және көзге бірден түсетін белгілер.

Бұл бірден есте қалатын, көзге айқын көрінетін белгілер. «Ерекше белгілерге» аз кездесетін және тұрақтылығымен ерекшеленетін әртүрлі анатомиялық және функционалдық ауытқулар жатады. Анатомиялық ерекше белгілерге - дене бітімдерінің, оның мөлшерінің сәйкес келмеуі, түсіндегі ауытқулар, тыртықтар және басқа да бірден көзге түсетін дене құрылысындағы анатомиялық кемістіктер, аяқ-колының кысқа болуы, омыртқаның қисаюы, бүкірдің болуы, қалдың, меннің болуы, ісіктер мен күстің болуы, терінің ерекше болуы, сондай-ақ олардың жекелеген түрлерінің боялуы, тері ауруларының болуы, татуировка жатады.

Функционалды «ерекше белгілерге» - адамның денесінің жекелеген бөліктерінің қалыпты жағдайы мен қимылының ауытқулары жатады: ақсаңдау, жүру кезінде тек қана бір қолын сілтеп жүру, бет бұлшық еттерінің жыбырлауы, сөйлеу кезінде әртүрлі ақаулардың (дефектінің) болу (кекештену және т.б.) белгілер.

«Көзге бірден түсетін белгілер» - де анатомиялық және функционалдық сипатта болуы мүмкін. Оларға функционалдық белгілер (жүру кезінде қолды сілтеудің ерекше тәсілдерінің болуы) және көзге тез түсетін дененің ашық бөліктерінде орналасқан анатомиялық белгілер (өте үлкен мұрын, еріннің қосарлануы және т.б.). Ерекше белгілер мен көзге тез түсетін белгілер оның табылған жері бойынша, көрініс табу деңгейі бойынша, мөлшері, формасы, ал кейбіреулері түсі мен түрі бойынша жеке-детальді түрде сипатталады.

Татуировканы сипаттау кезінде бейненің көрінісі, жазбалар, инициалдар және т.б. ерекшелерді көрсету қажет.Киім, аяқ-киім, сақина, білезік, алқа, сырға, қолға және қалтаға салатын сағат, түтікше және т.б. тұрақсыз оңай ауыстырылатын зат болып табылатындықтан олардың идентификациялық мәні тануға ұсыну кезінде өзгеріссіз жағдайда адамда сақталғанына байланысты болады. Жеке заттардың маңызды мәні болуы мүмкін егер мүлтіксіз бақылау жағдайында олар тез кабылданып және есте тез сақталатын болса. Анатомиялық белгілерге арағанда киім және басқа да жеке заттар мүмкіндігінше детальді түрде сипатталуы қажет (әсіресе танылмаған мәйітті қарау кезінде).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных