Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Iтарау КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТАКТИКА




Қылмыстық істерді тергеу заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып, керекті дәлелдемелерді кідіртпей жинап алу үшін тергеуші занда көрсетілген тергеу әрекеггерін жүргізу ережелерімен шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде де ол осы арқылы неғүрлым көп және құлды дәлелдемелер жинап алу үшін қолайлы, ұтымды тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады.

Мұндай әдістерді қолданудың негізгі мақсаты, ол қылмыскердің қылмыстың ашылуына кедергі жасау үшін қолданып отырған айла - әрекеттерін әшкерелеп, іс бойынша объективті дәлелдемелер жинау.

Криминалистика ғылымының тергеу үстінде әрқилы ситуациялық жағдайларға байланысты қолайлы әдістер мен тәсілдерді қолдану және тергеуді ұйымдасқан түрде, жоспарлы жүргізу жөніндегі қағидаларды оқытатын негізгі бір бөлімін криминалистикалық тактика дейді.

Сонымен, криминалистикалық тактика дегеніміз - тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелілігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мүнымен қатар тергеуді үйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы.

Криминалистикалық тактиканың осы келтірілген жалпы ережелерін және түсінігін тұжырымдап, нақтылайтын болсақ, оны қамтитын тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде осы сәтте туындаған тергеу ситуациясына байланысты дұрыс, ықшамды позиция ұстауы, ситуацияға байланысты нәтижелі және тиімді тәсілдерді қолдану, тергеуді ұлымды жүргізу үшін өз жұмысын дұрыс жоспарлау.

Кейбір оқулықтарда криминалистиканың бұл бөлімін тергеу тактикасы деп те атайды. Бірақ тактикалық тәсілдердің қолданылуы алдын ала тергеумен

1 Криминалистиканың үшінші бөлімі криминалистік тактиканың кұрылымы туралы қалыптасқан бір көзқарас жоқ екенін білеміз, проф. Е.Ғ. Жәкішевтің көзкарасын ескере отырып, осы окулық авторларының ойынша болжау, жоспарлау, тергеушінің әртүрлі кызмет түрлерімен өзара байланысы ілімдерін криминалистиканың төртінші бөлімінде қарастырған дұрысырак шектелмейді. Тактикалық әдістердің көбі сот мәжілісінде де қолданылады. Сондықган тергеу тактикасы деген ұғым бұл әдістердің қолдану жүйесін толық қамтымағандықтан, бұл бөлімді криминалистикалық тактика деп атау өте орынды. Криминалистикалық тактика криминалистиканың басқа да бөлімдерімен тағыз байланысты. Айталық, криминалистикалық құрал-саймандарды тергеу ұстінде қолданып, пайдалану ерекшеліктері әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Жаңа криминалистикалық құрал-саймандар пайда болса, оларды тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолдану әдістері криминалистикалық тактикада қаралады. Сонымен қатар, тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдер тергеліп жатқан қылмыстың түріне байланысты. Жалпы тактикалық тәсілдер әр қылмыстың тергеу әдістемесінің ерекшелігіне байланысты өзгертіліп, осы қылмысты ашуға, тергеуге бейімделіп қолданылады. Мысалы, оқиға болған жерді қарау тактикасы - тактикалық тәсілдерді пайдалану ерекшелігіне, жасалған қылмыстың түріне байланысты. Айталық, жол-көлік оқиғасы болған жерді қарағанда бір тактикалық әдіс қолданылса, керісінше, басқа тактикалык әдістер ұрлық болған жерді қарау үстінде қолданылады. Сондыктан әр тергеу әрекеттерінің тактикалық тәсілдері жеке қылмыстарды тергеу әдістемесі арқылы қылмысты ашу әдісі есебінде жүзеге асады.

Криминалистикалық тактика бөліміне тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тәсілдермен бірге, тергеуді жоспарлау, тергеу үстінде тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың түрлері, тактикалық операция, тергеу ситуациясы деген сдоақтар да кіреді.

Криминалистикалық тактиканың ең бір негізгі, түйінді сұрактарының бірі -ол тактикалық әдіс.

Жоғарыда айтқандай, тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізгенде алдына қоятын негізгі мақсаты - тергеуді жүргізу арқылы неғүрлым көп және құнды дәлелдемелер жинау, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру. Қойылған мақсатқа жету үшін әр тергеу әрекетін жүргізгенде тергеуші нақтылы туындап тұрған тергеу ситуациясына орай қолайлы, тиімді әдістер, заңға сыйымды айла-әрекеттер қолдану арқылы объективті және толық дәлелдемелер алуға тырысуы керек. Міне, осындай тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын әдіс-айланы тактикалык әдіс дейміз. Әрине, ақылға салмай, кез келген әдістерді қолдана беруге болмайды. Сондықтан қолданатын тактикалық әдістер белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Тактикалық әдістерге қойылатын негізгі талап - оның заңға қайшы келмеуі, жеке адамның не заң тұлғаларының құқұқын бұзбауы және жалпы моральдық, этикалық қағидаларға сай болуы.

Тактикалық әдіске қойылатын талаптардың тағы бірі - тактикалық әдістің объективтігінің ғылыми тұрғыдан дәлелденгендігі, оның ғылымның бір саласына немесе логика, психология, педагогика т.б. ғылымдардың белгілі бір қағидаларына негізделуі (тактикалық әдістің гылымилық қағидасы). Осы айтылғанды тұжырымдайтын болсақ, тактикалық әдіс дегеніміз ол заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла әдістері. Тергеу әрекетінің шеңберінде қолданылатын тактикалық әдістердің бірнеше түрі болады. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туындаған ситуациялық жағдайға байланысты тиімді және ыңғайлы әдіс қолданылады. Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір сұрақты анықтауға тактикалық тәсілдердің бірнеше түрі арнайы кезекпен қолданылады. Мұны криминалистикада тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық комбинация дейді.

Тактикалык әдістердің, олардың комбинациясының қолданылуы тергеу ситуациясына байланысты екендігі жоғарыда айтылды. Сондықтан тергеу ситуациясы деген криминалистикалық санаттың ұғымына, түсінігіне токталайық. Тергеу ситуациясы дегеніміз - тергеудің белгілі бір кезеңінде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне, істің мән-жайын анықтау мүмкіндігіне байланысты қалыптасатын жағдай. Тергеу әрекеттерін жүргізудің кейбір ережелері қылмысты істер жүргізу заңында көрсетілген, сондықтан оларды тактикалық әдістер деп санауға болмайды. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай, ол занда көрсетілген ережелердің кебі тергеу тәжірибесінде пайда болып, алғашқыда тактикалық әдіс есебінде қолданылғандығы. Тіпті, кейбір тергеу әрекеттерінің өзі де басында тергеу үстінде тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Атап айтқанда, объектілерді тану үшін көрсету, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау деген тергеу әрекеттері алғашқыда тергеу тәжірибесінде жауап алудың тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Кейіннен ғана заң жүзінде бекітіліп, тергеу әрекеті есебінде жүргізілетін болды. Міне, осыған байланысты қазіргі жағдайда тергеу тәсілі есебінде қолданылып жүрген кейбір тәсілдер кейінгі мезгілде, заң жүзінде бекітілген жағдайда, олар заң талабы, процесуалдық ереже есебінде қолданылуы мүмкін. Әр тактикалық әдістің мағынасын талдасақ, оның түсінігі, табиғи негізі қай ғылымның түріне, қандай ғылыми қағидаға негізделгендігімен сипатталады. Тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдердің көбі логика, психология, педагогика, еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және басқа да ғылымдардың қагидаларына негізделеді. Айтылган ғылыми салалардың қағида-лары тергеуге, атап айтқанда, тергеу әрекетін жүргізуге бейімделіп, модифика-цияланган. Белгілі бір ғылымның қағидалары пайдаланылғандықтан, бұл әдістер-логикалық, психологиялық, педагогакалық тактикалык әдістер деп аталады. Өзінің шешетін тактикалық міндетіне байланысты тактикалык тәсілдер: танымдық, басқарушы, ұйымдық-техникалық деп үш түрге бөлінеді.

Тергеп жатқан қылмысты ашуға керекті, былайша айтқанда, криминалистикалық, дәлелдемелі ақпараттарды алуға бағытталған және осы үшін қолда-нылатын әдіс-айлаларды танымдық тактикалык әдістер дейміз.

Тергеу әрекетін жүргізу барысын дұрыс басқарып отыруға, оның нәтижелілігін арттыру үшін тиімді әдістерді қолдануға бағытталған тәсілдерді басқарушы тактикалык әдістер дейді. Мысалы, беттестіріп жауап алғанда, беттестіріп отырған адамдар айтысып, сөз жарыстырып, тергеу әрекетін жанжалға айналдырып жібермеу үшін, оларды белгілі бір кезекпен сөйлетіп, жауап алу тактикасы қолданылады. Атап айтқанда, бірінші кезекте іске керекті фактіні қолдап, дәлелдеп отырған адамнан жауап алынса, екінші кезекте осы айтып отырған фактының, оқиғаның болуын, керісінше, жоққа шығарып, айтылғанды қолдамай отырған адамнан жауап алынады.

Тактикалық әдістер тергеудің ұлымды түрде жүргізіліп, тергеудің нәтижелі болуына мейлінше қолайлы жағдай туғызуға бағытталады.

Тергеудің бастапқы, кей жағдайда соңғы кезеңдерінде туындаған ситуациялық жағдайларга байланысты тергеу және жедел-іздестіру әрекеттерін белгілі бір кезекпен жүргізу тактикалық жағынан алып қарағанда тиімді. Сондықтан тергеу жоспары жасалғанда тергеудің ұтымдылығын қамтамасыз ететін тактикалық әдістер негізге

алынады. Қылмыстық істерді тергегенде тергеу әрекеттерімен қатар жедел-іздестіру шаралары және басқа да дайындық, ұйымдастыру жұмыстары жұргізіледі. Тергеудің нәтижелі табысқа жетуі, қылмыстың дер кезінде ашылуы, іске керекті дәлелдемелерді толық жинап алу тергеу барысында жүргізілетін тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру жұмыстарын кешіктірмей дүрыс кезекпен жұргізуге тікелей байланысты. Мұнымен қатар тергеу әрекеттерін жүргізгенде, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде алынған мәліметтерді орынды және жөнді әдіспен пайдалану да тергеудің нәтижелілігін арттырады. Айтылған жұмыстарды бірі мен бірі жалғасып жатқан бүтін процесс деп есептеп, осы жұмыстардың жиынтығын тұжырымдап, оны бір ұтыммен тактикалық комбинация (операция) деп атаймыз. Кейбір оқулықтарда бұл ұғымды тактикалық комбинация деп атайды да, ал басқа біреулерінде оны тактикалық операция дейді. Бірінші айтылған оқулықтың авторлары тактикалық комбинация деген ұгымды қарапайым және күрделі деген екі топқа бөледі. Қарапайым тактикалық комбинация деп бір тергеу әрекетінің шеңберінде бірнеше тактикалық әдістердің қолданылуын айтады да, ал күрделі тактикалық комбинация деп тергеу үстінде белгілі кезекпен жүргізілетін барлық жұмыстардың кешенін атайды. Ал кейінгі айтылғанды кейбір авторлар тактикалық не криминалистикалық операция дейді. Былайша қарағанда, осы екі ұғымда да қолданылатын сөздер бірі мен бірі тепе-тең де емес, біріне-бірі қайшы да келмейді. Комбинация дегеніміз қиыстыру, қисындастыру, немесе киыстырудың айласы. Операция дегеніміз күрделі әрекет. Біздіңше тергеу үстінде жүргізілетін жұмыстарға келетін болсақ, оларды белгілі айламен қиыстырып жүргізу керек. Сондықтан бұл жұмыстарды тұжырымдап, оған толық сипат беретін болсақ, оны тактикалық комбинациялық операция деп атағанымыз дұрыс болар еді. Сонымен тактикалық комбинациялық операция дегеніміз тергеу үстінде ситуацияға байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау үшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жиынтығы және оларды белгілі кезекпен, тактикалық айламен қисындастырып жүргізу әдісі. Тактикалық комбинациялық операцияның түсінігін анықтап, айқындайтын болсақ, ол негізінен екі түрлі жұмыстардың жүргізілуімен сипатталады - тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары. Сондықтан тергеу үстінде жүргізілетін мұндай операцияның табысты және нәтижелі өткізілуі операцияны жүзеге асырушы мен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың іскерлігіне тікелей байланысты2.

2 «Тактикалык комбинация», «тактикалық операция» ұғымдарына байланысты криминалисттерде бір ұстанған позиция жоқ. Проф. Е.Ғ. Жәкішевтің көзкарасын ескере отырып, осы оқулық авторлары тактикалық комбинацияны бір процесуалдық іс-әрекет шеңберінде тактикалық әдістердің бірігуі

Қылмысты істер жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы әр қозғалған іс бойынша қылмыстың мән-жайын аныктап, жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірақ тергеуші өзінің күшімен ғана бұл занда көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондыктан тергеушінің жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың қызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бір органдардың қызметкерлеріне арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілеттігі заңда көрсетіліп, бекітілген. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде аныкталған мәліметтерді және осы органның басқа да мүмкіншіліктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырған қылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы қылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті айғақтарды толық жинап алуға болады. Қандай қылмысты тергегенде болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы бір міндет - ол қылмысты алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану. Осындай ортақ міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы, атап айтқанда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы ұйымдық тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады.

Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасының түсінігі - қылмысты істі тергегенде бір-біріне әкімшілік тұрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуга, оны сапалы тергеуге, қылмысты алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жумыстары. Бірақ мақсаттары мен міндеттері бірдей, ортақ болғанмен аталған органдардың қызметтерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Бұған бұрынғы жедел-іздестіру жұмыстары жөнінде заңда өте қысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтылған болатын. Қазір арнайы жедел-іздестіру жүмыстары жөніндегі заң қабылданғандықтан бұл органның өкілеттігі заң жүзінде толық бекітіліп көрсетілген. Заңға байланысты жедел-іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен қатар өзіне нақтылы жүктелетін міндеттері де бар. Оның ішінде негізгісі - қылмыстың белгілерін, іздерін тауып, оған қатысқан қылмыскерлерді анықтап, оларды дер кезінде ұстау. Бұл өзінің алдына заң жүзінде қойылған міндеттерді анықтама жүргізуші органдар өзінің өкшеттігіне тән әдістермен, тәсілдермен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап орындайды. Тергеуші істің кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып оны қандай әдістермен, қандай жедел-іздестіру жұлмыстарын жүргізу арқылы шешетіндігіне араласып кіріспейді.

Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың арасында екі түрлі қарым-қатынас калыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ құрып тергейді. Қарым-қатынас (техникалық, танымдық, ұйымдық), ягни бұл тергеушімен өзге де қызмет түрлерін: жедел-іздестіру сипатындағы әрекеттерді, қаржылық бақылау, аудит органдарын, кеден және т.б. кызметтерді катыстырып жүргізілетін кең көлемдегі тактикалық кешен қылмыс органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауга негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметтер тергеушінің қылмысты қозғау кезеңінде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ құрылып, оған тергеуші және қылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс-әрекеттерді нақтылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдайда тергеуші өз алдына жоспар жасап, жедел-іздестіру органдарының қызмет-керлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда көрсетілген іс-әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дэрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Анықтама жүргізуші органдар жедел-іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәліметтерді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлеріне хабарлап отыруы керек. Бір-біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым-катынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, жедел топтың жұмысы нәтижелі аяқталып, қылмыс дер кезінде ашылады. Мұны осы екі орган да өз-өзімен жеке жұмыс жасайды деген мағынада түсінбеу керек. Бір тергеу әрекетін бірігіп өткізетін де жағдай болады. Айталық, оқиға болган жерді қарау үстінде тергеуші оқиға болған жерді қарап жатқанда, анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлері қылмыскердің кім екенін анықтап, оны ұстауға, осы болған қылмысты көрген адамдарды табуға және басқа да қылмыстың мән-жайы жөніндегі мәліметтерді біліп, анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел топқа кіретін жедел-іздестіру органының қызметкерлеріне тергеуші кейбір жеңіл тергеу әрекетін өзі жеке өткізуді де жүктеуі мүмкін. Сонымен, тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының тергеу үстіндегі тұрақты қарым-қатынасы жедел топты, сондай-ақ, жалпы тергеу жоспарын құрумен және кейбір тергеу әрекеттерін бірігіп өткізумен сипатталады.

Тергеу үстінде осындай тұрақты қатынаспен бірге, көбінесе жеңіл қылмыстарды тергегенде, эпизодтық, былайша айтқанда, бір жолғы қарым-қатынас та қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстық заңға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән-жайларын жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Айталық, қылмысқа сезікті адамның тұрмыс жағдайын, кіммен қарым-қатынаста екендігін, кімнің үйіне және қай жерлерге жиі баратындығын, тағы да басқа мәліметтерді жинап беру жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне тапсырылады. Осымен қатар тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел-іздестіруші органның қызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді. Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел-іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі бұл тергеу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных