Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жауап aлy алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары




Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінің осы тергеу әрекетін өткізу алдында жүргізген дайындық жұмыстары көп әсер етеді. Куәден, жәбірленушіден, не қылмыскерден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, құжаттарды толық оқып, танысып алуы керек. Іспен толық танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында қандай мәселелерге назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге қандай сұрақ қою керек екендігін және осы сұрақтарды қандай кезекте қою керек екендігін алдын ала анықтап, белгілеген жөн.

Жауап алуға дайындық үстінде қажет адамның мінез-құлқы, моральдық және интеллектуалдық қасиеттері жөнінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, кандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта қалай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн.

Дайындық жұмыстарын өткізу барысында жауапты қай уақытта, қай күні алу керектігін шешу керек. Бұл мәселені шешкенде, жауап алуға шақырылатын куәнің денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине, егер оны біреулер өтірік жауап беруге азғырып, көндіруі мүмкін деген қауіп туса, одан уақыт өткізбей дереу жауап алған жөн. Жауап алу уақытын белгілегенде тергеуші бүған өзінің бос уақыты бар ма, жоқ па соны мұқият ескеруі тиіс. Бұрын басқа тергеу әрекеттері жоспарланған, басқа да жүмыстар қат-қабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды. Асығыс, шаршап жүргенде өткізілген шараның сапасы, әрине, төмен болады.

Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарланады. Көбінесе тергеуші жауапты өзінің жұмыс бөлмесінде алады. Кей жағдайларда жауапкердің денсаулығына байланысты жауапты оның үйіне, не ауруханаға барып алуға тура келеді. Қылмыскер қамауда отырса, тергеуші одан жауапты көбінесе сол қамау орнында алады.

Кейде айыпкерді тергеушінің талап етуі бойынша, қамау орнының әкімшілігі тергеушінің жүмыс бөлмесіне жеткізеді.

Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы толмаған куәден жауап алғанда педагог, дәрігер, не тергеушінің қалауы бойынша жасы толмаған куәнің ата-анасы да қатысады.

Дайындық жұмысы жауап алу жоспарын қүрумен аяқталады. Жауап алынатын әр адамға арнап құрған жоспарда, оған қойылатын сұ.рақгар жазылады, істегі қандай деректер мен фактілердің дәлелденілетіні көрсетіледі, ол деректерді қандай кезекте көрсету керектігі белгіленеді. Жазбаша жоспар құру тәжірибесі аз, жас тергеушілерге өте қажет. Көп көріністі істерде мұндай жоспар істің мән-жайын толық зерттеп, анықгауға көмектеседі.

3. Жауаптың қалыптасу кезеңдері

Жауап алушы - тергеуші әр куәден, жәбірленушіден қандай көлемде және қандай мәлімет алуға болатынын білу үшін, жауаптың куәнің, жәбірленушінің ойында қалыптасу ерекшеліктерін есепке алуы керек.

Жауаптың қалыптасу процесі бірнеше кезеңнен қүралады. Бірінші кезең -оқиғаны, не істің басқа бір мән-жайын қабылдау (көру, есту), екінші - осы қабылдап алған мәліметті ойда сақтау, үшінші - осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге айтып жеткізу қабілеті.

Болған оқиғаны қабылдап алу, оқиғаға қатысты мәліметтердің толық қабылдануы белгілі бір себептерге байланысты. Бұл себептер объективті және субъективті болып екі топқа белінеді. Объективті себептер - көруге, естуге бөгет болатын жағдайлар, субъективті - есту, көру мүшелерінің қабілеті. Қабылдауға объективті түрде бөгет болатын себептер оқиғаны шүғыл, тығыл таяң уақытта қабылдау, жарықтың көріну жағдайының нашар болуы, қатты шудан нашар естілу, болып жатқан оқиғаны алыстан көру, ауа-райының жаман болуы, қар не жауын жауып тұрғанда оқиғаны қабылдау, осының бәрі оқиганы толық және анық көріп, естіп қабылдауына бөгет жасайды, оқиға жөніндегі ақпараттың толықтығына, сапасына кері әсер етеді. Сондықтан жауап алғанда тергеуші осы себептерді ескеруі шарт.

Қабылдауға субъективті түрде әсер ететін себептермен, яғни жауап беріп отырған адамның қабылдау мүшелерінің кемістігімен, есту, көру мүшелерінің қабылдау қабілетінің төмендігімен бірге, оқиғаны толық және анық қабылдауға жауап беруші адамның мамандығы, жасы, интеллектуалдық кабілеті, ол оқиғаға зер салып, көңіл аударып, бақылай алды ма, жоқ па, міне, осының бәрі әсер етеді. Айталық, жол-көлік оқиғасын екі куә бір кезде, бірдей жағдайда көрді дейік. Куәлердің біреуі - айталық қарт адам, екіншісі - автокөлік жүргізушісі. Екеуі де оқиғаны бір жерден бірдей қашықтықтан көрді дейік. Мұндай жағдайда осы екі куәнің қайсысынан оқиға жөнінде толық мәлімет алуға болады? Әрине, оқиғаны бірдей жағдайда көргенімен толық мәліметті жүргізуші бере алады. Ол машинаның маркасын, түрін ғана айтып қоймай, қай машина жол жүргізу ережесін бұзғандығы жөнінде де мәлімет бере алады. Байсалды, сабырлы адамның оқиганы қабылдау қабілеті, аңғалақ, жеңілтек адамға қарағанда, әрине жоғары. Сабырлы, байсалды адамдар оқиғаның кейбір көзге көп іліне бермейтін маңызды сәттерін аңғарып қалуы мүмкін, ал аңғалақ адамдардан мұлы күгу қиын. Сондай-ақ, әсіресе, жасы толмаған, куә есебінде жауап алынатын балалар, көрген оқиғаға қиялындағысын қосып, өсіре айтуы, сөйтіп жалған мәліметтер беруі мүмкін. Сондықтан тергеуші жас балалардан жауап алганда олардың осындай психологиялық ерекшеліктерін ескеруі тиіс.

Жауаптың толықтығына, шындығына, сонымен қатар куәнің, жәбірленушінің болған оқиғаны ұмытпай, ойында сақтау қабілеті де әсер етеді. Ал, ондай қабілет әр адамда әр тұрлі - кейбіреулер белгілі бір қимыл-әрекетті есте жақсы сақгайды, екінші біреу - көрген жерін ұмытпайды, сондай-ақ естігенін есте жақсы сақтайтын, керісінше, өте ұмытшақ адамдар бар. Тергеуші жауап алғанда осының бәрін ескеріп, кажеттілік туса ұмытылган жәйттерді еске түсіру үшін қолайлы жағдай жасауға әрекет етуі керек.

Болған оқиғаны есіне түсіріп, жауабын толық айтып жеткізу қабілеті де әр адамда әр түрлі. Жауап алғанда бұл да мұқият ескерілуі тиіс. Жауап куәнің, не жәбірленушінің болған оқиғаның мән-жайын еркін баяндауынан басталады. Куә, не жәбірленуші, өзінің өтініші бойынша, жауап бергеннен кейін, жауабын өз қолымен жазуына қүқығы бар.

Тергеуші толық жауапты естігеннен кейін, жауап беруші адамға қосымша сүрақтар қойып, істің кейбір мән-жайын нақтылайды.

Қосымша сұрақ бергенде тергеуші занда көрсетілген тәртіпті ескеруі керек:

• қойылған сұрақтардың анық және түсінікті болуы, куәні, не жәбірленушіні шатастырмауы тиіс;

• жетектеуші сұрақтарды қоюға болмайды;

• берілген сұрақтар куәні, не жәбірленушіні кемітіп, қорлауға, қорқытуға бағытталмауы керек.

Жауап алғанда тергеу әрекетін жүргізуге қолайлы, тиімді жағдай жасалуы тиіс. Егер куә асып-сасып, ренжіп, қобалжып отырса, оның көңілін жуатып, жайландырып, содан кейін ғана жауап алуға кірісу керек. Әрине, жауап алғанда куәнің, не жәбірленушінің мінез-қулқын, мінезінің психологиялық ерекшеліктерін (мақтаншақ, қызба, сабырлы) ескерудің маңызы айрықша. Себебі мұның бәрі тергеушінің жауап үстінде дұрыс тактикалык бағыт ұстауына негіз бола алады.

§4. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер

Жауап алғанда тергеуші мен жауап беруші адамның арасында белгілі бір қарым-қатынас қалыптасады. Психологиялық тұрғыдан ол қарым-қатынас олардың көзқарасында қайшылықтың бар-жоғына байланысты орнығады. Егер жауап беріп отырған адам өз еркімен шындықты, істің мән-жайын толық айтып отырса, мұндай пікір қайшылығы жоқ жағдай деп есептеледі.

Ал, егер жауап беріп отырған адам жалған жауап беріп, істің кейбір мән-жайларын жасырып, айтқысы келмей жалтарса, мұлдай жағдай келіспеушілік, яғни қайшылықты жағдай деп саналады.

Іс бойынша толық мәлімдеме алу үшін осы екі жағдайда да белгілі бір тактикалық әрекеттер қолданылады.

Бірінші жағдайда тергеу әрекеттері ұмытылып қалған оқиғаның кейбір мән-жайын жауап беріп отырған адамның есіне түсіруіне бағытталса, екінші жағдайда тактикалық әдіс жауап беріп отырған адамның өтірігін шығарып, әшкерелеп, оның шындықты айтуына мәжбүр етуге бағытталады.

Кейбір куәден, жәбірленушіден жауап алғанда көбінесе жауап үстінде пікір қайшылығы жоқ жағдай байқалады да, ал сезікті адамдардан және айыпкерлерден жауап алғанда келіспеушілік жағдай жиі кездеседі. Осыған байланысты жауап алуда қолданылатын әдістерді қалыптасатын тактикалық жағдайға сәйкес қарайық.

Біріншіден, жауап алып отырған адамға жайлы тыныш жагдай туғызса, оның асықпай, болған оқиғаны толық есіне түсіруіне жеңіл болады. Болған оқиғаны хронологиялық тәртіппен басынан аяғына дейін айтқызу арқылы да толық жауап алуға болады, себебі, мүндай жағдайда жауап берген адам болған оқиғаны белгілі бір ретпен, тізбектей, оның ұмытылған кейбір сәттерін есіне тез тұсіреді. Сонымен қатар, болған оқиғаны, керісінше, соңынан басына қарай қайталатса жауап беруші оқиғаның кейбір мән-жайын есіне түсіріп, өзінің жауабын толықтыруы мүмкін.

Осындай тактикалық жағдайда тағы бір жиі қолданылатын әдіс - ол жауап беруші адамның ойын жаңғыртуға бағытгалған әрекет. Егер жауап беруші екі оқиғаны, фактіні бір мезгілде және белгілі бір жағдайда қабылдаса, тергеуші оқиғаның өзін емес, сол жағдайды ғана есіне түсірсе, жауап беруші тергеуге қажет оқиғаны да есіне түсіреді. Айталық, куә Б.- ға тергеуші мынандай сұрақ қояды.

Тергеуші: Сіз азамат Садықовты танисыз ба, егер танысаңыз оны осы жылғы тамыздың басында көрдіңіз бе?

Куә Б: Садықовты танимын, бірақ оны тамыздың басында көрген, не көрмегенім есімде жоқ.

Жауап берушінің ойында белгілі бір фактілерді қайтара жаңғыртуына сонымен қатар, жауап үстінде құжаттарды, фотосуреттерді көрсету де үлкен әсер етеді. Кейде куә көрген адамның бет-әлпетін сипаттап беруде қиналады. Мұндай жағдайда криминалистикада қалыптасқан, бет-әлпетін сипаттау терминдерін айтып көмектесуге болады. Егер тергеуші жауапты оқиға болған жерге барып алса, жауап беруші көптеген мән-жайды қайтадан көз алдына келтіріп, оқиға женінде толығырақ, қанықты жауап бере алады.

Естіген фактілерді де ойға түсірудін тиімді әдістері бар. Айталық, куә бір кісінің тегін, немесе есімін есіне түсіре алмай отыр дейік, бірақ ол кісінің тегі А. әрпінен басталатынын ұмытпаған. Мұндай жағдайда оган телефон анықтамасы берілсе, ондағы есімдерді тізбектей оқи келе ұқсас есімге келгенде ол ұ-мытылған есімді есіне түсіріп, айтып береді.

Жауап алушы және жауап беруші адамның арасында қайшылыкты жағдай қалыптасқан кезде, басқаша тактикалық әдістер қолданылады, ол әдістер жауап беруші адамның өтірік айтып отырғандығын әшкерелеуге бағытталады. Мұндай жағдай көбінесе айыпкерден жауап алғанда, яғни айыпкердің қылмысты мен жасаған жоқпын, ол уақытта мен басқа жерде болдым деп шындықтан жалтарган кезінде кездеседі. Мұндайда айыпкердің алибиін әшкерелеу үшін қолданылатын ең бірінші тәсіл - жауап беруші адамнан неғұрлым толық жауап алу, ұсақ оқиғалардың бәрін қамту. Біріншіден, мұның, яғни ең елеусіз сәттерге дейін ескеріліп, жауап алынуы, олар тексерілген кезде бекімесе, жауап беруші адамның өтірігін шығаруға көмектеседі. Екіншіден, айыпкер жалпы оқиға бойынша беретін жауабын алдын ала дайындап келгенмен сұрақтың бұлай қойылатынын білмегендіктен, ол жауап бергенде абдырап өз етірігін өзі шығарып алады. Әсіресе, қайта жауап алғанда осылай болады.

Жауапкер адамның өтірік айтып отырғанын әшкерелеу үшін істе осы факті бойынша жиналған басқа дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді пайдалану керек.

Деректерді пайдалану тәсілдері бар. Ең алдымен дәлелдеме есебінде елеусіздеу деректерді айыпкерге көрсетіп, оны мойындамаса неғұрлым маңызды, бұлтартпас деректерге көшіп, жалған жауапты әшкерелеуге болады. Айталық, айыпкердің бір пәтерден шыққанын екінші біреу көрді, бірақ айыпкер ол пәтерде болғанын мойындамады делік. Мұндай жағдайда стол үстінде қалған бөтелке мен стаканды, стаканда айыпкердің қалған қолтаңбасын көрсетіп, айыпкердің ол пэтерде болғанын тергеуші мойындаттыра алады. Қолтаңба сараптама қорытындысымен бекітілуі тиіс.

Айыпкерден жауап алудың тағы бір тактикалық әдістерінің бірі ішкі істер органдары арқылы жауап алу процесіне жедел-іздестіру деректерін пайдалану. Мұндай деректер:

• жауап берушінің қылмысты оқиғаға қатыстылығын, оның жасалған қылмыс жөнінде каншалықты хабардар екендігін болжатгыратындай жеке сипатына, тергеу кезінде оның аталған істің нәтижесіне мүдделілігіне;

• қылмыстың жекелеген элементтерін жариялауға немесе қылмыстың ашылуына;

• жауаптау кезінде алынуы мүмкін дәлелдемелерді тексеру әдістеріне қатысты пайдаланылады.

Аталған деректерді жауап алу барысында пайдалану сипаты әрқилы. Егер жауап берушінің жеке басына қатысты мәліметтер жауап алу тактикасын саралаған кезде ескеріліп, бірақ оның жауабында айтылмаса, жауапты тексерудің мүмкін жолдары туралы мәліметтер, жауап алу процесінде ғана ескерілсе, онда қылмысты оқиға және оның жасалу тәсілі туралы жедел-іздестіру деректері, жауап берушінің жауабына қолданылуы керек.

Жауап алу кезінде жедел-іздестіру барысында алынған деректердің орнын мейлінше құпияландырудың маңызы өте айрықша. Сондықтан, тергеуші жедел-іздестіру деректері бойынша айыпкерден жауап алғанда, қойылатын сұрақтарына өте мүдият болуы тиіс. Егер жауап шіу күрделі жағдайда өтетін болса, онда тергеуші ең маңызды сұрақтарды алдын ала іріктеп, құрастырып алғаны жөн. Жедел-іздестіру деректерін пайдаланғанда, мұның маңызы өте зор болады. Әйтпесе, сэтсіз қойылған бір сұ-рақтың өзі жедел-іздестіру деректерініқ алынған көзін айыпкерге сездіріп алуы әбден мүмкін.

Сондай-ақ, мүлдай деректерді қай кезде, қалай пайдалану керектігін де ескеру қажет. Жедел-іздестіру деректеріне қатысты сұрақтар, оның құлиясы берік сақталған кезде қойылуы тиіс.

Жедел-іздестіру деректерін белгілі бір мәліметтермен бірге қатарластыра пайдалануға болады. Мүлдай жағдайда, бұл деректерге жауап берушінің назары эдейі аударылмайтындай деңгейде әрекет еткен жөн.

Жедел-іздестіру деректерін пайдаланудың барлық әдістерін егжей-тегжейлі сипаттап беру мүмкін емес. Өйткені, ол тексерілетін нақты іске байланысты өзіндік ерекшелігімен, өзіндік тәсілдерімен анықталады. Дегенмен, криминалистика ғылымы жедел-іздестіру деректерін пайдаланудың жалпыға, мейлінше ортақ бірқатар тәсілдерін ұсынады.Ондай тәсілдер төмендегідей:

а) жауап алу барысында сұрақтардың сипатына орай айыпкер оның шыққан көзін байқап қалатын деректерді пайдаланбағаны жөн;

ә) егер қолданылған шаралардың барысында айыпкердің қылмыстық жолмен жинаған құнды заттары, мүліктері, т.б. заттай айғақтары жасырылған жерлерді анықтайтын қайсыбір деректер табылса, ол заттарды, не муліктерді тергеу әрекеттері (тінту, т.б.) арқылы қолға түсіріп, содан кейін ғана оның нәтижелерін, жауап алу кезінде пайдалану өте орынды болады. Мұның өзінде бұл заттай дәлелдемелердің қалай алынғандығын айыпкер білмеуі тиіс;

б) жауап алу барысында қаралатын іс бойынша барлық айғақтарды айыпкерге толық көрсетуге асықпау керек. Мұндай асығыстық тергеу орнына қайсыбір заттай дәлелдемелердің қалай түскенін айыпкердің байқап қалуына соқтыруы мүмкін;

в)егер жауап алушыға жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында анықталған қайсыбір фактілерді жауап алу женіндегі хаттамаға енгізу қажеттігі туындаса, ол фактіні растайтын жәйттерді (уақытқа, тұраққа т.б. байланысты) алдын ала мұқият тексеріп алу керек. Егер жауап беруші тергеушінің назарын
аударған мэселеге қажет қосымша деректерді білдірсе, ол деректер ұсак-түйегіне дейін сү.ралып, кейін егжей-тегжейлі тексерілуі тиіс.Қылмыскерлер, әсіресе, аса қауіпті қылмыскерлер, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелердің, келтірілген қүжаттардың бұлтартпайтындығына кездері жеткен, бірақ қылмысын қалай, қандай жолмен болсын мойындаудан бас тартуға әбден бекінгендер, жаңағы заттай дәлелдемелердің, құжаттардың көзін құртуга тырысады. Сондықтан тергеу кезінде оның сақталып, қорғалуына мейлінше мүқият болу керек. Ол құжаттарды айыпкерге үстелдің әйнегінің астына қойып көрсету, немесе оның көшірмесін жасау, сондай-ақ жауап алу кезінде айыпкердің заттай дәлелдемелерді немесе құжаттарды құртып жіберуінен сактану үшін екінші бір куәні де жауап алу процесіне қатыстырып, сақтық шараларын қолдану керек. Берілген жауап хаттама жазу арқылы бекітіледі. Қосымша бекіту әдісі есебінде дыбыс- және бейнежазбалары қолданылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных