Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Адамдарды maнy үшін көрсетудің процессуалдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері




Адамдардың кім екенін таныту үшін танушы адамнан алдын ала танылатын адамның сыртқы бейнесі, пішіні, киімі туралы, оны қандай жагдайда көргені жөнінде асықпай жауап алу қажет. Тану үшін көрсетілетін адам, өзіне үқсас, кем дегенде екі адамның арасында, қалаған орында тұруы керек. Танушы адам тану үшін керсетілетін адамды тергеу әрекеті басталғанша көріп коймайтындай жағдай жасалуы тиіс. Танылуға тиісті адам кем дегенде екі адамның арасынан өзі қалаған орын алғаннан соң, танушы адамды кіргізіп: "Алдыңызда түрған адамдардың ішінен кімді танисыз? Қандай нақты белгілері бойынша ол кісіні танитыныңызды түсіндіріңіз және қандай жағдайда кездескеніңізді айтып беруіңізді сұраймыз?" деп тергеуші ұсыныс жасайды.

Танушы адам осы екі кісінің ортасында тұрған адамды тиісті жасалған қылмысқа байланысты белгілі бір жағдайда қалай көргенін, оны қандай белгілері, сыртқы бейнесінің қандай ерекшеліктері бойынша танығанын айтуы керек. Уақыт өткеннен кейін көрсетілген адамның сыртқы бейнесінде, әрине өзгерістердің болуы мүмкін.

Сондықтан көрсетілген адамды танығанмен оның бейнесінде қандай өзгерістер бар екенін де танушы адам толық айтып беруі тиіс.

Осы тергеу әрекетін жүргізгенде танушы адамның өзіне керсетілген адамды тануы сол адамның бейнесінде, пішінінде бар белгілерге негізделеді. Сол ойында қалған белгілерді, керіп тұрған адамның пішініндегі белгілермен танушы адам ойша салыстырады.

Бұл сыртқы бейне және пішін белгілері криминалистикада - екі түрге бөлінеді. Біріншісін анатомиялық белгілер, ал екіншісін функционалдық не динамикалық, белгілер дейді.

Анатомиялық (статикалық) белгілерге адамның бойы, дене құрылысы, бет әлпеті және дене мүшелерінің басқа ерекшеліктері жатады (басы, маңдайы, мұрны, аузы, ерні, иығы, қол, аяғы, т.б.).

Функционалдық (динамикалық) белгілерге - дауысы, тіл ерекшеліктері, жүрісі, аяқ алысы және басқа да дене қимылының ерекшеліктері жатады.

Адамдарды кім екенін тану үстінде, сонымен қатар кейде қосымша белгі есебінде оның киімі, көзілдірік киісі, сақал, мұрт қоюы, тағы басқа да жалпы бейнедегі барлық ерекшеліктері пайдаланылады.

Тану үшін көрсету жүргізілгенде осы көрсетілген белгілер бойынша белгілі адам танылса, оны бейнелеп, сипаттап айту кейде танушыға өте киынға түседі. Осыған байланысты тергеуші криминалистикада қолданылатын әдісті -"ауызша суретгеу" әдісін қолдануы керек, яғни адамның келбетін, ауызша бейнелеу. Мысалы, бойы - биік, орташа, аласа бойлы; басы - үлкен, кіші; шашы - қою, сирек, қара, жирен; беті - жалпақ, сопақ; маңдайы - биік, кең мандайлы, шот мандай, төмен, т.б. Дене мүшесінде анатомиялык кемістік болса, олар ерекше белгілер есебінде есептеледі.

Кісі тануда әр адамға тән, қалыптасқан дене қимылдары да жеке белгі есебінде пайдаланылады. Атап айтқанда: оның дауысы, сөйлеу мәнері, тіл ерекшелігі, жүрісі, аяқ алыс ерекшеліктері. Кей жағдайларда осы белгілерге ғана негізделіп кісіні тану үшін көрсетуге болады. Бірақ бұл динамикалык белгілерді өте оңай өзгертуге болатындықтан, мұндай көрсету көбіне тиісті нәтиже бере алмайды. Себебі танылатын адам даусын да, жүрісін де көрсету үстінде өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан бұл белгілер, әдетте, анатомиялық белгілермен коса көрсетіліп, пайдаланылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных