Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сот сараптама мекемелері




Сот сараптамалары негізінен арнаулы сараптамалық мекемелерде жүргізіледі. Тергеу орындары мен соттардың тағайындаған сараптамасын жүргізу үшін Әділет министрлігінің құрамында арнайы сараптамалық орталық жұмыс істейді. Бұл орталықта сот сараптамаларының бірнеше түрлері бойынша зерттеулер жүргізіледі. Криминалистикалық сараптамалармен қатар айтылған сараптамалық мекемеде автотехникалық, өрт-техникалық, тауартану сараптамалары жүргізіледі. Криминалистикалык сараптама, ең күрделі әдістермен зерттеу сараптамалары осы орталықта жүргізіледі. Орталықта химиялық, физикалық, биологиялық тәсіл-әдістер, құрал-саймандар қолдану арқылы қылмысқа қатынасы бар әртүрлі объектілер (заттар, бұ_йымдар, іздер, т.б.) зерттеледі.

Сараптамалық орталықтың бөлімшелері облыс орталықтарында, кейбір ipi қалаларда орналасқан. Оларда жоғарыда айтылған сот сараптамаларының көп түрлері бойынша сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Бұл орталықта зерттеуге қазіргі заманның ең жетілдірілген химиялық, физикалық және физика-химиялық әдістері (лактар, бояулар, эмаль, жылтырақтар, мүнай өнімдері, жанар-жағар майлар, спирттік ішімдіктер, есірткілер, металдар және оның құймалары) қолданылады. Сонымен бірге сот сараптама орталыгында сараптамалық зерттеудің ең күрделі түрлері де пайдаланылады. Айталық: мемлекеттік стандарт талабына сәйкес келетіндігін немесе сәйкес келмейтіндігін, сорттылығын, оның құрамындағы қосымша заттардың нормасын, арандатушылык әрекеттің ерекшелік сипатын анықтау мақсатында тамақ өнімдері де сарапшылық зерттеуден өткізіледі. Қағаз және металл ақшалар, сондай-ақ бас сүйегі бойынша сызба және пластикалық әдістермен сол адамның бейнесі зерттеледі. Сараптамалық орталық, сондай-ақ бірқатар криминалистикалық тіркеулердің ашылмай қалған қылмыстар жөніндегі істер бойынша жиналған, сол кезде қолданылған атыс қарулары оқтарының, олардың патрондарының, кебейтетін техникаларды қолдану арқылы қолдан жасалған құжаттардың коллекциялық орталықтарына, қолдан жасалған ақша белгілері картотекаларының орталыгына айналды.

Бұл орталықтың бөлімшелерінде дәстүрлі құжаттарды техникалық-криминалистік тұрғыда зерттеу, трасологиялық, баллистикалық, суық қару, портретті идентификациялық сараптама жүргізіледі, сонымен бірге жасалған қылмысқа қатысты қолга түскен материалдар мен заттар физикалық, химиялық және биологиялық жағынан зерттеледі. Орталықтың және оның бөлімшелерінің көпшілігінде автотехникалык және өрт-техникалық, адам организмінен

шығатын әр-түрлі сұйық, қоймалжың, жабысқақ затгарға сот-биологиялық, тамақ өнімдерінің сараптамасы қолданылады.

Қалалық және аудандық буындарда мұның тек қарапайым түрлері бойынша ғана жұмыс істейтін криминалистикалық топтар құрылған. Сонымен бірге, қылмыс жасалған жерді қарау кезінде оның арнайы қызметкерлері маман криминалистерге жүктелетін міндеттерді де орындайды.

Сараптамалык орталық сараптама жүргізумен қатар экспертология саласында күрделі ғылыми-зерттеу жүмыстарын жүргізумен де шұғылданады. Әртүрлі сараптамалық эксперименттер, ғылыми ізденістер жүргізу арқылы сараптамалық орталық жаңа сараптамалық әдістемелік тәсілдерді тауып, оларды сараптамалық тәжірибеде қолдануға багытталган әдістемелік ұеыныс-нұсқалар жасайды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жүйесіне сот-медициналық және сот-психиатриялық мекемелер шоғырландырылған. Бұл министрліктің құрамында республикалық сот-медициналық орталық бар. Орталықта мейлінше күрделі және қайталамалы сот-медициналык сараптамалар, сондай-ақ күнделікті және қазіргі заманғы зерттеулер өткізіледі. Жергілікті жерлерде оның облыстық, қалалық және аудандық бюролары құрылған. Осы іспеттес сарапшылықты жекелеген медициналық институттар да өткізеді.

Республикадағы сот-психиатриялық сарапшылықтың ғылыми әдістемелік орталығы - Алматыдағы психо-невологиялық республикалық ғылыми-зерттеу ауруханасы. Мүлда сот-психиатриялық сараптаманьщ барлық түрлері (жатып емделетін, амбұлаториялық, алғашқы, қайталамалы және мейлінше күрделі) қолданылады. Жергілікті жерлерде бұл қызметті психиатриялық ауруханаларда істейтін сот саласының психиатрлары атқарады. Егер мұндай мекемелерде аталған мамандық иелері табылмаса, сол жергілікті жерлердегі басқа мекемелерден арнайы сараптамалық білімі мен дағдысы бар мамандар шақырылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных