Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Гүлінің диаграммасы




 

Дәрілік шикізат ретінде:

Гүлі мен жемісі пайдаланылады. Гүлін толық гүлдеп тұрған кезде, ал жемісін әбден піскен кезінде, күзде жинап алады. Дәлірек айтқанда, маусым мамыр айларында толық гүлдену кезінде жемісін жинайды. Шикізатты кәдімгідей кептіріп, құрғақ жерде сақтайды. Кептірілген гүл әлсіз иісі және тәтті дәмі бар. 60-65 ° С температурада кептіреді. Дұрыс сақталған шикізат шипалық қасиеттерін 3 жылға дейін жоймайды.

Химиялық құрамы: Рутин, Эфир майлары, алма, валериан қышқылы болады. Ал, жемісінің құрамында фруктоза,аскорбин қышқылы, каротин, эфир майлары болады.

Рутин- Р-витамині белсенділігі бар, қан ұюын төмендетеді, қызыл қан жасушалары икемділігі арттырады.

Эфир майлары- ұшқыш органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы бар.Эфир майлары өсімдіктердің жапырағы, сабағы, гүлі, тамыры, т.б. органдарында бос күйінде немесе гликозидтер түрінде болады. Олар өсімдіктерден су буымен айдау, төмен температурада қайнайтын еріткіштермен шаймалау және қысу, т.б. әдістер арқылы алынады. Эфир майлары қалыпты температурада мөлдір, оңай қозғалатын немесе тұтқыр, түссіз немесе сары, жасыл, қоңыр сұйықтық.

Глюкоза (жүзім қанты) — денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Өсімдік жемістерінде және жануар ағзаларында болатын жүзім қанты. Сахароза, лактоза құрамына кіреді және крахмал, гликоген, целлюлоза түзеді. Түссіз, қатты кристалды зат, дәмі тәтті, суда жақсы ериді. Глюкоза құрамында альдегид тобы бар көпатомды спирт болғандықтан, альдегидтерге және көпатомды спирттерге тән екі жақты қасиет көрсетеді.

Фруктоза жеміс қантты, левулоза, С6Н12О6 — моносахаридтер тобына жататын тәтті зат, глюкозаның изомері. Фруктоза — кетоза көмірсуларының маңызды өкілдеріне жататын және суда жақсы еритін кристалды зат. Фруктоза өсімдік жемістерінің құрамында және ара балында глюкозамен бірге кездеседі. Ол көптеген олигосахаридтердің құрамына кіреді. Фруктоза тамақ өнеркәсібінде, медицинада жүрек ауруларын емдеуде қолданылады.

Аскорбин қышқылы (С витамині) - адам мен жануарлар организмдеріндегі тотығу-тотықсыздану процестерін реттеп, организмнің түрлі ауруларға қарсы түру қабілетін күшейтетін, суда еритін витамин. Аскорбин қышқылы осімдіктер мен кейбір жануарлар организмдерінде түзіледі.

Каротин — өсімдік клеткаларының құрамында болатын сарғыш-қызғылт пигмент (алғаш рет сәбізде болатыны анықталды, сондай- ақ итмұрын, қарақат, шетен және т.б. жемістерде болады); Организмде ыдырап бөліну арқылы А витаминіне айналады. Сонымен бірге каротин пигментін сиырдың бауырынан, көк бұрыштан, ас бұршақтан, шабдалыдан, қауыннан, брокколиден, қызыл қырыққабаттан және қарбыздан алуға болады. Ал өрік, апельсин, балғын және тұздалған қияр, ірімшік, жұмыртқа, кілегей, қаймақ, сүзбе, жаңғақ пен балықтың құрамында аз мөлшерде кездеседі.

Қолданылуы: Шикізаттан дайындалған тұнбаның зәр айдайтын, тер шығаратын қасиеттеріне байланысты оны бүйректермен қуықтың қабынуын емдеуге қолданады.

Тұнба: 1:10 қатынасында жасалады. Малға кептірілген гүлі мен жемісін төмендегідей мөлшерде беруге болады.

 

Жылқыға: Жылқыға: 30-90 г,

Ірі қараға: 20-70г,

Қойға: 15-30г;

Оны қуаңшылық жылдары витаминді азық ретінде жем шөпке араластырып береді.

Халық емінде ырғайдың жас жапырағын сүтке қайнатып алып іріңді жараларды, күйікті таңып емдеген екен.

Орытынды

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.

Жиі кездесетін улы өсімдіктер Біздің жеріміздегі өсімдіктердің қай-қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәрмек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тәжірибелік қажет.

Біздің қазақ даласында емшілікпен аты шыққан кісілер көп еді. Бұл сөзімізге дәлелді ұланғайыр даланың қай қиырына барсаң да, көз жеткізе аласың. Найман руынан шыққан Ырғызбай Досқанұлын көпшілік жақсы біледі.

Ол кісі кезінде дана Абайдың әкесі - Құнанбайды дертінен құлантаза айықтырған екен. Осындай асыл азаматтардың жолын жалғаған адамдар да болды. Өкініштісі, қазіргі күні олардың қатары өте азайып барады.

Табиғаттың қыр-сырына қанық мамандар біздің елімізде 6 мыңнан астам өсімдіктің өсетінін айтады. Оның ішінде 500-ге жуығы дертке дәру берерлік қасиеті бар екен. Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айта аламыз. Алайда оған өз деңгейінде назар аударып жүрген ешкімнің жоқтығы қынжылтады. Болмаса, қытайлар секілді біздің де өз емдеу тәсіліміз арқылы әлем жұртшылығының алдында абыройымыз асқақтар еді ғой.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен емдеу ісіне медицина тарапынан күні бүгінге дейін өз бағасы берілген жоқ. Осының салдарынан жұртшылық оны тұтыну ісіне қорқа қарайтыны шындық. Себебі, кезінде жүргізілген саясаттың салдарынан дәрілік өсімдікпен емдеу деген ескіліктің қалдығы секілді болып жұрттың жадында жатталып қалған. Дегенмен, осы істі әрі қарай дамытып жүрген елдер бар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных