Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жобаның титулдық парағы




Бизнес-жоспарды қалай дайындау керек.

1.1 Жобаның бюджетін анықтау. Жобаны толық іске қосып, алғашқы бірнеше ай ішінде жұмыс істеуі үшін ЕДБ-н қанша қаражат алу керек.

1.2 Банкті анықтап, шарттарын, пайыздық мөлшерлемесін, мерзімін, жеңіддіктерін, кепілдік, несиенің ең көп сомасын туралы білу, жеке тәуелсіз бағалаудан өткізу.

1.3 Кірісті есептеу үшін несиені төлеу тәсімін алу, түсім алу мүмкіндіктерін, бар шығындарды бағалау.

1.4 Кепілзат, несие сомасы, мерзімі, шарттары, төлеу тәсілдері (аннуитет, тең бөліктермен және т.б.) бойынша банктің алдын-ала қолдауын алу

2.1 Е xcel форматында барлық тиянақталған және ауыспалы шығындарды, өнімнің өз құнын, өндірістік мүмкіндіктерді, құралдарға кететін шығындарды, жалақы қорын, салықтарды, жарнама мен жылжытуға кететін шығындарды есептеу.

2.2 1-7 жыл арасындағы болжалды табысты есептеу, әлеуетті сұранысты сандық көрсеткіште бағалау, статистикамен растау (ниет шарты), ақша ағынын (cash flow) есептеу. Өтелімділік. Кірістілік.

ЛГІ ТҮРІ

Басты бөлімдердің құрылымы мен мазмұны:

Бизнес-жоспарды жасау кезінде келесі құрылымды ұстану керек:

1) Жобаның титулдық парағы.

2) Кіріспе бөлім (жоба түйіндемесі).

3) Нарық пен сала жағдайына талдау.

4) Жобаның мәні.

5) Маркетинг жоспары.

6) Өндіріс жоспары.

7) Инвестици ялық климат пен тәуекелдер.

8) Ұйымдық жоспар (басқару және кадр лар).

9) Қаржылық жоспар.

10) Қосымшалар.

Жобаның суреттеудің қисынына байланысты құжаттың құрылымы, бөлімдердің орны ауысуы мүмкін. Бірақ, ұсынылған жобаны сипаттайтын барлық сұрақтар кешені қарастырылуы қажет.

Бөлімдердің мазмұны:

Жобаның титулдық парағы

Титулдық парақ инновациялық жоба мен осы жобаны іске асыратын заңды тұлға жайлы жалпы ақпаратты қамтуы керек:

- кәсіпорынның атауы мен заңды мекенжайы;

- кәсіпорынның басшысының аты-жөні, телефон нөмірі;

- құрылтайшыларының заңды мекенжайлары;

- жобаның атауы мен мәні (3 - 5 тармақ);

- жобаның толық құны, қаржының болжалды көздері мен олардың құрылымы (заңды тұлғаның өз қаражаты, акция шығару, несие, бюджет тен қаражат алу және сондайлар);

- коммерциялық құпияны сақтау туралы өтініш.

2. Кіріспе бөлім (жоба түйіндемесі)

Жоба түйіндемесінде оның барлық басты аспектілерін қамтитын түйіндер мен кеңестерді қысқаша баяндау керек, түйіндеменің құрылымы бизнес-жоспардың құрылмына сәйкес келуі керек.

Жоба түйіндемесі – оның жарнамасы, сондықтан да ол жерде жоба тиімділігінің бар дәлелдері болуы керек. Осы бөлімнің мақсаты – жобаның мәнін, мақсаттарын, қанша қаражат салынуы керектігін, болжалды нәтижесін көрсету. Ұсынылған жобаның неге сәтті болатыны туралы негіздеме жеке беріледі.

Егер жобаны жүзеге асыру әлеуметтік мәселелерді (мүгедек жандардың еңбегін пайдалану, жақсы жолдарды салу және т.б.) шешуге мүмкіндік берсе, оларды көрсету қажет.

Түйіндемеде бизнес-жоспардың жеке бөлімдерімен белгіленбейтін, бірақ инвестор үшін аса маңызды келесі аспектілерді айқындап көрсету қажет:

· жобаны іске асыру үшін сыртқы инвестордан не керек – жарғылық капиталға қатысу, несие (қалаулы шарттарды көрсетіңіз), құрал-жабдықтарды жеткізу және т.б.;

· жобаны іске асырудағы жобаны ұсынушы кәсіпорын мен сыртқы серіктестің қатысу дәрежесін анықтау, яғни жобаның жалпы құны мен қажетті қарыз қаражатының арасалмағын анықтау;

· несие қорларын қайтарудың тәсілдерін көрсету. Бұл жерде тек жоба дұрыс іске асырылған жағдайда несиені қайтару тәсімі мен үрдісі, несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төлеу (сұрақтар «Қаржылық жоспра» бөлімінде мазмұндалған) ғана емес, жобаның кейбір кезеңдері орындалмаған жағдайда салымдарды қайтарып алу кепілдігін меңзеп тұрмыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных