Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жаңа аргументтер




Ребатлда жаңа дәйектерді енгізуге тиым салынады, алайда жаңа мысалдар тек тиімді болады. Шын мәнінде, егер сараптау аймағы конструктивті сөздерде ұсынылмаса, ол сараптау сөзінде ұсыныла алмайды. Дегенмен, алдында ұсынылған сараптау аймағын кеңейту заңды болып есептеледі. Одан басқа, спикерлер қарсыластардың жауапсыз қалған пункттеріне ребатл кезінде негізінен жауап бере алмайды (бұл қағидадан бір-ақ ауытқушылық төменде). Яғни, ПМ мен ОЛ ескі дәйектерді нығайту үшін жаңа мысалдарды енгізе алады, бірақ жаңа дәйектер үшін ескі мысалдарды пайдалана алмайды. Мысалы: Дәйек: “ Авторитаризм басшылық – жанышталуға әкеліп соғады”. Алғашқы мысал: “ Ұлтшыл Германия” Ребатлда қолданыла алатын жаңа мысал: “ Сталиндік Ресей” Ребатлдағы енгізе алмайтын жаңа мысал: “Ұлтшыл Германияда болғандай басып-жаныштау экономиканың тұрақсыздығына әкеледі”. Егер ребатлдағы дәйек жаңа деп шешілсе, ол дәйек қаншалықты күшті әрі жарқын болса да алдында тұжырымдалмаған деген сөз. Жаңа дәйектерді табу – қарсылас топтың міндеті (қараңыз төменде “Тәртіпті бұзу”). Бұл пункт қаншалықты жаңа және айқын болуына қарамастан төреші ребатлда жаңа пунктты бір дегеннен қабылдай алмайды. Ребатлда жаңа дәйек енгізуге болмайды деген қағидадан бір ауытқу (исключение) бар. ПМ ребатлы Үкіметтің ОМК-де айтылғанды терістеудің жалғыз мүмкіндігі болғандықтан, ПМ-ге бұл дәйектерге жауап қайтаруға рұқсат етіледі. ОЛК-де енгізген кейбір дәйектерді Үкімет байқамай қалса, бұл дәйектер тағы бір рет ОМК-де айтылса да, ребатлда оларға жауап қайтаруға рұқсат етілмейді.

Стратегия

«Жаппай соғыс - өліммен пара-пар» Әсіресе егер сіз «Оппозиция Мүшесінің құлату тактикасына тап болған ПМ болсаңыз, онда сізге қарсыластардың ұсынған әрбір пунктіне жауап беру үшін 4-5 минут жеткіліксіз болады. Жаппай соғыс» әдісі Сіздің белгілі бір маңызды нәрсені байқамағандығыңыздан ұтылатыныңыздың кепілі болып табылады. Сіз бәріне жауап қайтаратыныңызға сенсеңіз де, мұны кеш жасағандықтан, (сіздің сөзіңіз сонғы сөз) сіз пікірсайысқа шатасулар енгізіп, негізгі мәселелерден тыс қаласыз. Ребатлды 3-4 негізгі мәселеге (мәселелер тобына) шоғырландыру керек. Осы 4 минутта айтылған нәрсе раундты қорытындылап, әр топтың позициялардың тұғырлық принциптерінің ара-қатынасын көрсету керек. Ребатлға дайындала отырып, ОЛ мен ПМ сөздеріне сауал қоюы тиіс: 1.Осы раундтың басты пункты қандай мәселе? Көп жағдайда осы пункт топтардың базалық құндылықтарының қақтығысы болып есептеледі – теңдік еркіндікке қарсы, шындық “жоғарғы игілікке” қарсы, отандағы міндеттер шетелдегі міндеттерге қарсы. Раундтардың көпшілігінде шын мәнінде мықты 2-3 дәйек ОМК-де пайда болады, бұл ОЛ ребатлында дамытылып, ПМ-дің ребатлында соққыға ұшырауы тиіс. 2.Қарсы топ нені жіберіп алды? Пікірсайыс талқыланған дәйектермен қарсыластар жіберіп алған мәселелерді түсіну үшін өзіңіздің флоушитіңізді тексеріп өтіңіз. Алғашқысын тағы да талқылау керек, ал екіншісіне қысқа және нұсқа төрешінің назарын аударту қажет. 3.Төрешінің сізді ұтылған топ деп шешуіне қандай себептер әсер етуі мүмкін? Бұл мәселе «басты пунктен» (1) өзгерек, себебі кейбір кездері жақсы пікірсайыс онша маңызды емес және еркін тоқтатылатын қателер мен жіберулердің кесірінен жеңіліс тауып жатады. Егер сіз ОЛ болсаңыз, ПМ өз ребатлында шабуыл жасау үшін қандай пункттерді қолданатынын алдын ала болжап, бұл дәйектерді қарсылас қолданар алдында талқандаңыз. Егер сіз ПМ болсаңыз, оппозиция тұрғысына тиімді қарсылық көрсету үшін ОМК мен ОЛС (сараптама) сөзінің шама-шарқының бағыттылығын мұқият байқап отырыңыз.

Ребатл техникасы

Ребатл техникасының түрлері сансыз көп, төмендегілері ең кең таралғандары. Олардың бәрін бір сөзіңізге жинақтауға тырыспаңыз. Оларды жеке-жеке пайдаланған жақсы. Есіңізде болса, сізде 4-5 минут қана бар. Өз ойларыңызды қысқа етіп құрастырып, оларды 3-4 «тақырыпша» аясына жинақтап алыңыз. Сіз соққы ұшырататын аймақты айқындап, оларды логикалық жақтан тізбектеп шығыңыз.

Жинақтау

ОЛ мен ОМ сізге “сараптаудың 14 жеке деңгейін” ұсынуы мүмкін, дегенмен өзіңізді қапыда қалдырмаңыз. Көптеген жағдайда аталған пункттер 3-4 жалпы дәйекке топтастырылуы мүмкін. “Сіз ақ өтірікке бой ұрмауыңыз керек” деп тұжырымдайтын кейсте төрт жеке пункт достықтың маңыздылығы, өтіріктің достыққа әсері, алданған достың ашуы және сіздің дос ретіндегі жауапкершілік туралы,-олардың барлығы бір базалық дәйектің бөліктері, яғни өтірік достыққа да, өзіңізге де зиянды нәрсе. Мұндай дәйектеме – сіздің досыңыз. Артықшылығыңызды пайдаланыңыз: қарсыластарыңыздың кейсін жинақтап (бұл арқылы олардың жұмысын істеп), олардың дәйектемесі 2-3 негізгі идеяға саятынын көрсетіп, бұларға кейінірек күшті қарсылық білдіре аласыз.

2.Таңдама (выборка)

Бұл техника – «жаппай соғысқа» шақыруға ұтымды жауап. Шайқастарыңызды нақтылап таңдаңыз: шекті дәйектерге қысқаша жауап қайтарыңыз не назар аудармаңыз да пікірсайыстың мәніне қарай жылжыңыз. Егер раундта дефициттан құтылу үшін бензиннің 1 галлонына 50 цент салық енгізу жөнінде сөз болса, онда Америкадағы жеке меншік машиналар туралы пікірталас жүргізу орынсыз болар еді. Негізі мәні – мұның экономикаға зиянынан пайдасы көп бола ма? Не себепті салық басқаға емес бензинге салыну тиіс. Дефицит көрсетілгендей соншалықты үлкен жауапкершілік болып табылады ма? Бензинге салынатын салық регрессивті ме? Яғни – ребатлдағы 3-4 проблемалы пункттен аспау керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных