Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бап. Күзетпен ұстау




1. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау тек судьяның санкциясымен және заңмен кемінде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деген күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты ғана қолданылады. Айрықша жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы, егер:
1) оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері болмаса;
2) оның жеке басы анықталмаса;
3) ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын немесе процестік мәжбүрлеу шарасын бұзса;
4) ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға әрекет жасаса немесе жасырынса;
5) оған ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасады деген күдік келтірілсе;
6) оның бұрын жасалған ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталғандығы болса;
7) оның қылмыстық әрекетті жалғастырып жүргендігі туралы деректер бар болса, заңда бес жылдан аз мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын, сотталатын адамға қатысты қолданылуы мүмкін.
2. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды таңдау қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 140-бабына сәйкес сот алдында осы шараны қолдануға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығарады. Қаулыға өтінішхаттың негізділігін растайтын, қылмыстық істің расталған көшірмелері қоса беріледі.
Осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы, сот алдында оны қолдануды санкциялау туралы өтінішхат оған қоса берілген барлық материалдармен бірге ұстап алу мерзімі біткенге дейін он сегіз сағаттан кешіктірілмей прокурорға ұсынылуға тиіс.
3. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өтінішхатын қолдау, күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау туралы мәселені шешу кезінде күзетпен ұстау үшін негіздерді қамтитын барлық материалдармен танысуға міндетті және күдіктіден, айыпталушыдан жауап алуға құқылы. Прокурор ұсынылған барлық материалдарды зерделеп:
1) өтінішхатты қолдау және бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені шешу үшін материалдарды сотқа жіберу туралы;
2) өтінішхатты қолдаудан бас тарту және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіздің болмауына байланысты күдіктіні күзетпен ұстаудан босату туралы;
3) өтінішхатты қолдаудан бас тарту және қылмысты жасады деген күдіктің расталмауына байланысты күдіктіні босату туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қолдаған жағдайда, прокурор қылмыстық қудалау органының қаулысына келісім білдіреді. Бас тартқан жағдайда прокурор уәжді қаулы шығарады. Прокурор тергеу судьясына өзге бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат жіберуге құқылы.
Күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау туралы өтінішхатты қолдаудан бас тарту және күзетпен ұстаудан босату туралы қаулы мүдделі тұлғаларға жіберіледі. Көрсетілген қаулыға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам не өзінің құқықтары мен мүдделерін немесе өзі өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар жоғары тұрған прокурорға осы Кодекстің 106-бабындакөзделген тәртіппен шағым жасай алады.
4. Сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның күзетпен ұстауға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау туралы прокурормен келiсiлген қаулысы, сондай-ақ оның негiздiлiгiн растайтын материалдар ұстап алу мерзiмi аяқталардан бұрын он екi сағаттан кешіктірілмей тергеу судьясына ұсынылуға тиiс, бұл туралы мүдделi тұлғалар хабардар етiледi.
Ескерту. 147-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных