Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тергеу әрекеттері.




Жауап алу

Жауап алудың алдында тергеушi жауап алынатын адамның жеке басын анықтауға тиiс. Егер жауап алынатын адамның iс бойынша iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлетiндiгiне күмән туса, оның қай тiлде жауап бергiсi келетiнi анықталады. Жауап алуға шақырылған адамға одан кiм ретiнде, қандай қылмыстық iс бойынша жауап алынатыны хабарланады, ҚРҚІЖК көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi, бұл туралы хаттамаға белгi қойылады. Жауап алу жауап алынатын адамға iс бойынша өзiне белгiлi мән-жайларды айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап алынатын адам iске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтса, оған бұл туралы ескертiлуге тиiс. Еркiн баяндау аяқталғаннан кейiн жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылау мен толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мүмкiн. Жетектеушi сұрақтар қоюға тыйым салынады.

Адам мәйiтiн тексеру. Адам мәйiтiн ол табылған жерде сыртынан тексеру тексерудiң жалпы ережелерiн сақтай отырып және сот медицинасы саласындағы маман дәрiгердiң, ал оның қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда - өзге дәрiгердiң мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi. Мәйiттi тексеру үшiн басқа да мамандар тартылуы мүмкiн. Мәйiттi қосымша немесе қайталап тексерген жағдайда сот медицинасы саласындағы маман дәрiгердiң қатысуы мiндеттi. Танылмаған мәйiт мiндеттi түрде фотосуретке түсiрiлуге және дактилоскопия жасалуға тиiс. Мәйiттi сырттай тексеру кейiн сот-медицина сараптамасының жүргiзiлуiн алмастырмайды және жоққа шығармайды.

Эксгумация

Адамның мәйiтiн жерленген жерiнен қазып алу (эксгумация) егер мыналар:

1) мәйiттi тексеру, оның iшiнде қосымша немесе қайталап тексеру;

2) тану үшiн көрсету;

3) сараптама жүргiзу талап етiлгенде жүргiзiледi.

Эксгумация тергеушiнiң прокурор санкция берген дәлелдi қаулысы бойынша жүргiзiледi.

Эксгумация туралы қаулы жерленген жердiң әкiмшiлiгi және қайтыс болған адамның туыстары үшiн мiндеттi болып табылады. Эксгумация сот медицинасы саласындағы маманның мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi. Мәйiттi тану мен тексеру, сараптамалық үлгiлер алу эксгумация жасалатын орында жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда тергеу iс-әрекетiн жүргiзуден алынған деректер және олардың ретi мәйiт эксгумациясының жалпы хаттамасына енгiзiледi. Эксгумациядан кейiн мәйiт өзге зерттеулердi жүргiзу үшiн медицина мекемесiне жеткiзiлуi мүмкiн. Мәйiттi эксгумациялаудан және кейiнгi iс жүргiзу әрекеттерiнен соң жерлеудi мәйiттi эксгумациялау туралы қаулы шығарған адамның немесе органның қатысуымен жерлеу орны әкiмшiлiгi жүргiзедi. Анықтау органдары тергеушiге эксгумация жүргiзуге жәрдемдесуге мiндеттi.

Куәландыру

Адам денесiндегi ерекше белгiлердi, қылмыс iздерiн, денсаулығына келтiрiлген зиянның белгiлерiн анықтау, мас болу жағдайын немесе iс үшiн маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгiлердi анықтау үшiн, егер бұл үшiн сараптама жүргiзу талап етiлмесе, сезiктiге, айыпталушыға, жәбiрленушiге және куәға куәландыру жүргiзiлуi мүмкiн.

Куәландыру жүргiзу туралы тергеушi сезiктi, айыпталушы үшiн мiндеттi болып табылатын қаулы шығарады. Жәбiрленушiнiң, куәнiң мәжбүрлеп куәландырылуы прокурордың санкциясы бойынша жүргiзiледi.

Куәландыруды тергеушi дәрiгердiң немесе басқа маманның қатысуымен, ал олар қатыса алмаған жағдайда куәлердiң қатысуымен жүргiзедi. тергеу iс-әрекетi куәландырылатын адамды шешiндiрудi қажет еткен жағдайларда куәландыру сол жынысты куәлердiң қатысуымен жүргiзiледi.

Егер куәландыруда адамның денесi жалаңаштандырылатын болса, онда тергеушi жынысы басқа адамды куәландыру кезiнде қатыспайды. Бұл жағдайда куәландыруды сот медицинасы саласындағы маман немесе куәлердiң қатысуымен дәрiгер жүргiзедi.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных