Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ




Қазіргі уақыттағы кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу маңызды мәселеге айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар, оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік құбылыспен байланысты болып отырған аталған жас категориясына жататын тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дүрыс орындау үшін құқық қорғаушы органдар тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін де жатқызу қажет.

Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құныдылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.

1994 жылы Қазақстан Республикасында барлық салалар бойынша 201796 қылмыс тіркелген, оның ішінде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс саны 11447, үлес салмағы 9,6% құрады, 1998 жылы тиісінше -137511, 7185

           
Тіркелген қылмыстардың жалпы саны          
Оның ішінде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс          
Үлес салмағы % 9,6 8,2 7,0 7,4 ■7,6

Осы бесжылдықта кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың азаюына қарамастан, олардың сотталғандығы өсу үстінде екені анықталды, агрессивті бағыттағы ресми емес жастар ұйымдарының саны көбеюде, пайдакүнемдік есебі басым жастар санасының басқа да теріс түрлері пайда болды.

Жасөспірімдер қылмысымен күрес біздің қоғамдағы қылмыспен күрес міндеттерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Қылмыстың алдын алу, оған жібермеу,ескерту жөніндегі шаралардың одан әрі күшейтілумен қатар, бұл міндеттің орындалуы әрбір жасалған қылмыс үшін әділ жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз етуді де қамтиды.

Әрине, жасөспірімдер қылмыстылығын жеңуге сот және тергеу органдарының іс-қызметі ғана емес, сонымен бірге ең бастысы ұйымдастыру, алдын алу, тәрбиелеу және т.б. шараларын жүргізу арқылы жетуге болады. Алайда, осы шаралар кешенінде сот шаралары ерекше орын алады және оларды дұрыс қолдану нақты оң нәтиже береді.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істерді тергеу және сот талқылауы кезіндегі бірінші әрі негізгісі - процесті кәмелетке толмаған құқық бұзушының өзіне тәрбиелік әсер етуге, оны адал еңбекпен өмір сүруге оралтуға көмектесетіндей етіп жүргізу және істі солай шешу.

Сонымен бірге, кәмелетке толмағандар қылмысы туралы істер бойынша сот процестері өзге де табансыз, аумалы мінезді жасөспірімдерге нақты ескерту ретінде ықпал етуі, жұртшылықтың назары мен күш-жігерін жасөспірімдер қылмыстылығымен күреске жұмылдыруы, оларды қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен шарттарды жоюға әрекет етуі тиіс.

Бұл тұрғыда қылмыстық істерді тергеумен сот талқылауы сапасын одан әрі көтеру өте маңызды. Бұл саладағы бірінші кезектегі мәселелер қатарына жасы 18-ге толмаған (кәмелеттік жас) тұлғалар мемлекеттің ерекше қамқорлығын иеленуіне байланысты заңнамалық регламентацияның елеулі ерекшеліктерін қамтитын кәмелетке толмағандардың ісін жүргізу мәселелері сөзсіз жатады. Мемлекет, кәмелетке толмағандар жас ерекшелігіне орай өз әрекеттерінің мән-мағынасын жете түсіне алмайтынын нысанаға ала отырып, олардың өз күшімен құқықтарына қол жеткізу, өзі үшін міндеттемелер алу және заңды жауапкершілік жүктеу қабілеттерін шектейді, сондай-ақ олардың құқықтарын жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілейді.

Кәмелетке толмағандар ісін жүргізу тәртібі, кәмелетке толмағандардың жас және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты осы категориядағы істерді жүргізудің өзгешілігі мәселелерін Кеңестік кезеңнің өзінде Г.М.Миньковский, К.К.Сперанский, В.Рыбальская, Л.Голубева5 А.Лиеде, т.б. ғалым-заңгерлер зерттеді. Бұл мәселелермен Қазақстанда К.Бегалиев, С.А.Шапинова.және басқа ғалымдар айналысты, негізінен олардың жұмыстарында жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес проблемаларын зерттеуге, оның алдын алуға, кәмелетке толмағандардың қылмыстык жауапкершілігі мен оларды жазалау мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер салдарынан туындаған жасөспірімдер қылмыстылығының жоғары деңгейге жетуі панасыз балалар санының өсуі мәселелері көкейтесті мәнге ие болып отыр, мұндай өткір сұрақтар бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануда.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы кәмелетке толмағандар ісін жүргізудің ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының іс жүргізу кодексінде жеқе тарауға бөлінген нормалар жүйесін құрайтынына, кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізу тәртібін реттеп және тұтастай алғанда осы категориядағы істерге ерекше маңыз беретіндігіне қарамастан, дегенмен кәмелетке толмағандар ісін жүргізуге қатысты кейбір мәселелерді зерттеу қажет болып отыр. Мысалы, сот және тергеу органдарының кәмелетке толмағандардан жауап алуды жүргізу, кәмелетке толмағандарға бұлтартпау

шараларын қолдану, қылмыс туралы бастапқы материалдарды толық, жан-жақты тексеруден өткізудің міндеттілігі, кәмелетке толмағандардан ісін жүргізуді жүзеге асырушы органдар жасөспірім-қүқық бұзушының құқықтары мен бостандықтарын бұзбау туралы заң талаптарын сақтауы мәселелері. Өкінішке орай, іс жүзінде ҚР-ның қолданыстағы заңнамасының талаптары бұзылатын немесе орындалмайтын жағдайлар жиі кезедеседі. Тергеушілер жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы мәліметтерді алу кезінде материалдар мен хабарламаларды әрқашан мұқият тексере бермейді, соның нәтижесінде қылмыстық іс қозғау немесе іс қозғаудан бас тарту туралы негізсіз шешімдер қабылданып жатады, ал бүның өзі өз кезегінде жасөспірімнің жан-дүниесін жарақаттауы немесе оның бойында жазасыз қалу мен қылмыс жасауды одан әрі жалғастыра беру сензімдерін қалыптастыруы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар кәмелетке толмағандар ісін жүргізуді жүзеге асыруға байлаңысты мәселелер зерттелетін, ҚР қолданыстағы заңнамасында бекітілген істердің осы категориясын жүргізудің өзгешелігімен алдын ала тергеу жүргізудің ерекшеліктеріне назар аударылатын, кәмелетке толмағандар істері бойынша дәлелдеу заты туралы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін кепілдері туралы сұрақтар зерттелетін, жасөспірімдер қылмыстылығы мен онымен күрес мәселелері қозғалатын осы бір күрделі жұмыстың негізгі бағыттарын таңдауға себепші болды.

Кәмелетке толмағандар өздерінің жас шамасына, зияттық деңгейіне байланысты физикалық, рухани және әлеуметтік даму салаларында, сондай-ақ құқықтық қорғау саласында ерекше қамқорлық пен көмекке зәру екендігін назарға ала отырып, мемлекет олардың қүқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін жүзеге асырудың тәртібін бекітті. Осылайша объективті себептерге орай, өскелең ұрпақтың қүқықтық санасын көтеруге, тәрбиесін, білімін жетілдіруге құқықтық ықпал етуді ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі міндеттеріне сәйкес, сот әділдігі органдары жүзеге асыратын кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізу жасөспірімдерге құқықтық ықпал ету, олардың сот қорғауы, құпиялық, жазаны даралау, тең құқықтылық және т.б. қүқықтарын іске асыру тәсілдерінің бірі болып табылады, өйткені жасөспірім-құқық бұзушылардың жеке мінездемелерін ескере отырып, мемлекет кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы іс жүргізудің ерекше тәртібін бекітті. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттелген бұл тәртіп кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін жүзеге асыруға қатысы бар Жалпыға бірдей адам құқықтарының Декларациясына, балалар құқығы туралы Конвенцияға, азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіге, БҰҰ-ның Шағын стандартты ережелеріне және басқа адам құқықтарын жариялайтын халықаралық құжаттарға негізделеді.

Заңмен бекітілген кәмелетке толмағандар істерін жүргізу тәртібі істі дұрыс шешуге жәрдемдеседі, сот әділдігін жүзеге асырудың сапалылығына, сот қателерін жоюға, жасөспірімдерге тәрбиелік-алдын алушылық әсер етуге оң ықпал жасайды.

Бұл органдардың тәрбиелік-алдын алу жұмысы, ең алдымен, оның қылмыстылық пен жастар арасындағы басқа да қүқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жүйесінің элементі екендігіне байланысты.

Сот ісін жүргізудің мазмұны бойынша қорғаушылық типіне (репрессивтіліктен айырмашылығы) жатады. Сот барлық сатыларда айыптау функциясынан айрылған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде ұсынылған прогрессивтілік пен адамгершілік, оның мазмұнында бұрынғы заңнамадан ерекше ережелер жатқандығымен анықталады, олар:

1. Сот әділдігі құралдары арқылы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Заң негізсіз қылмыстық қудалаудан сақтайтын процессуалдық кепілдіктер береді. Процеске қатысушылардың құқықтары, соттың оларды қамтамасыз ету бойынша құзыреті және ақтау институттары, құқық қолданушы органдардың заңсыз іс-әрекетінен зардап шеккен процеске қатысушыларға келген залалдың орнын толтыру, сондай-ақ процеске

қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары едәуір кеңейтілген.

2. Айыптау, қорғау және істі мәні бойынша қарау функцияларының бөлінуі. Тараптардың нақты бәсекелестігі мен тең құқықтығын қамтамасыз ету.

3. Сотқа жаңа статус (мәртебе) беру.

Заңда сот билігінің тәуелсіздігі бекітілген. Соттың іс қарауы құқық қорғаушылық тұрғысына ауыстырылған. Сотқа дейінгі іс жүргізуді сот бақылауын көздейтін түбегейлі жаңа нормалар енгізілген1.

Республика соттары тұрақты түрде сот қызметінің деңгейін көтеріп отырады, сот ісін жүргізу сапасын жақсарту және іс-әрекетті саралау, жаза тағайындау кезінде қателік жібермеу, кінәсыз тұлғаларды қылмыстық қудалауды жою мақсаттарымен кәмелетке толмағанждар істерін профессионалды түрде алдын ала тергеу мен қарауға назарды күшейтеді.

Осылайша, жоғарыда айтылғандардан жасөспірімдер бойынша сот әділдігін жүзеге асыруға қатысты мәселелер заң деңгейінде жеткілікті реттелген деген қорытынды жасауға болады. Мысалы, жасөспірімнің заңды өкілінің, қорғаушының жасөспірім-құқық бұзушының ісі бойынша іс жүргізудің барлық сатысындағы процессуалдық жағдайы нақты реттелген, бұл оған құқықтары мен заңды мүдделерін толық қорғауға мүмкіндік береді.

Бірақ сот процесінің тәрбиелік-алдын алу әсері, қылмыстық жазадан құтылмаушылық пен сот шығарған үкімнің әділеттігіне жалпының сеніміне қол жеткізу тек істі материалдық және процессуалдық заңнама нормаларын қатаң сақтау, сот талқылауын жүргізудің жоғары мәдениеті жағдайында ғана мүмкін болады.

А.Ф.Кони айтқандай, - "қылмыстық процесс судьяларды (төрешілерді) тірі адамнен бетпе-бет қояды, бұл сотқа әрбір істі дұрыс шешу үшін ерекше жауапкершілік жүктейді. Бұл жауапкершілік, сотталушы орындығында кәмелетке толмаған бала, яғни көзқарастары, түсініктері қалыптаспаған жасөспірім отырса, бірнеше есе өседі"2.

Бірақ, дегенмен де, жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес, оның алдын алу, қылмыс жасау үшін жағдай жасайтын себептерді жою, азаматтарды тәрбиелеу тек құқық қорғау органдарының, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт қызметкерлерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының және т.б. қатысуымен профилактикалық қызметтің барлық бағыттарының жиынтығы арқылы ғана мүмкін болады, олар сананы қайта құруға, республика халқының бойында елдегі қылмыстылық жағдайына әділ баға тудыруға, азаматтардың құқық бұзушылыққа төзбеу сезімін қалыптастыруға, кемелді адамгершілік көзқарас бағдарына және жасөспірімдер мен жастар бойындағы өзіне-өзі сын көзімен қарау сезіміне тәрбиелеуге көмектесе алады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных