Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Алқабилердін қатысуымен істер бойынша іс жүргізу тәртібі




Қазақстан Республикасынын заңымен 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап ҚР ҚІЖК-не жаңа «Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу» атты 13-бөлім енгізілді[1.45б].

Құқықтанушылардың айтуы бойынша сот алқабилері алғаш рет б.э.д. 829 жылы Францияда, одан соң 1066 жылы Англияда пайда болған дейді. ХVІІ-ғасырдың ортасында, буржуаз-демократиялык революциядан кейін Еуропа мемлекеттеріне тарай бастады.

АҚШ-да сот алқабилері 1776 жылы тәуелсіздік Декларациясы қабылданғаннан кейін пайда болды. Патшалық Ресейде ол 1864 жылы құрылып, 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін жойылған болатын. Ресей Федерациясында 1993 жылдың 16 шілдесінен бастап қайта құрылды (бір сот төрешісі және он екі алқаби). Орта Азия мемлекеттерінде және Қазақстанда патшалық империя кезінде және кеңес үкіметі кезінде сот алқабилері болған емес.

Дүние жүзі бойынша сот алкабилерінің классикалық түрі, яғни бір сот және он екі алқабиден тұратын түрі көп тараған (АҚШ, Ресей және т.б.) Францияда алқабилер құрамы тоғыз алқаби, бір төреші және екі запастағы сот төрешісі (Қазакстандағы сот алқабилерінің үлгісі Францияның сот алқабилер құрамымен ұқсас) болады.

Сот алкабилерінің сотқа қатысуы, айыпталушының алқабилердің антына соттың әсер етуіне және негізсіз сотталуынан корғайды. Сот алқабилерінің қатысуымен шығарылған қаулыда сот қателері жеке кәсіпкой сотпен салыстырғанда мейлінше аз болады. Бұл сот алкабилеріне тек адал, өмірлік тәжірибесі мол, сауатты және әділдігі бар Қазақстан Республикасының адамдары таңдалып алынады. Сонымен коса сот алқабилерінің ерекше ант құзырын (компетенциясын) қабылдауға сотталушының айыпталуы мен айыптылығы дәлелденгендігі жатады.

ҚР ҚІЖК-нін 542-бабына сәйкес сот алкабилердің катысуымен қарайтын қылмыстық істер бойынша іс жүргізу ҚР ҚІЖК-нің 13-бөлімінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қарастыралады[6.45б].

Сот алкабилердің қатысуымен қарайтын қылмыстық істер бойынша негізгі ерекшеліктері мынадай:

— егер айыпталушы өтініш еткен жағдайда сот алқабилерінің қатысуымен жүргізеді;

— халық өкілеттіктері (тандалып алынған тоғыз алқаби) мен кәсіпқой сот төрешілерілар (екі сот төрешісі) арасындағы әділ сотқа өкілеттіктердің бөліну мен жіберілуі мынадай:

— алқабилер қылмыс оқиғалары туралы сұрақтар мен сотталушының айыптылығы туралы сұрақтарды шешеді:

Төрағалық етуші мен сот төрешісінің хабардарлығы құқықтық сұрақтарды шешу болып табылады. Келтірілгендердің барлығы да сот алқабилерінің сот отырысындағы негізгі ерекшелік болып табылады.

Кәсіпқой сот төрешілерімен салыстырғанда сот алқабилері екі сот төрешісінен және тоғыз алқабиден тұратын сот құрамы.

2006 жылдың 16-қаңтарынан бастап жергілікті атқару органдары «Алқабилер туралы» ҚР Заңына сәйкес кандидаттарды таңдап оларды әліпби реттілігін сақтай отырып алғашқы, дара және запастағы алқабилер тізімін құрады.

Алқабиге кандидаттар тізімін жергілікті атқару органдары 1 желтоқсанға дейін алдын ала құрып қояды. Алғашқы, дара және запастағы алқабилер санын жыл сайын облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы береді.

Облыстық соттың беруі бойынша алғашқы кандидаттар тізімін жергілікті аудандық басқару органдары (облыстық негіздегі қала), запас тізімін – облыстықатқару органдары (республикалық негіздегі қала, астана). Дара кандидаттар тізімін облыстық жергілікті атқару органы (республикалық негіздегі кала) алғашқы кандидаттар тізімі негізінде облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жіберіледі[7.45б].

Алқаби каңдидаттарына мынадай ерекше талаптар қойылады:

— 25 жастан үлкен болу керек;

— өтелмеген немесе алынып тасталмаған соттылығы болмауы керек;

— соттың пікірінше әрекетсіз болмауы керек;

— наркология немесе психоневрология диспансерінің тізімінде болмауы керек;

Сот алқабилеріне кадидаттарды жіберу кезінде олардың әлеуметтік, кьізметтік және мүліктік, нәсілдік, ұлттық, жыныстық, дін тұтушылық немесе т.б. жағдайлары соттың шектеуімен рұқсат етілмеуі керек.

Қылмыстық іс толық аяқталғаннан кейін ай сайын алқабиге мемлекет қаражатынан соттың немесе оған теңестірілген соттың жарты еңбекақы мөлшеріңде, бірақ алқаби төрағасының негізгі сотта болған (жұмыстық күн саны) уақыттық жалақысынан төмен сыйақы тағайындалмауы тиіс.

Бір есте сақтайтыны, бір алқаби жылына бір рет қана алқаби ретінде сот отырысына қатыса алады.

Қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен жүргізудің маңыздылығы олардың сотталушының қылмыс жасағаны туралы айыпты дәлелдегені туралы шешімінің әділдігінде. Төрағалық етуші және екінші сот төрешісі алқабилердің үкімі бойынша сотталушыны айыпты деп танып оған жаза қолданып, азаматтық талап мәселесін шешеді.

«Вердикт» латын тілінен алынған және ол «айтылған шындық» деген мағына береді. Қылмысты іс жүргізуде вердикт — бұл алқабилердің сотталушыны айыпты деп танып шығарған үкімі[27.45б].

Облыстық және оған теңестірілген сотта алқабилердің қатысуымен соттың қарауына барлық істер жатады (ҚІЖК 543-бап). Негізінен алқабилердің қатысуымен тек қылмыс жасаған және Қылмыстық кодекс бойынша өлім жазасы берілетін істерді ғана карастырады (бұл ҚР ҚІЖК 291-бабының 2-бөлігінде көрсетілген тізім бойынша). Сот алқабилердің қатысуымен, ҚР ҚІЖК-нің 291-бабынын екінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді есі дұрыс емес күйінде жасаған не оларды жасағаннан кейін жан күйзелісі ауруымен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

Егер айыпталушы Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарымен істің біреуі алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істерді айыпталушының өтініші бойынша сот алқабилерінің қатысуымен істі қайта қаратуға құқылы.

Ауыр қылмыс жасаған іс бойынша бірнеше адам айыпталса, онда істі алқабилердің катысуымен қарау жөнінде айыпталушылардың біреуі өтініш берген жағдайда істі алқабилердің міндетті түрде қатысуы бойынша қарастырады.

Тергеуші алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін айыпталушыға істің барлық материалдарын таныстыру кезінде оған соттың оның ісін алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініш беру құқығын, сондай-ақ соттың алқабилердің қатысуымен шығарған үкіміне шағым жасау және шағымды қарау ерекшеліктерін қоса, осындай өтінішті қанағаттандырудың құқықтық салдарын түсіндіруге міндетті (ҚР ҚІЖК 546-бап).

Әр жаңа қылмыстық істі қарау үшін сотты төрағалық етуші сот алқабиіне алқабилерді тандауға кандидаттарды сотқа шақыратынын естен шығармау керек[27.12б].

Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды ал-дын ала кездейсок тандаудың тәртібі (ҚР ҚІЖК 550-бап). Істі соттың алқабилердің қатысуымен тағайындау туралы қаулы шығарылғаннан кейін сот төрешісі сот отырысының хатшысына, алкабилерге іріктеу үшін, осы сот отырысына саны қаулыда көрсетілген алкабиге кандидаттардың келуін камтамасыз ету туралы өкім береді. Сот қаулысында іс бойынша тандап алынған алқабилердің саны керсетілуі қажет.

Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін төрағалық етушінің есімі бойынша сот отырысының хатшысы соттағы бірыңғай және косалқы (жылдық) тізімдерден алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ тандауды жүргізеді. Қылмыстық істі қарауға қатысу үшін алкабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ тандау аяқталғаннан кейін, олардың тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы көрсетіле отырып, алдын ала тізім жасалады, оған сот отырысынын хатшысы қол қояды. Алдын ала тізімге енгізілген алқабиге кандидаттарға, сот талқылауы басталғанға дейін жеті тәуліктен кешіктірілмей сотқа келетін күні мен уақыты көрсетілген хабарлама тапсырылады. Хабарлама алған азаматтар алкабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетті[28.45б].

Сот талқылауына катысу үшін алқабиге кандидаттарды іріктеу (ҚР ҚІЖК 551-бап). Төрағалык етуші алқабиге кандидаттардың алдында олар үшін қысқаша сөзсейлеп кетеді себебі ол олар үшін өте маңызды:

— өзін және тараптарын түгел таныстырып етеді;

— қандай іс қаралуға жататынын хабарлайды;

— алқабилердің міндеттері мен олардың осы қылмыстық істі қарауға заңға сәйкес қатысу тәртібі туралы хабарлайды.

Хабарлама алған азаматтар алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетті.

Сот отырысының хатшысы төрағалық етушіге алқабиге кандидаттардың сот отырысына келуі туралы баяндайды және алқабиге кандидаттың әрқайсысына оның тегін көрсете отырып билет жазып береді.

Кандидаттар арасынан алқабилерді іріктеу басты сот талқылауы ашылғаннан кейін және ҚР ҚІЖК-нің 331-344-баптарының талаптары орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.

Алқабиге кандидатты істі қарауға қатысудан босатуға байланысты барлық мәселелерді сондай-ақ өздігінен бас тартуларды және алқабиге кандидаттарға мәлімделген қарсылық білдірулерді төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетпей жеке-дара шешеді.

Егер сотқа шақырылған алқабиге кандидаттардың жиырма бесінен азы келсе не сот талқылауына қатысудан олардың кейбіреулерін босатқаннан кейін немесе төрағалық етуші сот төрешісі өздігінен бас тартулар мен карсылык білдірулерді қанағаттандырғаннан кейін олар он алтыдан азайып қалса, төрағалық етуші сот отырысының хатшысына алқабиге кандидаттар құрамының жетіспейтін санын қосалқы тізімнен толықтыру туралы үкім етеді. Бұл жағдайда алқабиге қосалқы кандидаттарды шақыру үшін сот отырысында үзіліс жарияланады.

Алқабиге кандидатты істі қарауға қатысудан босату туралы мәселені объективті шешу мақсатында төрағалық етуші алқабилерді іріктеу кезінде кандидаттарға жазбаша нысанда прокурор, жәбірленуші, айыпталушы және оның қорғаушысы ұсынған сұрақтарды, сондай-ақ өзінің қалауы бойынша, алқабилер алқасын құру үшін маңызы бар басқа да сұрақтар қоюы мүмкін.

Алқабиге кандидат істі қарауға қатысу үшін іріктеу кезінде төрағалық етуші қойған сұрақтарға шын жауап беруі, сондай-ақ оның талабы бойынша өзі туралы және іске қатысушы басқа адамдармен қатынастары туралы қажетті өзге де ақпараттар беруге тиіс.

Қойылған сұрақтарға жауап бермеген алқаби кейінгі алқаби құрылымына қатысудан босатылады[28.45б].

Төрағалық етушініц алқабиге кандидаттарды істі қарауға қатысудан босату (ҚР ҚІЖК 552-бап).

Төрағалық етуші алқабиге кандидаттарға олардың Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген міндеттерін түсіндіргеннен кейін, алқабиге кандидаттардан алқаби ретінде істі қарауға қатысуда олар кедергі келтіретін мән-жайлардың бар–жоғы туралы сұрайды.

Бұл жөнінде төрағалық етуші алқабилерді мынадай жағдайда міндеттерінен босатуға құқылы:

1) Қылмыс жасады деген күдіктілерці немесе айыпталушыларды;

2) сотта ілеспе аударма қамтамасыз етілмеген кезде, сот ісі жүргізілетін тідді білмейтін адамды;

3) сот отырысына толыққанды қатысуын қамтамасыз етуге ұйымдастырушылық не техникалық мүмкіңдіктер болмаған кезде саңырау, мылқау, зағип және мүгедек болып табылатын басқа да адамдарды.

Сонымен қоса төрағалық етуші сот төрешісі алқабилердің ауызша немесе жазбаша өтініші бойынша:

1) алпыс бес жастан асқан адамдарды;

2) Үш жасқа толмаған балалары бар әйелдерді;

3) өзінің діни нанымына байланысты сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу өзі үшін мүмкін емес деп есептеген адамдарды;

4) қызметтік міндеттерін атқарудан алаңдатылуы қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге едәуір зиян келтіруі мүмкін адамдарды (дәрігерлер, мұғалімдер, әуе жолдарының пилоттары және басқалар);

5) сот отырысына қатыспау үшін дәлелді себептері бар өзге де адамдарды алқаби міндеттерін атқарудан босата алады.

Төрағалық етуші алқабиге кандидаттардан сотта қаралатын істің мән-жайлары туралы олардың хабардарлығын анықтайды[28.56б].

Төрағалық етуші кез келген алқабиге кандидатты осы адамға заңсыз көрсетілген ықпал ету, онда ағат пікір болуы, ол істің мән-жайын іс жүргізу кездерінен емес, баска көздерден білуі салдарынан оның объективтілігіне негізді күмән келтірілсе, сондай-ақ алқабиге кандидаттың алқаби ретінде істі қарауға қатысуы кезінде объективті болмау мүмкіндігін көрсететін басқа да себептермен іс бойынша алқабидің міндеттерін атқарудан босатады.

Алкабиге кандидаттардыц өздігінен бас тартуы туралы мәселелерді шешу. ҚР ҚІЖК-нің 554-бабына сәйкес, прокурор, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сонымен коса сотталушы және оның корғаушысы алкабиге кандидаттарға қарсылық білдіре алады, егер:

1) іс бойынша жәбірленуші, азаматтык талапкер, азаматтық жауапкер немесе куәгер ретінде шақырылса;

2) Алқабиге кандидат осы қылмыстык іс бойынша сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеуші. Прокурор, қорғаушы, айыпталушының заңды өкілі, жәбірленушінің өкілі, азаматтық талапкер немесе азаматтық жауапкер ретінде іс жүргізуге қатысса;

3) Алқабиге кандидат жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтык жауапкердің немесе олардың өкілдерінің, айыпталушының немесе оның занды өкілінің, прокурордың, корғаушының, тергеушінің немесе анықтаушының туысы немесе жекжаты (аға-інісі, апа-қарындасы, ата-анасы және ерлі-зайыптылардың баласы) болып табылса;

4) Осы іске жеке, тікелей немесе жанама мүдделі деп санауға негіз беретін өзге де мән-жайлар болса, қарсылығы мәлімделуге тиіс.

Сонымен, жоғарыда айтылып өтілген жағдайлар негізінде алқабилерге кандидаттарға дәлелді қарсылыққа негіз болады.

Алқабиге кандидаттарга дәлелсіз қарсылық білдіру (ҚР ҚІЖК 555-бап). Тәртіп бойынша сотқа елу алқаби кандидаты шақырылады, егер жиырма бес кандидаттан он алты каңдидат калса, онда сот төрағасы хатшыға сот алқабилеріне қосымша шақырту жасауына рұқсат береді. Сонымен төрағалық етуші қосымша шақырылған кандидаттармен қоса сот алқабилеріне құрылым процедурасын жүргізеці.

Бұдан соң төрағалық етуші алқабиге кандидаттарға дәлелсіз қарсылық білдіруді жүргізеді. Сот отырысына қатысу үшін алқабиге он алтыдан астамы қалса, төрағалық етуші қалған алқабиге кандидаттарцың санын жариялайды, бұдан кейін олардың тегі көрсетілген билеттерді жәшікке салады, билеттерді араластырады және жәшікте он алты билет қалу үшін одан қанша қажет болса сонша билетті алады. Содан соң төрағалық етуші, мемлекеттік айыптаушы, сондай-ақ сотталушы және (немесе) оның қорғаушысы дәлелсіз қарсылықты жүргізу үшін қалған, алқабиге кандидаттардың тегі көрсетілген он алты билетті береді, нәтижесінде алқабиге он бір кандидат қалуы тиіс.

Егер іске бір сотталушы қатысса, дәлелсіз қарсылық білдіруді алқабиге екі кандидатқа мемлекеттік айыптаушы, содан кейін алқабиге үш кандидатқа сотталушы және немесе оның қорғаушысы көрсетілген кезектілікпен жүргізеді.

Егер іске бірнеше сотталушы қатысса, мемлекеттік айыптаушы әрі кеткенде алкабиге екі кандидатқа қарсылық білдіруге құқылы, және кез келген жағдайда сотталушы мен оның қорғаушысы соңында алқаби саны он бір алқабиден кем болмауы тиіс.

Сонымен, дәлелсіз қарсылық білдіру — бұл алқабиге кандидаттарды жеребе тастау арқылы, заң бойынша он алты алқабиге дейін тандалып алынады[29.39б].

Жеребе тастау арқылы алқабилер алқасын құру (ҚІЖК 556-бап). Алқабилер құрамы негізінен жабық сот отырысында жүргізілуі қажет. Сотта істі қарайтын алқабилер алқасы негізгі кұрамнын тоғыз және екі косалқы алқаби кұрамында жеребе тастау арқылы кұрылады.

Негізгі алқабилер кұрамы былайша жүргізіледі. Төрағалык етуші карсылык білдірілмеген алқабиге кандидаттардын тегін көрсете отырып, билеттерді жәшікке салады, оларды араластырады және бір-бірлеп он бір билетті алады, әр алған сайын билетте көрсетілген алқабиге кандидаттың тегін жариялайды.

Егер жәшіктен алынған және калған билеттер қарсылық білдірілмеген алкабиге кандидаттардың жалпы санын құраса, сондай-ақ егер алқабилер алқасын құрудың дұрыстығына әсер ететін қаңдай да бір бұзушылыққа жол берілмесе, онда алқабилер алқасы құрылды деп танылады. Бұл ретте, жеребе тастау аркылы іріктелген алғашкы тоғыз алқаби негізгі құрамның алқабиі, ал соңғы екеуі косалқы алқаби деп есептеледі.

Алқаби ұжымының ант қабылдауға дейін алқабилер барлық алқабилерге объективті әрекет ете алмауына қарсылык білдіруі алқабилер алқасын құрудағы негізгі арнайы ерекшелігі болып табылады.

Алқабилер алқасының кұрылуын жарамсыз немесе ол құрылған жоқ деп тану, егер:

– алқабилер алқасын құру кезінде оның құрылуының дұрыстығына әсер еткен қандай да бір бұзушылыққа жол берілсе;

– бір немесе одан да көп алқабиге мемлекеттік құпияға рұқсат етуден бас тартылған жағдайда.

Төрағалық етуші алқабилер алқасының құрылуын жарамсыз немесе ол құрылған жоқ деп жариялайды және алқабиге кандидаттарға толық көлемінде қайта іріктеу жүргізеді.

Сот отырысының хатшысы жеребе тастау арқылы іріктелген он бір алкабидің тегін жәшіктен билеттер қалай алынса, сол тәртіппен сот отырысының хаттамасына енгізеді. Жеребе тастау арқылы іріктелген алқабилердің тегі көрсетіле отырып, билеттер іс материалдарына тігіледі.

Сонымен төрағалық етуші дәлелсіз қарсылық білдіру негізін түсіндірмей ақ алқабилер кұрамының шешімін жариялайды.

Алқабилердіц ант қабылдауы (ҚР ҚІЖК 558-бап). Алкабилер алқасы кұрылып болғаннан кейін төрағалык етуші немесе сот отырысынын хатшысы сот отырысынын залында қатысып отырғандардың барлығына орындарынан тұруды ұсынады.

Содан сон төрағалық етуші алкабилерге ант кабылдау ұсынысымен өтініш жасайды. Ант мынадай мазмұннан тұрады: «Алқабидің міндеттерін атқаруға кірісе отырып, өз міндеттерімді адал және бейтарап атқаруға, сотта қаралған барлық дәлелдемелерді, дәлелдерді, істің мән-жайын назарыма алуға, ерікті азамат және әділ адам ретінде істі өзімнің ішкі нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге салтанатты түрде ант етемін». Алқаби «Ант етемін!» деген сөздерді айтумен антты қабылдауын растайды.

Алқабилердің ант қабыддағаны туралы сот отырысының хаттамасына жазба жасалады[29.19б].

Алқабилердің құқықтары, міндеттері. Істі қарауға байланысты іс-әрекеттеріндегі шектеулер (ҚР ҚІЖК 559-бап). Төрағалық етуші алқабилерге олардың құқықтарын, міндеттерін және істі қарауға байланысты іс-әрекеттеріне шектеулерді түсіндіреді, сондай-ақ міндеттерді бұзу және шектеулерді сақтамаудың салдарлары туралы ескертеді.

ҚР ҚІЖК-нің559-бабының 2-бөлігіне сәйкес алқабилердің құқығы:

— өзінің ішкі нанымы бойынша істің мән-жайын өз бетінше бағалауға және алқабилер алқасының алдында қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік алу үшін сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға;

— төрағалық етуші арқылы сотталушыға, жәбірленушіге, куәгерлерге, сарапшыға сұрақтар қоюға;

— заттай дәледдемелерді, құжаттарды тексеріп қарауға, жерді және үй-жайларды тексеріп қарау ісіне, сот тергеуіндегі барлық басқа да іс-әрекеттерге қатысуға;

— төрағалық етушіге заңнама нормаларын, сондай-ақ сот отырысында жария етілген құжаттардың мазмұнын және іске қатысты, өзіне түсініксіз басқа да мәселелерді түсіндіруді сұрап өтініш жасауға;

— сот отырысы кезінде жазбаларды жасауға.

Алқаби міндеттері:

— сот отырысында тәртіп сақтауға және төрағалық етушінің занды өкімдеріне бағынуға;

— алқабидің міндеттерін атқару үшін, сондай-ақ, егер сот отырысында үзіліс жарияланған немесе істі тыңдау кейінге калдырылған жағдайда, сот талқылауын жалғастыру үшін сот көрсеткен уақытта келуге;

Сотқа келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, төрағалық етушіге келмеудің себептері туралы алдын ала хабарлауға міндетті.

Алқаби:

— істі тындау кезінде сот отырысының залынан кетуге; егер алқаби ауырған немесе себепті жағдайлармен сот отырысына қатыса алмайтын болса төрағалық етушінің рұқсатымен үзіліс жарияланады. Немесе қосалқы алқабимен алмастырылады.

Істі тындау кезінде сот құрамына кірмейтін адамдармен төрағалық етушінің рұқсатынсыз іс бойынша сөйлесуге;

— істі қарау барысында мәліметтерді сот отырысынан тыс жинауға (телеарна, радио, газеттерден, журналистерден).

— жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесінің құпиясын бұзуға құқылы емес[29.19б].

Алқабидің өз міндеттерін атқармауы, сондай-ақ жоғарыда айтылып өткен шектеулерді сақтамауы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жауаптылыққа, сондай-ақ төрағалық етушінің алқабиді істі қарауға одан әрі қатысудан шеттету мүмкіндігіне әкеп соғады.

Алқабидің тәуелсіздік кепілдігі туралы 2006 жылдың 16 қаңтарында шыққан «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында қарастырылған, ал 2007 жылғы 1 қаңтарда шыққан Занда алқаби қызметін атқарушыларына сот төрешісі тәуелсіздік кепілдігін береді.

Алқаби мен оның отбасы мүшелері және мал-мүлкі мемлекеттің қарауында болатынын ұмытпау керек[29.19б].

1.2.Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау.

Сот отырысын тағайындау (ҚР ҚІЖК 547-бап). Айыпталушының істі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініші болған кезде сот төрешісі барлық сотталушылар мен олардың қорғаушыларымен бірге алдын ала тыңдау жүргізеді.

Сот отырысының дайындық бөлімі мынадай қатарлардан тұрады. ҚР ҚІЖК-нің 548-бабына сәйкес төрағалық етуші сот отырысын ашып, қай істің қарауға жататындығын жариялайды. Отырысқа қатысушы адамдарға өзін таныстырады, кімнің мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, хатшы кім екенін хабарлайды, сотталушының жеке басын анықтайды, мәлімделген қарсылықтарды шешеді. Мемлекеттік айыптаушы айыптау қорытындысының қарар бөлігін жария етеді. Сот төрешісі сотталушыға айыптаудың түсінікті болған-болмағанын анықтайды, қажет жағдайларда оған айыптаудың мәнін түсіндіреді және ол ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы берген өз өтінішін растайтынын не растамайтынын сұрайды.

Егер сотталушы ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өз өтінішін растаса, онда сот төрешісі осы өтініштің қанағаттандырылғаны туралы шешім қабылдайды және мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші, сотталушы және оның қорғашысы мәлімдеген басқа өтініштерді қарауға көшеді[29.22б].

Егер сотталушы ісі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өз өтінішін растамаса, сот төрешісі алдын ала тындау аяқталғанын хабарлайды. Кейінгі сот талқылауы ҚР ҚІЖК-нің 40-тарауында қарастырылған ережелер бойынша жүзеге асырылады.

Алқабилердің қатысуымен қарастыратын іс бойынша сотталушы алғашқы пікірін әзгерткен кезде де алдын ала тындау өткізілгеннен кейін сот төрешісі өзінің қаулысын шығарып, ол ақырғы шешім болып табылады. Бұл жағдайда соттың қаулысы қайта қаралуы мүмкін.

Сот төрешісі алдын ала тындауды міндетті түрде прокурордың, соттың істі алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініш білдірген сотталушының және оның қорғаушысының қатысуымен жабық сот отырысында жеке дара жүргізіледі (ҚІЖК 548-бап) алқабилер алдын ала сот отырысына қатыспайды[29.24б].

Алқабилердің сот талқылауына қатысуынын жалпы шарттары (ҚІЖК 557-бап). Алқабилер алқасын кұру аяқталғаннан кейін төрағалық етуші алқабилердің негізгі құрамына, оларға бөлінген алқабилер орындығынан орын алуды ұсынады және олардың орындығы отырғандардан бөлек болуы және әдетте сотталушылар орындығына қарама-қарсы орналасуы тиіс. Қосалқы екі алқаби олар үшін арнайы белгіленген алқаби орындығына орналасады.

Заң бойынша алқабилер және қосалқы алқабилер сот отырысының залында сотталқылауы кезінде тұрақты қатысуы тиіс.

Егер сот талқылауы барысында алқабилердің біреуінің сот отырысына одан әрі қатыса алмайтындығы немесе төрағалық етуші оны сот отырысына қатысудан шеттеткен жағдайда қосалқы алқабимен ауыстырылуы қажет[29.45б].

Бұл жағдайда алқабилер мен сот төрешілері шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін ауыстырылуы керек. Егер алдыңғы екі алқабиді қосалқы алқабилердің лимиті таусылған кезде ауыстырған жағдайда тәрағалық етуші сот отырысын жарамсыз деп хабарлайды. Бұндай жағдайда сот процесі тоқтатылып, сот талқылауына катысу үшін алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсок тандаудың тәртібі бойынша істі қарауды жаңадан бастауы тиіс (ҚІЖК 550-бап).

Егер алқабилердін біреуі сот отырысына қатыса алмауы ке-ңесу бөлмесіне кеткенннен кейін анықталса, онда сот төрешілері мен алқабилер сот отырысы залына шығып, алқабидің ауыстырылғанын хабарлап кеңесу бөлмесіне қайта кетуі керек.

Кез келген алқаби ҚІЖК-нің 559-бабының 4-бөлігінде қарастырылған міндеттерін бұзған жағдайда одан әрі қатысудан шеттету мүмкіндігіне әкеп соғатынын естен шығармауы қажет.

Алқабилерді төрағалық етуші, прокурор, сотталушы және олардың қорғаушылармен шеттетілуі мүмкін, ол жөнінде сот отырысының хатшысы хаттамаға жазады.

Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау ерекшеліктері. Алқабилер қатысатын сотта сот тергеуінің ерекшеліктері (ҚР ҚІЖК 562-бап). Мемлекеттік айыптаушы айыптау қорытындысының қарар бөлігін жариялаған кезде сотталушының сотталғандығы туралы фактілерді еске салуға құқылы емес. Бұл жағдайды әдейі алқабилердің күні бұрын пішілген жеке басына және айыптылығына қатысты жасалады.

Тараптар сотталушыдан, жәбірленушіден, куәлардан және сарапшылардан жауап алғаннан кейін алқабилер терағалық етуші арқылы осы адамдарға сұрақ қоя алады. Алқабилер сұрақтарды жазбаша түрде жасап, төрағалық етушіге береді, ал төрағалық етуші сол бойынша сотталушыны және т.б. сұрайды.

Төрағалық етуші іске қатысы жоқ, сондай-ақ мегзеу немесе тіл тигізу сипатында деп есептеген сұрақтарды қабылдамай тастауға құқылы.

Тараптар алқабилер алқасының қатысуынсыз, сот төрешілері бұрын іс талқылауынан алып тастаған дәлелдемелерді, бұл ретте олардың мәнін баяндамай-ақ, зерттеу туралы өтініш беруі мүмкін. Осындай өтінішке байланысты іс бойынша сот талқылауына қатысушылардың пікірін тындауды сот төрешілері жүргізеді.

Сотталушының бұрынғы сотталғандығына байланысты, оны құнықпа маскүнем немесе нашақор деп тану туралы мән-жайлар, сондай-ақ алқабилердің сотталушыға қатысты теріс түсінігін туғызатын мән-жайлар зерттелуге жатпайды. Бұларды зерттеу алқабилердің алдын ала шығарған айыптауы немесе оны дәлелдеуіне әсер етеді (ҚР ҚІЖК 562-бап).

Сотталушының жеке басына байланысты кейбір мәселелерді алқабилер тек қылмыстық іске қатысы болған жағдайда ғана тексеруі тиіс[30.17б].

Алқабилер қатысатын соттағы тараптардың жарыссоздері (ҚР ҚІЖК 563-бап). Сот тергеуі аяқталғаннан кейін алқабилердің қатысуымен соттараптардың жарыссөздерін тыңдауға көшеді. Сот жарыссөздері айыптаушы мен қорғаушының сөздерінен тұрады.

Жарыссөз — бұл сот процесінің бөлігі, онда сот тараптары сот алқабилеріне қаратылған сөз, оларды тағылған айыптың дәлелденгендігі немесе дәлелденбегеніне, қылмыстың дұрыс белгіленгендігіне сендіру керек. Сонымен тараптар өз орындауларында дәлелдерді сараптап, сотталушыға берілген жаза өлшемі туралы өз шешімдерін дәлелдеп, алдағы тұрған үкімге рұқсатпен өз ұсыныстарын енгізеді. Сот жарыссөзі екіге бөлінеді. Жарыссөздердің бірінші бөлігі мемлекеттік айыптаушының, жәбірленушінің, қорғаушының және сотталушының сөздерінен тұрады, олар сотталушының бұрынғы сотталғандығын еске салмай оның кінәсінің дәлелденуі немесе дәлелденбеуі жөніндегі өз ұстанымдарын баяндайды.

Тараптар алқабилер қатысқан соттың қарауына жатпайтын мән-жайларды еске алмауға және сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасамауға тиіс. Егер бұл жағдайларды қозғайтын болса төрағалық етуші мұндай сөздерді үзіп тастайды және алқабилердің үкім шығару кезінде осы мән-жайларды есепке алмауға тиіс екендігін оларға түсіндіреді.

Жарыссөздердің екінші бөлігі мемлекеттік айыптаушының, сондай-ақ жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жауапкердің немесе олардың өкілдерінің, қорғаушының және сотталушының сөздерінен тұрады, оларда сотталушының іс-әрекетін дәрежелеу, жаза тағайындау, азаматтық талап мәселелері бойынша ұстанымдары баяндалады[30.32б].

Репликалар және сотталушының соңғы сөзі. Алқабилер қатысатын сотта сөз сөйленіп болған соң тараптар жарыссөзіне қатысушылардың бәрінің реплика айтуға құқығы бар. Соңғы реплика айту құқығы қорғаушыға тиесілі. Сот жарыссөзі және реплика аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сотталушыға соңғы сөз береді.

Алқабилер қатысатын сотта істің қысқартылуы (ҚР ҚІЖК 561-бап). Төрағалық етуші істі соттың алқабилердің қатысуымен талқылауының кез келген кезеңінде істі қысқартуына болады, егер:

– ҚР ҚІЖК 37-бабының 1-тармағында қарастырылған қылмыстық іс қозғауға болмайтын, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиіс жағдайлар;

– прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбірленуші де бас тартқан жағдайда (ҚР ҚІЖК 317-баптың 7-бөлігі) [30.45б].

1.3.Алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтардыц қойылуы тәртібі.

Алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтардьщ қойылуы (ҚР ҚІЖК 565-бап). Екінші сот төрешісінің қатысуымен төрағалық етуші сот тергеуінің нәтижелерін, тараптардың жарыссөздерін ескере отырып, алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтарды жазбаша түрде тұжырымдайды, оларды оқиды және тараптарға береді.

Тараптар сұрақтардың мазмұны мен тұжырымдалуы бойынша өздерінің ескертпелерін айтуға және жаңа сұрақтар қою туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

Сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетеді.

Тараптардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, төрағалық етуші кеңесу бөлмесінде алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтарды түпкілікті тұжырымдайды, оларды сұрақ парағына енгізеді және оған қол қояды.

Сұрақ парағы алқабилер мен тараптар қатысып отырған кезде дауыстап оқылып ол хаттамаға жазылады[30.46б].

Алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтардьщ мазмұны. Сотталушы жасаған деп айыпталатын әрекеттердің әрқайсысы бойынша негізгі үш сұрақ қойылады.

1) әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме;

2) бұл әрекетті сотталушының жасағаны дәлелденді ме;

3) бұл әрекеттің жасалуына сотталушы кінәлі ме. Алқабилер әр эпизодқа жеке-жеке, барлық іске толық бір сұрақ қоюы қажет. Себебі, біреуі дәлелденсе, екіншісі дәлелденбеуі мүмкін.

Бірінші сұрақты шеше отырып төрағалық етуші алқабилерге істің қылмыс екенін, ол Қылмыстық кодексінің бір бабымен қарастырылатынын және ол басқа іс-қимылға қарағанда ондағы ерекшелікті көрсетіп береді. Мысалға: алқабилер алдына «А» және «В» азаматтардың аса ауыр «ерекше мейірімсіздік» қылмысы сол жерде, сол уақытта жасалғанын соттың барлық дәлелдерінен шығара отырып дәлелдейді. Алқабилер үшін қылмыстағы «ерекше мейірімсіздік» түсініксіз болуы мүмкін. Сот төрешісі бұл сөздің мағынасын ашуға тырысады, ал алқабилер қылмыстың мекенінің дәлелденгендігі мен сұрақтарға жауап беріп отыруы тиіс.

Екінші сұрақ алқабилер аддында қойылады, бұл – әрекетті сотталушының жасағаны дәлелденді ме, ал алқабилер бұған құптау немесе құптамау жауабын береді.

Үшінші сұрақ алқабилер алдында қойылады, бұл – қылмыстық әрекетгің субъективті қатарына баиланысты әрекеттің жасалуына сотталушы кінәлі ме.

Шешуге жататын сұрақтар әрбір сотталушыға қатысты жеке қойылады.

Сотталушының кінәлілігі туралы негізгі сұрақтан кейін кінәлілік дәрежесін арттыратын немесе төмендететін не оның сипатын өзгертетін, сотталушыны жауаптылықтан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар туралы жеке сұрақтар қойылуы мүмкін.

Қажет болған жағдайларда қылмыстық ниеттің жүзеге асырылу дәрежесі, әрекеттің соңына дейін жеткізілмеуіне әсер еткен себептер, сотталушылардың әрқайсысының қылмыстың жасалуына катысу дәрежесі мен сипаты туралы сұрақтар да жеке қойылады. Егер қойылатын сұрақтар сотталушының қорғану құқығын бұзбаса, сотталушының онша ауыр емес қылмыс жасаудағы кінәсін анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтар қоюға жол беріледі.

Бірақ алқабилер тарапынан қылмыстың саралануына (квалификациясына) заңгерлік сұрақтар қойылмауы керек.

Төрагалық етушініц алқабилерге жүгінуі (ҚР ҚІЖК 567-бап). Сот төрешісі мен алқабилер кеңесу бөлмесіне кетер алдында төрағалық етуші алқабилерге жүгінеді.

Алқабилерге жүгінген кезде төрағалық етушіге алқабилер алқасы мен сот төрешісі алдына қойылған сұрақтар бойынша кандай да бір нысанда (ыммен, ишар білдіру, дауыс ырғағын өзгерту) өз пікірін айтуға тыйым салынады.

Төрағалық етуші жүгінуінде:

— айыптаудың мазмұнын баяндайды;

— сотталушы айыпталып отырған әрекетті жасағаны үшін жауаптылық көзделген қылмыстық заңнын мазмұнын хабарлайды;

— сотталушының айыбын ашатын да, сол сияқты оны ақтайтын да, сотта зерттелген дәлелдемелер туралы еске салады, бұл ретте осы дәлелдемелерге өзінің көзқарасын білдірмейді және одан қорытындылар жасамайды;

– мемлекеттік айыптаушының және қорғаушының ұстанымдарын баяндайды;

– алқабилерге дәлелдемелерді олардың жиынтығында бағалаудың негізгі ережелерін;

– кінәсіздік презумпциясы принципінің мәнін; сотталушының пайдасына жойылмаған күмәнді түсіндіру туралы ережені;

– олардың қорытындылары тікелей сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негізделуі мүмкін екендігі;

– олар үшін ешқандай дәлелдеменің алдын ала белгіленген күші жоқ, олардың қорытындылары болжамдарға, сондай-ақ сот пайдалануға жол берілмейді деп таныған дәлелдемелерге негізделмеуге тиіс екендігі туралы ережені түсіндіреді;

– алқабилер назарын сотталушының айғақ беруден бас тартуы немесе оның сотта жауап бермеуі заң тұрғысынан маңызға ие болмайтынына және сотталушының кінәлілігінің дәлелі ретінде түсіндірілмейтіне аударады;

– кенесу бюллетендерді негізгі мәселелер бойынша толтыру тәртібін, үкім шығару мәселелері бойынша жалпы дауыс беру тәртібін түсіндіреді;

– ант беру және сотталушының мойындау мүмкіншілігі оларға кешірімнің лайық болатынын ескереді[30.49б].

Тараптар сот отырысында төрағалық етушінің объективтілік принципін бұзу себептері бойынша жүгінуінің мазмұнына байланысты қарсылық білдіруге құқылы, ол сот отырысының хаттамасына енгізілуге жатады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных