Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Екінегізді, гидрокси және ароматты карбон қышқылдары.




Екінегізді карбон қышқылдарына молекуласында екі карбоксил тобы бар қышқылдар жатады. Оларды дикарбон қышқылдары деп те атайды. Радикалдың табиғатына байланысты қаныққан, қанықпаған және ароматты дикарбон қышқылдары болып бөлінеді. Ең қарапайым екінегізді қышқыл –қымыздық қышқылы.

Олардың кейбір өкілдері:

HOOC-COOH қымыздық қышқылы (этанди)

! HOOC-CH2-COOH HOOC-CH2-CH2-COOH

Малон қышқылы янтарь қышқылы

Екінегізді қышқылдар, негізінен, тривиальді атаулармен аталады. Жүйелеу номенклатурасы бойынша, сәйкес көмірсутектерге –ди жұрнағы немесе радикал атына дикарбон қышқылы деген сөзді қосып атайды.

Екінегізді қышқылдар – суда жақсы еритін кристалды заттар. Молекуладағы карбоксил топтарының өзара әсерінен екінегізді қышқылдар бірнегізділермен салыстырғанда күштірек болады. Мысалы, қымыздық қышқылы сірке қышқылынан 200 еседей күшті. Дикарбон қышқылдарыныі диссициациясы сатылап жүреді:

HOOC-COOH → HOOC – COO- + H+

HOOC – COO- -OOC – COO- + H+

Екінегізді қышқылдардың ішінде табиғатта ең көп тарағаны – қымыздық қышқылы (COOH)2.

Қымыздық қышқылы – кристал зат. Суда, спиртте т.б.еріткіштерде ериді. Тұздары мен эфирлері оксалаттар деп аталады. Табиғатта бос күйінде және оксалат түрінде қымыздықта, қарақатта, т.б.өсімдіктерде кездеседі. Калий (COOK)2 және кальций оксалаттары (COO)2Ca қымыздық қышқылының көп тараған қосылыстарыү Қымыздық қышқылы металдарды таттан тазартуда, қақты жоюға, бояу, тоқыма өндірісінде қолданылады.

Екінегізді карбон қышқылдарының химиялық қасиетттері бірнегізді карбон қышқылдарына ұқсас, айырмашылығы-құрамында екі карбоксил тобы болуына байланысты. Карбоксил тобының біреуі немесе екеуі де реакцияға түсіп, бір немесе екі алмасқан туындылар түзе алады:

COONa COONa COOC2H5 COO C2H5

COOH COONa COOH COO C2H5

қышқыл орта қышқыл орта

тұздар эфирлер

 

! Сүт қышқылы құрамында екі функционалдық тобы бар қосылыс. Гидроксиқышқылдардың қарапайым өкілі. Кристалды зат, суда, спиртте ериді. Табиғатта кең тараған. Бактериялар әсерінен қантты заттар сүт қышқылды ашығанда түзіледі. Айранның, ірімшіктің, тұздаған қиярдың, капустаның,т.б.тағамдардың құрамында болады.

Дәрі-дәрмек, пластификаттар,т.б.заттар алауда қоладанылады.

Бензой қышқылы бірнегізді ароматты қышқыл мен карбоксил тобы болады.

Ароматты қышқылдар күнделікті тұрмыс пен техникада кең қолданылады. Бензой қышқылы бояу өндіруде және консервілейтін зат ретінде пайдаланылады.

Фенилсірке қышқылының иісі бал тәрізді болғандықтан, хош иісіті заттар өндірудае пайдаланылады.

Ароматты қышқылдар –суда нашар еритін кристалды заттар.

Бензол сақинасы карбоксил тобына әсер ететіндіктен, ароматты карбон қышқылдары алифатты қышқвлдарға қарағанда күштірек. Карбон қышқылдарына тән реакцияларға түсіп, тұздар, күрделі эфирлер, галогенангидридтер мен ангидридтер түзеді.

Фтал қышқылдары С6Н4(СООН)2 немесе НООС – С6Н4 - СООН екінегізді ароматты қышқылдар. Карбоксил топтарының өзара орналасуына қарай бұлардың үш изомері болады:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных