Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Kmobile activ kcell 4 страница




3) қажеттілігі бар, бірақ белгілі бір себептерге байланысты жарнама затына теріс қарайтындар.

Өткізуді ынталандыру – бұл нарықтың жауапты реакциясын күшейтуге немесе жылдамдатуға бағытталған ынталандырушы әсер құралдарын қолдану.

Ынталандыру құралдары (сайыстар, купондар, сыйақылар, жеңілдіктер) 3 сипатты қасиетке ие: 1) назар аудартады және тұтынушыны тауарға әкелетін ақпаратқа ие болады; 2) тұтынушы үшін құнды болып табылатын жеңілдік, льготаларды білдіреді; 3) дереу сатып алу немесе шарт жасауға итермелейтін нақты ұсыныстарды қамтиды.

Агенттерді ынталандыру жоғары комиссия, сыйақы, ортақ маркетингтік шаралар(зерттеу, жарнама науқаны) арқылы жүзеге асырылады.

Жеке сату техникасы. Бұл сатып алушының сұранысын қалыптастырудың өте көне және кең қолданылатын ең сенімді және тиімді әдісі, себебі сатушы мұнда сатып алушылармен тікелей қатынасқа түседі. Көптеген компанияларда жеке сату әдісіне жарнамаға қарағанда көбірек қаржы бөлінеді (сатудан 8-15%).

 

18. Қызмет көрсету рыногында маркетинг кешенін дайындауды сипаттаңыз

Қызмет көрсету аясы экономиканың барлық салалары жұмысшыларының сапалық сипатына әсер етеді, олардың күш жігерін мамандандырылған функцияларға шоғырландыруға және еңбек ресурстарын өндірістік емес салаларда қолдану үшін босатуға мүмкіндік береді, яғни тек өзінің негізгі функцияларын орындап қана қоймай, сондай-ақ материалдық өндіріске де өз әсерін тигізеді. Ол өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының өндірісін дамытуға көмектесе отырып, материалды игіліктердің негізгі тұтынушыларының бірі болып табылады, ал материалдық өндіріс өндірістік емес сала жасайтын көптеген қызметтерге сұранысты тудырады.

Қазіргі қоғамда қызметтер тұтынудың маңызды элементі және адамдардың өмір сүру қалпын жетілдіру шарты болып табылады. Қызмет көрсету сферасының салаларын дамыту қоғам мүшелерінің тіршілік іс-әрекетінің көптеген критерийлерін өзгертуге әсер етеді. Және бұл өзгерістер қоғамдық өндіріс құрылымындағы өзгерістерге, оның тиімділігін жоғарылатуға әсер етеді.

Қазіргі жағдайда қызмет аясының салалары және оның жұмысшылары адам дамуының белгілі бір әлеуметтік-экономикалық функцияларын орындайды:

· материалдық өндіріс аясында және қызмет сферасында өндірілген материалдық және рухани игіліктер тұтынушылардың жеке талғамдары мен сұраныстарына сәйкес жеткізіледі және тұтынушылар арасындағы осы игіліктердің болуын айғақтайды;

· заттардың тұтыну құнын қайта құра отырып, халықтардың тұтынуына дайындайды, яғни қызмет аясының салалары тауар-заттардың өндірісін толықтырады;

· өмірлік игіліктер тұтыну үрдісінің өзіне қызмет етеді (қоғамдық тамақтану, коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету).

Сонымен, қызмет аясы – жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне, тұтынушылардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, еңбек өнімі материалдық және материалдық емес сипаттағы және адам дамуындағы әлеуметтік-мәдени мақсаттағы қызметтер болып келетін экономикалық салаларының жиынтығы.

Қызмет көрсету аясының еңбек өнімі ретіндегі қызмет қызметтің барлық түрін қамтиды, яғни жеке, әлеуметтік және өндірістік мақсаттағы қызметтер. Қызмет көрсету сферасы оның шектелу критерийіне сәйкес объективті түрде келесі сфераларға бөлінеді: өндіріске, халыққа, қоғамға қызмет көрсету. Халыққа қызмет көрсету сферасының салалары өндіріс функцияларын орындайды - еңбек өнімдерін дайындап, оны тұтынушыға жеткізу және тұтынушылардың материалды игіліктерге және қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қызмет көрсету. Қызметтерді топтастыру белгілері сатып алу себебі мен тәжірибесі, рыноктық сегменттеу, қызметтерді жабдықтаушының мақсаттары, меншік сипаты, реттеулілігі және т.б. болуы мүмкін.

Қазақстан тәжірибесінде Статистика бойынша агенттігі қызметтерді келесідей түрлендіреді: тұрмыстық, жолаушы-көліктік, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық, білім беру жүйесі, мектепке дейінгі балаларды бағу бойынша мекемелер, мәдени, туристік-экскурсиялық, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау, шипажай-курорттық және емдеу, құқықтық сипаттағы және банк мекемелері және т.б.

Қызмет көрсету саласында жинақталған әр алуан іс-әрекет түрлері сан–қилы қызмет түрлерін де ұсынады. Олардың топтастырылуы еңбек сипатына сәйкес келеді. Соңғы тұтынушы тұрғысынан қызметтердің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

· өндірістік мақсаттағы қызметтер (жүк көлігі, өндіріске қызмет көрсету бойынша байланыс, материалды-техникалық жабдықтау және т.б.);

· жеке қызметтер:

а) материалды-тұрмыстық немесе тұтынушылық сипаттағы (жолаушы көлік, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық, тұрмыстық қызмет көрсету);

б) тұлғаның, адамның қалыптасуымен байланысты әлеуметтік-мәдени қызметтер (білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, театралды-ойын-сауық және мәдени-ағартушылық);

· әлеуметтік қызметтер (мемлекеттік басқару органдарына және қоғамдық ұйымдарға, қоғамдық тәртіпті қорғау органдарына қызмет көрсету және т.б.).

Әдетте қызмет өндіруші компаниялар маркетинг және менеджментті жасау және оны қолдану мәселелері бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардан артта қалады. Бұл бірқатар факторлармен түсіндіріледі:

· көптеген сервистік фирмалар жұмысшылардың техникалық біліктілігіне көңіл бөледі;

· көптеген қызмет өндіруші фирмалар көлемі бойынша ірі емес, сондықтан олардың маркетинг бойынша маманы жоқ;

· түрлі қызмет түрлерін көрсетуге лицензия берудің қатаң ережелері кейде маркетинг қызметін қолдануға қажеттілікті және бәсекелестікті шектейді;

· тұтынушыларда көбінесе қызмет аясындағы бірқатар кәсіптер туралы (дәрігерлер, заңгерлер) ақпараттар бар, сондықтан маркетингте және жарнамада олардың қажеттілігі жоқ;

· қызмет аясындағы жеке басшылар мен мамандар арасында маркетингті жете бағаламайды, бұл оның енгізілуіне кедергі жасайды.

 

 

19. Сақтандыру саласындағы маркетингті сипаттаңыз

 

Сақтандыру маркетингі – сақтандырушы мен сақтанушы арасында қаржы-экономикалық жұмыстарды өзара түсінушілікпен тиімді қарым-қатынастар орнату арқылы анықталатын әдістер мен түсініктердің жүйесі болып табылады. Сақтандыру маркетингінің атқаратын функциялары жалпы маркетингтің функцияларынан шығады, оған төмендегілер жатады:

· нарықты және жеке сақтандырушы қоржынын (портфелін) зерттеу;

· сақтандыру өнімдеріне қойылатын талаптарды анықтау;

· сақтандыру өнімдерін нарыққа шығару.

Нарықты зерттеу – сақтандырушы компанияға сақтандырушылар сақтанушылар арқылы көп пайда түсіруге арналған потенциалды клиенттерді зерттеу. Сақтандыру нарығын зерттеу кезінде оның сегменттері анықталады, толығырақ тоқталсақ, оған төмендегілер жатады:

- оның сақтандыру қажеттіліктері;

- географиялық және әлеуметтік-экономикалық бөлімдері;

- тұтынушылардың төлеу қабілеттілігі;

- жарнамалау арқылы тұтынушылардың сақтандыру өніміне деген қызығушылығын арттыру;

- компанияға клиенттерді тарту;

- сақтандыру нарығындағы бәсекелестер және бәсекелестердің іс-әрекеті;

- сақтандырушылардың әр түрлі типтеріне арналған сақтану жағдайындағы тәуекел деңгейін бағалау;

- потенциалды сақтанырушылардың әр түрлі топтарының сақтану жағдайының орташа бағасын бағалау;

- сақтану қажеттілігінің эволюциялық бағыты.

Сақтандыру қоржынын (портфелін) зерттеу – ол сақтандырушылардың әр түрлі сипатына (географиялық жағдайы, кәсіпорын, қызмет түрлері, жынысы, жасы, сақтандыруға алынған мүлік пен сақтандыру тәуекелдерінің сипаты және т.б.) байланысты компанияның сақтандыру жағдайларының бағасы мен сақтану оқиғаларының болып қалу ықтималдығын талдау болып табылады.

Сақтандыру өнімдерін нарыққа шығару төмендегідей жүргізіледі:

· әлуетті тұтынушыларға сақтандыру өнімі туралы, оның жақсы жақтары туралы ақпарат беру;

· сақтандыру компаниясының дәрежесін көтеру арқылы сақтандыру өнімдерін өткізуді арттыру;

· сақтандыру өнімін өндіру жүйесін құру;

· сақтандырушыларға жеңілдік, сақтандыру қызметін ұсынатындарға қосымша үстем ақы төлеу, байқаулар жариялау, лоторея ойнату, сату кезінде жарнама жасау арқылы өндіруді арттыру.

Маркетинг сақтандыру компаниясының жоспарлау, баға жасау, жарнамалау, сақтандыру қызметтеріне деген нақты және потенциалды сұраныс неізінде сақтандыру полистерін өткізу желісін ұйымдастыру сияқты қызметтерін атқаратын бір бөлігі болып табылады.

Сақтандыру маркетингінің мақсаттарына төмендегілер жатады:

· компанияның көп пайда түсіруі;

· қосымша қызмет көрсету арқылы сақтандырушыдан көп пайда түсіру;

· сақтандыру қызметінен түскен пайдадан басқа, қойылған мақсаттарды жүзеге асыра отырып, компания қызметін жалғастыру.

Сақтандыру маркетингі мен маркетинг арасында тауарды өндіру жөнінде үлкен айырмашылық бар. Ол ең бірінші сақтандыру бизнесіндегі ерекшеліктермен байланысты болып келеді, оның ішіндегі негізгілерге төмендегілер жатады:

· ұзақ мерзімге сақтандырылған өнім, сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы келісім шарттағы мерзіммен анықталатын ұзақ мерзімдік байланыс, мысалы, сақтандыру жөніндегі келісім шарттың әрекет ету мерзімі 50 жыл және одан жоғары болуы мүмкін. Нәтижесінде көп жылдан кейін, оның рентабельділігі мен сақтандырылған өнімнің қасиеті белгілі болады;

· тұтынушының сақтандыру компаниясымен байланыста болуы маңызды рөл атқарады, бірақ сақтандырушы шығынды өтеп беруден бас таруы мүмкін;

· сақтандырушы мен сақтандыру қызметі өте тығыз байланысты, себебі сақтандырушы шығынды өтеуді өз мойнына алғанмен сақтандырылған өнімнің сапасы уақыт өте субъективті жаққа өзгеруі мүмкін.

 

20. Сақтандыру өнімдеріне сипаттама беріңіз

Сақтандыру өнімдерін нарыққа шығару төмендегідей жүргізіледі:

· әлуетті тұтынушыларға сақтандыру өнімі туралы, оның жақсы жақтары туралы ақпарат беру;

· сақтандыру компаниясының дәрежесін көтеру арқылы сақтандыру өнімдерін өткізуді арттыру;

· сақтандыру өнімін өндіру жүйесін құру;

· сақтандырушыларға жеңілдік, сақтандыру қызметін ұсынатындарға қосымша үстем ақы төлеу, байқаулар жариялау, лоторея ойнату, сату кезінде жарнама жасау арқылы өндіруді арттыру.

Сақтанушылар Әлеуметтік-экономикалық сегменттеу Мінез-құлықтық сегменттеу Техникалық сегменттеу СҰРАНЫС
  МАРКЕТИНГ
ҰСЫНЫС Сақтандыру өнімдері және қосымша қызмет көрсетулер Сақтандыру өнімін өндіру жүйесі Сату жүйесін ұйымдастыру Өндіруді жетілдіру

 

 

Маркетинг сақтандыру компаниясының жоспарлау, баға жасау, жарнамалау, сақтандыру қызметтеріне деген нақты және потенциалды сұраныс неізінде сақтандыру полистерін өткізу желісін ұйымдастыру сияқты қызметтерін атқаратын бір бөлігі болып табылады.

Сақтандыру маркетингінің мақсаттарына төмендегілер жатады:

· компанияның көп пайда түсіруі;

· қосымша қызмет көрсету арқылы сақтандырушыдан көп пайда түсіру;

· сақтандыру қызметінен түскен пайдадан басқа, қойылған мақсаттарды жүзеге асыра отырып, компания қызметін жалғастыру.

Сақтандыру маркетингі мен маркетинг арасында тауарды өндіру жөнінде үлкен айырмашылық бар. Ол ең бірінші сақтандыру бизнесіндегі ерекшеліктермен байланысты болып келеді, оның ішіндегі негізгілерге төмендегілер жатады:

· ұзақ мерзімге сақтандырылған өнім, сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы келісім шарттағы мерзіммен анықталатын ұзақ мерзімдік байланыс, мысалы, сақтандыру жөніндегі келісім шарттың әрекет ету мерзімі 50 жыл және одан жоғары болуы мүмкін. Нәтижесінде көп жылдан кейін, оның рентабельділігі мен сақтандырылған өнімнің қасиеті белгілі болады;

· тұтынушының сақтандыру компаниясымен байланыста болуы маңызды рөл атқарады, бірақ сақтандырушы шығынды өтеп беруден бас таруы мүмкін;

· сақтандырушы мен сақтандыру қызметі өте тығыз байланысты, себебі сақтандырушы шығынды өтеуді өз мойнына алғанмен сақтандырылған өнімнің сапасы уақыт өте субъективті жаққа өзгеруі мүмкін.

Сақтандыру компаниялары нарығын сараптау. Негізінде мұндай тұжырымдама сақтандырудың бір немесе бірнеше түрінде, яғни ол потенциалдық нарықтағы әр түрлі сақтандыру қызметтерін талдауда жүргізіледі. Бұл тұжырымдама негізінде аудандық жіктелімдер жеке беріледі. Нарықта жүргізілген тұжырымдамаларды қорытындылай келе сақтандыру компанияларының басшылығы қай орталықта сақтандырудың түрлерін тиімді жүргізуді қарастырады. Тұжырымдама қорытындысы халықтың төлем қабілеттілігінің сұранысына тікелей байланысты болып келеді. Бұл сұрақтарға немқұрайлы қарау сақтандырушыны нарықсыз қалдыруға мүмкіндік туғызады, ол өз кезегінде экономикалық жағдайының құлдырауына әкеліп соқтырады.

Оның факторлары төмендегідей болып келеді:

· бәсекелестер саны мен сыйымдылығы;

· сақтандыру қызметіне сұраныс көлемінің өзгеруі және жүйелік-құндылық динамикасы;

· сақтандыру нарығына кіру мүмкіншіліктері;

· несие нарығындағы жағдайы;

· сақтандыру нарығындағы бәсекелестерге деген нақты ерекше себептердің болуы.

21. Сервистік қызметті ұйымдастыру түрлерін маркетингтік тұрғыдан айқындаңыз.

Сервистік қызметтер 2-ге:

1. Сату алдындағы сатуға дайындау және сату кезіндегі

2. Сатудан кейінгі кепілдік қызметтер

Сатуға дейінгі қызметтер тауарды тұтынушыға толық ақпарат береді. Тауарды сатуға дайындау кезінде келесілер іске асырылады:

- Өлшемі бойынша дайындау;

- Сатып алушыға тауарды демонстрациялау;

- Тауарды қолдануғы үйрету;

- Сатып алушыға техникалық және басқа да кеңестер беру;

Сервисті ұйымдастырған кезде өнімнің ерекшелігі, нарықтағы бәсекелестердің болуы және оның жағдайы болу керек. Сервистік қызмет көрсету нарығының қалыптасуы өндіруші тарапынан өз тауарына деген тұрақты нарықты қалыптастырады. Сервистік қызметті ұйымдастыруда келесідей сұрақтар:

1) Сервис кешеніне т.б қандай сервисті қосуға болады?

2) Сатып алушылар үшін сервистің қандай деңгейін ұсыну қажет?

 

 

22. Туристік қызмет аясындағы маркетингті қолдануды сипаттаңыз.

Туризм – тұрақты тұрғылықты жерден тыс жерге адамдардың денсаулығын жақсарту, оның физикалық дамуына әсер ететін белсенді демалыс түрі. 2001 ж 13 маусымда қабылданған ҚР-ң туристік қызмет туралы заңында келесідей анықтама: «Туризм – жеке тұлғаның ұзақтығы 24 сағаттан 1 жылға дейін, не 24 сағаттан аз, бірақ уақытша болған елге ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты». Туристік өнім – бұл демалу және саяхат жасау барысында тұтынушы сұранысы мен талаптарын қанағаттандыру үшін рынокта ұсынылатын кез-келген өнім. Маркетинг тұрғысынан: «Туристік өнім – тұтынушының өнімді сатып алу, иелену, пайдалануына себеп болған қажеттіліктерін қанағаттандырудың физикалық, психологиялық, әлеуметтік әдістердің жиынтығы». Туристік қызмет – жеке және заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі қызметі. Туристік нарық – туристік қызмет саласында тауарлар және ақша айналысы. Туризмнің негізгі қызметтері: 1. Туризмнің табысты түсіру қызметі; 2. Туризмнің сыртқы экономикалық, экспорттық, импорттық құраушысы болып табылады; 3. Туризмде жұмыс орнын құру.

 

23. Сақтандыру ұйымдарындағы маркетингтік қызметті ұйымдастыру жолдарын қарастырыңыз.

Сақтандыру маркетингі сақтандыру компанияларының коммерциялық қызметтерін басқару және сақтандыру қызметтерін рыногта зерттеу әдісін атаймыз.Сақтандыру маркетингі жалпы маркетингтік ғылымның бір бӛлігі ретінде саналады және сақтанушы мен сақтандырушының өзара қарым-қатынасы жүйесіндегі қажеттіліктерімен мүдделерін есептеуге бағытталады.Сақтандыру маркетингі 2 негізді құрайды.

1)Макроэкономикалық

2)Практикалық

1 –ші жағдайда сақтандыруды анықтайтын сақтандыру рыногын қарастырады.

2 –ші жағдайда сақтандыру компанияларының қызмет етуінің практикалық құрамы ретінде қарастырылады. Бұл құрал рынокты зерттеуге және тұтынушылардың қызмет етуін оңтайландыруға ықпал етеді. Сондықтан маркетингтің практикалық бӛлігі осы құралдың сақтандырушылардың

рыногтық нәтижелерін нығайту үшін қолданылады.

Сақтандыру маркетингінің құрылымында қазіргі кезеңде Батыс мамандары 2 дербес бағытқа бөлген.

1)Тауарлы рыногты маркетинг.

2)Құрылымдық, ұйымдастырушылық маркетинг.

Сақтандыру маркетингінің функциялары:

1)Клиентураны тарту бұл бір қатар іш –шараны жүргізу. Осы функцияны қолданып тұрақты сақтандырушыларға ықпал ету құралдары мен әдістерін қолдануда көрініс табады.

Әдістері мен құралдары:

А) Мақсатты бағытталған жарнамалардың көмегімен сақтандырушыларды үгіттеу және ықпал ету.

Б) Сақтандыру шарттары жасасу бойынша ұйымдық іш

–шаралар кешенін жүргізу.

С) Сақтандыру қызметіндегі дифференциация тарифтерін қолдану.

Д) Сақтандыру қызметтерінде әр түрлі саудалық және заңнамалық қызмет ету формаларының үйлесуі.

 

 

24. Банктік қызмет саласындағы марктингтің қолдануын сипаттаңыз.

Банк маркетингісі — бұлклиентураның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі. Банк саласындағы маркетинг несие ресурстарының нарығын зерделеуге, клиенттің қаржылық жағдайын талдауға және осы базада (негізде) банкке салым ақшаны тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға, сондай-ақ, жаңа клиенттерді тартуға, банктің қызмет көрсету салаларын ұлғайтуға септігін тигізетін шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады.

Банкілердің клиенттерге (жай және заңды тұлға) көрсететін кең қызмет шеңберінің құрылуымен дамуы, бірқатар негізгі шарттарға негізделеді:

Банк стратегиясын құру, тиімділікті анықтау, концепция, қызмет көрсету, нарықты зерттеу, мамандар саясаты және т.т. Банк сферасындағы маркетинг өзгешелігі, алдымен банк шығаратын өніммен ерекшкленеді. Біздің эконоикалық әдебиетімізде және іс-тәжірбиесінде «банкілік өнім» термині нарықтық экономикаға өту кезеңінде пайда болды. Ол банкі жүргізетін қызметті көрсетеді. Банктерде маркетинг шеңберінде толығымен келесі принцптер өткізілуі тиіс:

1. Банк қызметкерлерінің барлығының қимыл әрекеті нақтылай нарықтық

мақсатқа жетуге бағытталуы.

1. Маркетинг қызметінің кешендік үрдісі (жоспарлау, сараптау, реттеу және бақылау)

2. Перспективтікң және ағымдағы маркетингіні жоспарлауының біртұтастығы

3. Қабылданған маркетингтік шешімдерді іс тәжірбесіне енгізудің негізгі есебінде бақылау

4. Әрбір банк қызметкерінің белсенділігі мен шығармашылық бастамасын кеңінен және жан – жақты ынталандыру

5. Қызметкерлерді өзінің біліктілігін тұрақты түрде көтеруге қызығушылығын қамтамасыз ету

6. Банк ұжымында қолайлы психологиялық климат жасау.

 

 

25. Қызметтегі бағаға әсер ететін факторларды ашып көрсетіңіз.

Қызмет аясында баға белгілеу өте күрделі үрдіс. Бұл жерде қарастырылатын негізгі мәселелер:

- Бағаны орнату

- Оны төлету әдістері

- Жеңілдіктерді анықтау

- Баға саясатын өзгерту

- Қосымша қызметтермен аяқ асты пайда болатын қызметтерге баға орнату

Қызмет аясында баға құру үрдісінде келесілерді ескеру керек:

1. Қызмет көрсетуге кеткен нақты шығындарды;

2. Фирманың қызметіне деген өз бағасы;

Баға құру кезінде келесі факторларды ескерген жөн: нарықты зерттеу, бәсекелестер, компанияның имиджі.

Қызмет аясындағы баға құру келесі мақсаттарды қояды: нарықтағы үлесін жоғарылату, нарық пен бәсекелестерге бейімделу, рентабельділікті жоғарылату, пайданы максимилизациялау.

Бағалық құру үрдісі келесі кезеңдерден тұрады: баға құрудың міндетін анықтау. Бағаға қатысты мақсат – фирманың өміршеңдігін қамтамасыз ету.

26. Қызметтегі баға белгілеу тәртібі және оны жасау кезеңдерін сипаттаңыз.

Қызмет аясында баға белгілеу өте күрделі үрдіс. Бұл жерде қарастырылатын негізгі мәселелер:

- Бағаны орнату

- Оны төлету әдістері

- Жеңілдіктерді анықтау






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных