Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Kmobile activ kcell 6 страница




Республиканың рыноктық қатынастарға өтуіне байланысты көп өзгерген сыртқы орта қызмет аясының отандық кәсіпорындарына икемді стратегияны міндетті түрде пайдалануды талап етті. Сондықтан да болып жатқан өзгерістерді есепке алып, икемділікті жасай алатын кәсіпорындар табысқа жетті. Жалпы экономикалық құлдырау жағдайында дамуға қабілеттілігін анықтап және бейімделу мерзімінің қиындығынан шығып, олар қазіргі уақытта өсу стратегиясын жүзеге асырып жатыр. Сонымен, стратегиялық жоспарлау жаңа ұйымдық құрылымдарын игеру және қолдану, рынок жағдайының түрлі стратегияларын жасау үшін белгілі басқару принциптерінің бейімделуі сияқты басқару персоналының қызметінің перспективті бағытын табысты түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

34. Еліміздегі қызмет саласын және ондағы маркетингті қолдануды жетілдіру жолдарын қарастырыңыз. Қызмет көрсету мақсаты – қоғамдық және жеке тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру, ал сервистік қызмет нәтижесі ол ауыл және қала тұрғындарының жағдайын жақсарту. Жалпы Қазақстанда сервистік қызмет көрсету жағдайын талдай келе, басты орын алған проблемалар анықталды.

Ал Қазақстанда сервистік қызмет көрсететін отандық кәсіпорындардың болмауы шетелдік компаниялардың тәжірибесіне сүйенуді ұсынады. Анықталған мәселелер мен кемшіліктерді жою үшін мына ұсыныстардың қарастырылуын талдап өткен жөн.

сервистік қызмет персоналдарының біліктілігін, професиионалдылығын арнайы шаралар қолдана отырып көтеру;

халықты ақпараттандыру, қызықтыру мақсатында арнайы іс-шаралар өткізу;

тұтынушылардың шетелдік кәсіпорындарға сенімі мол болғандықтан, шетел тәжірибесін қолдана отырып, отандық кәсіпорындардың сервистік қызметін жетілдіру.

Сервистік қызмет көрсету менеджментінің алдында келесі міндеттің орындалуы тиіс: жұмысшылардың профессионалды дайындығын жетілдіру, олардың квалификациялық деңгейін көтеру, араларындағы ең перспективтілерінің карьералық өсуін жоспарлау.

Еліміздің базар экономикасына көшу процесі мен оның әлемдік интеграцияға шоғырлануы жағдайында мейманхана қызметінің ролі зор. Сондықтан да қонақ үй қызмет саласын қарқынды дамыту – кезек күттірмейтін міндет. Алайда еліміздегі бірқатар қонақ үйлердің жоғары техникалық деңгейде сапалы қызмет көрсетуінде көңіл қынжылтатын сәттер да жоқ емес. Мұны шешу үшін қонақ үйдегі қ-ызмет көрсету саласына теориялық баға бере білу керек.
Ал Батыс елдеріндегі мейманханалық қызмет түрлерін дамыту тенденцияларының талдамасы ел экономикасының аса маңызды бағыттары деп тұжырымдалады. Оған алдымен мемлекет ықпал етуі тиіс. Осы жағдайда замана ықпалына қарай дамуда мемлекет әрдайым басты рольде. Мемлекет бұл саланы дамытудың стратегиялық әзірлемесінің орындалуын қатаң қадағалауы тиіс.
Басқа елдер тәрізді Қазақстанда да қонақ үй шаруашылығын дамытудағы басты проблема - білікті кадр тапшылығы. Соның салдарынан еңбекті ұйымдастыру тиімсіз болып отыр. Америка Құрама Штаттарындағы мейманханалық желілер маусымдық жұмысшы күші есебінен игеріледі. Олар бұл істі дайын қызметкерлерді артығымен ұстайтын ұйымдарды өздеріне жұмысқа тарта отырып орындайды. Ал осы тәрізді тәсілдер Қазақстанда мүлдем жоқ. Тәжірибесіз маманның сапалы оқу курсынан өтуіне көп уақыт қажет. Еліміздің мейманханаларында дайындықсыз жұмыскерлердің еңбегін пайдалану құбылысы өте жиі ұшырасады. Ол өз кезегінде үлкен ұтылысқа алып келеді.
Қызмет көрсету сапасы жағынан Отандық мейманханалардың дамыған шетел қонақ үйлерімен бәсекеге түсуі екіталай. Қонақ үйлеріміздің басым бөлігінде қызмет көрсету сапасының сын көтермейтіні - шындық.
Қазақстанның ірі қалаларында комфортты жағдай жасайтын қонақ үйлер жеткілікті делік. Төрт және бес жұлдызды қонақ үйлер негізінен халықаралық мейманханалық желіге қатысты әрі оларды халықаралық компаниялар басқарады. Ал олардың меншік иесі - жергілікті өкімет органдарымен және жеке инвесторлармен бірлескен кәсіпорындар.

Маркетинг жүйесінің қалыптасу үрдісін теориялық тұрғыда негіздей отырып, сүт және май өндіруші кәсіпорындарда маркетингтік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері мен даму тенденцияларына баға беру арқылы стратегиялық маркетингті қалыптастыру және маркетинг құралдарын пайдалануды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау жатады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу көзделді:

- кәсіпорындарда маркетингтік қызметтің мәні мен мазмұнын айқындау;

- маркетинг жүйесінің қалыптасу үрдісін теориялық тұрғыда негіздеу;

- сүт және май өндіруші кәсіпорындарда маркетингтік қызметтің ерекшелік-терін айқындау;

- Қазақстандағы сүт және май өнеркәсібінің қазіргі жағдайы мен дамуын талдау;

- сүт және май кәсіпорындарында маркетинг құралдарын қолдану ахуалын бағалау;

- Қазақстан Республикасының сүт және май өнімдері нарығының маркетингтік зерттеулері нәтижелерін ұсыну;

- өнімнің сапасын жақсарту жолдарын анықтау;

- кәсіпорындарда стратегиялық маркетингті енгізу бағыттарын айқындау;

- маркетинг құралдарын пайдалануды жетілдіру жолдарын анықтау.

Маркетинг қағидаларын терең пайдалану үшін, оның теориясы мен әлемдік маркетинг тәжірибесін біліп, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, ұлттық, аймақтық және тарихи ерекшеліктерін ескеру қажет. Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көпшілігі бойынша тұтынушылар мұқтаждығының қанағаттандырылуы деңгейі әлі де төмен, осы кезде өндіріс құралдары мен жекелей түрлерінің дамуы әр түрлі қарқынды жүруі салдарынан айтарлықтай ішкі салалық және аймақтық диспропорциялардың болуына әкелді. Қазақстан Республикасы экономикасында болып жатқан құнсыздану үрдісі, жалпы өндірістік қуаттылықтар құнының қымбаттауы, сонымен қатар кәсіпорындардың қалыптасқан қаржылық жағдайындағы өз қоры есебінен дамыту және жаңғырту айтарлықтай ауыртпалықтар туғызады. Осындай көптеген ауыртпалықтарды жеңуде маркетинг ғылым, кәсіпкерлік және нақты уақытпен тексерілген тәжірибелік әдістердің қоспасы ретінде рынок шарттарында кәсіпорындардың іс-әрекетін жетілдіру мен өндірістік, өткізу, қаржылық және тағы да баска сол сияқты кең аумағында көптеген қателіктерден құтылуға көмектесуге қолайлы жағдайлар құратын әмбебап жүйе болып табылады.
Бүгінгі күнгі маркетингтің әр сипаттағы барлық анықтамалары толықтай тауар рыногымен тығыз байланысты болады және оған қатысты жекелей қолданылу ауқымына қарай тұтынушылық, өнеркәсіп тауарлары және қызметтері аумақтары бөлінеді.

 

35. Қызмет маркетингінің экономикалық пайдалықты аттыруға қосатын үлесін ашып көрсетіңіз.

Қызмет көрсету саласы – жұмыс істеу тағайындалуы, қоғамдық өндіріс жүйесінде, өндірісте және қызметтерді өткізумен, халық үшін жағдай жасаумен көрсетілетін, қызметтің салалары, аясы және түрлерінің жиынтығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасындағы қызметтер саласының жылдам дамуы тоқсаныншы жылдары басталды. Қызмет көрсету саласының, индустриалды дамыған елдердегі олардың күйімен салыстырғанда қалыс қалатыны анық көрінетініне қарамастан, соңғы онжылдық ішінде қызмет көрсету саласы экономиканың дербес секторына айналды.

Ол келесі себептермен пайда болды:

♦ мемлекеттік қаржыландырудың қысқаруымен халық пен ұйымдарға ақылы қызмет көрсету үлесі жоғарылауымен;

♦ қызметтің көптеген жаңа түрлері пайда болуымен: аудиторлық, брокерлік, трас­талық және басқалары.

♦ қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар арасындағы бәсекелестіктің күшеюімен.

♦ қызмет көрсету саласы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін тартымды болуымен, өйткені осы саланың кейбір бөлімдері старттық капиталдың үлкен мөлшерін крек етпейді, ал басқалары, олардың дамымағандығына байланысты жоғары пайда алға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні, біздің еліміздегі қызмет көрсету саласы қсу саны бойынша, пайда болған жаңа қызметтер саны бойынша, олардың нарық пен тұтынушылар қажетсінуіне бейімделуі бойынша өндірістік саланы басып озуда. Мысалы, 2002 жылы қызмет көрсетуді өндіруші салалардың меншікті салмағы Қазақстан Республикасының ЖІӨ 57,9 % жетті.

Қазіргі экономикада ғалами беталыстардың бірі болып қызмет саласының ги­ганттық өсуі табылады. Ол қызметтің кең өрісін қамтиды: сауданы, көлікті, қонақ үйлерді, туристік және жарнама агенттіктерін, кеңес беруші фирмаларды, білім мен денсаулық сақтау кәсіпорындарын, мұражайларды, театрларды, киноны және т.б. Статистикалық деректер ұйымдарының деректері бойынша, жалпы ұлттық өнімдегі қызмет көрсету үлесі, дамыған индустриалдық елдерде 2/3-тен ¾ дейін құрайды. АҚШ-та қызмет көрсету саласына, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндерді алып тастағаннан соң қалған жұмыс орынының 73 % келеді. Осындай көрсеткіш Германияда - 41 %, Италияда - 35 %.

Қызмет көрсетуде жұмыспен қамтылғандар санына қызмет индустриясында тікелей жұмыс істейтіндер ғана кірмейді (банктер, туристік агенттіктер, қонақ үйлер және басқалар), сонымен қатар экономиканың басқа салаларының да жұмыскерлері кіреді. Мысалы, қазып алушы немесе өңдеуші салаларға жататын көптеген бөлімдерде, қызметтер көрсетіледі (мысалы, тасымалдау). Өндірістің дамуы қазіргі кезде қаржылық, ақпараттық және т.б. қызметтерсіз мүмкін емес.

Қызмет көрсету индустриясы үлкен сан алуандықпен ерекшеленеді. Қызметті өндірумен үкіметтіктк, коммерциялық емес ұйымдарда айналысады. Мемлекеттік секторда қызмет көрсету салаларының секторына жататындар: еңбек биржалары, пошта, өрттен сақтандыру, ІІМ, ҰҚК және басқалары қызметтері. Коммерциялық сектордың маңызды бөлігі, атап айтқанда, заңдық және консалтингілік фирмалар, авиакомпаниялар, банктер, сақтандыру фирмалары мен т.б. қызметтер көрсетеді.

Экономикалық реформаны жүргізе отырып, қызмет көрсетудің даму динамикасына ықпал ететін факторларды талдау пайдалы болады.

Қызмет көрсету саласындағы динамикалық өсудің шарттайтын өзекті фактор болып технологиялық прогресс табылды.

Жаңа технологиялар тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысатын, ұйымдардағы бизнесті жүргізу әдістерін радикалды өзгертеді. Технологиялық прогресс басқада қызметтердің түрлеріне ықпал етеді: әуелік тасымалдаудан бастап, бөлшекті саудаға дейін. Техникалық ойдың қарқынды дамуы әрекеттердің жаңа түрлерінің пайда болуына, сервистің жетілдірілген жүйелерін жасауға әкеледі

 

 

36. Денсаулық сақтау саласындағы маркетингке сипаттама беріңіз.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесін реформалау барысындағы басты мақсат қоғамымыздағы, барлық сферадағы дамып келе жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайды - нарықтық қатынас жағдайына бейімдеу болып табылады.Бұл денсаулық сақтау жүйесінде қазіргі жаңа әдістермен басқаруды және жүріп жатқан реформаны тездетуге бағытталған жаңа технологиялар мен ақпараттық құралдарды ендіру мен өңдеуді қажет етеді. Ақырғы он жылдықта шет мемлекеттерде кәсіпорындардың өндірісін өткізу туралы басқару ілімі қалыптасты - ол маркетинг (ағыл. cөзі – market - нарық).

Сондықтан бірінші қызығушылықты кәсіпорындар мен өндірістік мекемелер халықаралық нарық жүйесіне шығу үшін көрсетті. Маркетинг жүйесін ең соңынан меңгере бастағандар өндіріс шығармайтын кәсіпорындар болды, соның ішінде медициналық мекемелер. Денсаулық сақтау жүйесіне маркетингтің концепциясын ендіру адамдардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік туғызып отыр. Себебі жеке медициналық клиникалар, сақтандыру медицинасының қалыптасуы және т.б. нарықтық қатынас элементтерінің қалыптасуына жағдай жасауда.

Медициналық қызмет көрсетуде маркетингтің алғы мақсаты болып мыналар саналады:
- жаңа шаруашылық механизмінің даму барысында медициналық мекемелерді қаржыландару әдісін енгізу;- комерциялық медициналық мекемелердің дамуы, қызмет істеу барысында пайда табу;

- мемлекетке тәуелсіз сақтандыру компаниясы сияқты жаңа қаржыландыру көзін табу;

- жаңа емдеу әдістері мен технологиялық жабдықтарды қолдану;

- медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға қойылатын талапты жоғарылату (күшейту). Осыған байланысты медициналық қызметтің қажеттілігінің құрылымы мен көлемін оңтайландыру (оптимазациялау) қажет.

Сондықтан маркетингтің көмегімен науқасқа қандай медициналық көмек қажет екені, медициналық көмектің нақты түрі мен сапасы туралы ақпарат ала аламыз. Маркетинг теориясы экономикалық ғылым жүйесінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Маркетингті тереңдетіп зерттеу тек нарық, айырбас, тауар, сұраныс, қажеттілік сияқты экономикалық категориялардың мәнін түсіну негізінде ғана болуы мүмкін. Бұл түсініктер маркетингтің прагматикалық теориясының даму негізі болып табылады.

Маркетинг жүйесінде нарық - нақты және әлеуметті (потенциалды) тұтынушылардың жиынтығы. Нарықты тауарды сатып алу мүмкіндігі және қажеттіліктері бар тұтынушылар құрайды. Сондықтан маркетингтің басты міндеті тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін айқындау және қанағаттандыру болып табылады. Медициналық қызметтеріндегі нарық - бұл өте қажетті нарық, себебі адамдарға қажетті салауаттылықты қанағаттандыратын және сапалы деңгейде, қажетті көлемде медициналық көмек алуға кепілдік берді. Мұндай нарықтық жүйенің - қызмет етуді қамтамсыз ететін өзіндік инфрақұрылымдығы бар: емдеу-профилактикалық мекемелер, жоғарғы оқу орындары, медициналық ассоциациялар, медициналық сақтандыру компаниялары және т.б. медициналық орталықтар.

Медицинада нарық жүйесі мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі болып саналады. Сонымен қатар медициналық техникалардың нарық жүйесі, фармакологиялық өнімдердің нарық жүйесі, санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетуге арналған ақпараттық жабдықтардың нарық жүйесі және т.б. болуы мүмкін. Әрбір нарық жүйелері менеджерлер мен сатушылардың тұтынушыларға сататын нарықтық сегменттеуге бөлінеді. Коммерциялық емес маркетинг - бұл қоғам мүддесін немесе идеяларды дамыту мақсатында жүзеге асыратын ұйымдар мен жеке тұлғалардың іс-әрекеті. Коммерциялық емес маркетинг пайда табу мақсатын көздемейді.

Коммерциялық емес ұйымдардың маркетингі коммерциялық маркетингке қарағанда басқа факторлармен анықталады. Кейде коммерциялық емес маркетингті институционалды деп атайды. Өйткені, емханалар, мектептер, әскери ұйымдар, театрлар, мұражайлар, мешіттер, университеттер, сондай-ақ әр түрлі қоғамдьқ ұйымдар сияқты институцияларды қамтиды. Денсаулық сақтау жүйесіндегі маркетингтің ерекшеліктері.Маркетингтің мақсаттары айтарлықтай қиын, оларды санмен өлшеу мүмкін емес. Денсаулық сақтау ұйымдары шылым шегумен, нашақорлықпен, ішімдікке тыйым салу арқылы адам ағзасына қатер төндіретін жағымсыз факторлармен күресуді мақсат етеді. Қоршаған ортаны қорғау ұйымдары табиғатты аялауды, экологиялық білім мен тәрбиені, салауатты өмір салтын насихаттайды. Денсаулық сақтау ұйымдары көбінесе мемлекеттік органдардың ықпалында болады.

 

 

37. Қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдануды қарастыраңыз.

Ақпараттық технологиялар - ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар. Ақпарат ағындарын анықтайтын, коммуникаторлар мен рецепиенттер әрекеттерінің мақсаттары мен тәсілдерін, қарым-қатынас стилін, басқа да ақпараттық іс- әрекеттер параметрлерін айқындайтын жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: шешім қабылдау, сайлау кампанияларын жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу және т.б. Ақпараттық технологиялардың мазмұны, көп жағдайда, оның ақпарат нарығындағы әрекетінің стратегиясы мен тактикасына байланысты. Ең негізгілері ретінде мемлекеттің ақпараттық әрекеттеріне және оның органдарының, басқару бөлімдерінің жұмысына сапалық шектеу қоятын төмендегідей ұстанымдарды атауға болады:

· мемлекеттің алға қойған мақсаттарына халықтың жаппай бұқаралық қолдау көрсетуі және оларды жүзеге асыруда жұртшылықты жұмылдыру ("талаптандыру", "сезімді ояту" стратегиясы);

· оны орындауға аса күш жұмылдырмай-ақ, қандай да бір мәселенің шешімін қабылдауда ұстанған өз ұстанымы жайынан қоғамды хабардар ету ("қоғаммен байланысты үзбеу" стратегиясы);

· бағыныңқы төменгі құрылымдарға және басқару органдарына қызметтік тұрғыдағы шешімдерді жүзеге асыру үшін арнайы нұсқауларды тарату ("қызметтік" стратегия);

· қабылданған және жүзеге асырылып жатқан шешімдерді бақылау ("бақылау" стратегиясы);

· қандай да бір әлеуметтік мәселелерді талқылауда мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер белсенділігін үйлестіру ("күштер тепе-теңдігі" стратегиясы);

· саяси тәртіп және басқару түрінің жағымды бейнесін қалыптастыру, соған сәйкес оппозицияның сыны ("имидж қалыптастыру" стратегиясы);

· қоғамдық пікірді тәртіпке қолайсыз әлеуметтік мәселелерді талқылауға барғызбай, көңілін аулау ("назарын басқаға аудару" стратегиясы).

Ӏс жүзінде мемлекет қызметіне ақпараттық стратегиялар және олармен байланысты техникалық міндеттер кедергі туғызуы да мүмкін.

38. ҚР-да интернет-маркетингтің дамуын сипаттаңыз.

Қазіргі таңда интернет-бизнесі бірнеше миллион адамды толғандырып жүргені ақиқат. Ал, интернет-маркетинг құралдары тек уақыт жағынан емес, қаржылай да тиімді екенін көпшілік жақсы түсінеді.

Мобильді байланыстардың дамуына байланысты, интернет-маркетинг құралдары белгілі бір жұмыс орнына байланып отырмастан, көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Интернет-маркетинг құралдары – ол уақыт тексерісінен өткен, сенімді әрі қолайлы онлайн жүйелер мен қызметтер. Бүгінгі таңда интернет-маркетинг механизмін пайдаланбай-ақ, тауарды сәтті өткізуге болады деуге сену қиын.

Интернет-маркетинг құралдары – сатушы мен сатып алушы, клиент пен кәсіпкер және сондай-ақ, бизнес-әріптестер арасындағы диалог пен сенімді қарым-қатынастар құруда таптырмас құрал болып табылады.

Интернет маркетингтің 3 құралы бар, олар:

1. Контексті жарнама

Контексті жарнаманы ең бірінші маркетинг құралы деп атауға болады. Жарнама баяғыдан бері бизнес пен сауданың қозғаушы күші ретінде рөл атқарып келеді. Жарнаманы коммерциялық ұсынысқа теңестіруге болады. Контексті жарнама дегеніміз не өзі? Бұл «Яндекс», «Рамблер» немесе «Google» сияқты ең көп қаралатын іздеу жүйелерінде (поисковая система) жүретін шағын ғана мәтіндік ақпарат. Оның мәтіні сіздің іздеуге салған сөздеріңізге тікелей тәуелді. Көрсетілген сілтемені басу арқылы, қолданушы тауарды сатып алу туралы немесе қызмет көрсету ұсынысы жасалған парақшаға кіреді.

2. Пошталық интернет-маркетинг

Интернет-маркетингтің құралдары негізінен сатушылар мен клиенттер арасындағы берік іскерлік байланыс орнату мақсатында қолданылады. Алайда, пошталық интернет-маркетинг, басқаша айтқанда еркін түрде таратылатын хаттар, онлайн-жарнаманың тиімді түрі ретінде өзін көрсете білді. Неліктен? Ең басты себебі, әрбір адамға жеке қарата айтуда. Егер таратылған хат шынымен қызықты болса, конверсия дәрежесі өте жоғары болуы мүмкін.

3. Блог жүргізу

Интернет-маркетинг аса тиімді құралдардың көптеген таңдауымен қуантады. Блог жүргізу – сондай құралдардың бірі. Бизнес-блогтар сіз таңдаған кез келген тақырып бойынша онлайын-бірлестіктер құруға мүмкіндік береді. Сіздің блогыңызда қызықты әрі бірегей контенттің болуы қолданушылардың кең аудиториясын жинауға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде болашақ клиенттер мен сатып алушылардың көбеюіне септігін тигізеді.

 

Қазақстандағы интернет маркетинг тарихы әлі де болса дами алмай жатыр. Оның бірнеше себептері бар. Ең басты себепті дәл анықтау қиын болса, негізгі мәселе оқулықтарда ақпараттық жүйелердің нақты осы саласы туралы тараудың, ең болмағанда тақырыптардың болмауында сияқты. Алайда, ғаламтордың экономикалық маңызы туралы білім ордаларына арналған кітаптарды қолға алу, оларды оқулық түрінде шығару ісі жайлы баспасөз бетінде жиі-жиі айтылып жүргені қуантады. Қазіргі таңда дамыған елдердің экономикасының басым бөлігі ақпараттық сектор, дәлірек айтқанда ғаламтор экономикасы.

Қазақстан білім кеңістігі шектеулерден шығып, елімізге білімді, кәсіпкер, жан жақты азаматтар дайындау жолында еңбек етуі тиіс. Ол үшін ақпараттық технологиялардың күшін кеңінен пайдалану керек. Ғаламтор бар жерлерде шәкірттерді барынша оны тиімді, пайдалы жақтарымен таныстырып, мүмкіндіктерін арттыра беруіміз шарт. Елімізде интернет жобаларды жүзеге асыратын мамандардың тәжірибесі аз болғаны салдарынан осы салаға инвесторлар келмей жатыр. Ал жалпы елімізде интернет индустрияның қызметіне сұраныс бар. Көптеген кәсіпкерлерге жұмысын тиімді жүргізу үшін ғаламторды пайдалану керек-ақ. Ғаламтордың барлық потенциалын пайдалана білу қабілеті жас қазақстандықтардың бойына міндетті түрде ендірілуі тиіс. Оның табыстарын тез арада көруге болады, бұл ғаалмтордың тағы да бір ерекше мүмкіндігі. Жылдамдық, тиімділік, инновациялық шешімдерге қолжетімділігі интернет маркетингті ірі ақпараттық құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта әрбір қазақстандық ақпараттық ғасырдың толық мүшесі болсын десек, бұл саланы толық дамыту керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных