Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Kmobile activ kcell




Баға (0,15) 4 8 8

Қызмет сапасы (0,30) 8 7 8

Қаржылық жағдайы (0,25) 7 8 7

Қосымша қызметтер (0,15) 9 7 7

Қамту кеңдігі (0,15) 8 0 9

3. Сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдерін ашып жазыңыз.

4. Есепті шығарып, ең тиімді компанияны анықтаңыз.

1. Сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде Жабдықтаушыларды таңдаудың негізгі кезеңдері:

- Жабдықтаушылар туралы ақпарат іздеу және мәліметтер базасын құру

- Оңтайлы жабдықтаушыны таңдау

- Таңдалған жабдықтаушылар мен жасалған жұмыстардың нәтижесіне баға беру

-Сатып алу бюджетін дайындау

-Сатып алуды жүзеге асыру

-Жеткізуді ұйымдастыру және оны бақылау

-Сатып алу процесін жабдықтаушылармен байланыстыру

2. Kmobile: баға 0,6+ қызмет сапасы 2,4+ қаржылық жағдайы 1,75+ қосымша қызметтер 1,35+ қамту кеңдігі 1,2-= 7,3

Activ: баға 1,2+ қызмет сапасы 2,1+ қаржылық жағдайы 2+ қосымша қызметтер 1,05+ қамту кеңдігі 0=6,35

Кселл: баға 1,2+ қызмет сапасы 2,4+ қаржылық жағдайы 1,75+ қосымша қызметтер 1,05+ қамту кеңдігі 1,35=7,75

Ең тиімдісі кселл ұялы байланыс компаниясы.

58. Үй компьютерлерін иемденуге байланысты Қазақстанның бір облысында жүргізілген маркетингтік зерттеу ақпараты бойынша, жанұялардың 56 пайызында үйінде компьюетр бар. Осы сегментке арнап қандай қызметтер кешенін ұсынуға болады? Фирма шығындарын қалай азайтуға болады?

Компьютер қазіргі заманның талабына сай барлық үйде болатын және қажет технология болып табылады. Барлық жанұя міндетті түрде ақпаратпен алмасу мақсатында, және басқа мақсаттар бойынша компбютерді иемденеді. Ең алдымен осы сегментке сервистік қызмет көрсету кешенін ұсыну қажет. Егер компьютер сынып қалса, немесе басқа да ахаулар пайда болса, компьютерді біздің дүкеннен, біздің фирмадан сатып алғанына немесе алмағанына байланыссыз, арзан сервистік, жөндеу қызметтерін ұсыну. Сонымен қатар, оларға телефон арқылы хабарласып, бізде болатын жеңілдіктер мен акциялар туралы үнемі хабарлап отыру ажет. Сонымен қатар компьютерлерге антивирус программасын қолайлы және тиімді, қол жетімді бағамен ұсынып, тұтынушыларды өзімізге қарату қажет. Себебі әр компьютер антивирус бағдарламасын қажет етеді және қазіргі уақытта оның бағасы едәуір жоғары болып табылады. Жанұя сегменті, негізінен үнемді сегмент болып табылатындықтан, оларға акциялар мен жеңілдіктер, тиімді ұсыныстар жақсы әсерін тигізеді. Фирма шығындарын азайту, кризис уақытында өте қиын болып табылады. Алайды, фирма шығындарын азайту мақсатында біз кейбір тауардың бағасын жеңілдікпен ұсынсақ, керісінше қолданысқа ие тауарларға үстінен кішкене баға қосып сатуымыз қажет. Сонымен қатар, сервистік қызмет барысында, компьютерлерді жөндеу кезінде моделіне сай бағаны тағайындау. Яғни қымбат компьютерлерге сәйкесінше жөндеуіне де сай келуі керек. Ал тағы да фирма шығындарын азайту кезінде тиімі, бағасы арзан компаниялардан құрал жабдықты сатып алу арқылы фирма шығынын азайта аламыз.

59. Қазақстанның бір облыс тұрғындарының құрамы: ерлер-48 процент, әйелдер-52 процент. Кездейсоқ таңдау негізінде туристік қызметке қызығушылық туралы 1000 адамға зерттеу жүргізілді. Бұл таңдауда ерлер 60 процент, ал әйелдер 40 процент болды. Ерлердің 22 пайызы туристік қызметті сатып алуға қызыушылық танытқан. Әйелдер арасында 36 пайыз ұқсас таңдау жасады. Барлық аймақ тұрғындарын қатыстырып, туристік қызметке қызығушылық танытушы адамдарды есептеңіз.

Туристiк қызмет көрсету — туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).

Зерттеу 1000 адамға жүргізілді, соның ішінде 600 ер адам, 400 әйел адам бар. Ер адамдардың 22 пайызы туристік қызметті сатып алуға қызығушылық танытты, яғни 600*22/100 пайыз=132 адам. Ер адамдардың 132-і сатып алуға дайын. Ал әйел адамдардың ішінен, 400*36/100 пайыз=144 әйел адам туристік қызметті сатып алуға дайын. Яғни, зерттеу жүргізілген 1000 адамның ішінен 132 ер адам, 144 әйел адам, барлығы 276 адам қызығушылық танытты. Яғни, зерттеу жүргізілген 1000 адамның тек-27,6 пайызы ғана қызығушылық танытып отыр.

Енді мысал ретінде Алматы облысын алайық. Алматы облысының тұрғындар саны-1 800 000 адам. Соның ішінде есепте берілгендей, 48 пайыз ер, және 52 пайыз әйел адам болуы тиіс. 864 000- ер адам, 936 000 әйел адам бар делік. 864 000 ер адамның 22 пайызы қызығушылық танытса, 864000*22/100= 190 080 ер адам. 936 000 әйел адамның ішінен 36 пайыз қызығушылық танытса, ол 936000*36/100 пайыз= 336960 әйел адам болады. Яғни, егер Алматы облысының барлық тұрғынын қатыстырып зерттеу жүргізсек, онда 527 040 адам туристік қызметке қызығушылық танытар еді. Ол Алматы облсысының барлық тұрғындарының 29,28 пайызы болады.

 

60. Қызмет көрсетуші фирманың тауарлық белгісін жасау мүмкіндігі туындаса қандай жағдайларға және белгілерге назар аударатын едіңіз. Мысал келтіріп көріңіз.

Ең алдымен, тауар белгісін жасағанда фирма атауына назар аударатын едім, фирма атауы ең алдымен міндетті түрде көрсетілетін қызметке сай болуы керек. Және де ең бастысы фирма атауы, клиенттердің оқуына қиындық келтірмейтіндей, түсінікті шрифтпен жазылуы тиіс. Фирма атауы сонымен қатар тым ұзақ емес, және есте оңай сақталынатындай болуы керек. Және ең бастысы фирма атауы, мағынасы кең болуы тиіс. Фирма атауынан кейін, түс гаммасына назар аударатын едәіс. Түс гаммасы бір қарағанда көзге жағымды, көзді ауыртпайтындай және адамдарға ұнайтын жылы түстерден құралуы тиіс. Түс гаммасы 2-3 түстен артық түсті қоспау керек, және сол түстер өзара байланысты болуы керек. Одан кейін, фирманың слоганын да ұмытпауымыз керек. Фирма слоганы оңай, және рифмаға сай 2 қысқа жолдан құралғаны дұрыс деп санаймын. Фирма слоганы, қызмет көрсетуші компанияның көрсететін қызметтерін бір сөбен жеткізетіндей, және тұтынушы естігенде біздің фирманы танитындай болуы керек. Сонымен қатар, компания жұмысшыларының сыртқы келбеті де өте маңызды, олар фирманың бір белгісін білдіретіндей бейджик немесе галстук, шарф түрінде келбетті болып тұруы қажет.

61. Фирма 3 жылы нарықта жұмыс жасауда.Үйді тапсырыспен тазалау өнімін ұсынады.Өткен кезеңдерге қарағанда ассортимент кеңейтілген белгілі бір деңгейде клиенттік база бар,бюджеттен ақша қарастырылған.Көп болмаса да жарнамасы беріліп тұрады.Қандай бағытта қосымша өнім шығарып,пайданы көбейтуді ұсынасыз?

Қазңргң уақытта уақыттың тығыздығына байланысты мқндай қызмет түрлерімен көптеген адамдар тұтынады.Себебі,уақыт тапшы,Алматы сияқты қалада уақыт тіптен өте тығыз болуына байланысты,менің ойымша осы фирманың құрамына бжоғарыда аталған қызметтерден бөлек тағы да бір екі өызмет түрін қосып,көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтер болса,онда фирманың нарықта алар рөлі ғана зорайып қана қоймай,сондай ақ көптеген пайда тауып,фирма имиджін жақсартып,тұтынушыларға да нұр үстіне нұр болар еді.Себебі сапалы,әрі қауіпсіз,бағасы да қалта көтерерліктей мұндай қызметтер түрі тқтынушылар тарапынан қашан да болса қолдауға ие болады деген үміттемін.Сол себепті келесідей қызмет түрлерін де фирманың ассортиментіне қосуға болады деп ойлаймын:

Киімдерді жуу

Киімдерді үтіктеу

Үй жиһазының сыртқы қаптамаларын жуу және тазалау

Үй перделерін жуу

Кілемдерді жуу

Енді әрқайсысына тоқтала кетсек.Менің ойымша,үйді тапсыырспен тазалататын адамдар сәйкесінше уақыттары тығыз немесе үйді тазалауға өздерінің мүмкіндіктері болмаған соң,осындай фирмалар көмегіне жүгінеді.Сол себепті,киімдерді де жуып,химчисткаға беретінін беріп,қосымша ақы төленсе,жуылған киімдерді үтіктеп тапысырыс берушілерге беруі қажет.Сондай ақ кейбір үй перделері карниздан оңай шешілмейтін болған соң,көп адамдардың оған күші жете бермейді,ал фирмадағы арнайы мамандар оны шешіп,тазалап,жұмыс аяқталған соң оны орнына қайтадан алып келіп іліп береді.Сол сияқты үй жиһаздары да,фирма қызметкерлері олардың сыртқы қаптамаларын шешіп,егер олар шешуге келсе,оны тазалап,қайтадан орнына жайғастырып береді.кілемдерге келер болсақ,қазіргі уақытта көптеген көлік жуу жерлерінде кілемді де жуады,алайда сіз оны сол жуатын жерге алып барып беруіңіз қажет,және ақысы да қымбаттау.Бқл ыңғайсыз.Ал фирма осы қызмет түрін де өз ассортиментіне қосар болса,онда ол тұтынушыларға да фирмаға да өте тиімді болар еді. Қорытындылай келе айтар болсам,жоғарыда аталған қызмет түрлерін фирма ассортиментіне қосу қажет.Себебі,аталған қызметтер тұтынушыларға қажет,және олар бұл қызметтерді белсенді пайдаланатын еді деп ойлаймын.

 

 

62. Қызмет туралы жарнаманы таратудың көптеген жолдары бар.сізге Алматы және Алматы облысына қызмет туралы жарнама таратуға тапсырыс берілсе,қандай арналарды таңдайсыз?Ойыңызды нақтылап және түсіндіріп беріңіз?

Жарнама, реклама— тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Енді Алматы және алматы облысына өызмет туралы жарнама таратуға тапсырыс берілсе,мен бірнеше тарату арналарын таңдайтын едім.Олар теледидар,газет журналдар аймақтық,баннерлер,және радиодан хабарлау.Енді неге тура осы арналарға тоқталғаныма түсінік бере кетейін.Ең әуелі теледидар.Ол жарнаманы таратудың ең эффеективті арнасы болып табылады.Алматы қаласында болсын,немесе Алматы облысында болсын,оны көптеген адамдар тамашалай алады.Ал теледидар тамашалауға мұршасы болмай,жұмысбасты тұтынушылар үшін баннерлер және радио тиімді деп ойлаймын.себебі,мысалы,жұмысбасты адам күніге азанда және жұмысқа барып қайтып келе жатқанда,кептелісте тұрғанда (Алматыдағы кептелісті өздеріңіз де білесіздер) жол жиегіндегі баннерді көзі шалады,және көлік ішіндегі радионы да тыңдаған кезде, қызмет туралы жарнаманы естіген кезде еріксізден мағынасына үңіліп,тіпті осыдан кейін осы қызмет түрін пайдаланып,тұрақты тұтынушысына да айналуы мүмкін.Ал газет журналдар деп отырған себебім,журналдарда үй жұмыстарына байланысты қызмет туралы жарнама болса,ол әсіресе әсемдік туралы журналда орналасса,онда мүмкіндігі бар,артық үй жұмысына қолын тигізгісі келмейтін арулар үшін де бұл жарнама қызықты болуы мүмкін.

 

63. Нарықтағы бірнеше фирма таңдап алынды.Олар шет тілін үйрету,туристік қызмет,медициналық қызмет,заңдық кеңес беру өнімдерін ұсынады.Осы фирмалардың сегменттерін анықтаңыз және өнімдерін қалай ұсынғаны дұрыс.

Сегменттеу өздеріңіз білетіндей тұрақты белгілері бойынша тқтынушыларды топтарға бөлу болып табылады.Тұтынушыларды келесідей сегменттеуге болады:Географиялық,әлеуметтік демографиялық,психографиялық. Жоғарыда аталған қызметтер түрін жеке жеке қарастырсақ.

Шет тілін үйрету фирмасы

Географиялық:қала тұрғындары көбінше

Әлеуметтік демографиялық:оқушылар мен студенттер,мемлекеттік қызметкерлер,ғалымдар

Психографиялық:оқымыстылар,әуесқойлар,жастар,ынталылар,белсенділер.

Өнімдерін жарнама және пиар арқылы ұсынулары тиіс.

Туристік қызмет

Географиялық:қала тұрғындары және облыс тұрғындары

Әлеуметтік демографиялық:жас жұбайлар,орта жастағы адамдар,жасы егде тарқан апа аталар

Психографиялық:сыра көп ішетін,саяхатты жақсы көретін,спортпен айналысатын адамдар,жұмысбастылар.

Өнімдерін жарнама арқылы ұсынуы тиіс.

Медициналық қызмет

Географиялық:еліміздің барлық территориясындағы адамдар

Әлеуметтік демографиялық:кішкентай сәбилер,жас балалар,орта жастағы кісілер,қариялар

Психографиялық:сыра көп ішетін,көлікті жылдам айдайтын,күйгелек,өзіне күтім жасамайтын адамдар.

Өнімдерін жарнама және пиар арқылы ұсынулары тиіс

Заңдық кеңес беру

Географиялық:Барлық аймақ тқрғындары

Әлеуметтік демографиялық:мемлекеттік қызметкерлер,қариялар,жастар

Психографиялық:жазықсыз жала жабылғандар,қылмыскерлер,мұрагерлер.

Өнімдерін жарнама және пиар арқылы ұсынулары тиіс

 

64. Нарықтағы қаймағын алу және тереңдеп ену стратегиясын ұстанатын қызметтік өнім түрлеріне мысал келтіріңіз.Фирмалар дұрыс баға құру стратегиясын ұстанып отыр ма?

Нақты мысал ретінде қыздар пайдаланатын әсемдік салондары осы қаймағын алу стратегиясын қолданады деп айта аламын.Себебі,күнделікті жаңадан сән әлемінде түрлі жаңа әйелдерді әдемі етіп көрсететін заттар шығып жатыр. Мысалға алатын болсақ, «кірпік жалғау». Енді модаға кіріп бәрі пайдаланып жатқанда, бағасы қымбаттап кетеді. Сондай жағдайда осы стратегияны қолданамыз. Мысалы мен баратын салонда бағасы басында қымбат болғанымен, өз тұтынушыларын тапқан соң, бірте бірте баға түсе бастады.

Сол себепті де, менің ойымша осы стратегия өте дұрыс қолданылған деп есептеймін. Бағасы қанша қымбат болса да, уақыт өте өз клиенттерін, лояльді тұтынушыларын тапқаннан кейін, бұрынғыдай әйгілі болмағаннан кейін бағасыда соған байланысты төмендейді.

Осылайша компания болсын, кішігірім дүкендер болсын бәріне осылайша дұрыс баға құру стратегиясын ұсынады. Қандай жерге барсаңда, ол жаңадан ашылған жер болса міндетті түрде қымбат болады. Әрине ондай жерлерге тек қана жағдайы бар, еңбекақысы жақсы адамдар ғана жиі баратын болады. Бірақ атағы жоғала бастағанда, міндетті түрде бағасыда соған сәйкес төмендейді.

Бұл дұрыс стратегия деп есептеймін.

65. Тұрғындардың табысының өсуі қызмет саласына қалай әсер етеді?Қандай қызметтерге сұраныс жоғарылайды деп есептейсіз?Ойыңызды нақты мысалмен келтіріп көріңіз?

Жалпы кез келген адамда кіріс жоғарылаған сайын шығыс көлемі де бәрібір арта береді.Мысалы,сіздің жалақыңыз көтеріліп,жақсы деңгейде болатын болса,бұрын азық түлікті он мың теңгеге сатып алсаңыз,және оның құрамында тек күнделікті күнге қажетті заттар ғана болған болса,жалақыңыз көтерілген соң,сіз енді өзіңізге өзге де қымбат тұтыну тауарларын сатып ала бастайсыз сәйкесінше,жұмсалатын қаражат көлемі де соған байланысты болады.Сол сияқты қызмет көрсету түрлері де.Егер мысалы біздің стипендиямыз көтерілетін болса,ұлдар көліктерін көлік жуу орындарына жиі апаратын болса,қыздар әсемдік салондарына бұрынығыға қарағанда жиі бару мүмкін.Сондай ақ менің ойымша,тұрғындар табысы өсуі,келесідей қызмет түрлеріне сұранысты жоғарылатады деп ойлаймын:туристік қызмет саласы,қызмет көрсету саласы,коммуналдық қызметтер саласы,ойын сауық саласындағы қызмет,және т.б.Енді әрқайсысына жеке тоқтала кетсек.Мысалы,қызмет көрсету саласын алайық.Бұл жерге барлығы кіреді:әсемдік салондарында көрсетілетін түрлі қызмет түрі,көлік жуу,үй тазалау,тапсырыспен тамақ алдыру.Бірақ соның өзінде аталмыш қызметтер ең көп сұранысқа ие қызметтер болып болып табылады.Тұрғындар табысы өскен соң,ол қызметтерге деген сұраныс тіптен артады деп айтсақ та қателеспейміз.Сондай ақ табысы артқан халық ойын сауық,мәдени іс шараларға белсене қатысады,мысалы музей мен мейрамханаларға жұрт көп баратын болса,гидтардың және дасяшылардың қызметтеріне сұраныс артады.Және табысы артқан халық бұрынғыдай жарық пен суды үнемдемей,беймарал пайдаланады.Қорытындылайтын болсам,неғұрлым халық табысы жоғарыласа,соғұрлым қызмет түрлеріне де сұраныс артады.

 

 

66. Қызметтік өнімдер сапасына мастер класс өткізу сізше қалай әсер етеді?Отандық шеберлерді көптеп шақырған дұрыс па,әлде шет елдік мамандарға көңіл бөлген дұрыс деп есептейсіз ба?

Менің ойымша,қызметтік өнімдер сапасына мастер класс өткізу өте тиімді және пайдалы деп ойлаймын.Мастер класс бірден сіздің үш қабілетіңізге әсер ететін болғандықтан,яғни сіз көресіз,естисіз және өзіңіз де практика жүзінде жасап көресіз,көрестілген мастер класс сіздің жадыңызда ұзақ мерзімге сақталады.Қазіргі кезде әр түрлі салаларда мастер класстар көптеп өткізілуде.Мысалы,кондитерлік шеберханалар немесе өзге де мейманханалардың белсенділік танытуының арқасында көптеген мастер класттар,әр түрлі тақырыптарда ұйымдастылырылып жатыр.Ол жерде жоғарыда айтып кеткендей сіз көресіз,естиісіз және өзіңіз де алған біліміңізді тәжірибеде қолданып көруіңізге мүмкіндік бар.Сол сияқты әсемдік салондардың кейбіреулері де өздерінің әр түрлі тақырыптарына байланысты мастер класстар ұйымдастырып тұрады.Және көбінше қандай мастер класс болмасын,мастер классты өткізіп жүрген дерлік шет елдіктер.Себебі,қандай өкінішті естілсе де Қазақстан шет елдерге қарағанда кеш дамуына байланысты көптеген шет елдіктер білетін қыр сырлар біздің елімізге енді келе жатыр.Әрине,барлық Қазақстан тұрғындары олардан хабарсыз деп айтудан аулақпын,алайда қазіргі өткізіліп жатқан мастер класстың жетекшілерінің барлығы шет елдіктер екені даусыз.Менің ойымша,егер қазір біз шет елдіктерді мастер класстарға шақырсақ,және білген түйгенімізді жинақстасақ,болашақта өзімізден де мастер класс өткізуге дәрежесі жететін адамдардың пайда болатынына сенемін.Сол себепті,шет елдік мамандарға көңіл бөлген дұрыс деп есептеймін.

 

 

67. Астана қаласында EXPO 2017 көремесіне қонақүйлер ашылады.Көрмеге дейін әлі бірнеше жыл бар.Туристерді және қонақтарды тартудың қандай шараларын ұсынасыз?

Бүкіләлемдік ЭКСПО – бұл миллиондаған шетелдік қонақтар тамашалайтын үлкен форум. Мұндай форум мейлі, Барселона, Шанхай немесе Астанада өтсін, оған халықтың лек-легімен ағылатыны белгілі.Халықаралық көрме болған соң, ол жерге үкіметтік, кәсіпкерлік топтардың делегациялары келетіні даусыз. Ал, өзімізбен көршілес, дос, бауырлас Қазақстанның бас қаласындағы көрмеге ресейліктердің қызығушылығы зор болатынына еш күманданбаймын. Ресми делегациялар тіпті, Ресей президенті, премьер-министрі деңгейінде болатыны сөзсіз. Өйткені, олар мұндай мүмкіндікті пайдаланып, халықаралық көрме­дегі Ресейдің күндерін өткізеді. Сондықтан, ресейлік тараптан билік органдарының, кәсіпкерлер қауы­мының және басқа да қызығушылық танытқандардың көрмені көптеп тамашалайтынына күмәнім жоқ.Сондықтан да менің ұсынарым ол тек көрмені жұртшыылыққа даярлау,және әлемдік прессада,әлемнің назарын Қазақстанға аудару.Бұл жерде пиар үлкен рөл атқарады.Мысалы,Қазақстанның Әлемдік сауда ұйымына мүше болуы да еліміз үшін үлкен плюс.Сол себепті Еліміздің атағын халыақаралық осындай жетістіктермен халықаралық деңгейде шығару керек деп ойлаймын.

 

 

68. Сізге медициналық көмек көрсетілді.Қызметті қандай көрсеткішпен бағалайтын едіңіз?Нақты мысалмен келтіріңіз.

«Ауру аяқ астында» демекші кез келген адам кез келген уақытта табан астында сырқаттанып қалуы әбден мүмкін.Және кез келген адам ауырғанда дәрігерге қарала бермейді.Ал кейбір жағдайларда ауруы дес бермеген соң медициналық қызметкерлердің қызметіне жүгінетін жағдайы болып қалады.Сол кезде шарасыздан барған медициналық орталығы еміне шипа табудың орнына дертіне дерт қосып беруі мүмкін.Мен өзім медициналық көмекті келесідей критерийлер бойынша бағалайтын едім:маман біліктілігі,көрсетілетін қызметтің жоғары деңгейі,мысалы дәрігерлер мен медбикелердің сізге деген қарым қатынасы,мекеме тазалығы және препараттар мен медициналық апппараттардың замануиылғы.Бұл аталып кеткеннің барлығы маңызды.Егер дәрігер біліксіз болып,сіздің ауруыңыздың емін таппай отырса,ол дәрігер деген атаққа лайық емес.Екіншіден,аурып отырған адамның көңілі психологиялық тұрғыдан әлсіздеу келеді,оған байқаусызда айтылған сөз көңіліне қатты тиюі ықтимал.Яғни өзі физикалық аурудан құтыла алмай отырған кезде,дәрігердің оған дөрекі сөзі әсер етіп,психологиялық жағдайына ісер етіп,тіпті қан қысымы көтеріліп кетуі мүмкін.Сондай ақ тазалық.Тазалық медицинада өте маңызды.Себебі,вирустар мен инфекцияларға қарсы мекеменің өзінде тазалық сақталмаса ол адамдар өміріне өте қауіпті.Мысалы,таза емес жерлерде таракандар көп болады,кеміргіштер көп болады олар өз кезегінде әр түрлі індеттер мен вирустардың белсенді тасымалдауыштары болып табылады.Және соңғысы ол заманауи құралдар.Технология мен ғылым бір орында тұрған жоқ.Заман ағымына сай олар да күннен күнге жаңарып отыр.мысалы қазір ғылымға белгісіз әр түрлі аурулар шығып жатыр.Онымен бұрынғының дәрі дәрмектері мен апараттары күресуге қауқарсыз.Сол себепті медицинаға қатаң көңіл бөлінуі тиіс деп ойлаймын.Себебі,адам өмірі бәрінен қымбат.

 

 

69. Сіздің фирма кір жуу машинасын сатумен айналысады.Көптеген тұтынушылар сатып алғаннан кейін орнату және іске қосу бойынша қиындықтарға ұшырайды.Орнату бойынша,сервистік қызметтерді тегін көрсеткен дұрыс па,әлде ақылы түрде жөн бе?Сіз не ұсынатын едіңіз?

Бұл жерде менде екі көзқарас бар.Бірі тұтынушы тұрғысынан,екіншісі фирма тұрғысынан.Ең әуелі тұтынушы тұрғысынан қарастыратын болсам,әрине кез келген фирма сатылымнан кейін көрсетілетін қызметті өз деңгейінде көрсетуі тиіс.Себебі,барлық фирма солай жасайды.Сатылымнан соң,сатылынып алынған қондырғыны үйіңізге алып келіп,оны тегін орнатып беру көп фирмалардың міндетіне кіреді.Алайда,әрбір заттың өз кепіл мерзімі болғанға байланысты,кейінірек шыққан ақаулар ды сервистік орталыққа апарған кезде,ол компанияның тарапынан болған ақау болса тегін жөндетілуі қажет,егер ол компания емес,мысалы тұтынушының өз кінәсінен болса,онда жөндеу ақылы болуы тиіс деп ойлаймын.Сондай ақ сатылымнан кейінгі қызметте қалада ол тегін түрде жеткізеді,мен осы шарт қаладан тыс елді мекендерге де әсер етсе деп ойлаймын.Ал фирма тұрғысынан айтар болсам,жеткізу де орнату да ақылы түрде болуы қажет.Себебі,компания сол қондырғыны тасымалдауға қыруар қаражат жұмсап отыр,оның ішінде көліктің шығындары,тасымалдаушылардың,жүргізушінің,құрылғыны орнататын мамандардың жалақылары бар.Егер фирма барлығын ақылы түрде осылай жасаса,пайдаға кенелетін еді.Алайда бәсекелестерге қарау керек,бәсекелестер орнатуды тегін жасайтын болса,тұтынушылардың барлығы соларға ауып кетуі әбден мүмкін.Сол себепті,жеткізуді тегін,орнатуды да тегін ету керек.Алайда,сіздің орнатқалы отырған құрылғыңыздың механизмі қиын болса оған қосымша ақы алуға болады.

 

 

70. Қазақстанның қай салаларына қызметті көптеп ұйымдастыруға болады?Қызмет маркетингін жолға қою арқылы пайданы қалай ұлғайтуға болады?Нақты мысалмен сіз тұтынатын өнімдерде маркетинг элементі жеткілікті деп ойлайсыз ба?

Менің ойымша,елімізде басқа салаларға қарағанда туристік нарық аса дамымаған болған соң,қызметті осы салаға шоғырландыру қажет деп ойлаймын.Себебі,елімізде өзіміз мақтан тұтарлық туристік игерілмеген нысандар өте көп.Мысал ретінде,Шарын каньоны танымал нағыз табиғаттың өнер туындысы болғанымен,оны туристік ретте игеру өте төмен дәрежеде болып тұр.Сол сияқты өзге де табиғаты тамаша жерлерде демалыс орындары өте аз.Жай ғана таудың баурайына жылқы шарушалығын ұйымдастырып,сол жерде дем алыс аймағын да ұйымдастыруға болады,яғни жылқының саумалын беріп,сол жерде жылқылармен серуендеуге мүмкіндік жасайтын болса,мұның өзі туристік салаға да халыққа да жақсы болар еді деп ойлаймын.

Жалпы, Қызмет көрсету аясындағы маркетинг өткізуді дұрыс ынталандырған жағдайда тұтынушыларды қажетті уақытында, сәйкес бағамен және керекті жерде қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған. Қызмет саласындағы маркетинг пен дәстүрлі маркетингтің ортақ принциптері келесілер болып табылады:

- өндіре алатынды емес, сата алатынды өндіру;

- жаңа тауар (қызмет) жасай отырып, қажеттіліктерді ынталандыру;

- тиімділік және пайдалылық принципі;

- маркетингтік үрдістің барлық сатыларында әлеуметтік факторды ескеру.Осы принциптерді қстану арқылы пайданы ұлғайтуға болады.

Мысал ретінде,өзім тұтынатын қызмет түрлерінің өнімі ретінде тағамды үйге жеткізу қызметінде маркетинг элементі жеткілікті деңгейде деп ойлаймын.Мысалы,пиццаны бір сағаттан кеш алып келсе,онда пиццаның бағасын фирманың өзі төлейді.Мұның өзі тұтынушыларды ынталандыру деп санаймын.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных