Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Боргидридтік әдіс бойынша күміс нанобөлшектерін алу




Гомогенді және гетерогенді жүйелерде металл нанобөлшектерін синтездеу процесінде натрийдің тетрагидридоборатымен (боргидридпен) метал тұздарын тотықсыздандыру әдісі кеңінен таралған. Бұл боргидридтің жоғары реакциялық мүмкіндігімен (цитратпен және көмірқышқылмен салыстырғанда) және қолданудағы ыңғайлығымен ерекшеленеді. Авторлар күміс нанобөлшектерін боргидридтік жолмен алу әдісін бірінші болып баяндады. Синтез 0̊С-қа дейін суытылған 1 молярлы AgNO3 ерітіндісін алты молярлы NaBH4 ерітіндісімен әрекеттесу негізінде жүргізілді. Түзілген бөлшектердің диаметрі 1-10 нм аралығында, ал жұтылу спектрінде λ=400 нм жолақ пайда болды. Келесі жұмыста AgNO3 ерітіндісін NaBH4 ерітіндісімен тотықсыздандыру поливинилспирті қатынасында жүргізілген. Боргидрид әдісімен алынған күміс нанобөлшектерінің түзілу және ірілену механизмі алғашқы түзілген кластерлердің беткі қабатында орын алады деген пайымдау бар. Күміс перхлоратын (AgClO4) натрий боргидридімен тотықсыздандыру реакциясы жақсы зерттелген. Тотықсыздандыру процесі бірнеше этаптан тұрады: алғашқыда 0,5-1 с аралығында ерітінді жасыл түске боялады (сіңіру жолағы 220 нм), 45 минуттан кейін ерітінді ашық-сары түске айналады (сіңіру жолағы 400 нм), соңғы этапта ерітінді қараяды (сіңіру жолағы 500- 800 нм). Ұзақ уақыт бойы тұрақтылығын сақтайтын күміс нанобөлшектерін алу үшін әр түрлі тұрақтандырғыш заттар қолданылады. Олардың қатарына полипептидтерді, әр түрлі модификацияға түскен полиэтиленгликоль, поливинилпирролидон макромолекулаларын т.б. гидрофильді полимерлерді жатқызуға болады. Осы әдістердің бірден-бір кемшілігіол ертіндідегі күміс нанобөлшектерінің өте төмен мөлшерде (1·10-4 моль·л) болуы. Оны жою үшін кейбір жағдайда концентрлі күміс нитраты ерітіндісін боргидридпен тотықсыздандыру кезінде синтетикалық анорганикалық минералды заттарды қосады. Тұрақтану механизмі нанобөлшектердің минералды заттардың беткі қабатына адсорбциялану, соның нәтижесінде агрегирлену процесін тежеу болып табылады. Нәтижесінде концентрациясы жоғары(7,35·10-2 моль·л), орта өлшемі 7-10 нм күміс нанобөлшектерін алуға болады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных