Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Плазмохимиялық синтез




Бұл әдіс газ фазасынан наноөлшемді бөлшектердің конденсациялануы жүзеге асатын плазма ағынының жылдам салқындауына негізделген. Салқындатудың жоғары жылдамдығы бөлшектердің өлшемдерінің өсуіне және олардың соқтығысқан кезде бірігуіне мүмкіндік бермейді. Реакциялар туынтектердің түзілуінің жоғары жылдамдығын және олардың өсуінің ең аз жылдамдығын беретін тепе-тең емес шарттарда жүзеге асады.

Плазмохимиялық синтез үшін (3500-7500 оС) азоттың, аммиактың, көмірсутектің, аргонның және т.б. доғалық, жоғары немесе аса жоғары жиілікті разрядтарда алынған төменгі температуралы плазма қолданылады. Бұндай температуралар плазмада электрондар мен иондардан басқа - қозған күйде тұратын, радикалдар мен бейтарап бөлшектердің бар екендігін жоққа шығармайды. Бұл реакцияның (10-3 – 10-6 с ішінде) жылдам өтуіне әкеледі және оларда барлық бастапқы заттар қатысады.

Бұл әдіс көбінесе жоғары дисперсті нитридтер, карбидтер, боридтер және оксидтер алу үшін қолданылады. Бастапқы шикізат ретінде сол элементтердің өзін, олардың галогенидтерін және басқа да қосылыстарын қолданады. Бастапқы шикізатқа, синтездеу технологиясына және реактор типіне байланысты бөлшектерінің өлшемі 10 нм-ден бастап 1-5 мкм дейінгі наноұнтақтарды алуға болады. Плазмохимиялық синтез жоғары өнімділікті қамтамасыз ете алады, алайда оның басты кемшілігі осы үдеріс нәтижесінде алынған ұнтақ бөлшектерінің диаметрлерінің айырмашылығы үлкен болады, яғни үдерістің селективтілігі төмен.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных