Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тіл білімінің философия, логикамен байланысы Мысал




Тіл білімінің әр түрлі ғылымдармен байланысын жете түсіну үшін,оның қоғамдық ғылымдар және жаратылыс тану ғылымдарының әр түрлі салаларымен байланысының әр қайсысына арнайы тоқталу қажет.

1.Тіл білімінің философияментығыз байланысы бар.Тіл білімі философиямен біріншіден,методологиялық қағидалар жағынан байланысса,екіншіден, зерттелінетін ортақ проблемалар жағынан жақындасып байланысады.

Лингвистер диалектикалық матерализмнің барлық құбылыстарды бір-бірімен өз ара байланысында қарау,бір-біріне шарттастығы тұрғысынан қарау керек дейтін талабын басшылыққа ала отырып, тілді басқа құбылыстармен өз ара байланысы тұрғысынан зерттейді. Мысалы, ойлаудың заңдарын, халықтың материалды және рухани өмірінің ерекшеліктерін, оның тарихын білудің тілдегі құбылыстарды танып білуде,халықтың тарихы мен тіл тарихын және олардың байланысын жете түсінуде үлкен мәні бар.

Диалектикалық материализм табиғат пен қоғам өміріндегі барлық құбылыстар өозғалу,өзгеру,даму күйінде болады, осыған орай, оларды өзгеруі мен дамуы күйінде қарау керек деп үйретеді. Диалектикалық материализмнің бұл қағидасының тілді зерттеуге де тікелей қатысы бар.тіл қатып қалған құбылыс емес.Тіл де басқа құбылыстар сияқты өзгереді,даамиды.Демек, тілді, ондағы құбылыстарды және құрылымдық элементтерді өзгеруі мен дамуы тұрғысынан зерттегенде ғана, олардың табиғатын жете түсінуге болады. Осыдан, тіл білімінің алдына тіл дамуының заңдарын ашып айқындау міндеті жүктеледі.

Тілдің мәні, оның таңбалық сипаты, тілдің шығауы мен дамуы, ойлау мен тілдің ара қатысы және т.б. проблемаларды зерттеп шешу үшін, философия тіл біліміне бағыт-бағдар сілтейді, аталған проблемаларды шешудің принципін белгілейді.Адамның ойлауы тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, философия адамның ойлау процесі, анығырақ айтқанда, өзін қоршаған дүниені адамның тану процесі тілде қалай көрінеді деген мәселені ескерусіз қалдыра алмайды. Адамның ойлауы тіл арқылы материалды жамылғышқа оранады да, объективті шындықты көрсетеді.Объективті шындықта болған нәрсенің, танылғанның бәрі де тілде белгіленеді.

Ал идеалистік көзқарастағы философтар мен лингвистер (Гумбольдт, Фосслер,Вейсгербер,Уорф, семантикалық философияның уәкілдері) бұған қарама-қарсы теорияны уағыздайды.Олардың пікірінше, тілдің заңдарының халықтық дүниеге көзқарасына әсер ететіндей күші бар,ал халықтың дүниеге көзқарасы оның материалды өмірінің жағдайын айқындайды. Алайда,бұл – ешбір қисынсыз теория, қате көзқарас. Бұлай алмайды, адамның ойлауын да айқындап белгілей алмайды,өйткені тілдің өзі ойдың құралы, тілді халық иеленеді, тіл қоғамға, ондағы адамдарға қатынас құралы ретінде қызмет етеді.... Ойдың құралы болу оның басшысы және билеп төстеуші қожасы болу дегенді білдірмейді.

Міне,осы мағынада тіл білімі белгілідәрежеде философиялық ғылым болып табылады, нақты тілдік құбылыстарды зерттеумен бірге, жоғарыда аталып өткендей, тілдің философиясына қатысты мәселелерді де қарастырады. Бұл айтылғандардың бәрі де тіл білімі мен философия ғылымдарының өз ара байланысы ғылымдар екенін көрсетеді.

 

Тіл білімі, әсіресе, логикамен тығыз байланысыты.Тіл білімі мен логиканың байланысы ғылымының бұл екі саласында зерттелінетін құбылыстардың өз ара байланысынан келіп туады.

Логика – ойлаудың заңдары мен ой формалары туралы ғылым.Ал, ойлау әдетте, тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы жарыққа шығады.Анығырақ айтқанда, адамның ойы тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып,түсінікті болады.логикада ойлаудың заңдары, ойлардың формасы мен құрылысы зерттелінсе, тіл білімінде тілдің заңдары мен құрылысы, тілдегі әр түрлі формалар мен құрылымдық элементтер зерттелінеді.Тіл білімінде ойлау категориялары мен ойлаудың заңдарына аса назар аударылғанада, олардың тілге, тілдік категорияларға қатысы жағынан ғана назар аударылады.Тілдік единицалар, мысалы, сөз бен сөйлем ойлау категориялары – ұғым және байымдаумен байланысты.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных