Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ Сөз және оған тән белгілер. Негізгі басты белгілерін атап көрсетіңіз.




 

Сөз – мағынасы мен түр-түрпаты жағынан дара қасиетке ие, тілдің бір бүтін дербес бөлшегі. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, түсінуі негізінен сөз арқылы болады. Сондықтан да ол тілдің ең басты бірлігі болып танылады. Сөз байлығы ұрпақтан‑ұрпаққа өтіп, бірден‑бірге ауысып, бүгінгі дәуірге дейін келіп жеткен мол қазына, асыл мұра. Ол халықтың барлық білген білімі мен білігі, ойы мен идеясы, дүниетанымының көрінісі.Сөз ‑ өте күрделі, көп қырлы құбылыс. Сөз туралы әр кезде, әр түрлі жағдайда айтылған пікірлер орасан көп. Бұдан сөзге анықтама беру үшін ғалымдардың көп бейнет шеккенін байқаймыз. Бірақ оған қарамастан, әлі күнге дейін сөздің анықтамасы тұрақталып, бізге түскен жоқ.

Біріншіден, сөз біткеннің бәрі де тілдегі дыбыстардан жасалады, дыбыссыз сөз жоқ. Сөз – дыбыстық құрылымның жиынтығы, сол арқылы жарыққа шығады. Сөзді жасайтын дыбыстар қалай болса солай емес, тілдің фонетикалық заңдарына сәйкес қалыптасқан. Сөз кез келген дыбыстан емес, фонемалық дыбыстардың белгілі жүйеде келуі арқылы жасалады.

Екіншіден, сөз дыбыстық құрылымнан жасала отырып, жоғарыда баяндалғандай, зат, құбылыс, іс‑қимыл жайында жалпыға түсінікті, қоғамдық дәрежеде қалыптасып, қауым таныған ұғымды (мағынаны) білдіреді.

Үшіншіден, сөз грамматикалық тұрғыдан қарағанда, сөз таптарына тікелей қатысады, соларға телулі. Сөз таптарында біртұтас сөз тұлғаларын жасап, грамматикалық бірлік бола алады. Бұл – оның сөз тіркестерінен өзгешелігін көрсетеді. Осы айтылғандар сөздің құрылымдық сипатын, мазмұнын тілдің фонетикалық, грамматикалық, сенантикалық заңдылықтарымен байланыстырып қарағанда ғана толық түсінуге болатынын аңғартады.Сөздің табиғатын тереңірек түсіну үшін оның өзіне тән белгілерін айырып‑ажыратқан.

Сөзге тән белгілер. Сөздің мұндай белгілері оны өзге тілдік бірліктерімен салыстырып‑салғастырғанда анықталады.

Сөзбірдыбыстан да, дыбыстартіркесінен де жасалады. Мысалы, а – «Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің» көрсетуі бойынша сегіз мағына, ә ‑ он бір мағына білдіретін одағай сөздер. Фонетика бойынша олар – дауысты дыбыстар. а мен ә фонемалық қызмет атқарғанда мағына білдірмейді, одағай ретінде жұмсал ғанда, жоғарыдай атап өтілгендей, бірнеше мән‑мағынаға ие болады. Демек, сөз сөз деп танылуы үшін дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұруы қажет.

Сөз – тілдің дыбыстық заңдары бойынша жасалған дыбыстық құрылым бірлігі. Кездейсоқ дыбыстар тізбегі сөз бола алиайды.

Кез келген сөз тілдің грамматикалық заңдарына сәйкес өмір сүреді. Сондықтан да ол әрдайым белгілі бір грамматикалық формада тұрады.

Күрделі сөздер, тіркеске сөздер сыртқы тұрпаты жағынан сөз тіркестеріне ұқсайды. Сөз тіресі сыңарларының аралығына басқа бір сөздің енуі ықтимал болса, сөз тұйықтылығымен, өзінің құрамына басқа бір сөздіен дірмеу қасиетімен ерекшеленеді.

Сөз сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған қалпында сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамында жұмсалады. Еркін сөз тіркесі мен сөйлем сөйлеу яки жазу кезінде құрастырылады.

Сөздің еркін сөз тіркесінен және сөйлемнен тағы бір аырмашылығы мынада: сөз белгілі бір сөзтабына қатысты болып, соған телінеді.

Орыс тілі фактілері негізінде белгілі тілші Н. М. Шанский сөздің мынадай белгілерін саеап көрсетеді: 1) фонетикалық жақтан тұтастылығы; 2) семантикалық валенттілікке иелігі; 3) арасына сөз салмайтындығы; 4) бір екпінге ие болатындылығы; 5) бір лексика‑грамматикалық категорияға қатыстылығы; 6) мағына мен дыбыс бірлігі; 7) қайта жасалынбайтындығы; 8) тұтастығы мен бірдей формаланатындығы; 9) көпшілік жағдайда сөзтіркестерінде қолданылатындығы; 10) ажыратылып тұратындығы; 11) номинативтілігі; 12) фразеологизмдік қасиеті барлығы

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных