Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ Сөздің морфологиялық құрылымы және морфема




Сөздің морфологиялық құрылымына талдау жасау үшін, ең алдымен негізгі морфологиялық ұғымдарды біліп алуымыз керек. Ол ұғымдар: морфема, түбір морфема, аффикстік морфема - дегендер.

Морфема дегеніміз - сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бірлігі. Морфема түбір морфема, аффикстік морфема болып екіге бөлінеді. Мысалы, оның анасы кім? дегендегі ана+сы сөзінде екі морфема бар. Ана — түбір морфема, -сы (тәуелдік жалғауы) — аффикстік морфема. Оның деген сөз де солай: о — түбір морфема, ның — аффикстік морфема, кім - түбір морфема. Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. |Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Мысалы, үйшіктерге деген сөзінің құрамында төрт морфема бар. Оның біріншісі — үй, ол заттық мағынаны білдіреді; екіншісі - шік, бұл кішірейткіш мағынаны білдіреді, үшіншісі — тер, көптік мағынаны білдіреді, төртіншісі — ге, бағыт мағынасын білдіреді. Бұлардың ішіндегі үй морфемасы түбір сөз болғандықтан - заттық, лексикалық мағынаны, үйшік туынды түбір болғандықтан - лексика-грамматикалық мағынаны, ал қалғандары (-тер, -ге) аффикстік морфемалар болғандықтан - грамматикалық мағыналарды білдіріп түр. Лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады да, лексика-грамматикалық немесе грамматикалық мағыналарды білдіретін морфемалар — аффикстік морфема немесе көмекші морфемалар деп аталады. Түрлі тілдердегі түбір морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты әр түрлі болып келеді. Мысал үшін қазақ тілі мен орыс тілін салыстырып көрелік. Қазақ тіліндегі жаз+у, жаз+ба, жаз+ыл+ған деген сөздерді орыс тіліндегі пис+ать, за+пис+ка, пере+пись деген сөздермен салыстырсақ, қазақ сөздерінің түбірі жаз — орысша сөздердің түбірі - пис. Жаз түбірі өздігінен жеке, сөз ретінде қолданыла алады, ал орыс тіліндегі пис- түбірі өздігінен дербес қолданыла алмай, сөз құрамында ғана (письмо, писание, письменный) қолданылады. Оның үстіне пис- түбірі тек заттық мағынаны ғана білдірсе, жаз түбірі әрі заттық мағынаны (жаз ісі), әрі лексикалық мағынаны (бір нәрсені хатқа түсіру), әрі грамматикалық мағынаны (етістіктің бүйрық райы, екінші жақ) білдіреді.

Морфема іштей екіге бөлінеді: негізгі морфема және қосымша морфема. Негізгі морфемалар — лексикалық мағыналы дербес қолданылатын түбір сөздер. Олар түпкі түбірлер (тір - тірі дегендегі), түбір негіздер (тірі), туынды негіздер (тірлік) болып үшке бөлінеді. Қосымша морфемалар — дербес қолданылатын сөздерге әр түрлі грамматикалық ғана мағына үстейтін тұлғалар. Олар іштей қосымшалар мен қосалқылар болып екіге бөлінеді. Қосымшалар: сөзжасам, сөзтүрлем, сөзбайлам тұлғалар. Бұлардың сөзжасамы мен сөзтүрлемі - жұрнақтар да, сөзбайламы - жалғаулар деп танылады. Қосымшалар қатарына дәйек және аяқ қосалқылар жатады. Дәйек қосалқылар түбір сөздің алдына қосылып, сөзге грамматикалық күшейтпе мағына үстейді (күшейтпе буынды: сап-сары, қап-қара және күшейтпе сөзді өте жақсы, тым жаман). Аяқ қосалқылар негізгі сөздің соңында қолданылады да, оларға шектеме және көмекші грамматикалық мағына үстейді. Шектемелер сөзге ұқсама буын қосып айтылатын (шай-пай, нан-пан) және демеуші шылаулар арқылы жұмсалатын (осы ғана, осы-ақ) сөздер құрамында қолданылады. Көмекшілер: көмекші есімдер (үсті, асты т. б.), көмекші етістіктер (еді, екен т. б.), септеулік шылаулар (дейін, шейін т. б.), жалғаулық шылаулар (мен, және, тағы







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных