Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ Тілдердегі грамматикалық тәсіл: сөздердің орын тәртібі




грамматикалық мағыналарды білдірудің тәсілдері алуан түрлі екен. Олар екі топқа бөлінеді: 1) синтетикалық тәсілдер (аффиксация, ішкі флексия, екпін, қосарлану), 2)аналитикалық тәсілдер (көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, интонация).

Синтетикалық тәсіл сөз ішінде болады, ал аналитикалық тәсіл сөздің сыртында болады.

Синтетикалық тәсілдер жиі қолданылатын тілдерді – синтетикалық тілдер, аналитикалық тәсілдер жиі қолданылатын — аналитикалық тілдер деп айтады. Синтетикалық тілдердің қатарына үндіеуропа, славян, түркі, маңғол тілдері жатады. Ал аналитикалық тілдерге ағылшын, болғар, дат, грек, француз тілдері енеді. Дегенмен, бұлардың көпшілігіне бұл екі тәсілдің екеуі де жат емес.Сөздердің орын тәртібі. Бұл да — грамматикалық тәсілдердің бірі. Сөз түрлендіруші формалар жоқ немесе аз тілдерде сездердің, орын тәртібінің мәні айрықша. Ағылшын тілі мен қытай тіліңде сөздердің орын тәртібі — грамматикалық тәсілдердің ішіндегі басты тәсілдердің бірі. Мысалы: the Fathers loves son — әке сүй бала (әке баласын сүйеді). Мұндағы сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырсақ, сөйлем мүлде басқаша мағынаға ие болады. Мәселен, сөз баяндауыштың алдында тұрса — бастауыш, баяндауыштан соң тұрса — толықтауыш деген сияқты.

Міне, сөздердің орын тәртібі — грамматикалық мағына атқарады дегеніміз осы. Орыс тілінде де дәл осындай: Мать \ (бастауыш) любит (баяндауыш) дочь (толықтауыш). Дочь любит мать.Сөздердің орын тәртібі түркі тілдерінде кейде анықтауыш пен анықталғыш сөздің жігін ажыратуға көмектеседі. Мысалы: сағат қалта — сағат салатын қалта, ал қалта сағат — қалтаға салатын сағат. Бұдан арыға бармайды, барса (инверсия) тек стильдік қызмет атқарады. Мысалы: Тарт қолыңды Шешенстаннан! Мұндайда сөйлем мүшелерінің табиғаты өзгермейді.Француз тілінде септеу (склонение) жоқ. Сондықтан онда сөздердің орын тәртібі ең басты грамматикалық тәсіл ретінде қолданылады. Мысалы: Henri apple Alfert — Анри шақыр(ады) Альберт (ті). Болмаса керісінше.

Бұл тәсіл қазақ тіліне тән емес, тек кейбір бірен-саран жағдайда ұшырасуы мүмкін.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных