Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






кесие 2015 ж шілде 1 күніне еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері

Жылдың шілде айының 1 күніне Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері Облыстық және Алматы, Астана қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарма-ларынан алынған мәліметтер бойынша 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында еңбек делдалдымен 188,2 мың адам хабарласқан. Осы санның 49 пайызы немесе 91,6 мың адам ауыл тұрғындары.

Жылдың шілде айының 1 күніне жұмыспен қамту мекемелерінде тіркелгендің саны 59,9 мың адамды құрайды, соның ішінде 51 пайызы немесе 30,5 мың адам ауыл тұрғындары. Жұмыссыздар санының 60,8 пайызы немесе 36,4 мың адам - әйелдер, 30 пайызы немесе 17,7 мың адам 16-29 аралығындағы жастар.

Жұмыспен қамту бөлімшелерінің еңбек делдалдығымен 106,3 мың адам жұмыспен қамтылды немесе оның үлесі барлық хабарласқан азаматтардың санының 56,5 пайызын кұрайды. Осы санның әлеуметтік жұмыс орындарына – 10,7 мың жұмыссыздар, «жастар тәжирбиесі» бойынша 5,7 мың оқу бітірген түлектер жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылғандардың 50,2 пайызы немесе 53,4 мың адамы ауыл тұрғындары.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 54,4 мың адам, яғни жұмыспен қамту бөлімшелеріне өтініш жасаған барлық азаматтардың 29 пайызы, қоғамдық жұмыстарға қатынасты. Соның ішінде ауыл тұрғындары 32,8 мың адам яғни 60,1 пайыз. Қоғамдық жұмыстарға бағытталған азаматтардың ішінде 36,4 пайызы елді мекендер, қалалар, кәсіпорындар аймақ жерін жинастыру үшін тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтарына көмекке жіберілді. 28 пайыздан көбі аймақтық экологиялық сауықтыру, көгалдандыру қызметтеріне қатынасты.

2015 жылдың екінші тоқсанында жұмыссыздардың саны 445 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі – 4,9 пайызда құрады, 2014 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда, осы көрсеткіш 13,4 мың адамға, ал жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайызға азайған.

ҚР ҰЭМ статистика комитетінен алынған мәліметтер бойынша экономикалық белсенді халықтың саны 2015 жылдың екінші тоқсанда 2014 жылдың екінші тоқсанындағы көрсеткіштерімен салыстырғанда 130,1 мың адамға (немесе 1,4 пайыз) көбейіп 9005,4 мың адамды құрады, жұмыспен қамтылғандар саны 8560,4 мың адам немесе 1,1 пайызға кеміген.

 

кесие 2015 ж шілде 1 күніне еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері

 

№ п/п   Өтініш берген азаматтардың саны, мың адам Жұмыссыздықтан әлеуметтік шараларымен қамтылған азаматтардың саны, барлығы оның ішінде: мың адам Есепті кезеңнің соңына есепте тұрған азаматтардың саны, барлығы (мың адам) ЭБХ**, -тан тіркелген жұмыссыздың үлесі %   2014 ж. 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі,% (СК*алыңған мәләмет бойынша)
Жұмысқа орналастырыл-ғандар Қоғамдық жұмысқа қатысқандар Кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілікті арттыруға жіберілгендер
барлығы әлеумет- тік жұмыс орын-дарына жастар тәжірибе сі шеңберінде құрылған жұмыс орындарына
  Қазақстан 188.2 106.3 10.7 5.7 54.4 6.8 59,9 0,7 4,9
  Ақмола 5.9 3.8 0.1 0.1 2.3 0.1 1.8 0.4 4.9
  Ақтөбе 10.4 6.9 1.2 0.6 2.4 0.1 1.3 0.3 4.9
  Алматы 18.1 12.7 0.8 0.6 5.6 1.0 3.8 0.4 4.7
  Атырау 7.0 2.6 0.3 0.2 3.5 0.4 5.4 1.8 4.9
  Шығыс Қазақстан 17.9 11.7 0.9 0.5 5.8 1.1 5.2 0.7 4.8
  Жамбыл 11.4 9.3 1.0 1.0 2.4 0.3 3.7 0.7 4.9
  Батыс Қазақстан 9.6 4.3 0.8 0.3 4.4 0.4 2.8 0.8 4.9
  Қарағанды 22.3 15.5 0.7 0.2 4.5 0.9 5.3 0.7 5.0
  Қостанай 9.5 6.5 0.8 0.2 2.7 0.2 2.6 0.5 4.9
  Қызылорда 14.4 5.3 0.4 0.4 4.7 0.3 4.4 1.2 5.0
  Павлодар 9.9 6.6 1.4 0.1 2.5 0.5 2.6 0.6 4.8
  Солтүстік Казақстан 8.0 5.7 0.6 0.2 3.1 0.4 1.6 0.5 4.9
  Оңтүстік Қазақстан 23.1 5.2 - - 5.2 - 11.7 0.9 5.1
  Алматы 7.0 4.6 0.8 0.3 1.3 0.7 2.0 0.2 5.2
  Астана 5.2 2.6 0.1 0.2 2.2 0.3 2.3 0.5 4.9
                       

СК* - Статистика комитеті,, ЭБХ** - экономикалық белсенді халық

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тест №7. Віталік\Алла\Оля | 


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных