Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тапсырыс берушілер үшін мәлімет.




Лекцияның мақсаты: аудит қызметін жүргізудің соңғы сатысы-аудиторлық есеп беру туралы жалпы мағлұмат беріп, түсінік қалыптастыру, оның түрлерімен таныстыру.

 

Қарастырылатын негізгі сөздер: ескертусіз, ескертулері бар, қорытынды беруден бас тарту, теріс қорытынды, аудит масштабы.

 

Сұрақ 1. «Аудиторлық қызмет туралы» заңның 15-бабында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандарттарына сәйкес болуға тиісті аудиторлық қорытынды есеп жасалынады.

Қазақстан Республикасында аудиторлық қорытынды есепті құруға негіз болуға болатын нормативтік құжаттар: 700 «Қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп», 710 «Салыстырмалы көрсеткіштер», 800 «Арнайы мақсаттағы аудитті өткізуге келісімдер бойынша аудиторлық қорытынды есеп» деп аталатын Халықаралық аудит стандарттары.

700 «Қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп» деп аталатын Халықаралық аудит стандартында аудитордың шолу жасауы және қаржылық қорытынды есепке қатысты пікір білдіруге негіз болып табылатын алынған аудиторлық дәлелдеулер бойынша жасалынған қорытындыларды бағалау қарастырылады Аудиторлық қорытынды есепте жалпы қаржылық қорытынды есеп беру бойынша анық жазбаша пікір білдіру болуға тиісті Сондықтан білдірілетін пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қорытындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:

1. ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды;

2. ескертулері бар (шартты) аудиторлық қорытынды;

3. аудиторлық қорытынды беруден бас тарту;

4. теріс аудиторлық қорытынды.

Аудиторлық қорытындының құрылымы мынадай элементтерден тұрады: қорытынды есептің аты (атауы), адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масштабын анықтаушы бөлім, қорытынды бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың (аудиторлық ұйымның) мекен-жайы, аудитордың қолы./56/.

Қорытынды есептің аты (атауы). Аудиторлық қорытынды есептің тиісті атауы болуға тиісті. Аудиторлық қорытынды есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директорлар кеңесі сияқты басқа да тұлғалар жасауы мүмкін қорытынды есептердің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор басшылыққа алатын этикалық принциптерді басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудиторлардың қорытынды есептерінің арасындағы айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның атауында «Тәуелсіз аудитор» деген терминді пайдалануға рұқсат етіледі.

Адрес иесі (Адресат). Аудиторлық қорытынды есеп жергілікті есеп жергілікті ережелер мен келісім-шарттардың талаптары бойынша лайықты түрде адрес иесіне (адресатқа) жіберілуге тиісті. Әдетте, қорытынды есеп не акционерлерге, не болмаса қаржылық қорытынды есебі аудитке тартылатын кәсіпорвнның директорлар кеңесіне арналып құрылады.

Кіріспе бөлім. Аудиторлық қорытынды есеп кәсіпоынның тексерілген қаржылық қорытынды есебінде қарастырылған мерзімді және кезеңді кіргізе отырып, сол қаржылық қорытынды есеппен бірдей болуға тиісті.

Қорытынды есепке қаржылық қорытынды есептің ақпараттарына кәсіпорын басшылары жауап беретіндігі, сонымен бірге аудитордың жауапкершілігі жүргізілген аудиттің негізінде қаржылық қорытынды есеп жайында өзінің қорытындысын беру болып табылатындығы туралы пікірлер кіруге тиісті.

Қаржылық қорытынды есеп-кәсіпорын басшылығы дайындап тапсырған ақпараттар. Ондай қорытынды есепті дайындау басшылықтан елеулі есептік бағалаулар жүргізуді және пікір білдіруді, сонымен бірге қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде пайдаланылған қолайлы бухгалтерлік принциптер мен әдістерді анықтауды талап етеді. Және оған қарама-қарсы, аудитордың міндеті сол қаржылық қорытынды есеп бойынша өзінің қорытындысын беру мақсатында оған аудит өткізу болып табылады.

Аудиттің масштабын анықтаушы бөлім. Аудиторлық қорытынды есепте аудиттің Халықаралық аудит стандарттарына немесе тәжірибеге сәйкес жүргізілгендігін көрсете отырып, оның масштабы бейнеленеді. Аудиттің масштабы дегеніміз- аудитродың қалыптасқан жағдайларға байланысты қажетті аудит процедураларын орындалуы болып табылады. Ақпаратты пайдаланушыға ол аудиттің жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға немесе тәжірибеге сәйкес орындалатындығының дәлелі ретінде керек.

Аудиторлық стандарттар немесе тәжірибе ретінде, егерде тек басқа стандарттар немесе тәжірибе ескертіліп айтылмаған болса, аудитордың адресінде көрсетілген стандарттар немесе елдің тәжірибесі есептелінеді.

Қорытынды есепте аудиттің жоспарланғандығы және қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмалаушылықтардың жоқ екендігіне саналы түрде кепілдік алу мақсатында орындалғандығы туралы пайымдаулар болуға тиісті.

Аудиторлық қорытынды есепте төмендегілер кіретін аудиттің жазбаша суреттемесі болуға тиісті:

· қаржылық қорытынды есепте ашылып көрсетілетін ақпараттардың сомаларын растау мақсатында дәлелдеулерді тестілеу негізінде тексеру жүргізу;

· қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде басшылық пайдаланған бухгалтерлік есеп жүргізу принциптерін бағалау;

· қаржылық қорытытынды есепті дайындау кезінде басшылық жүргізген маңызды алдын-ала бағалауды талдау;

· жалпы қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыруды бағалау.

Қорытынды есепке аудиттің қорытындыны жасау үшін қолайлы негізді қамтамасыз ететіндігі туралы аудитордың пайымдауы (пікірі) кіруге тиісті.

Қорытынды жасау бөлімі. Аудиторлық қорытынды есеп қаржылық қорытынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі (немесе «барлық маңызды аспектілері бойынша дұрыс дайындалғандығы») жөніндегі аулитордың қорытындысын анық көрсетуге тиісті.

Аудиторлық қорытындыны білдірі үшін пайдаланылатын «дұрыс және дәл көрініс» немесе «барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілген» терминдері бір-бірімен эквивалентті. Екеуі де аудитордың қаржылық қорытынды есеп шеңберінде маңызды болып табылатын аспектілерді қарастырғандығын көрсетеді.

Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру негізі Халықаралық аудит стандартымен, сонымен бірге «дұрыстық» түсінігімен сәйкес келетін елдегі жалпы тәжірибенің дамуымен және жергілікті заңдардың есепке алынуымен анықталады. Ақпаратты пайдаланушыларды «дұрыстық» түсінігі пайдаланылатын контекст (мағына) жөнінде хабардар ету үшін аудиторлық қорытынды «Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес» деген сөйлемді пайдалана отырып, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру негізін көрсетуге тиісті.

Дұрыс және дәл көрініс (немесе «барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілгендігі») жөніндегі қорытындыға қосымша ретінде аудиторлық қорытынды есепке қаржылық қорытынды есептің тиісті қаулы-қарарлар мен заңдармен анықталатын басқа да талаптарға сай келетіндігі туралы қорытындыны кіргізу талап етілуі мүмкін.

Есеп беру мерзімі. Аудитордың қорытынды есебінде қойылатын мерзім аудиттің аяқталу мерзімі болып табылады. Бұл-аудитордың қаржылық қорытынды есепке оның өзіне белгілі және көрсетілген мерзімге дейін болған оқиғалар мен операциялардың әсерін есепке алғандығы туралы оқырмандары хабардар етеді.

Аудитордың адресі (мекен-жайы). Қорытынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі (кеңсесі) орналасқан пункт (әдетте қала) көрсетілуге тиісті.

Аудитордың қолы. Қорытынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің де атынан, егер ол қажет болса, қол қойылуға тиісті. Әдетте, аудитордың қорытынды есебіне компанияның атынан қол қойылады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді.

Сұрақ 2. Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды (есеп)

Халықаралық аудит стандарттары бойынша терминдер глоссарийлерінде атап көрсетілгендей, аудиторлық қорытынды (есеп) жалпы қаржылық қорытынды есеп бойынша жазбаша нысанда нақты білдірілген ой-пікірлерден тұрады.

Аудиторлық қорытынды аудитор мен қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар арасындағы негізгі коммуникациялық канал болып табылады. Аудиторлық қорытынды есептің негізін қалаушы кейбір концепциялар бұрын қарастырылған болатын. Бұл тарауда 700 «Қаржылық қорытынды есепке қатысты аудиторлық қорытынды есеп» деп аталатын

Ескертусіз аудиторлық қорытынды аудитор қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың белгіленген негіздеріне сәйкес ол сенімді әрі дұрыс көріністі көрсетеді (немесе «барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілген») деген қорытындыға келген жағдайда жасалынады. Ескертусіз қорытындыда сонымен бірге бухгалтерлік есеп принциптеріндегі немесе оны қолдану әдісіндегі кезкелген өзгерістер, сондай-ақ, оның себеп-салдары тиісті түрде анықталып, қаржылық қорытынды есепте ашылатындығы туралы пайымдаулар көрсетіледі.

Фактіні бөліп көрсету- бұл ақпарат пайдаланушылардың назарын қаржылық қорытынды есепке әсер фактілерге, сонымен бірге осы пазиция толығырақ түсінік беретін ескертулерге аудару тәсілі. Фактіні бөліп көрсету ескертуі бар (шартты) аудиторлық қорытынды болып табылмайды. Әдетте ол қорытынды бөлімнен кейін көрсетіледі және аудиторлық қорытындының шартты емес (ескертуі жоқ) екендігін анықтайды. Ол төмендегі жағдайларда пайдаланылады:

Кәсіпорынның үздіксіз қызмет ету мәселесіне көңіл аудару үшін. Егер қаржылық қорытынды есепте тексеру нәтижелерімен бірдей ашылып көрсетулер бар болса, онда аудиторлық қорытынды есепті, оған қаржылық қорытынды есепке түсіндірме ескертпелерге назар аудару арқылы кәсіпорынның үздіксіз қызмет ету мәселесі туралы фактілер енгізілетін жеке параграфты кіргізе отырып, модификациялауға (түрін өзгертуге) тиісті. Ол фактілер төмендегі тәртіппен көрсетіледі:

«Ескертусіз(шартсыз) қорытынды бере отырып біз сіздердің назарларыңызды қаржылық қорытынды есепке №_ ескертпеге аударамыз. Кәсіпорын 200 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын бір жылдың ішінде *** мөлшерінде зиян шекті және осы мерзімге кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелері оның ағымдағы активтерінен *** сомаға артық болды. Бұл факторлар № ескетрпеде анықталған басқа да факторлармен бірге кәсіпорынның үздіксіз қызметін жалғастыру мүмкіндігінің болатындығына едәуір күмән тудырады»

Шешімін табуы кәсіпорынның тікелей бақылауында болмайтын келешектегі оқиғалармен байланысты елеулі дәрежедегі сенімсіздік жағдайында күтпеген жағдайлар (ситуациялар) бойынша ақпараттарға жүгіну қажет. Халықаралық аудит стандарты бойынша текстінің мысалы төменде қарастырылды:

«Ескертусіз (шартсыз) қорытынды бере отырып, біз сіздердің назарларыңызды қаржылық қорытынды есепке №_ ескертпеге аударамыз. Кәсіпорын патенттік құқықтарды бұзу, авторлық гонорарларды иелену және зиян келтіру туралы, шағым-талап бойынша жауапкер болып табылады. Кәсіпорын қарсы талап қойды, сөйтіп қазіргі уақытта екі бірдей шағым-талап бойынша алдын-ала тыңдау және соттық істі қарауы жүріп жатыр. Бұл фактіні қараудың ақырғы қорытындысын бүгінгі күні анықтау мүмкін емес, және де міндеттеме туындаған жағдайда қаржылық қорытынды есепке оны жабатын резерв құрылған жоқ».

Сондай-ақ, өткен есепті кезеңдердің қаржылық қорытынды есебі елеулі бұрмаланған және тиісті сандық көрсеткіштер ағымдағы кезеңде соған сәйкес өзгеретін жағдайлар (ситуациялар) болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных