Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жоспардағы бағаналарды орналастыру




Өндірістік ғимараттардың қаңқасын жобалау конструкциялық құрылымы мен үйлестіру әдісін таңдаудан басталады. Шығын материалы болып технологияның тапсырмалары табылады, оның құрамына жұмыс кестесі, жүк көтеру, жүк көтергіш крандардың саны, цех құралдары, агрегаттардың габариттік өлшемдері кіреді. Технологиялық тапсырмаларға құрылыс аймағының мәлеметтері мен цехтың пайдаоану шарттары жатады (жарықтығы, ылғалдылық, температура және т.б).

Конструктивті құрылымды таңдағаннан кейін жобаның архитектуралық – құрылыс мәселелері шешіледі. Қаңқаның конструктивтік құрылымын жасу кезінде ғимараттың жоспарына бағаналарды орналастыру анықталады. Ғимараттың ішкі габариттік өлшемдері қондырылады, қаңқаның негізгі конструктивтік бөлшектерінің өлшемдері өзара байланысады және белгіленеді.

Жоспарда бағаналарды орнату технологиялық, конструктивтік және экономикалық факторларды есепке ала отырып қабылдайды. Ол технологиялық құрал–жабдықтардың габаритттік өлшемдерімен байланысу керек. Бағана астындағы іргелердің өлшемдері жер астындағы ғимараттардың габаритті өлшемдерімен жалғасады. Бағаналарды бір ось бойымен орналастырады.

Өндіріс ғимаратын үйлестіру талаптарына сәйкес бағаналар арасындағы арақашықтық ірі модульдерге сәйкес белгіленеді, 6 рет (кейде 3 рет); өндіріс ғимараттар үшін l = (18; 24; 30; 36м).

Бағаналар мен оның бойындағы бағаналардың арасындағы арақашықтық 6 еселі етіп қабылданады. Бір өткінді ғимараттардың, сондай-ақ бірнеше өткінді ғимараттардың шеткі бағаналар қадамы техникалық құралдардың орналасуына тәуелді болмайды, оларды 6 немесе 12м етіп алады. Ережеге сәйкес, үлкен өткінді (l ≥30 м) және айтарлықтай биік ғимараттар үшін 12м қадамы тиімдірек.

Көп өткінді ғимараттардың ішкі бағаналар қадамы техникалық талаптардан асып жатады (мысалы өнімдердің бір өткіннен келесі өткінге берілуі), бірақ сыртқы бағаналар қадамы қысқа етіп қабылдайды.

Үлкен өлшемді ғимараттардың жоспарындағы қаңқа бөлшектерінде температураның өзгеруіне байланысты кернеулер пайда болуы мүмкін. Сондықтан қажетті жағдайларда ғимараттарды көлденең және бойлық температуралық жіктерге бөледі. Жоспарлау нормаларында блок температураларының шектеулі өлшемдері бекітілген, оның көмегімен климаттың температуралық әсерлерді ескермеуге болады.

Көлденең температуралық жіктерді орналастырудың жиі кездесетін түрі ол ғимараттағы кескіндердің орнына көлденең екі рама қояды (олар өзара ешқандай элементтермен байланыспаған), ол кезде бағаналар осьтен 500мм жылжиды.

Кейбір ғимараттардың жоспарында бағаналы тік қатарлар өзара перпендикуляр бағытта орналасқанын талап етеді.

3.1 сурет. Бір өткінді ғимаратта бағаналарды орналастыру

 

3.2 сурет. Көп өткінді ғимаратта бағаналарды орналастыру

а – өткіндер параллель орналасқанда; б – бір-біріне перпендикуляр; І,ІІ - сәйкесінше, көлденең және бойлық температуралық жік; ІІІ – қосымша тораптық ось

 

Ғимараттың температуралық блоктарының шекті өлшемдері, м

 

Ескерту. Жақшадағы өлшемдер қыс мезгіліндегі сыртқы ауа температурасы – 40˚С тан – 60 ˚С орналасқан ғимараттарға берілген.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных