Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Статикалық сұлбаны және ферма кескінін таңдау.




Конструкцияны жобалаудың бірінші деңгейінде ферманың стаиткалық сұлбасы мен кескіні үймереттің статикалық конструктивті шешімі мен арналуына байланысы және мүмкін болатын нұсқаларды салыстыру негізінде жүзеге асады.

Екі я одан да көп жабылатын өткіндер үшін тұтас фермалар қолданылады. Олар металл шығыны бойынша тиімдірек және олардың биіктігін азайтуға мүмкіндік беретін үлкен қаттылыққа ие болады. Бірақ, сыртқы статикалық анықталмаған жүйелер секілді тұтас фермаларда тіректің отыруы кезінде қосымша күштеме қажет етеді, сондықтан әлсіз тіреу отыруында оларды қолдану ұсынылмайды. Сонымен бірге, тұтас кескінді жасау мүмкіндігі мұндай конструкцияның жинақтаулын қиындатады.

Рамалық ферма болат шығыны бойынша тиімді және кіші габаритті өлшемді болып келеді, бірақ жинақтағанда аса күрделі. Оның қолданылуы үлкен өткінді ғимараттар үшін тиімді. Аркалы жүйелерді қолдану болат тиімділігін берседе, бөлменің және қоршауының конструкциядық бетінін көлемінің үлкеюіне әкеліп соғады. Оның қолданылуы негізінен сәулеттік талаптармен жүзеге асады.

Ферма пішіні оның статикалық сұлбасы мен иілу момент эпюрасын анықтайтын жүктеме түріне сәйкес келуі тиіс. Жабын фермалары үшін шатыр материал, су әкетуге арналған қажетті еңіс, бағанамен байланысатын түйіннің түрі (қатты немесе топсалы) және басқада технологиялық талаптарды ескеру қажет.

Трапеция кескінді фермалар момент эпюрасына сәйкес келмеседе, түйінді жеңілдетудің арқасында конструктивтік артықшылығы бар (10.2,а сур.). Сонымен қатар мұндай фермаларды жабында қолдану ғимараттың қаттылығын жоғарылататын қатты тіректі түйінді орналастыруға мүмкіндік береді.

Параллель белдеулі ферма өз кескіні бойынша момент эпюрасын жақын емес және болат шығын бойынша тиімді емес. Бірақ тор элементтерінің бірдей ұзындықтағы түйіннің бірдей сұлбасы, элемент пен бөлшектің қайталануы, сәйкестендіруі олардың индустрияландыруына мүмкіндік береді.(10.2,г,д сур.)

Үшбұрышты ферманың кескіні консольді жүйелер үшін, сонымен қатар өткін ортасында жинақталған арқалықты жүйелер үшін тиімді. Тең таралған жүктеме кезінде үшбұрышты фермаларда жоғары металл шығыны болады. Сонымен бірге, түйіндер тек бағанамен топсалы байланысқа рұқсат етіледі. Орташа қиғаш қойылған тіректер ұзын болып келеді және олардың қимасын металдың қайта есептеуін туғызатын шектік иілгіштік бойынша таңдайды.

10.2-сурет. Арқалықты ферманың пішіні

а - трапециялы, б, в – полигонды,

г, д, е - параллель белдеулі






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных