Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жеңіл ферма стерженьдері.




Жеңіл ферма элементтерінің қима түрлері 11.1 суретте көрсетілген.

Сығылған ферма стерженьдері үшін болта шығыны бойынша ең тиімдісі болып жұқа қабырғалы құбырлы қима болып табылады (11.1, а-сурет). Құбырларды фермаларда қолдану болаттың 20-25% дейін үнемділігін қамтамасыз етеді.

Құбырдың үлкен артықшылығы аққыштық болып табылады. Осы арқылы биік ашық үймереттер (мұнара, діңгек, крандар) үшін ерекше маңызды желдің қысымы оларда аз болып келеді. Құбырда қырау мен ылғалдылық аз, сондықтан олар коррозияға қарсы төзімдірек, оларды тазарту және бояу оңай. Бұлардың барлығы құбырлы конструкцияның беріктігін жоғарылатады.

Құбырлы қима секілді қасиеттерге ие тікбұрышты иілгіштұйық қима элементтердің байланыс түйіндерін оңайлатуға мүмкіндік береді және соңғы кезде кең қолданысқа ие болып отыр. Сонымен қатар фасонкасыз түйінді ілгіштұйық профильден жасалған ферманы жасау аса жоғары нақтылықты қажет етеді.

Технологиялық қиындықтар қалыңдығы 10-12мм асатын иілген профильді жасауға рұқсат етпейді, яғни бұл оның қолданылу мүмкіндігін шектейді. Сонымен қатар, иілу бұрышындағы үлкен пластиктік деформациялар болаттың морт беріктігін төмендетеді, сондықтан иілген профильден жасалған ферманы төменгі температурада пайдаланылатын конструкцияларды қолдануға рұқсат етілмейді.

Соңғы кезге дейін жеңіл фермалар негізінен екі бұрышты қимадан тұратын, стержень қимасымен жобаланады

 

11.1-сурет. Жеңіл ферма стерженьдерінің қима түрлері

а және б - құбырлы, в, г, д, е, ж, к, л – прокатты бұрыштарды қолданумен,

з – қостварлы, и -таврлы

 

(11.1, в-д-сурет). Мұндай конструктивтік форманың кемшілігі әртүрлі төсемеге кететін үлкен металл шығыны, жасаудың жоғары еңбек сыйымдылығы.

Кей жағдайларда ферма стерженьдерінің дара бұрыштардан жасалуы мүмкін. (11.1, е-сурет). Тазалауға және бояуға жабық, оның ішінде фасонкасыз түйіндер кезінде аз құрама элементтері бар болғандықтан мұндай қиманы жасау оңай. Дара бұрышты ферманы жасағанда, ферма жазықтығында симметрия осі жоқ екенін ескеру қажет.

Кең сөрелі қоставрлы профиль (11.1, з сурет) прокатын ұйымдастыру, сонымен қатар қостварды кесу жолымен таврды алу мүмкіндігі екі бұрыштан біріккен қима орнына дара профильден жасалған ферма стерженьнің жобалау жағдайын жасайды.

Ферманың сызылған элементтерін екі өзара параллель бағытта теңорнықты етіп жобалау қажет. Бірдей есептік ұзындық кезінде бұл талапқа болғандықтан құбырлы және топсалы иілгіштұйық профильден жасалған қима жауап береді.

Әрбір нақты жағдайларда ферма элементтерінің қима түрін таңдау конструкцияның жұмыс істеу шарттарын, (ортаның агрессивтілік деңгейі, жүктеме түсу орны мен сипаты т.б.) жасау мүмкіндігі, сортамент бар болуы, экономикалық түсінігімен анықтайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных