Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқу процесін ақпараттық құралдармен қамтамасыз ету




- аралық бақылау: курста екі дүркін межелік бақылау - тестілер қолданып немесе ауызша билет арқылы емтихан тапсыру;

- курста силлабус, практикалық сабақтарға,СӨЖ, оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстардың (ОСӨЖ) арналған әдістемелік нұсқаулармен студенттер қамтамасыз етіледі және электронды жүйеде библиотекада бар.

- курста сабақ кестесі,консультация,басқада ақпараттар ақпаратық стендіде көрсетіледі

- студенттерге рейтингтік баға жөнінде уақытында айтылады

СӨЖ және аудиториялық сабақтарды өткізуге қойылатын талаптар

- барлық практикалық және аудиториядан тыс сабақтар әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етіледі

Студенттерге қойылатын талаптар

- сабақтарға қатысу міндетті түрде;

- сабаққа уақытында келу, сабақты себепсіз жібермеу.

 

 

II. Мазмұны:

Кіріспе

Психология дамуы негізінде адамның жалпы тыныс-тіршілігіне, қоғамда адамның адамның дамып жетілуіне, айналадағылармен қарым-қатынас жасауына деген қызығушылықтың арта түсуі жатыр.

Психология қоғам дамуының гуманистік бағытын қамтамасыз етіп адамдардың гуманді менталитетін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Адам әрекетінің көптеген түрлерінде, медицинада, педагогикада, өндірісте жақты жетілуде психологиядан хабардар болмауы қолайсыз.

Психология фундаментальді ғылым бола отырып, медициналық берудегі базалық оқу пәні ретінде кәсіби бағытта дамыған тұлға шығармашылық мүмкіндігін ашып жетілдіруде маңызды орын алады. Психология психиканың ерекше күрделі тіршілік ету түрі ретінде заңдылықтармен қызмет етуін, негізгі психикалық үрдістер мен қалпын, жеке-даралық ерекшелігін зерттейді. Психологиялық құбылыс талдау дағдылары мен икемділігі, тұлға әрекетін сипаттау, өзін-өзі талдау өзі ұғыну, өзін-өзі жетілдіру ретіндегі психологиялық білім болашақ тұлғасының қалыптасуында қажет. Медициналық тәжірибеде ерекшелігінен басқа, патологиялық күйдің пайда болуында тиімді болу науқастың психикалық хал-жайы үлкен орын алады. Таным үрдістер заңдылықтарын анықтау барысында. Психология емдеу шараларын ғылыми жолға салумен қатар ауру ішкі көрінісі мен денінің саулығына әсер етеді. Психология ғылым ретінде адамның ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлқын зерттеп, игерген білімді тәжірибе үстінде қолданады.

2.Пән мақсаты: психикалық әрекеттің механизмдері мен психика онтогенездегі дамуыныі маңызды заңдылықтар негізінде психолог компетентті тұлғаны қалыптастыру, тұлғамен психогигеналық қатынастармен тиімді қарым-қатынас құру дағдыларын дамыту.

3. Оқытудың міндеттері:

- психология ғылымы туралы және психологияның басқа қоғам және гуманитарлы пәндер жүйесіндегі орны туралы қалыптастыру;

- тұлғаның негізгі психикалық үдерістері, қалыптары қасиеттерінің механизмдері туралы білім беру;

- адамның түрлі тіршілік ету салаларындағы психика құбылыстарды талдай білуді үйрету;

- психологиялық өзін-өзі талдау, өзін-өзі тану, өзін-өзі білім қабілеттерін дамыту;

- тұлғамен психогигиеналық қатынас жасау мен тиімді қарым-қатынас құру.

4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білу қажет:

- психологияның даму кезеңдері мен оның маңызды салаларын;

- психикалық құбылыстар, үрдістер мен қалыптарының негізгі заңдылықтарын;

- психикалық қызметтердің негізгі зерттеу әдістерін;

- сана қызметін, өзіндік сана құрылымын;

- эмоциялық және ерік үрдістерінің психологиялық негіздерін;

- тұлғаның психологиялық құрылымын;

- темперамент, мінез типтерін, тұлға екпіндеуінің түрлерін;

- тұлға-аралық қатынас ерекшеліктерін, деңгейлерін, араласу құралдары мен түрлерін;

Істей алуы тиісті:

- медициналық орта мен әлеуметтік қарым-қатынастарда тұлғаның психологиялық күйі мен мінез-құлқын, қасиеттерін бағалауды;

- адамның түрлі тіршілік ету салаларындағы психикалық құбылыстарды талдауы;

- өзін-өзі талдауды, өзін-өзі бағалауды.

Дағдыларын меңгеруі тиісті:

- топ ішінде және ұжымда тиімді араласу;

- дәрігер мен науқас арасында қолайлы қарым-қатынас құру.

5.Реквизитке дейінгі: мектептегі биология курсы.

6.Реквизиттен кейінгі: коммуникациялық дағдылар, клиникаға кіріспе, неврология, психиатрия, наркология, жалпы дәрігерлік тәжірибе, ішкі аурулар, педиатрия, хирургия, акушерлік және гинекология, шұғыл медициналық көмек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных