Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Қылмыстылықтың алдын алу




Көптеген криминологиялық және басқа да танымал әдебиеттерде адамзаттың қылмыстылыққа қарсы бағытталған қызметін атайтын саналуан терминдер пайдаланылады. Мысалы, «алдын алу», «бұлтарту», «ескерту», «профилактика».

Ғалымдар осы терминдердің мазмұндарының ұқсастығына қатысты әрқалай пікірлер айтқан.

Ожегов сөздігінде «болдырмау» («предотвращение») және «алдын алу» («предупрждение») терминдері «алдын ала ескерту», «алдын ала қабылданған шаралармен болдырмау» деген мағына беретін ұқсас біртектес сөздер ретінде аталған. «Профилактика» термині «алдын алу шараларының жиынтығы» ретінде талқыланады.

Сондықтан, ойлауымызша, «профилактика» және «алдын алу» терминдерін ұқсас түсініктер ретінде пайдалануға болады. Осы мәселеге назар аударған ғалымдар арасында А.Г.Лекарьдің, Г.А.Аванесовтің, Е.І.Қайыржановтың, К.Е.Игошевтың және т.б. ғалымдардың аттарын атауға болады.

Жоғарыда көрсетілген ғалымдардың қылмыстылық профилактикасы мен қылмыстылықтың алдын алуға қатысты айтқан сөздерін талдайтын болсақ, олардың барлығы адамзат қызметінің осы түрін көпдеңгейлі көпжоспарлы шаралар жүйесі ретінде қарастырғанын байқаймыз.

Сондықтан, осы ғалымдар берген анықтамаларды ескере отырып, біз қылмыстылықтың алдын алудың келесі анықтамасын пайымдай аламыз.

Қылмыстылықтың алдын алу – бұл қылмыстылықтың себептері мен шарттарына ықпал ететін, оларды бейтараптандыратын (әлсірететін, шектейтін) және осы арқылы қылмыстылықтың азаюын қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық сипаттағы шаралардың көпдеңгейлі жүйесі.

Қылмыстардың алдын алу шарасы нақты мақсатты көздейтін және алдын алу эффектін туғызатын өзара байланысқан әрекеттерден тұратын қылмыстарды тудыратын факторларға ықпал етудің, сол сияқты оларға шектеу салатын ұйымдастырылған пішінге салынған әдісі.

Криминологияда, әсіресе, шетел криминологиясында, қылмыстылықтың алдын алудың әралуан концепциялары бар. Алдын алу мәні автордың қылмыстылықтың себептеріне қатысты көзқарастарына байланысты болады.

Профилактикалық іс-шаралардың негізгі үш үлгісін ажыратады:

- бақылау үлгісі немесе құқықтық превенция концепциясы, ол адамның мінез-құлқы сырттан болатын әсерлердің ықпалымен, мысалы, қамауға алудан, ұстаудан, тұтұқындаудан, көтермелеуден өзгеретіндігін пайымдайды, яғни негізгі назар полицейлік қызметтің тиімділігіне, сол сияқты қолданыстағы заң шектеріндегі қылмыстық құқықтық, пенитенциарлық, поспенитенциарлық шараларға аударылады;

- медициналық үлгісінде құқық бұзушы тұлға қоршаған ортасына нашар беімделген және психотерапияны, жеке қарауды, тәрбиелеуді, кеңестерді, көмектің басқа да формаларын қажет ететін науқас ретінде қарастырылып, пациент ретінде танылады;

- социогендік үлгісінде қылмыстылық пен қылмыс әлеуметтік дезорганизация, мәдениеттер қақтығысы, мәдениет дамуындағы асинхрондық сияқты әлеуметтанымдық факторлардың кешенді әрекетінің салдары ретінде қарастырылады. Мұндай жолдың негізгі ережесі белгілі бір қылмыстар мен ауытқу формалары адам, әсіресе, білім алу, кәсіби дайындық, жұмыс істеу сияқты заңға бағынышты іс-қимылды анықтайтын ең негізгі игіліктерінен айырылғанда орын алатын қауымның дезорганизациялануының симптомдары болып табылатындығы туралы ой. Социогендік үлгі әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейту, қоршаған ортаны өзгерту, қала мекенін қайта құрастыру, халықтың әл-ауқаттылығын арттыру сияқты бағдарламаларды қамтиды.

Қылмыстылықтың алдын алу мына объекттерді қамтитын жүйе болып табылады: алдын алу объекттері; оның негізгі деңгейлері мен формалары; алдын алушылық ықпал ету шаралары; осы қызметті іске асыратын субъекттер.

Қылмыстылықтың алдын алу объекттеріне мыналар жатады:

-экономикалық, әлеуметтік, саяси, психологиялық сипаттағы үрдістер мен құбылыстар және қылмыстылықтың жай-күйі мен динамикасын шарттайтын факторлар;

-адамдардың құқық және әлеуметтік қарым-қатынас нормаларына сәйкес келуге тиіс іс-қимылдары;

-қылмыскер тұлғасы – ол тұлғаның криминогендік маңызды қасиеттері мен сапасының қалыптасуының әлеуметтік үрдісі ретінде танылады.

Қылмыстылықтың алдын алу жүйесінде қылмыстылықтың алдын алудың үш негізгі деңгейі мен, сәйкесінше, үш формасын ажыратады.

Жалпы әлеуметтік деңгей мемлекет пен қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік, өнегелік-рухани, ұйымдастыру-басқарушылық және адамзат қызметінің басқа да салаларындағы қайшылықтарды шешуге бағытталған іс-шараларын қамтиды.

Арнайы криминологиялық деңгей жалпы қылмыстылыққа, оның жеке түрлері мен қылмыстық мінез топтарына белгілі бір мақсатты көздей отыра ықпал етуден тұрады.

Жеке дараланған деңгей нақты құқық бұзушыларға қатысты іс-қимылдардан тұрады. В.Н.Бурлаков, В.В.Орехов сынды ғалымдар индивидуалдық профилактиканы төрт түрге бөледі: ерте, тура, пенитенциарлық және постпенитенциарлық.

Алдын алу қызметінің деңгейімен қатар алдын алушылық қызметті оның механизміне, көлеміне, алдын алушылық шаралардың мазмұнына, оларды атқару субъекттеріне қарай да жіктейді.

Қылмыстылықтың алдын алу жүйесі алдын алушылық ықпал ету шаралары мен қылмыстылықтың алдын алу субъекттерін де қамтиды. Қылмыстылықтың алдын алу деңгейіне қарай профилактикалық әсер ету шараларын жалпы (жалпы әлеуметтік) және арнайы (криминологиялық) түрлерге ажыратады. Өз кезегінде, нақты мазмұнына қарай жоғарыда аталған шараларды саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастыру-басқарушылық, мәдени-тәрбиелік, құқықтық және басқа да түрлерге жіктеуге болады.

Жалпы әлеуметтік профилактика субъекттері – тікелей құқық қорғау міндеттерін атқармайтын республикалық, аймақтық және жергілікті билік пен басқару органдары, қоғамдық ұйымдар.

Арнайы криминологиялық профилактика субъекттері: а) құқық қорғау функцияларын атқаратын мемлекеттік органдар; ә) құқық қорғау функцияларын атқаратын мемлекеттік-қоғамдық құрылымдар; б) құқық қорғау міндеттерін атқаруға көмектесетін жеке меншіктегі және қоғамдық құрылымдар.

Қылмыстылықтың алдын алуда құқық қорғау органдары негізгі рольді атқарады. Мұнда жалпы қадағалау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жедел іздестіру, анықтама және алдын ала тергеу қызметтерін атқаратын органдардың заңдарды сақтауына қадағалау, жазаларды және сот тағайындаған мәжбүрлеу сипатындағы шараларды атқаратын органдар мен мекемелер әкімшілігінің қызметіндегі заңдылықты қадағалау, соттардың қылмыстық істерді қарастыруын қадағалау функциялары жүктелген прокуратура органдары орталық орынға ие.

Осы сияқты функциялар мен міндеттер ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы, кедендік бақылау органдары, нотариат, адвокатура, ішкі істер органдары да атқарады.

Жоғарыда аталған мән-жайларды қорыта келе, аталған субъекттердің барлығы атқаратын қызметінің маңыздылығын түсініп, өз жетістіктерін міндетсінбей, басқа субъекттермен бірлестікте ортақ мақсатқа – қылмыстылықты әлеуметтік сабырлы деңгейде ұстап тұруға қол жеткізу үшін пайдаланатын болғанда ғана қылмыстылықтың алдын алуда табысты нәтижеге жетуге болатынын атап өтеміз.

Негізгі әдебиеттер: 5 бөлімде көрсетілген: 1,2,3,4,5,6,7,8 әдебиеттерді қараңыз.

Қосымша әдебиеттер 5 бөлімде көрсетілген: 4,12,18,19,29 әдебиеттерді қараңыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных