Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы




Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мен «ересектер» қылмыстылығы арасында «жай-күй байланысы» байқалады. Мысалы, ізденушілердің жазуынша, рецидивистердің 50-60% өзінің қылмыстық карьерасын кәмелетке толмаған жасында бастайды.

Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының түсінігі қылмыс субъектісінің жасының қылмыстық құқықтық белгісінің негізінде анықталады. Криминологияда әуел бастан-ақ кәмелетке толмағандардың жасы бойынша екі тобын ажыратады: 14-15 жастағы және 16-17 жастағы адамдардың қылмыстығы. Олардың істерінің өзара ерекшеліктері айқын байқалады. Сол сияқты кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына тән ерекшеліктерді жастардың да (18-25 жастағы), жасына байланысты әлі қылмыс субъектісі бола қоймаған жасөспірімдердің де (10-13 жастағы) әрекеттерінен байқауға болады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының ерекшеліктері осы жастағы адамдардың психологиялық қасиеттеріне қарай анықталады. Осы жастағы жасөспірімдер сыртқы ортаның ықпалына, құрдастарының теріс ықпалына, ересектердің ықпалына тез түседі.

Кәмелетке толмағандардың криминалды белсенділігінің жоғарылығы осы жастағылардың психикалық ерекшеліктеріне де байланысты. Жастардың энергетикасы жоғары, бұрын өзіне беймәлім болған жаңалық «ашуға» ынтасы жоғары, инновациялық қызметте өзін орнықтыруға талпынысы күшті. Мұндай «ізденістері» адамды шығармашылық табыстарға да, сонымен бірге келеңсіз девиацияларға да (есірткі құмарлық, нәпсі девиациялары, қылмыс) әкеп соғады.

Кәмелетке толмағандардың виктимділігінің жоғары деңгейінің де орын алатыны осындан.

Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

- көптеген қылмыстары «балалыққа» тән импульсивті сипатқа ие;

- латенттігінің жоғарылығы;

- кәмелетке толмағандарда ересектерге қарағанда өзін-өзі орнықтыруға, жалған достастыққа, псевдоромантизмге байланысты алданыштары аса тән;

- қылмыстарды топ болып жасауы;

- отбасындағы және тұрмыстық қылмыстардың деңгейінің жоғарылығы.

Кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының келесі қасиеттерін атауға болады.

Қылмыстардың 80% 16-17 жастағылары жасайды. Қылмыс жасаған кәмелетке толмаған қыздардың үлесі 8-10% шамасында.

Басқа құрдастарына қарағанда мәдениеті мен білімі төмен, дегенмен соңғы жылдары олардың қатарында оқушылардың үлесінің өсе бастағаны байқалады.

Отбасылық жағдайы бойынша – басым көпшілігінде ата-аналарының біреуі жоқ отбасынан, әдетте, әкесіз өскен балалар, тіпті, ата-аналарының екеуі де болған жағдайда – отбасындағы қарым-қатынастар жақсы емес.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларда алкоголизация мен наркотизацияланудың көрсеткіші өте жоғары.

Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің басым көпшілігінде психикалық ауытқулардың бар екендігі де ерекше назар аудартады.

Жасөспірім тұлғасының пісіп-жетілмегендігі оның өнегелік және құқықтық санасындағы айтарлықтай осал жерлерінің болуының басты себебі. Эгоистік психологияның басымдылығы байқалады. Рұқсат етілген және рұқсат етілмеген түсініктерге қатысты түсінігі нашар, құқықтық негативизм (нигилизм) қалыптасқан.

Эмоционалдық-ерік саласында ар-ұят сезімінің төмендігі, ұстамсыздықтың, өтірікшілдіктің, өз мінезіне сыншылдықтың жоқтығының, тұлғааралық қатынастардағы ригидтіліктің орын алуы байқалады.

Жасөспірімдер қылмыстылығында әлеуметтік детерминанттармен қатар биопсихологиялық та қоздырғыштар байқалады. Психологтардың айтуынша, жыныстық пісіп-жетілу жасында (11-13 жастан 16-17 жасқа дейін) жасөспірімдерде дербестілікке деген сезім мен талпыныс аса қатты болады.

Кәмелетке толмағандар тұлғасында криминогенді сипаттардың қалыптасуына мына жағдайлар ықпал етеді:

- отбасының теріс ықпалы;

- материалдық жағдайының нашар болуы;

- қоршаған ортасының теріс ықпалы;

- ересек қылмыскерлердің айдап салуы;

- криминалдық субкультура құндылықтарының таралуы;

- қаңғыбастық, қадағалаудың болмауы;

- білім мекемелерінің деңгейінің төмендігі;

- жалпыға ортақ бос уақыт жүйесінің құлдырауы;

- профилактикалық қызметтегі кемшіліктер;

- қылмыстық және пенитенциарлық саясаттың тиімсіздігі.

Негізгі әдебиеттер: 5 бөлімде көрсетілген: 1,2,3,4,5,6,7,8 әдебиеттерді қараңыз.

Қосымша әдебиеттер 5 бөлімде көрсетілген: 37, 45, 46 әдебиеттерді қараңыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных